ӘДІСТЕМЕЛІК  ЖҰМЫСТАР

Авторлық  жоба

            

 І .       Кіріспе

ІІ.    Негізгі бөлім

а)   Патриоттық тәрбие

ә)  Эстетикалық  тәрбие

ІІІ.   Қорытынды

IV.    Пайдаланылған әдебиеттер

 

Қазіргі кезеңде мәдениет саласы адамдардың өскелең талабын  қанағаттандыруға, рухани байлығын, жалпы қабілетін дамытуға, жоғары эстетикалық  талғамын қалыптастыруға  тиісті болса, бұл міндеттерді іске асыруда кітапханалардың  алатын орны ерекше.

            Қазақстанда кітапхана ісінің  дамуы еліміздегі мәдени құрылыстың жарқын  беттері болып табылады.  Мәселен, біздің  № 114 орта мектеп кітапханасында 12000 – ның үстінде кітап қоры жинақталған.

            Уақыт  талабына байланысты кітапхана ісіне, қоғамдық кітап пен ақпарат хабарларға деген өскелең  талаптарға сай кітапхана өз жұмысын атқаруда.

            Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып,  ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрін аялай, ардақтай білуде тәрбиелеу кітаптың еншісінде.

             Мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен, атқарар қызметі үлкен.

Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады, білімдерін толықтырады.Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді.

Кітапханада көптеген іс-шаралар өткізіп, көрмелер ұйымдастырылады. Мысалы  «Сыр сүлейі- жыр дүлейі»,  «Жалағашым-жасыл бағым».

            Өткізіп жатқан іс-шаралар, кітап көрмелері баршылық, ал біздің мақсатымыз-оларды тек бір атқарылды деген белгі үшін емес, жалпы оқырмандар сусындайтындай, ой-пікір туғызатындай етіп өткізу. Кітапхананы шынайы мәдениет ошағына айналдыру.

            Бүгінде балаларға арналған көркем әдебиеттермен мектеп кітапханасының қоры толықтырылуда.

Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті,  өнерле болуы қажет. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек.

            Кітап –адам өмірінде маңызды роль атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. 

Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді.  Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті  тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл- кеңес,

тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап-біздің рухани жан-азығымыз.

Балаларды тәрбиелеу процесінің негізгі бөлігі олардың кітап оқуына басшылық ету болып табылады.  Ол кітап оқуға басшылық ету: оқырмандарды кітап оқу өнеріне, оқыған кітаптардан дүниетанымын кеңейтуге, білімдерді сарқып білуге, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде,еңбекте, оқуда,  кітапты пайдалануға баулу мақсатын көздейді.

            Балалармен тәрбие жұмысын жүргізуде кітапхананың ерекше маңызды болатын себебі, бала кезде оқыған кітап көңілге ұялап қалады, бүкіл өмір бойына  өзінің ізін қалдырады, ғылым мен мәдениеттің көптеген аса көрнекті  қайраткерлері өздеріне  балалық шақта оқыған кітаптардың қаншама үлкен әсер еткенін айтады. Мектепте өткізілетін  конференция, кештерде оқушылар да өздерінің кішкентай кездерінде оқыған  кітаптары туралы көбірек пікірлерін айтады.  Әсіресе, жерлес жазушыларымыздың, жазған кітаптары жайлы.

Негізгі бөлім:

 

Кітапханадағы оқырмандарды зерттеу балалардың психологиясы жөніндегі деректерге негізделеді, кітап оқуға басшылық ету, оқу мен тәрбиені бір процесске біріктіру , әр жастағы балалардың  тобын жіктеп оқыту, мектеп оқушыларының творчествалық дамуын мейлінше жетілдіре отырып, жетекшілік ролін жүзеге асыру сияқты.

            Оқырмандарға жақсылық жасаудың бір әдісі-оқырмандар формуляры. Бұған оқырманның алған кітаптарының бәрі, сол сияқты  кітапханашының ескертулері жазылады.  Мысалы, оқырман формулярына талдау жасап отырамын.

1.      Оқырман туралы жалпы мәлімет беріледі.

2.      Оқыған кітаптары туралы мәлімет.

3.      Оқу сапасы туралы өз пікірімді білдіріп, талдау жасаймын.

Кітапханада болған барлық жылдарда жинақталған оқырман формуляры оның оқуға деген ынтасының қалыптасу процесін қадағалауға мүмкіндік береді.

            Кітап оқу дегеніміз-балалардың  рухани өмірінің бір жағы. Сондықтан да мектеп оқушысы қалай оқиды және нені оқиды, кітапты қалай түсінеді, кітап оның қандай ойын оята алады,т кітапқа деген ықыласының түсу себептері қандай екенін сынып  жетекшілеріменен  бірлесіп жүргіземін.

Оқырмандар кітапханасымен байланыс кітапшасын  жүргізеді,  онда әр оқырманның кітапханадан немесе басқа жерлерден алып оқыған кітаптарының есебі жүргізіледі.

            Ал кітапханада әр сынып бойынша оқырмандардың есебі жүргізіледі. Осы есеп бойынша әр тоқсанның аяғында рейтинг жасалады. Осы рейтинг бойынша сын аралығында тұрған сыныптармен үгіт-насихат көпшілік жұмыстар өткізіп, кітапхана оқырманы болуға ықпал жасаймын.

Сынып жетекшілері мен оқушылардың І мен ІІ жарты жылдық рейтингісі

        Сыныбы

 

 

 

 

Сынып жетекшісі

Оқушы  оқырман

Сынып жетекшісінің оқыған кітабы

Кітапханамен бірлесіп өткізген жұмысы

Оқулықпен қамтылу

Оқулықтың ұсталуы

 

 

 

Қорытынды    

      бағасы

1

Байжанова А.

11

5

 

5

5

26

2

Базарбаева Г.

 12

11

 

5

4

32

3

Базарбаева К.

14

7

 

5

5

31

4

Нақыпова З.

11

5

2

5

5

28

4

Тасқараева А.

9

7

 

5

5

26

5

Өтегенова Ғ.

13

8

 

5

5

31

6

ДүзелбаеваГ.

8

4

 

5

4

21

7

Досмаханова Г.

11

10

2

5

5

33

8

Әбенова Ұ.

15

4

 

5

5

29

9

Үргенішбаева А.

11

7

2

5

5

30

9

Әлімова Г.

9

5

 

5

5

24

10

Ақынова А.

13

6

1

5

4

29

11

Бекқожаева Д.

11

5

 

4

5

25

11

Досмахан Г.

8

6

1

4

5

24

 

Рейтинг  қорытындысы бойынша          І орын – 7 сынып

                                                                        ІІ орын – 2 сынып

                                                                       ІІІ орын – 3 сынып,  5сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл сынып оқушыларымен жерлес ақынымыз Асқар Тоқмағамбетов прозалық шығармаларынан кітап оқырмандар конференциясын өткіздім.

            Оқушылар өздерінің ой – пікірлерін ортаға салды. Конференцияда өлең, естеліктерден көрме ұйымдастырылды.

Тиімділігі конференциядан кейін  10- сыныптан кітапхана оқырманы болып

7-8 оқушы келді.

Сонымен қатар 5-9 сынып оқушыларымен анкеталық сұрақтар алу арқылы зерттеуге болады.

1.      Бізге  не оқу керек?

2.      Кітаптарды оқып шығуға үлгересің бе?

3.      Кітапханадан алған кітаптарыңа ризасың ба?

4.      «Кітап кейіпкерлерінің орынында болсаң сен не істер едің?» т.б сұрақтар бойынша.

Анкетаның   мақсаты – оқушылардың не оқу керегін және кітап қорында оқушылардың көңілінен шығатын кітаптарды анықтау болып табылады.

Кітап оқуда басшылық етуде негізгі назарды кітапханашы әр баланы тәрбиелеуге аударады, соның өзінде  оның білімі, кітапты түсіну қабілеті, қаншалықты оқығандығын есепке алады.  Мәселен, ертегілер оқуды өте жақсы көретін балалардың өздері де бұларды әр түрлі оқиды. Біреуін өнегелі тақырыптағы ертегілер  қызықтырса, екіншісін Алдар Көсе өмірі еліктіреді. Осындай  балалардың тақырыптық оқуларын кеңейту үшін әр түрлі қадамдар жасауымыз керек.

            Кітапхана– дүниеде ештеңеге теңестірмейтін  білім бұлағының көзі. Қоғамның  өсуі, адамзаттың өсіп – өркендеуі кітаппен тығыз  байланысты. «Кітап–білім  бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан

шәкірттерді  сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына  айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны  орасан зор.

            Қазіргі таңда кітапханадағы кітап қоры жоғарыда айтып кеткендей   12000–ға жуық дана, әдеби кітап   4486 дана,  оқулық 6000 – ның үстінде, электронды оқулықтар 128 дана. Қорқыт бабамыздан бастап бүгінгі  Сыр өңірінің дарынды ақын, жазушыларының шығармашылығын қамтитын  «Сырдария кітапханасы» көп томдығының кітаптары келіп түсті, жерлес ақын жазушыларымыздың жаңадан келген кітаптарына библиографиялық шолу жасалып, оқырман  назарына ұсынылды. Кітапханаға оқушылар жиі келіп, қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады, білімдерін толықтырады.   Бұл орын оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жүргізуіне де, ҰБТ– ке дайындалуына да көп ықпалын тигізеді.

            Кітапхананың қазіргі кезде, жас жеткіншектердің өскелең  талабын қанағаттандыруда, жалпы қабілетін, ой-өрісін дамытуда, жоғарғы эстетикалық талғамын қалыптастыруда оқырманның қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше. Сонымен қатар, кітапханамызда оқырмандарымызды қызықтыру үшін сынып  жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен бірлесе көптеген ісшаралар өткізіліп тұрады. Кітапханада Елбасы Жолдауына байланысты

 «Жолдаудың Жарқын Жолдары »атты кең көлемде кітап көрмесі жасалынып,  Н.Ә.Назарбаевтың  кітаптары, барлық жылдардағы Жолдауларды биылғы жолдаудың ерекшелігі  жөнінде оқушылар арасында баяндамалар оқылып, талқыланды. Қазақстан Реғспубликасының рәміздерін қастерлеу, құрметтеу бағытында «Ел рәміздері» атты дауыстап оқу 3-4 сыныптармен өтілді. «Менің елім Қазақстан» атты кітап көрмесі жасалынып,

«Егемен елдің  ұрпағымыз» атты библиографиялық шолу өтті.

«Темекінің  адам ағзасына зияны»  туралы лекция, «Денім сау болсын десең…» атты медбикемен бірлесе отырып талқылау жүргізілді. Осы сияқты тағы да басқа тақырыптарда  кітап  көрмелері  жасалып, іс-шаралар жоспарланып, жұмыстар жүргізілуде.

            Қазіргі кездегі мектеп кітапханаларының өзекті мәселелерінің біріжаңа технология, интернет жүйесіне қосылған компьютердің болмауы.

Мен өзімнің «Кітап ақыл-ойдың қазынасы» атты тақырыбында өткізілген  ертеңгілігімнің іс-шара жоспарын ұсынамын.

Ғылым мен білімнің негізі болып табылатын кітап пен білім ошақтары бірінен-бірі ажырағысыз рухани қазыналар.Кітап-рухани прогресстің кепілі,ел мен елді,мемлекет пен мемлекетті жақындастырар түсінікке бастар аса маңызды рухани фактор. Кітап әлемдегі ұлы күш. Ол сананы нұрға бөлеуші. Кітапқа қызықтыру білімге қызықтыру.

            Еліміз егемендік алып тәуелсізмемлекет болғалы кітап шығару ісі қолға алына бастады.иСоның бір айғағы кейінгі

Жолдары ’Мектеп’,’Жазушы’,’Алматыкітап’баспаларынан шыққан балаларға арналған көркем әдебиеттермен мектеп кітапхана қорлары толықтырылып, жасөспірімдердің кітапқа деген қызуғышылықтары арта түсуде.

            Әр кітап-Отан байлығы екенін түсіндіре отырып, кітапты лас қолмен ұстауға, жыртып,жазуға болмайтынын ұғындыру үшін бастауыш сыныптар арасында’Кітапты күтіп ұстайық’ертеңгілігімізді ұсынамыз.           

Мақсаты:

1.Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру.

2.Кітап жасаудағы адам еңбектері.

3.Кітапқа деген қызығушылықты арттыру,оны күтіп ұстауға үйрету.

Көркемділігі:

Білім,кітап туралы жазылған плакаттар,кітап көрмесі,жазушылар суреттері.

            Армысыздар ұстаздар,оқушылар!

Кітапхана сағатын А.Байтұрсыновтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп тұрмын.

                                   Балалар,бұл жол басы даналыққа,

                                   Келіңдер,оқып,байқап қаралықта.

                                   Соларды көре тұра қалалық па?

                                   Даналық өшпес жарық,кетпес байлық,

Жүріңіздер,іздеп,тауып алалықта.                       

Осы кезде үлкен кітап ұстаған оқушы кіріп келеді.

-Балалар мен сәл кешігіп қалдым ау,деймін кешіріңдер! Сендермен дос болып, қайтатыныма сенімдімін

2-жүргізуші: Қош келдіңіз,қымбатты досымыз Кітап,жоғары шығыңыз.

1-жүргізуші:Ендеше балалар,бүгінгі мерекемізді жұмбақ нақыл сөз айтудан бастасақпа деймін.

                        1.         Көп әңгіме,өлеңім,

                                   Күнде ақыл беремін

                                   Жақсы көрсе мені кім,

                                   Соны жақсы көремін.

                        2.         Тілі бар,үні жоқ.

                                   өзін адам түсінген,

                                   Жүрегі бар,қаны жоқ,

                                   Сөйлеп ьұрған ішінен.

                        3.         Айғағы жооқ,айтары көп.

                                   Айтқанынан қайтары жоқ.

                        4.         Қолыңа алсаң-шешен,

                                   Ақылы асқан көсем.

Нақыл сөздер:

                        1.’Кітап-жан айнасы’

                        2.’Кітап-таусылмас азық’

                        3.’Кітап-оқу жабдығы,білім сандығы.’

2-жүргізуші:Тәрбие жұмбақ,нақыл сөздермен тегіннен тегін бастаған жоқпыз.Бүгінгі әңгімемізкітап жайлы болмақ.’Кітап ’деген сөз қандай мағына береді,

Кім айтады?

Кітапханашы:Біздің елімізде бірде бір  бала мектептен тыс қалмайды.Жалпыға бірдей білімберу туралы мемлекеттік маңызы бар.Білім туралы Заң қабылданған.Елімізде кітап шығаруға көп көңіл бөледі.Қазіргі кезде мектеп оқушыларына оқулықтар тегін беріледі.Оған қыруар қаржы жұмсалады.Оқулықты,көркем әдебиетті күтіпұстай білейік,

Оларды басып шығаруға аға, апаларымыз көп еңбек етті

1-оқушы:

            Орманшының аялы,

            Алақаны өсірген.

            Сонау ағаш саялы,

            Қағаз үшін кесілген.

2-оқушы:

            Баспаларда күн түні,

            Қағаз жасап бағалы,

            Қанша адам,кім үшін.

            Маңдай тері тамады.

3-оқушы:

            Кітантарды баршаға.

            Талай ғалым қолға алып.

            Жылдар бойы қаншама,

            Жазады ойын толғанып.

4-оқушы:

            Әдемілеп берсем деп,

            Бояу жағып әр түрлі.

            Суретшілер көркемдеп,

            Қаншама уақыт отырды.

5-оқушы:

            Әріп теру үшінде,

            Талай адам терледі.

            Баспахана ішінде,

Айлап тыным көрмеді.

6-оқушы:

            Оқулықты мектебім,

            Берер  саған теп тегін

            Білмейсіңау сен бірақ

            Қаншама еңбек кеткенін.

1-жүргізуші:Сендер кітап туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

 

1.Кітап оқуда өнер.

2.Кітап білім бұлағы,білім өмір шырағы.

3.Кітап-ұлы үйретуші.

2-жүргізуші:мен сендерге кітапты қалай күтіп ұстау керектігін айтып берсем деймін.

1.Кітап мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.

2.тамақ ішіп отырып кітап оқыма.

3.Кітап бетін, бұрыштарын бүктеме.

4.Кітапқа сурет салма.

Сонда ғана кітап таза болады.

7-оқушы:

            Оқулықты құрметте,

            Күтіп ұста құрметте.

            Кішілерге табыс ет,

            Дақ түсірмей бір бетке.

8-оқушы:

            Кітап-ел мен жерді сүюге,талапты, кішіпейіл болуға,төзімділікке баулиды.

9-оқушы:

            -Кітаптан әркім ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады.Кітап біздің рухани жан азығымыз.

10-оқушы:

            -Ия ,құрбыларым кітаптардыңда арманы бар.Ол лас,ұқыпсызоқушы қолына түспеу.

11-оқушы:

            -Ия,достар кітап қадірін білетін.

Жақсы балалар көбейе берсің!

Кітапханашы:Міне,балалар,арамызда кітапты ұқыпты,таза ұстайтын және оған ұқыпсыз қарайтын балаларда кездеседі.Кітапты нрінбей оқысаң ол саған ақыл айтудан ерінбейтін,

жалықпайтын шебер ұстаз .

            Кітап-жан айнасы.Оған қарап бойыңдыда, ойыңдыда түзеуге болады. Айналадағы адамдарға мейіріммен қарауға үйренесің. Кітап сенің ақылгөй, адал досың,өмірлік есті  жолдасың.

 

 

 

 

 

   «Досыңа  кітап сыйла» атты акциясында ауыл    

кітапханашысының қатысуымен

«Кітап сенің досың» тақырыбында 4–сынып аралығында 

                                                           библиографиялық шолу.

 

 

 

 

«Білім кілті- кітапта» атты 7-сынып оқушыларымен

кітапхана сағатының өтілу сәті

 

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

 

 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың

2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да қоғамның дамуымен экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің жоғарғы деңгейге көтерілуі білім берудің сапасын арттыруға тікелей байланысты екендігі көрсетілген.

            Оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың мәнділігі, біріншіден, барша саланың ғаламдануы, екіншіден рухани жаңару.

            Жас ұрпақ-болашағымыз- жеткіншектерде, шәкірттерде тәрбиелік құндылықтарын қалыптастыру  барлық кезеңдерде алда тұрады.

            Оқушы жалпы адамзатқа тән құндылықтар мен жеке қазақ халқына тән құндылықтарды анықтап тануға, одан қажеттісін ала білуге бағдарланған.

Әр түрлі әлеуметтік жағдайлар балаға түрлеші әсер етіп, бір бірімен байланысып, жалғасын табуында да қиындықтар болуы мүмкін.

Сондықтан, жеке дара ерекшеліктерімен әрбір тұлғаның эмоциясын ,

жігер- қайратын, білім беретін мектептердің оқу тәрбие жұмыстарында қазіргі экономика , нарық замандарына сай жаңаша, өмір талаптарына сай өзгерістер өмірге келіп, қарым -қатынастарында бейім қабілеттерін дамытуда үлгі аларлықтай бағыттар болатындығына күмән жоқ.

Тәрбиенің ерекше қалыптасқан түрі қазақ  халқында. Халықтар ішінде әр ұлттың әдет-ғұрпы, салт-санасына байланысты тәрбиесі болады. Мектеп оқушыларын кітап оқуға тәрбиелеу барысында, адамның ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танып, дамытып, жетілдіру бағытында  ізденістер жүріп жатыр.  

Иә, кітапхана-кітаптар мекені. Кітап –білім бұлағы, білім көзі. Рухани байлық кітап оқу арқылы молаяды. Ал бүгінгі таңда жас ұрпақты кітап оқуға баулуды түрлі шаралар арқылы жүзеге асыруды мақсат етіп отырмын. Еліміз үшін елеулі  күндерді естен шығармау – кітапханашы жұмысының бір тармағы деп танып, түрлі шаралар, кездесулер кітапханамен байланысты өткізіледі.

            Жаңа заман талабына ілесу-әр кітапханашының міндеті деп білемін. Шәкірт санасына зор ілім құяр кітап мекені кітапхана болса, кітапханашы –тілімізді, дінімізді,  рухани байлығымызды насихаттаушы мамандық дер едім.

 

 

 

 

 

Қорытынды:

 

Өмірде бар нәрсе өзгереді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай, келешек ұрпақ осы асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін.

Ел Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасында:

«ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да, сауатты өмірге бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті.

Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық.

Осыған орай еліміздегі бірден бір руханият ордасы кітапхананың алар орны ерекше. Тәуелсіз Қазақстанның  келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапхана осы міндетті бірге атқарады. «Кітап – адамзат мәдениетінің ең ұлы туындыларының бірі, сондықтан да кейбірлерге тосын көрінгенімен кез - келген елдің мәдениетінің ең бастасы -  кітапхана.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

 

1.      Кітапхана әлемі  (журнал)

2.      Н.Дәулетова, К.Нұрахметова «Қазақстандағы кітапхана ісінің тарихы»

3.      Ә.Жөкебаев «Көпшілік кітапхана қызметкеріне көмек»

4.      Қазақстан ұлттық энциклопендиясы

5.      Мектептегі мерекелер 

6.      Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар

7.      Мектептегі кітапхана

8.      Республикалық ғылыми- әдістемелік педагогикалық журнал

9.      Қазақстан мұғалімі

10.  Сыр мектебі

 

 

 

 

 

                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz