Ауылдық  округтің  бүгінгі  жағдайы      

 

Каракеткен ауылдық округінің әкімі Қ.Өлментайдың

2010 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебі

/11.01.2011/

Құрметті ауыл тұрғындары !

Қадірлі ағайын, әріптестер!

 

         Елбасымыз Н:Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан жаңару мен дамуға!» атты Жолдауында елімізде экономикалық дағдарысты еңсеріп, жаңғырудың жаңа жолына түсудің жобаларын көрсетіп берген болатын.

            Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттер мен тапсырмаларды орындауда атқарылып жатқан жұмыстар еліміздің бүгінгі даму стратегиясы, оны халықтың нақты табыстарына айналдыру тәжірибесі біздің таңдаған бағытымыздың дұрыс екендігін дәлелдеуде.

Қаракеткен ауыл округінде “Қаракеткен” және “Далдабай” елді мекендері орналасқан.

            Ауылдық округ бойынша 298 отбасы бар. 1655 жан есепте тұрады. Осы халықтың 267 тұрақты жұмыспен қамтылғандар.

            Зейнеткерлер саны –110

            Мүгедек саны – 31

         Асыраушысынан айырылғандар саны - 12

            Ұлы Отан соғысының ардагері – 1

Теңестіріліп тылда жұмыс істегендер - 7

            Батыр аналар – 12

            Көп балалы аналар - 62

            Оқушылар саны – 285, Қаракеткенде – 213 оқушы, Далдабайда – 72 оқушы.

                       

Округ қамтуында:

2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

10 шаруа қожалығы;

15 жеке кәсіпкер;

2 селолық тұтыну кооперативі;

2 мектеп: №114 орта мектеп және №115 негізгі мектеп;

150 орындық  2 клуб үйі: Қаракеткенде –100, Далдабайда 50 орындық ;

10 төсектік 1 ауылдық аурухана;

1 фельдшерлік пункт;

21 600 дана кітап қоры бар 2 кітапхана;

237 нүктелік АТС, Қаракеткенде – 184, Далдабайда – 53 нүкте;

1 почта бөлімшесі;

1 тірек пункті бар;

 

            Ауыл тұрғындарының жеке меншігінде 2009 жылдың 1 қаңтарына:

Мүйізді ірі қара–1644 бас, Қаракеткенде-1295, Далдабайда-349 бас;

Қой ешкі           -3045 бас, Қаракеткенде-1882, Далдабайда-1163 бас;

Жылқы              - 218 бас, Қаракеткенде – 136, Далдабайда – 82 бас;

Құс - 2032бас, Қаракеткенде-1275, Далдабайда – 757 бас құс бар.

 

 Әлеуметтік сала бойынша:

 Ауыл округі бойынша  2009 жылдың  4 тоқсанында 18 жасқа дейінгі балалар жәрдем ақысын алғандар   – 100 отбасы, 279 балаға ақшалай кірісі – 3680100 мың теңге                       

            2009 жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөліміне 20 адам тіркеліп, оның 18-і ақылы негізді қоғамдық жұмысқа тартылып, ақшалай кіріс 382 мың  теңге, 1 адам жастар тәжірибесінен өтіп, 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына тартылды. 

        Атаулы әлеуметтік көмек алғандар  6 отбасы, адам саны – 38,  ақшалай кіріс  137  мың теңге.

        Тұрғын үй көмегін алғандар   69 отбасы,  386 жанға  1 000 079 теңге.

 

            Селолық  тұтыну  кооперативі:

            2009 жылы  Қаракеткен  селолық тұтыну кооперативіне ешқандай қаржы бөлінген жоқ..Каракеткен ауылдық округі әкімшілігіне көркейту –көгалдандыру  саласына бір жылға  100,0 мың теңге, ит атуға 30,0  мың тенге қаржы бөлінді.

Барлығы толығымен игерілді.                                                                                                                                         

            Кәсіпкерлік:

Ауылдық  округ  бойынша  15 кәсіпкер  аудандық салық комитетіне  тіркеліп, жұмыс жасайды.

Олардың:

3-і саудамен,

1-і ауыз сумен,

4-і жолаушы тасымалдаумен,

2-і мал дәрігері,

3-і мал сатумен айналысады.

Бұл  салада  15  адам  тұрақты  жұмыспен  қамтылған.

 

Білім саласы бойынша :

            Бүгінгі таңда  2009-2010 оқу жылында №114 орта, №115 негізгі  мектептері  бойынша 285 оқушы  білім алып, 66 мұғалім, 58 тех.қызметкерлер жұмыстар атқаруда.

            «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша №114 мектепке 4, ал №115 негізгі мектепке 2 жас маман мұғалімдік еңбек жолын бастады.

Мектептерде  білім алуға толық  жағдай  жасалған.

            №114 орта мектептің  жанынан  1 даярлық топ, бала саны -  20.  2009 жылы қазан айынан бастап мектеп жанынан бөлінген 3 бөлмелі  25 орындық шағын орталық ашылды. Қаржылық жоспарда қаралған 2 370 мың теңге қаржысына  балаларға арналған ойын, оқу залдары және асхана  толығымен жабдықталған.

2009-2010 оқу жылына №114 орта мектепке жай жөндеу жұмыстарына 1 100 мың теңге, №115 негізгі мектепке күрделі жөндеу жұмыстарына 200 мың теңге бөлініп игерілді. Мектептің ауыз суы орталық ауыз су  жүйесіне  қосылып, мектеп ауласына  бір колонка орнатылды.

Мектептерде 1 мультимедиалық кабинет интерактивті тақтасымен, интерактивті әмбебап тақта, 2 компьютерлік кабинеттер. Компьютерлер интернет жүйесіне қосылған.

Округ бойынша 2008-2009 оқу жылында 19 мектеп бітіруші  оқушының 10-ы ҰБТ-ға қатысып, оның 5-і мемелекеттік грант иегері болып, 6-ы жоғары оқу орындарының студенттері атанып, 4 -і оқушы  арнаулы орта  оқу орындарында  оқиды. «Жол картасы» бойынша 4 оқушы арнаулы оқу орындарында оқып жатыр.

Үстіміздегі 2009-2010 оқу жылында 23 мектеп бітірушінің 17-і ҰБТ-ға қатысуға ниет білдіріп отыр.

           

Денсаулық сақтау саласы  бойынша:

            Қаракеткен ауыл  орталығында 10 төсектік бір ауылдық аурухана, Далдабай ауылында  бір фельдшерлік пукнт (ФАП) халыққа  қызмет көрсетеді.  Қажетті дәрі-дәрмекпен  қамтамасыз етіліп, науқастардың емделуіне  толық жағдай жасалған.  Жоғары білімді 3 дәрігер, 17 медбике, 16 тех.жұмысшы жұмыс істейді. Бір (1)  жедел  жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етілген.

           

Мәдениет саласы  бойынша:

            Ауылдық округі  бойынша  Қаракеткен елді макенінде 100  орындық   1 клуб үйі, Далдабай елді мекені  бойынша  50 орындық 1 клуб үйі, округ бойынша  2 клуб үйі  халыққа қызмет етеді. Осы округке  қарасты  клуб  үйлерінде:   5 клуб қызметкері, 2 кітапханашы, 4 тех.жұмысшы жұмыс істейді.

            Ауылдық  округ  бойынша 2 кітапхана бар, олар клуб үйлерінде орналасқан. Ауылдық округ  бойынша 21 600 дана кітап қоры бар. Ауылдық  клубтарда   әр түрлі шаралар, кештер, кездесулер, көркемөнерпаздар концерті, жастар кештері өткізілді. Ауылдық  клубтарда 3 үйірме  қалыпты жұмыс жасайды. Үйірмелерге 32 ауыл өнерпаздары қатысады.

           

Почта – байланыс саласы бойынша:

            Ауылдық округі  бойынша 1 почта  қызметкері халыққа қызмет жасайды. Байланыс торабында биыл сымсыз телефондар құрылды. Қаракеткенде  141  телефон нүктесіне 43 нүкте,  Далдабай  елді   мекенінде  3 телефон  нүктесіне 50 телефон нүктесі қосылды. Қаракеткен  және  Далдабай елді мекендеріндегі мектеп үйлеріндегі  телефон желілері  интернет жүйесіне   қосылған.

