Е Л   А Ғ А Л А Р Ы          

 

Елеусінов Тұрымбет

(1929 – 1990)

Ол 1929 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарайтын/сол кезде/ «Жігер» колхозында дүниеге келген. 1965 жылдан коммунистік партия мүшесі болған.

Өзінің еңбек жолын 1946 жылы Қазалы қаласындағы бір жылдық ауылшаруашылығы мектебін бітірген соң, «Калинин» совхозының мал дәрігерлік пунктінде ветфельдшер болып бастайды.

Кейіннен ол аудандық мал дайындау мекемесінде, «Жамбыл» колхозының мал дәрігерлік учаскесінде веттехник болып жұмыс істейді. 1956-59 жылдары Қазалы ауылшаруашылығы техникумында оқиды.

Оқуды бітірісімен «Молотов» колхозында мал дәрігерлік учаске меңгерушісі болды. 1963 жылдан бастап «Коммунизм»/бұрынғы «Молотов» колхозы/ және «Жалағаш» совхоздарында ферма меңгерушісі, 1979 жылдан зейнет демалысына шыққан 1984 жылға дейін «Жалағаш» совхозы директорының орынбасары, шаруашылық меңгерушісі, аға гидротехник қызметтерін атқарады. Ол мал шаруашылығы саласындағы көп жылғы адал еңбегі мен нәтижелі жұмыстары үшін мемлекет тарапынан «Ерен еңбегі үшін», «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіндегі еңбегі үшін» медалдарымен және «Социалистік ауыл шаруашылығының үздігі» белгісімен, арнайы Дипломмен марапатталған.  Бірнеше мәрте Қаракеткен ауылдық кеңесінің депутаты болып сайланған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz