ӘДІСТЕМЕЛІК  ЖҰМЫСТАР

Баяндамалар

 

                                      Білім кілті-кітапхана.

Ғылым мен білімнің негізі болып табылатын кітап пен білім ошақтары-бірінен- бірі ажырағысыз рухани қазыналар. Кітап-рухани прагресстің кепілі,ел мен елді, мемлекет пен мемлекетті жақындастырар,түсінікке бастар аса маңызды  рухани фактор. Кітап- әлемдегі ұлы күш. Ол сананы нұрға бөлеуші. Кітапқа қызықтыру –білімге қызықтыру.

            Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғалы кітап шығару ісі қолға алына бастады. Соның бірі айғағы кейінгі жылдары «Мектеп»,«Жазушы», «Алматыкітап»  баспаларынан шыққан балаларға арналған көркем әдебиеттермен мектеп кітапхана қорлары толықтырылып,жаасөспірімдердің кітапқа деген қызығушылықтары арта түсуде.

Әр кітап- Отан байлығы екенін түсіндіре отырып, кітапты лас қолмен ұстауға, жыртып,жазуға болмайтынын ұғындыру үшін бастауыш сыныптар арасында «Кітапты күтіп ұстайық» ертеңгілігін бастаймыз.

 Мақсаты:

  1. Білімің кітап арқылы берілетіндігін ұғымдыру.
  2. Кітап жасаудағы адам еңбектері.
  3. Кітапқа деген қызығушылықта арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету,

Көрнекіліктер: білім,кітап туралы жпзылған плакаттар, кітап көрмесі, жазышулар суреттері.

Армысыздар ұстаздар, оқушылар! Кітапхана сағатын А. Байтұрсыновтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын:

      Балалар, бұл жол басы жаңалыққа.

      Келіңдер, оқып, байқап қаралық та.

      Соларды көре тұра калалық па?

      Даналық -өшпес жарық, кетпес байлық,

      Жүріңіздер, іздеп, тауып алалық та?

Осы кезде үлкен кітап ұстаған оқушы кіреді:

-Балалар мен сәл кешігіп қалдымау, деймін, кешіріңдер! Сендермен дос болып, қайтатыныма сенімдімін.

2-жүргізуші: Қош келдіңіз, қымбатты досымыз. Кітап жоғары шығыңыз.

Ән «Елімізді сүйеміз!».

      1-жүргізуші:Ендеше балалар, бүгінгі мерекемізді жұмбақ айтудан бастайық.

  1. Көп әңгіме, өлеңім,

Күнде ақша беремін.

            Жақсы көрсе мені кім,

            Мен оны жақсы көремін.

  1. Тілі бар, үні жоқ , 

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен.

  1. Қабат қабат қаттама,

Қаптамадан аттама.

Ақылын оның алабер,

Айытқан сөзін жатта да.

(Оқушылар жұмбақты шешеді).

2 –жүргізуші:Тәрбие сағатын жұмбақпен тегіннен тегін бастап тұрған жоқпын. Бүгінгі әңгімеміз кітап жайлы болмақ  «Кітап» деген сөз қайдан шыққан қандай мағына береді, кім айтады?

       Кітапханашы: біздің елімізде бірде бір бала мектептен тыс қалмайды. Жалпыға бірдей білім беру туралы Мемлекеттік маңызы бар. Білім туралы Заң қабылданған. Елімізде кітап шығаруға көп көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде мектеп оқушыларына оқулықтар тегін берілуде. Оған қыруар қаржы жұмсалады. Оқулықты, көркем әдебиетті күтіп ұстай білейік,оларды басып шығаруға аға, апаларымыз көп еңбек етті.

  1. оқушы:

Орманшының аялы,

Алақайы өсірген.

Сансыз ағам саялы,

Қағаз үшін кесілген.

  1. оқушы:

Баспаларды күн –түні,

Қағаз жасап бағалы,

Қанша адам, кім үшін,

Маңдай тері тамады.

  1. оқушы:

Кітаптарды баршаға,

Талай ғалым қолға алып,

Жылдар бойы қаншама,

Жазады ұзақ толғанып.

Ән «Ұланымыз ұлы елдің».

  1. оқушы:

Әдемілеп берсем деп,

Бояу жағып әр түрлі.

Суретшілер көркемдеп,

Қаншама уақыт отырды.

  1. оқушы:

Әріп теру үшін де,

Талай адам терледі.

Баспахана ішінде,

Айлап тыным көрмеді.

  1. оқушы:

Оқулықты мектебім,

Бекер саған теп тегін .

Білмейсің ау сен бірақ.

Қаншама еңбек кеткенін.

  1. оқушы:

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе,

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

Ән «Туған ел».

  1. оқушы:

 –Кітап –ел мен жерді сүю,талапты кішпейіл болуға, төзімділікке баулиды.

  1. оқушы:

 –Кітаптан әркім ақыл –кеңес, тәлім –тәрбие,үлгі -өнеге алады. Кітап біздің рухани жаи азығымыз.

  1. оқушы:

Ия, құбылыстарым, кітаптардың да арманы бар. Ол –лас, ұқыпсыз оқушы қолына түспеу.

  1. оқушы:

-Бәріміздің де арманымыз сол, білімге қызығатын, ұқыпты балалардың қолына түссек екен!

  1. оқушы:

 –Ия достар, кітап қадірін білетін, жақсы балалар көбейе берсін!

      Кітапханашы: Міне, балалар, арамызда кітапты ұқыпты, таза ұстайтын және оған ұқыпсыз қарайтын балаларда кездеседі. Кітапты ерінбей оқысаң , ол саған ақыл айтудан ерінбейтін, жалықпайтын шебер ұстаз.

      Кітап жан айнасы. Оған қарап бойыңды да, ойыңды да түзеуге болады. Айналадағы адамдарға мейіріммен қарауға үйренесің. Кітап сенің ақылгөй, адал досың, өмірлік есті жолдасың. 

     

2- баяндама

   Қазіргі кезеңде мәдениет саласы адамдардың өскелең талабын қанағаттандыруға, рухани байлығын, жалпы қабілетін дамытуға, жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыруға тиісті болса, бұл міндеттерді іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше.

       Қазақстанда кітапхана ісінің дамуы еліміздегі мәдени құрылыстың жарқын беттері болып табылады. Мәселен, біздің №114 орта мектеп кітапханасында 12000- ның үстінде кітап қоры жинақталған.

       Уақыт талабына байланысты кітапхана ісіне, қоғамдық кітап пен ақпарат хабарларға деген өскелең талаптарға сай кітапхана өз жұмысын атқаруда.

       Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихи мен өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрін аялай, ардақтай білуде тәрбиелеу кітаптың еншісінде.

        Мектеп кітапханасы  кішкентай  болғанымен, атқарар

қызметі үлкен.  Кітапханаға  оқушылар  келіп, қажетті  әдебиеттерін  жазғызып  алып  отырады,  білімдерін  толықтырады.Бұл  орын  оқушылардың  шығармашылық  жұмыстарымен  шұғылдануына  көп ықпалын  тигізеді.

Кітапханада  көптеген  іс-шаралар өткізіліп , көрмелер ұйымдастырылады. Мысалы «Сыр сүлейі – жыр дүлейі», «Жалағашым- жасыл бағым»,    «Кітапхана  рухани қазына».

  Өткізіліп жатқан  іс-шаралар,кітап  көрмелері  баршылық, ал біздің мақсатымыз- оларды тек бір атқарылды деген белгі үшін емес, жалпы оқырмандар сусындайтындай, ой-пікір туғызатындай етіп өткізу. Кітапхананы шынайы мәдениет ошағына айналдыру.

         Бүгінде балаларға арналған көркем әдебиеттермен мектеп кітапханасының қоры толықтырылуда.

Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы тиіс қажет. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек.

        Кітап- адам өмірінде маңызды роль атқарады. Ол енді жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады.Одан ақыл-кеңес,тәлім-тәрбие,үлгі-өнеге алады.Кітап – біздің рухани жан-азығымыз.Балаларды тәрбиелеу процесінің негізгі бөлігі.Олардың кітп оуына басшылық ету болып табылады.Ол кітап оқуға басшылық ету:оқырмандарды кітап оқу өнерне,оқыған кітаптардың дүниетанымын кеңейутуге,білімдерді сарқып білуге,көркем шығармалардың тамашалығын сезінкге оқығандарын дұрыс бағалай алуға,өмірде,еңбекте,оқуда кітапты пайдалануға баулу мақсатын көздейді.

            Блалалармен тәрбие жұмысын жүргізуде кітахананын ерекше маңызды болатын себебі,бала кезде оқыған кітап көңілге ұялап қалады,бүкіл өмір бойына өзінің ізін қалдырады,ғылым мен мәдениеттің көптеген аса көрнекті қайраткерлері өздеріне балалық шақта оқыған кітаптардың қаншама үлкен әсер еткенін айтады.Мектепте өткізілген конференция,кештерде оқушылар да өздерінің кішкентай кездерінде оқыған кітаптары туралы көбірек пікірлерін айтады.Әсіресе,жерлес жазушыларымыздың жазған кіиаптары жайлы.

Кітап оқу дегеніміз-балалардың рухани өмірінің бір жағы.Сондықтанда мектеп оқушысы қалай оқиды және нені оқиды,кітапты қалай түсінеді,кітап оның қандай ойын оята алады,кітапқа деген ықыласының түсу себептері қандай екенін сынып жетекшілеріменен бірлесіп жүргіземін.Оырмандар кітапханасы мен байланыс кітапшасын жүргізеді.Онда әр оқырманның кітапханада немесе басқа жерлерден алып оқыған кітаптарынын есебі жүргізіледі.Ал кітапханада әр сынып бойынша   әр  тоқсаның  аяғында  реитинг  жасалады.

Кітапхана  - дүниеде ештеңеге  теңестірмейтін  білім  білім  бұлағының  көзі. Қоғамның  өсуі, адамзаттың  өсіп  -өркендеуі   кітаппен  тығыз  байланысты.

«Кітап –білім  бұлағы »  демекші,  осынау  білімнің  тұнық та  мөлдір  бұлағынан  шәкірттерді  сусындатып, олардың рухани  дүниесын  молайтып,  тағылымы мол  тәрбие  ошағына айналып отырған кітапхананың  мектепте алар орны  орасан зор.     

 Кітапхананың  қазіргі  кезде, жас жеткіншектердің  өскелең  талабын  қанағаттандыруда, жалпы  қабілетін, ой-өрісін  дамытуда, жоғарғы эстетикалық талғамын қалыптастыруда  оқырманның  қызығушылығын  арттыруда, алатын  орны  ерекше.  Сонымен  қатар,кітапханамызда  оқырмандарымызды  қызықтыру  үшін  сынып  жетекшілерімен, пән  мұғалумдерімен  бірлесе көптеген іс-шаралар өткізіліп тұрады. Кітапханада Елбасы Жолдауына  байланысты 

«Жолдаудың  Жарқын  Жолдары» атты кең колемде кітап кормесі  жасалынып, Н.Ә.Назарбаевтың  кітаптары,барлық жылдардағы  Жолдауларды биылғы жолдаудың  ерекшелігі  жөнінде  оқушылар  арасында баяндамалар  оқылып, талқыланды.Қазақстан  Республикасының  рәміздерін  қстерлеу ,құрметтеу  бағытында «Ел рәміздері » атты   дауыстап оқу 3-4 сыныптармен өтілді. «Менің  елім -Қазақстан» атты кітап көрмесі көрмесі жасалынып,

«Егемен елдің  ұрпағым\ыз » атты  библиографиалық  шолу өтті.

«Темекінің  адам  ағзасына  зияны» туралы лекция, «»           

     

 

                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz