АУЫЛҒА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР
|
Елемесов Мұратбай 1915 жылы туған. Ұлы
Отан соғысының ардагері. 1951 жылы
«Игілік» балық колхозына мүше болып кіріп, колхоз «Жалағаш»
совхозына қосылғанға (1967) дейін жұмыс істеген. Осы
жылдары қажымас қайратпен еңбек еткен бұл кісі өзінің
жылдық жоспарларын жылма-жыл орындап қана қоймай, үнемі
асыра орындап, озат балықшы атанады. Осындай табысты еңбектері
ескеріліп, ол алғашқылар-дың бірі болып, Бүкілодақтық
халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне қатысып,
оның медалын алады. Бірнеше мәрте «социалистік жарыстың жеңімпазы»
деп танылады. 1965 жылы Қазақ
КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған. |