М Е К Т Е П   Т Ү Л Е К Т Е Р І  -  Е Л   М А Қ Т А Н Ы Ш Ы

 

Әміров Иран Әмірұлы

Ол 1944 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданына қарасты Қаракеткен станциясында өмірге келген. Жетіжылдық білімді Қаракеткендегі «Ж.Жабаев» атындағы орталау мектептен, ал орта білімді Қызылорда қаласындағы орта мектептен алады.

1961-63 жылдары Қызылорда кәсіптік училищесінде оқып, оны бітірген соң Қызылорда электр желісі басқармасында электр монтаждаушы және электрик болып 1966 жылға дейін істейді.

1966 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға қабылданып, оны 1971 жылы бітіреді. Бітірген соң 1975 жылға дейін Ақтөбе қалалық халық сотының судьясы, 1975 жылмен 1982 жылдар аралығында осы облыстың Октябрь аудандық халық сотының төрағасы, 1982-91 жылдары Алға аудандық халық сотының төрағасы, ал 1991 – 95 жылдары Ақтөбе қалалық сотының төрағасы болып қызмет атқарды.

1995 жылдан 2004 жылға дейін Ақтөбе облыстық сотына басшылық етті.

2004 жылдан бері үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Жоғарғы палатасы-Сенатының депутаты.

Иран Әмірұлы депутаттығына қоса ҚР Жоғарғы Соты кеңесінің мүшесі, Республиканың сот орындаушылары одағының Орталық Кеңесінің төрағасы, республикалық заң жобалау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшесі және ТМД елдері Парламентаралық Ассамблеясы тұрақты комиссиясының төраға орынбасары ретінде мемлекетіміздің құқықтық  бағытта дамуына кең ауқымда үлес қосып келеді.

Ол осындай елге сіңірген еңбегі үшін «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген заңгері», «ҚР құрметті судьясы» атанып, «Үш би» Құрмет Белгісімен, ҚР Әділет Министрлігінің және ҚР Судьялар Одағының Құрмет грамоталарымен,  «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

 

 

 

 

 



Hosted by uCoz