 

            Ауыз су   саласы  бойынша:

            “Таза су” бағдарламасы бойынша  Қаракеткен  елді мекенінде  ауыз су тарату  құбыры жұмыс істейді, ауылда 19 колонка  көше бойынша, 14 үйдің ауласына  ауыз су кіргізілген.  Сонымен қатар Далдабай елді мекені  бойынша 1 шахталық  құдық  арқылы  ауыз  су берілуде. Округ бойынша  ауыз су құбырларының санитарлық  тазалығы жақсы, уақытылы хлорланып тұр.

 

Ауылдық округ әкімінің  негізгі  жұмыстарының бірі-жергілікті  бюджет салығын  жинау.

  2009 жылы жергілікті  салықтардың орындалуы

            30016 теңге мүлік салығы,

            48480 теңге  жер салығы,

         228995 теңге көлік салығы,

            барлығы  307491  теңге жиналып, бюджетке өткізілді.

            2009 жылы ауылдық округ әкімі нормативтік құқықтық актілерден 51 өкім, 12 шешім қабылдады. Жыл ішінде жеке және заңды тұлғалардан 8 арыз-шағым тіркелді, оның 5-і жерді рәсімдеу, 1-і тұрғын үй  және 2 арыз жұмысқа қабылдау және қоғамдық жұмысқа қабылдау жөнінде - 18, олардың барлығы  толық шешімін  тапты.

 

Жолаушы тасымалдау  бойынша:

            Қаракеткен елді мекені бойынша  Жалағаш – Қаракеткен,  Қаракеткен – Жалағаш бағытында жолаушы автокөліктері халыққа қызмет етеді. Сонымен  қатар Қызылорда - Жосалы, Жосалы-Қызылорда  бағытында  күніне 4 жолаушы поезі Қаракеткен  станциясы аркылы  өтеді.

            Далдабай елді мекені  бойынша Далдабай-Қаракеткен-Жалағаш-Қызылорда, Қызылорда–Жалағаш-Қаракеткен-Далдабай бағытында  автобустары  жүреді. Бұл да ауыл халқының  күнкөрісі мен жол қатынасына  жақсы жағдай туғызуда.

           

                        2009 жылы атқарылған жұмыстар:

            Далдабай елді мекеніне 13 км болатын аяқ су келетін“Саруар” каналын  тазартуға 10 млн  теңге  бөлініп, ауыл орталығына дейін қазылып іске қосылды.

Жалағаш  - Жосалы бағытындағы автожолы бойынша Көктондыдан 9,5 км жолға 168 млн теңге, Қаракеткеннен Қармақшы ауданының шекарасына дейінгі 5,2 км жолға 130 млн теңге бөлініп, жөнделді.

2009 жылы Далдабай  елді мекенінде 100 орындықтық мектеп салынуға 68 млн теңге бөлініп, құрылысы басталды. 2010 жылға 261 млн теңге қаржы бөлінген.

Ауылдық округ бойынша жаңадан 93 телефон нүктелері орнатылды.

2009 жылы жарықтандыруға 1 мил.теңге бөлініп, ауылдың кіре берісінен Советская көшесі бойына   12 электр шамы бағандары орнатылды.         

             

 2010 жылы атқарылатын  жұмыстар:

            Далдабай елді мекенінде 100 орындық мектеп салынып қыркүйек айына дейін пайдалануға беріледі және ауыл арасында ауыз су тарату.

Каракеткен ауылында кіреберіс бұрылыстан бастап Абай көшесінің бойы жолын жөндеу, асфальттау.   

Абай, Қалмақан  көшелері бойын жарықтандыру.

Ауыз су мәселесінде аяқталмаған жерлерді жаңарту және ЛСП елді мекеніне су тарту.

Электр сымдарының ескірген жерлерін жаңарту және тарту. Жалағаш көшесінің (Бестам) аяғына дейін 6 электр бағанын орнату.

 

Шешімін  күткен мәселелер:

1. Далдабай елді мекенінде мектеп салынуына байланысты  орталыққа ауыз су желісін 500 метрге жүргізуді қажет етеді.

2.      Қараөзек көпірін жөндеу.

 

Қаракеткен ауылдық округі әкімі Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің және облыс, аудан әкімдері алға қойған міңдеттерді  орындау бағытында ұйымшылдықта жұмыс жасай береді.

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz