1 1 4    қ  а  з  а  қ    о  р  т  а    м  е  к  т  е  б  і

Б і л і м   т у р а л ы   қ ұ ж а т т а р

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы «9» сәуірдегі №181 бұйрығымен бекітілген

Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі

Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1.Осы Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 37) тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі орта білім және орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттау тәртібін айқындайды.

2. Осы ережеде мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) педагог қызметкерлерді аттестаттау – педагог қызметкерлердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім;

2) біліктілік санаты – нормативтік өлшемдерге сәйкес келетін және қызметкердің белгілі бір дәрежедегі күрделі кәсіби міндеттерді шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін біліктілік деңгейі;

3) біліктілік тестілеу – педагог қызметкерлерді педагогтік қызметке даярлығын және өтініш білдірілген біліктілік деңгейіне сәйкестгін анықтау мақсатында өткізілетін жоғары және орта білімнен кейінгі білімі бар педагог қызметкерлерді аттестаттаудың бір кезеңі.

3. Аттестаттаудың негізгі қағидаттары аттестталған педагогикалық қызметкерге, объективті адамгер-шіліктілік және тілектестік қарым-қатынасты қамтамасыз ететін ашықтық және алқалық сараптау бағасының жүйелілігі мен тұтастығы болып табылады.

4. Аттестаттау алдынғы аттестаттаудың мерзімі өткеннен кейін 5 жылға емінде бір рет өткізілді.

5. Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу үшін мыналар негіз болып табылады.

1) Алдыңғы аттестаттау мерзімінің өтуі;

2) Біліктілік санатын кезекті жоғарлату туралы педагогикалық қызметкердің өтініші;

3) Санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттау туралы педагогикалық қызметкерді өтініші;

4) Педагог қызметкердің мерзімінен бұрын аттестатталуы туралы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген педагогикалық кеңестің, Ғылыми кеңестің жоғары оқу орындарына арналған шешімі.

6. Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттауды республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)  құратын аттестаттау комиссиясы, ал мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, қосымша білім беру ұйымдары үшін – білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Білім беру ұйымдарына педагог қызметкерлерді аттестаттау ағымдағы жылғы 10 қазаннан 30 наурызға дейін; аудандық (қалалық) білім бөлімдерінде, облыстық, Алматы және Алматы қалаларының департаменттерінде, Министрлікте, өз қарауында білім беру ұйымдары бар Қазақстан Республикасының салалық министрліктерінде (ведомстволарында) олардың аумақтық органдарында 30 наурыздан 10 мамырға дейін өткізіледі.

 

 

2. Аттестаттау комиссиясы және оның құрамы

 

7.       Аттеттаттау комиссиясы білім беру ұйымдарында, аудандық, қалалық білім бөлімдерінде, облыстық

Астана және Алматы қалалары білім департаменттерінде, білім беру саласындағы уәкілетті органда, өз қарауында білім беру ұйымдары бар Қазақстан Республикасының салалық министрліктерінде (ведомстволарында) және олардың аумақтық органдарында құрылады. Шағын жинақталған мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлерін аттестаттау үшін аттесттаттау комиссиясы базалық мектептің, мектепке дейінгі ұйымның жанынан немесе тиісті білім беру ұйымының бағынысты органы бойынша құрылады.

8. Аттестаттау комиссиясының құрамына: аттестаттау комиссиясының төрағасы – білім беру ұйымының басшысы, комиссия хатшысы және комиссия мүшелері: білім беруді басқару органдарының, әдістемелік қызмет, ғылыми ұйымдар, жергілікті атқарушы органдардың мамандары, кәсіподақтың, оқу-әдістемелік бірлестіктердің өкілдері білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері кіреді.

Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің саны тақ саннан құрылуы тиіс.

Білім беру ұйымының немесе білім беруді басқару органының аттестаттау комиссиясының дербес құрамы мен өкілеттік мерзімдері Ғылыми кеңестің, педагогикалық кеңестің немесе білім беруді басқаруі органының ұсынымдары ескеріле отырып, тиісінше білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

9. Аттестатталушы аттесттаттау комиссиясының мүшесі бола алмайды.

 

3. Аттестаттауды өткізу тәртібі

 

10. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім және  қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттау екі кезеңде өткізіледі.

Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың бірінші кезеңі – біліктілік тестілеу ( бұдан әрі – тестілеу), екінші кезеңі – педагог қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес педагог қызметкерлер қызметінің қорытындысын талдамалы қорытындылау.

11. Аттесттаудан өту үшін мынадай құжаттар талап етіледі:

1) Осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттесттаттауға өтініш;

2) Жеке төлқұжаттың көшірмесі;

3) Білім туралы, біліктілік арттыру туралы құжаттардың көшірмесі;

4) Тәжірбиесі мен перспективасын жалпылау және оны енгізу мен қолдану туралы білім беру саласындағы педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау ғылыми кеңесі шешімінің көшірмелері, педагогикалық қызметкерлердің және білім алушылардың жетістіктерінің марапаттау материалдарының көшірмелері оларға баспа басылымдарының және тауарларының мазмұнының көшірмелері, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары (олар бар болған жағдайда).

5) Өз қызметінің жетістіктерін растайтын материалдар.

Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелері нотариалды куәландырылған немесе білім беру ұйымының кадрлық қызметі растаған түрде тапсырылады.

12. Педагогикалық қызметкерлер білім беру ұйымдарында сертификаттың қолданыстағы мерзімінің аяқталуына дейін 4 ай қалғанда аттесттаттауға арналған құжаттарды тапсырады.

13. Бірінші кезеңге (тестілеу) облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттерінің, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің, жоғары оқу орындарының аттестаттау комиссиясының бұйрығымен бекітілген тізімге енгізілген педагог қызметкерлер жіберіледі.

Тестілеу ұлттық бірыңғай тестілеу пунктерінде өткізіледі.

Тестілеудің екі түрлі әдіспен өткізіледі:

1) Автоматтандырылған компьютерлік әдіспен өткізіледі. Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауабын санау автоматтандырылған режимде жүргізіледі.

2) Тестілеу, кейін сканерде өнделетін сұрақ парақшаларын толтыру әдісімен өткізіледі.

14. Педагог қызметкер аттестаттау комиссиясына бекітілген нысан бойынша ( осы Ережеге № 2-қосымша) тестілеуге өтініш береді. Өзімен бірге жеке куәлігі / паспорты (нотриалды куәландырылған көшірмесі) болуы қажет.

 

 

15. Жалпы білім беретін мектептердің педагогтары үшін тест сұрақтарының саны 100;

1) Қазақстан Республикасы заңнамаларын білу – 20 сұрақ;

2) Педагогика және психология негіздері – 20 сұрақ;

3) Пәндік білім негіздері – 40 сұрақ;

4) Оқытудың әдістері мен технологиялары – 20 сұрақ.

Тестілеуге 150 минут уақыт беріледі.

16. Әр тест бойынша дұрыс жауаптың кемінде 60 %-ын жинаған кезде нәтижесі оң, 60 %-нан төмен нәтиже алған жағдайда теріс болып саналады.

17. Тестілеу бойынша теріс нәтиже алған немесе дәлелді себептермен тестілеуге қатыспаған педагог қызметкер ағымдағы оқу жылын педагогикалық қызметін жалғастыра отырып кемінде алты айдан кейін қайтадан тестілеуден өтеді.

18. Тестілеу өткізудің нәтижелері тиісті тестілеу хаттамасымен ресімделеді, оған аттесттаттау комиссиясы қол қояды (осы Ережеге 3-қосымша).

Әрбір тест тапсырушының тестілеу нәтижелері екі данада принтерде шығарылып, біреуі тест тапсырушыға беріліп, екінші данасы тест тапсырушының танысқаны туралы қолы қойылып оқу орындарында сақталады.

Тестілеудің нәтижесі 5 жыл өз күшінде болады.

19. Тестілеу нәтижелері бойынша белгіленген нысан бойынша біліктілік тестілеуден өтуі туралы сертификаттары ( бұдан әрі – Сертификат) беріледі (осы Ережеге 3-қосымша). Сертификатқа Төраға, хатшы және комиссия мүшелері қол қояды, ұлттық бірыңғай тестілеу пунктерінің мөрімен расталады.

20. Сертификат берілген күннен бастап бес жыл көлемінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

21. Тестілеуден өту туралы мәлімет біліктілік тестілеуден өту туралы кітапқа енгізіледі (осы Ережеге 5-қосымша).

22. Сертификат жоғалған немесе бұзылған жағдайда тиісті білім беруді басқару органдары сертификаттың дубликатын:

1) Педагог қызметкердің аттесттатау комиссиясы төрағасының атына жазған өтініші;

2) Бұқаралық ақпарат құралдарында басылған сертификаттың жоғалғаны туралы хабарландыру, білім беру ұйымдары берген сертификаттың бөлінгені туралы актісі негізінде береді.

23. Дәлелді себептермен педагог қызметкер көрсетілген уақытта тестілеуден өте алмасы бұл туралы аттестаттау комиссиясына тиісті құжаттарды растай отырып тестілеу өткізу аяқталғанға дейін хабарлауы керек.

Дәлелді себептер болып мыналар табылады:

1) Ұзақ уақыт еңбекке жарамсыз болуы;

2) Жүктілік және бала туу, баланы күту бойынша демалыста болуы;

3) Іссапарда, мамандығы бойынша шетелде жұмыста болуы;

4) Тоқтатқан себептеріне қарамастан, біліктілік санаты берілген лауазымдағы қызметіне қайта келуі.

24. Зейнеткерлік жасына жеткен, бірақ еңбек қызметін жалғастырушы тұлғалар жалпы негізде біліктілік тестілеуден өтеді. Аталған қызметкерлер аттестаттаудың кейінгі кезеңдерінен тестілеудің оң тәтижелерін алған жағдайда, босатылады.

25. Аттестаттау комиссиясы педагогикалық қызметкерді аттестаттаудың екінші кезеңіне тестілеудің оң нәтижелерін алған жағдайда жібереді;

Әр тест бойынша дұрыс жауап 60 %-дан 74 %-ға дейін болса-екінші біліктілік санатқа;

Әр тест бойынша дұрыс жауап 74 %-дан 85 %-ға дейін болса-бірінші біліктілік санатқа;

Әр тест бойынша дұрыс жауап 85%-дан жоғары болса- жоғары біліктілік санатқа.

26. Білім беру ұйымдарында екінші, бірінші, жоғары біліктілік санаттарына педагог

қызметкерлерді аттесттаттаудың екінші кезеңі аттестатталушының педагогикалық қызметі қорытындыларын талдамалық жалпылауды ұсынды және мыналарды қамтиды:

1) Ұсынылатын материалдың негізінде талдау (жеке төлқұжаттың көшірмесі, жоғары немесе техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның көшірмесі, еңбек кітапшасының көшірмесі, біліктілік тестілеудің сертификаттарының көшірмесі және педагог қызметкерге біліктілік санаттарын беру туралы куәліктің көшірмесі, оның ішінде мамандығы бойынша, тәжірбиені тарату және оның енгізу мен қолдану перспективасы туралы біліктілікті арттыру және қайта даярлау институттарының ғылыми кеңесі шешімінің көшірмесі, педагог қызметкердің және білім алушылардың жетістіктерін марапаттау материалдарының көшірмесі, баспа басылымының бірінші бетінің және мазмұнының көшірмесі, қоса берілген ғылыми-әдістемелік жарияланым көшірмесі, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары);

2) педагог қызметкердің әдістемелік шеберлік деңгейін және коммуникативтік мәдениетін анықтауды (ғылыми - әдістемелік және зерттеушілік қызметі): республика, облыс, аудан (қала), мектеп деңгейіндегі конференция, семинар, әдістемелік бірлестік, шығармашылық топтардағы жұмыс); ақпараттық және компьютерлік технологияларды меңгере отырып, қызметкердің ақпараттық кеңістікті еркін пайдалануы; сабақтарға қатысу арқылы педагогикалық тәжірбиесін зерделеу, әңгімелесу, бұқаралық ақпарат құралдарындағы және ғылыми журналдардағы мақалалары: (8-11(9-12) сынып білім алушыларының, ата-аналардың, педагогтардың арасында жүргізілген тәуелсіз сауалнамасын).

3) соңғы 3 жылдағы білім алушылардың үлгерімі мен жетістіктерінің мониторингісі және салыстырмалы талдауын;

4) білім беру ұйымдарын аттестаттау комиссиясының қорытынды шешімін жасау (аттестатталушының біліктілік картасы, аттестаттау парағы (осы Ережеге 6-қосымша), педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру туралы білім беру ұйымының кепіл хаты), әдістемелік күннің сараптамасы (білім ұйымы түрін өзі анықтайды) аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттерінің әдістемелік кабинеттері (біліктілікті арттыру институттары).

27. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары оқу орнының педагог қызметкерлерін аттестаттау бір кезеңде өткізіледі, және ол аттестатталушының педагогикалық қызметін сараптаудың тәуелсіз нысаны, педагог қызметкерлердің лауазымының біліктілік сипаттамасына сәйкес педагог қызметкерлер қызметінің қорытындысын талдамалы қорытындылауды білдіреді.

1) материалдардың сараптамасы, біліктілік арттыру курсынан, оның ішінде мамандығы бойынша өту туралы құжаттардың көшірмесі, педагог қызметкерлерді марапаттау және оқушылар жетістіктері материалдарының көшірмесі, баспа басылымының және мазмұнының бұқаралық ақпарат құралдары материалдарының көшірмесі қоса берілетін ғылыми-әдістемелік жарияланымдардың көшірмесі.

2) педагог қызметкердің әдістемелік шеберлік деңгейін және комуникативтік мәдениетін анықтау (ғылыми-әдістемелік және зерттеушілік қызметіне қатысуы, ақпараттық және компьютерлік технологияларды меңгеру негізінде қызметкердің ақпараттық кеңістікте еркін бағдарлануы; сабақтарға қатысу, әңгімелесу арқылы педагогикалық тәжірбиесін зерделеу, бұқаралық ақпарат құралдарындағы және ғылыми - әдістемелік журналдардағы мақалалары; білім алушылардың арасындағы тәуелсіз сауалнамасын).

3) соңғы 3 жыл негізіндегі білім алушылардың білімі мен жетістіктерінің мониторингісі және салыстырмалы талдауын;

4) білім беру ұйымдарындағы аттестаттау комиссиясының қорытындысы.

28. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндерінің оқытушыларын атестаттау мектепке дейін тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдары педагог қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

29. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқу орындарының педагог қызметкерлері лауазымының біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

30. Жоғары оқу орындарының педагог қызметкерлерін аттестаттау жоғары оқу орындарының ғылыми – педагогикалық қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамасына сәйкес (ғылыми жұмыскерлердің профессорлық-педагогикалық құрамы) жүзеге асырылады.

31. Орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұймдарының педагог қызметкерлері (мқғалімдер) атестаттаудан штаттық кестемен белгіленген және мамандығы бойынша жеке еңбек шартында (жұмысқа қабылдау туралы бұйрық) көрсетілген лауазымы бойынша өткізіледі.

Педагог қызметкерлер (мұғалімдер) оқытатын пәндер бір біліктілік ретінде оның дипломында (физика мен математиканың мұғалімі, химия мен биологияның мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі және тағы басқалар) көрсетілген пәнмен сәйкес келген жағдайда аттестаттау дипломда көрсетілген біліктілігіне сәйкес пәндерді көрсете отырып, негізгі лауазымы бойынша бірыңғай санат беру арқылы өткізіледі.

Дипломда негізгі мамандық ретінде көрсетілмеген қос пәндерді оқытқан жағдайда (математика мамандығы бойынша физика-математика факультетін бітірген, бірақ «физика» мамандығы бойынша сабақ жүргізсе және тағы басқа) педагог қызметкер қос пән бойынша қайта даярлау курстарынан өткендігін ескере отырып жалпы негізде аттестаттаудан өтеді.

 

Мемлекеттік тілді оқытатын, бірақ тиісті кәсіптік білімі жоқ педагог қызметкерлер «Қазақ тілі» пәні бойынша аттестаттаудан өтуі керек.

Шағын жинақталған мектептердегі, мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру қызметін көрсететін ұйымдардағы пәндерден сабақ беретін педагог қызметкерлер дипломында көрсетілген мамандығы бойынша және білім беру ұйымдарындағы педагог кадрларды қайта даярлайтын арнайы факультеттері мен курстарында алған қосымша мамандықтары ескеріле отырып аттестаттаудан өтеді.

Лауазымдарды қоса атқаратын барлық басқа жағдайларда педагогикалық қызметкер (мұғалім) қоса атқарылатын лауазым бойынша осы Ерезженің 40-тармағындағы 3-тармақшасының 4-абзацында көрсетілген шарттарға сай аттестаттаудан өтеді.

Бейіні бойынша кәсіптік білімі бар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында әлеуметтік-экономикалық, жалпы, кәсіптік және арнаулы пәндерден оқытатын педагог қызметкерлер аттестаттаудан арнаулы пәндер оқытушысының лауазымы бойынша өтеді.

32. Аттестаттау комиссиясы әрбір педагог қызметкер бойынша мынадай қорытындылардың бірін шығарады:

1) тиісті санаттың (лауазымының) белгіленген біліктілік деңгейінің талаптарына сәйкес келеді;

2) тиісті санаттың (лауазымның) біліктілік талаптарына сәйкес келеді;

3) тиісті санаттың (лауазымның) біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.

33. Педагог қызметкерлерге 2-санатты беру (төмендету, бекіту) туралы шешімді білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы бекітеді.

Педагог қызметкерлерге бірінші санатты беру (төмендету, бекіту) туралы шешімді тікелей білім беру ұйымдарын басқару органдарының аттестаттау комиссиясы бекітеді.

Педагог қызметкерлерге жоғары санатты беру (төмендету, бекіту) туралы комиссияның шешімін облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттерінің аттестаттау комиссиялары бекітеді.

Республикалық бағыныстағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне жоғары, бірінші санаттарды беру (төмендету, бекіту) туралы шешімді білім беру саласындағы уәкілетті органның аттестаттау комиссиясы бекітеді.

Басқа ведомстволардың білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне жоғары, бірінші санаттарды беру (төмендету, бекіту) туралы шешімді осы ведомстволардың аттестаттау комиссиялары бекітеді.

34. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында педагог қызметкерлердің белгіленген біліктілік лауазымының талаптарына сәйкестігі туралы шешімді білім беру саласындағы уәкілетті органның аттестаттау комиссиясы бекітеді.

35. Жоғары оқу орындарындағы қойылған біліктілік талаптарына педагог қызметкердің сәйкестігі туралы шешімді білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиясы шешеді.

36. Аттестаттау комиссиясының шешімі хаттамамен және аттестаттау парағына тиісті жазбамен ресімделеді.

Хаттама мен аттестаттау парағына төраға, хатшы және дауыс беруге қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің қолдары қойылады.

37. Шешім егер комиссия отырысында кемінде 2/3 оның мүшесі қатысқан жағдайда қабылданды деп есептеледі.

38. Дауыс беру нәтижелері қорытынды отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен анықталады. Дауыс тең болған жағдайда Төрағаның даусы шешуші болып табылады.

39. Аттестаттау комиссиясы аттестаттау нәтижелерімен бірге аттестаттау комиссиясының шешімдері туралы хаттама мен жоғары, бірінші және екінші санатты беруге арналған қызметкерлердің аттестаттау парағының көшірмесін білім беру ұйымдарының басшысына және кадр қызметіне ұсынады.

40. Осы Ережеге сәйкес меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік , орта білімнен кейінгі білім, қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері өзінде бар біліктілік санаттарының қолданылу мерзімі өткенге дейін, бұрынғыдан жоғары біліктілік санатқа мынадай жағдайларда өтуі мүмкін:

1) жоғары біліктілік санатқа;

өз пәндері бойынша олимпиадалар, конкурстар, көрмелер (республикалық, халықаралық деңгейдегі облыстық, Астана, Алматы қалалық) жүлдегерлерін дайындағандар;

облыстық немесе республикалық деңгейде жұмыс тәжірбиесі пысықталған тұлғалар;

педагогикалық шеберлік конкурстарының жеңімпаздары, конференциялардың, семинарлардың (облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі) қатысушылары болып табылатындар;

өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарына педагогикалық қызметке ауысқан және бейіні бойынша кемінде 5 жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар.

2) бірінші біліктілік санатқа:

Педагогикалық шеберлік конкурстарының жеңімпаздары, конференциялардың, семинарлардың (аудандық, қалалық деңгейдегі) қатысушылары болып табылатындар;

Аудандық (қалалық) деңгейде тәжірбиесі пысықталған адамдар;

өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарына педагогикалық қызметке ауысқан және бейіні бойынша кемінде 3 жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар;

3) екінші біліктілік санатқа:

Кәсіптік жоғары оқу орнын «үздік» бітірген, бір жылдан кем емес педагогикалық өтілі бар тұлғалар;

Кәсіптік орта оқу орнын «үздік» бітірген, бір жылдан кем емес педагогикалық өтілі бар тұлғалар;

Пән бойынша тиісті білімі жоқ, бірақ шығармашылық есеп немесе оқу-әдістемелік әзірлемені қорғаған және республикалық, облыстық (қалалық) біліктілікті арттыру институттарында біліктілік арттыру курстарынан өткен тұлғалар;

өндірістен орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарына педагогикалық қызметке ауысқан және бейіні бойынша кемінде 2 жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар аттестаттаудан өтуі мүмкін.

Егер педагог қызметкерге өтініш білдірген біліктілік санаты берілмесе, оның бұрынғы санаты қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

41. Педагог қызметкерлер біліктілік санаттарының қолдану мерзімі өткеннен кейін, олардың өтініші негізінде бір жылдан артық емес мерзімге мынадай жағдайларда ұзартылады:

1) уақытша еңбекке жарамсыздығы;

2) жүктілік және бала туу, баланы күту бойынша демалыста болуы;

3) іссапарда, мамандығы бойынша шетелде жұмыста болуы;

4) тоқтатқан себептеріне қарамастан біліктілік санаты берілген лауазымдағы қызметіне қайта келуі.

Педагог қызметкердің біліктілік санатының қолдану мерзімі аяқталған жағдайда, зейнеткерлік жасқа дейін 4 жылдан аз болса, оның біліктілік санаты зейнеткерлік жасқа жеткенше сақталады, егер педагог қызметкер педагогикалық қызметін зейнеткерлік жасқа толған мерзімнен бастаптоқтатқан жағдайда ол туралы аттестаттау комиссиясына хабарлайды.

42. Аттестаттау барысында өзінде бар біліктілік санатын растамаған қызметкерге уақыты өтіп кеткен жағдайда тиісті аттестаттау комиссиясының шешімімен біліктілік санаты бір деңгейге төмендетіледі.

43. Аттестаттау комиссиясының шешіміне келіспеген жағдайда аттестталушы сот тәртібі арқылы шағымдануға құқылы.

 

4. Аттестаттаудың қорытынды рәсімдері

 

44. Білім беру ұйымының басшысы аттестаттау комиссиясы шешімінің негізінде бір ай мерзімде педагог қызметкерлерге тиісті біліктілік санаттарын беру туралы бұйрық шығарады.

45. Аттестаттау аяқталғаннан кейін біліктілік санатын беру туралы (осы Ережеге 7 – қосымша ) / біліктіліктің белгіленген деңгейінің талаптарына сәйкестігі туралы (осы Ережеге 8– қосымша ) куәлік беріледі. Куәлік Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында бес жыл бойы өз күшінде болады.

Бірінші және жоғары біліктілік санатының куәліктеріне білім беруді басқару органдары басшысының, екінші біліктілік санатының куәліктеріне білім беру ұйымы басшысының қолы қойылып, мөрмен расталады. Куәліктерді беру журналда (осы Ережеге 9 қосымша ) тіркеледі.

 

Педагог қызметкерлерді

аттестаттау ережесіне

1-қосымша

 

Үлгі

_________________________________________________________________________

(аттестаттау комиссиясының атауы)

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

(Педагог қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты

_________________________________________________________________________

(лауазымы, жұмыс орны)

 

Өтініш

Мені 200___ жылы аттестаттауыңызды  _______________________________________

лауазым бойынша біліктілік санаты __________________

_________________________________________________________________________

Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесімен таныстым

_________________________________________________________________________

(біліктілік санатының болуы, мерзімі)

Өтініште көрсетілген біліктілік санатына аттестаттау үшін мынадай жұмыс нәтижелерін

негіздеме ретінде санаймын:

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

 

Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

Білімі ___________________________________________________________________

(қандай білім беру ұйымын бітірді, бітірген жылы, мамандығы, қандай біліктілік алды)

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі  __________________________________________

Осы лауазымдағы жұмыс өтілі ______________________________________________

Осы білім беру ұйымындағы жұмыс өтілі _____________________________________

Наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми

атағы  __________________________________________________________________

200__ж.     «______________»   _______________________       ___________________

(Қолы)

 

Педагог қызметкерлерді

аттестаттау ережесіне

2-қосымша

 

Үлгі

Аттестаттау комиссиясының төрағасына _________________________________________________

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

(сәйкес келетін білім департаментінің атауы)

_________________________________________________________________________

___________________________________________________________________

_____

(мамандығы көрсетілген педагог қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты)

 

ӨТІНІШ

 

Мені мына мамандық бойынша біліктілік тестілеуге жіберуіңізді сұраймын __________

_________________________________________________________________________

Мамандығы бойынша еңбек

өтілі _______________________________________________________

Жалпы еңбек

өтілі  ___________________________________________________________________

Біліктілік санаты ______ ____________________________________________________

 

________________

(қолы)

________________

(толтырылған күні)

 

Педагог қызметкерлерді

аттестаттау ережесіне

3-қосымша

 

Үлгі

___________________________________________________ ауданы (қаласы)

№ ________________________________________ мектебінің педагог қызметкерлерін

біліктілік тестілеу нәтижесінің 200___жылғы  «____» _____________________________

   хаттамасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қолдар

Аттестаттау комиссиясының төрағасы___________________________________________________

Хатшы___________________________________________________________________

Комиссиямүшелері________________________________________________________

Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктерінің директоры _______________________________

Мөрдің орны

Елді мекен _______________________________________________________________

 

Берілген күні  «____» ________________200___жыл

 

Педагог қызметкерлерді

аттестаттау ережесіне

4-қосымша

 

Үлгі

Біліктілік тестілеуден өту туралы

 

СЕРТИФИКАТ

 

Аталған

сертификат ______________________________________________________________

_________________________________________________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты)

__________________________________________________________ мамандығы

бойынша берілді.

 

Тестілеудің мынадай нәтижелерін көрсетті:

-          Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуі  ___________________%

-          Педагогика және психологияны білуі______________________________%

-          Оқу бағдарламалары мен пән салаларының мазмұны ________________%

-          Оқытудың әдістері мен технологияларын білуі ______________________%

 

 

Сертификат 200__  «___» ______________ дейін жарамды

 

Қолдар

Аттестаттау комиссиясының төрағасы ___________________________________

 

Хатшы ______________________________________________________________

 

Комиссия мүшелері ___________________________________________________

Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктерінің директоры __________________________

 

Мөрдің орны

 

Елді мекен ___________________________________________________________

 

Берілген күні «___» _____________ 200___жыл

 

Педагог қызметкерлерді

аттестаттау ережесіне

5-қосымша

 

Үлгі

Біліктілік тестілеуден өтуі жөніндегі сертификаттарды беру туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Аттестаттау комиссиясының төрағасы _________________________________________

Хатшысы   ________________________________________________________________

Комиссия мүшелері  ________________________________________________________

 

Мөрдің орны

 

Педагог қызметкерлерді

аттестаттау ережесіне

6-қосымша

 

Үлгі

 

_________________________________________________________________________

(министрліктің немесе ведомствоның атауы)

 

_________________________________________________________________________

(білім беру ұйымының атауы)

 

АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ

_________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты – санаты көрсетілген лауазымы

 

Туған күні мен жылы_____ _________________________,  ұлты  __________________

Педагогикалық өтілі  _______________________________________________________

Атқарып отырған лауазымы бойынша еңбек өтілі _______________________________

Аталған білім беру ұйымындағы жұмыс өтілі  __________________________________

 

(Қандай оқу орнын бітірді және қашан, алған мамандығы және біліктілігі)  __________

Біліктілігін арттыру туралы мәлімет __________________________________________

Мерзімі, атауы, өту орны

Куәліктің № __________________________________________________

 

 

Біліктілік тестілеуден өткендігі туралы мәлімет

Тестілеуден өткен мерзімі ___________________________________________________

Тестілеуден өткен орны ____________________________________________________

 

______________________ Сертификаттың №

Тестілеудің нәтижелері:

-          Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуі _______________________%

-          Педагогика мен психологияны білуі  __________________________________%

-          Білім беру бағдарламалары мен пәндік салаларын білуі  __________________%

-          Оқытудың әдісі мен технологияларын білуі __________ __________________%

 

Наградалары, атағы, ғылыми атағы мен дәрежесі _______________________________

_________________________________________________________________________

 

Жұмысы туралы пікір______________________________________________________

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

Педагог қызметкерлерді

аттестаттау ережесіне

7-қосымша

 

Үлгі

Біліктілік санатын беру туралы

КУӘЛІК

 

Осы куәлік аттестаттау комиссиясының “__” шешіміне сәйкес ____________________

________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

________________________________________________________________________

(білім беру ұйымының толық атауы)

 

200 __ж “__” __________________№____бұйрығымен

________________________________________________________________________

(лауазымның атауы мен санаты жазбаш

_________________________________________________________________________

 

_________________________________________________________________________

оған біліктілік санаты берілді

 

Аттестаттау комиссиясының төрағасы ____________________________________

_________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)                                                                                (қолы)

 

Аттестаттау комиссиясының хатшысы _______________________________________

________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)                                                                              (қолы)

 

Мөрдің орны

Тіркеу нөмірі _________ 200 __ “___” _____________

(Берілген күні)

 

Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясының тұжырымы ___________________

________________________________________________________________________

 

________________________________________________________________________

Білім беру ұйымының басшысы  ________________________________________________________

________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)                                                                               (қолы)

Комиссия мүшелері _______________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)                                            (қолы)

Жұмыс туралы пікірмен және тұжырымдамамен таныстым   _____________________

(аттестатталушының қолы )

200 __ жылғы “___” _____________.

Аттестаттау комиссиясының шешімі

200 __ “___” _____________.

________________________________________________________________________

 

Аттестаттау комиссиясының төрағасы _______________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

Аттестаттау комиссиясының төрағасының орынбасары________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

Хатшы  ___________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

Комиссия мүшелері    ________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

 

Педагог қызметкерлерді

аттестаттау ережесіне

8-қосымша

 

Үлгі

Белгіленген біліктілік санатының талаптарына сәйкестігі туралы

КУӘЛІК

 

Осы куәлік аттестаттау комиссиясының «__» шешіміне сәйкес  ___________________

________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

________________________________________________________________________

(білім беру ұйымының толық атауы)

 

200 __ж “__” __________________№____бұйрығымен

________________________________________________________________________

(лауазымның атауы мен санаты жазбаша)

________________________________________________________________________

белгіленген біліктілік санатының талаптарына сәйкестігі туралы берілді.

 

Аттестаттау комиссиясының төрағасы _______________________________________

________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)                                                       (қолы)

Аттестаттау комиссиясының хатшысы _______________________________________

________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)                                                      (қолы)

Мөрдің орны

Тіркеу нөмірі _________ 200 __ “___” _____________

(Берілген күні)

 

Педагог қызметкерлерді

аттестаттау ережесіне

9-қосымша

 

Үлгі

Қызметкерлерге біліктілік санаты берілгені туралы белгіленген біліктілік

санатының талаптарына сәйкестігі туралы куәліктерді тіркеу журналы

 

______________________________________________________________________

(білім беру ұйымының  атауы)

 

 

 



Hosted by uCoz