М Е К Т Е П   Т Ү Л Е К Т Е Р І  -  Е Л   М А Қ Т А Н Ы Ш Ы

 

Досмаханов Жеңсікбай

(1942 – 2007)

Ол 1942 жылы 3-қаңтарда Қаракеткен ауылында дүниеге келген. Жетіжылдық білімді Қаракеткендегі Ж.Жабаев атындағы орталау мектептен, ал орта білімді Шәменов ауылындағы №34 мектептен алды.

Оны 1959 жылы бітірген соң теміржолда екі жылдай жұмыс істеді.

1961 жылы Қызылорда пединститутына түсіп, оны 1966 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 1967-82 жылдары «Коммунизм» совхозындағы «Иіркөл», «Жалағаш» совхозындағы

114-орта мектептерде өз пәнінен мұғалім, 1971 жылдан бастап мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 1982-2001 жылдары Қаракеткен ауылдық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1994 жылдан бастап ауыл әкімі қызметін атқарды. 2001 жылдан зейнетке шыққан 2005 жылға дейін 114- орта мектепте мұғалім болды. Ол  мемлекет алдындағы сіңірген еңбегі үшін Облыстық кеңес атқару комитетінің Құрмет грамотасымен және басқа да әртүрлі деңгейдегі мақтау қағаздарымен марапатталған.

Бірнеше рет ауылдық кеңестің депутаты болып сайланған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz