АУЫЛҒА  ЕҢБЕГІ  СІҢГЕН  АЗАМАТТАР  

 

Әдетов Бексары

(1901- 13.05.1976)

       1901 жылы Сырдария уезіне қарасты Қармақшы болысының «Алтын қожа» мешіті маңында дүниеге келген.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары, одан Ұлы Отан соғысына дейінгі аралықта бай жалшысы, «1-май» колхозында қойшы болып жұмыс істеген.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі 1942-46 жылдары жасына сәйкес мобилизация бойынша Магнитогорск қаласындағы әскери заводта жұмысшы болған.

       Мобилизациядан 1946 жылы елге оралып «Белсенді» колхозында колхозшы, ал 1950 жылы Қаракеткенге көшіп келіп, ондағы «Игілік» балық колхозында ол тарап кеткенге дейін балықшы болды. Одан соң зейнетке шыққанша «Коммунизм» кеңшарында жұмысшы болып істеген.

          Ол кісі осы жылдардағы сіңірген еңбегіне сай «Ұлы Отан соғысындағы жанқиярлық еңбегі үшін», «Жеңістің» атаулы медальдарымен және Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің 2(екі) медалымен, одан басқа Қазақ КСР-і Балық аулау Министрлігінің, Е/Д облыстық кеңесі атқару комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz