1 1 4    қ  а  з  а  қ    о  р  т  а    м  е  к  т  е  б  і

Қ  а  р  а  к  е  т  к  е  н   а  у  ы  л  ы

Ә д і с т е м е л і к  ж ұ м ы с т а р

Ү  л  г  і  л  і    с  а  б  а  қ  т  а  р

 

Пәні : Әліппе                                                                    Пән мұғалімі   Базарбаева Клара

Сыныбы: 1

Сабақ тақырыбы:  Щ дыбысы мен әріп

 

Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік: Щ дыбысы  туралы түсінік беру, оны сөз  ішінде басқа дыбыстан ажыратуды меңгерту, Щ әріпінің баспа , жазба түрлерімен таныстыру, Щ дыбысының дұрыс дыбысталуын  үйрету.
  2. Дамытушылық:

      Көрнекілік, сұрақ-жауап арқылы, оқушылар ойларын, тіл байлықтарын дамыту

  1. Тәрбиелік:

      Сауаттылықа тәрбиелеу, өлеңді оқу арқылы тазалыққа тәрбиелеу.

 

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын, жарыс

Сабақ көрнекілігі: Щ дыбысының баспа, жазба түрі, щеткалар суреті /аяқ киім, тіс/ көлдің суреті,  «Поезд» ойыны, кеспе әріптер, дөңгелектер, топ аттары

 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылар назарын өзіме аудару
  2. Оқушының сабаққа қатынасуы, сабаққа дайындығы
  3. Үй тапсырмасын сұрау

 

1-топ: Экскаватор тур. әңгімелеу

2-топ: Дыбыстық талдау /экран/

3-топ: Сөздерді оқу

4-топ: «Электр» өлеңін оқу

 

ІІ. Қорытындылау

«Поезд» ойынын ойнату

№1 вагон: Э дыбысы қандай дыбыс?

№2 вагон: Э дыбысы бар сөздерді ата.

№3 вагон: Өтілген дауыссыз дыбыстарды ата

№4 агон: Мынау не? /щетка/

 

І. Щетка суретін көрсету.

    Щеткаларды көрсету

    /тіс, киім, аяқ киім/

1.      Щетка сөзін айту.

2.      Щетка сөзін жазу.

3.      Таныс емес дыбыс Щ сызу

 

ІІ. Щ дыбысымен таныстыру.

1.      Дауыссыз дыбыс

2.      Баспа түрі

3.      Жазба түрі

4.      Сөз басында, ортасында, аяғында келеді.

 

Щ дыбысы орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. /плащ, борщ, Щорс/

 

ІІІ. Щ сурет бойынша әңгіме құрау

 

1.      Щеткалар туралы әңгіме құрау

2.      Тіс щеткасын қолдану тур. /мұғалім түсіндірмесі/

 

ІV. Дыбыстық талдау. Щетка   /Тақтаға дөңгелектер арқылы көрсету/

 

Дыбыс-5, дауысты дыбыс-2, дауыссыз-3, буын-2

 

 

V. « Балқаш» мәтіні. /Көл суретін көрсету/

1. Мұғалімнің сқуы және оқушыларға хормен қайталатып оқыту.

2. Мәтінді мазмұндату /оқушыларға/

 

VІ. «Щеткалар» өлеңін оқу     хормен оқу

Щетка, щетка, щеткалар

Неше түрлі щетка бар

Бірі тісті жуады,

Бірі шаңды қуады

 

Сергіту сәті.

VІІ. Білімді білгенім ғажайып

       Баланың күлгені ғажайып

      Үлкенне үлгі алып жүргенім ғажайып

      Жақсы әдет қалмасын ешқашан азайып

 

VІІІ. Щ щ әріпін жазу

1.      Ауада жазу

2.      Тақтаға жазу  Щ щ

3.      Дәптермен жұмыс.   Щ Щ Щ щ щ щ

 

ІХ. Кеспе әріптерімен жұмыс

1.      Оқушыларға сөздерді құрату

 

Х. Ой қозғау.

1. Щетка тур. өлең, жұмбақ айтқызу

 

ХІ. «Кім тез жауап береді?» ойынын  ойнату  /сөзін оқу/

1-топ: щетка

2-топ: ащы

3-топ: тұщы

4-топ борщ   

Сөздерді оқу, топтаманы құрастырғанда   щетка суреті шығады

 

ХІІ. Қорытындылау

1.      Щ щ дыбысы қандай дыбыс?

2.      Щ дыбысы сөздің қай жерінде келеді?

 

ХІІІ. Әр топтың жинаған балын есептеу

1.      Қызыл дөңгелектерді санау

2.      Жеңімпаз топты атау

 

ХІV. Үйге тапсырма беру

Щ щ дыбысы, «Балқаш» мәтінін оқу, «Щеткалар» өлеңін оқу. Щ щ әріпін жазу.

 

 

Hosted by uCoz