АУЫЛҒА  ЕҢБЕГІ  СІҢГЕН  АЗАМАТТАР  

         

   Алдоңғаров Кірқабақ

(1912-1982)

 

1912 жылы кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 1931 жылдан 1939 жылдың соңына дейін жүкші болып жұмыс істеген.1940 жылы Совет Армиясы қатарына алынып Шығыс Сібірде: Хабаровск, Магадан, Владивосток жерінде 540-шы атқыштар полкінің 1-батальон, 39-шы ротасында борышын өтеп жүрген жерінен Ұлы Отан соғысы майданына жіберіледі. Соғыс соңында 1945 жылғы Жапониямен ұрысқа қатысады.

Сонан 1946 жылы елге аман-есен оралып, «Игілік» балық колхозында бригадир, звено жетекшісі болып 1966 жылға дейін жұмыс істейді. 1966-68 жылдары «Жалағаш» совхозында қойшы, ал 1969 жылдан ғұмырының соңына, яғни 1982 жылға дейін жылқышы болған.

Ол кісі ұрыстарға қатысып, жеңіске қосқан үлесі үшін  «1941-45 жж.Ұлы Отан соғысында  Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» және «ҰОС – ғы Жеңіске 20,30 жыл», «ССРО қарулы күштеріне 60 жыл» медальдерімен наградталған.

Бейбіт кезеңде еңбектегі жетістіктері үшін 1956 және 1957 жылдары Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысып, көрме медальдерімен наградталған. 1957 жылы ауыл шаруашылығында социалистік жарыстағы табысы үшін ол кісіге  кіші күміс медаль тапсырылған.

Ол «В.И. Лениннің туғанына 100 жылдығы қарсаңындағы ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдерімен марапатталған.

Алдоңғаров Кірқабақ 1976, 1977 жылдардың «социалистік жарыс жеңімпазы» атанған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz