М Е К Т Е П   Т Ү Л Е К Т Е Р І  -  Е Л   М А Қ Т А Н Ы Ш Ы

 

БЕКСАРЫ  Жаңабай  Мұратбекұлы

 1965 жылы Қызылорда қаласында туған. 1982 жылы Қаракеткен ауылындағы 114 – орта мектепті бітірген соң, Воронеж политехникалық институтына оқуға түсіп, оны 1989 жылы инженер-электромеханик мамандығы бойынша аяқтайды. Қазақ гуманитарлық заң университетін 2003 жылы бітіріп, заңгер мамандығын алады.
1989-1997 жылдар аралығында «Қызылордагражданпроект», «Южнефтегаз» кәсіпорындарында инженер-электрик қызметін атқарды. 1997-2002 жылдар аралығында «Харрикейн Құмкөл мұнай» шетел

канадалық мұнай компаниясында жетекші инженер-энергетик, жобаларды бақылау жөніндегі инженер болып жұмыс атқарды.
2002-2004 жылдары облыс әкімі аппаратының индустриалды даму бөлімінің бас инспекторы, энергетикалық инфрақұрылым және минералдық ресурстар жөніндегі облыстық басқарма бастығының орынбасары, облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы бастығы қызметтерін атқарды.
2005 жылдан бастап Қызылорда облысының көлік және автомобиль жолдары басқармасының бастығы. 2007 жылдың ақпан айынан облыс әкімінің орынбасары.

2008 жылдың шілде айынан ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқаруда.

 

 

 

 

 

 



Hosted by uCoz