ОҚЫРМАНДАРМЕН  ӨТКІЗІЛЕТІН  ШАРАЛАР

Ертеңгіліктер

 

 

                     Кітап – білім  бұлағы.

                 /4- сынып   оқушылары  арасында  өткізілген  ертеңгілік/

мақсаты :1.Оқушыларды   кітапты  құрметтеу  білуге, ұқыптап  ұстауға  баулу,  білімге  деген   құштарлығын  арттыру,

         Ақыл,  өй- өрісін  дамыту,

         2.Бім  ордасын, ұстаздарын  құрметтеп, еңбекті бағалай  білуге

тәрбиелеу.

          Әдіс-тәсілдері ; тісіндіру әдісі, сұрақ-жауап.                   .       

Корнекліктері:нақыл  сөздер,  рәміздер,рөлді  ойындар, шығармашылық  тапсырмалар.

            Ертеңгіліктің  жоспары :

1.    Кіріспе –Ақ тілек /

2.    Кітап –рухани қазына

3.    «Ескі кітап» /көрініс/

4.    Айтыс.

5.    Арнау 

6.    Ертеңгілікті бекіту

Барысы :Ұйымдастыру;

Жүргізушы: Қайырлы  таң   қонақтар,  құрметті    оқушылар:

«Кітап –білім  бұлағы»  атты  ашық  ертеңгілімізге  қош   келдіңіздер!

           Ақ  тілегімізді  қабыл  алыңыздар.

           Еліме тыныштық  тілеймін,

           Күніміз  жарқын  болсын.

           Аспанымыз  ашық  болсын,

           Наның   көп  болсын.

           Қайғымыз  жоқ  болсын,

           Айтқан  лебіздеріміз  қабыл  болсын!

Ән. «Айгойлек».

Кітап рухани  байлығымыз.

Кітап- адам баласы  ақыл-ойынан туған рухани байлықты  сақтап, оны  ұрпақтан  -ұрпаққа  жеткізіп  отыратын, білім  және  тәрбие  беретін  құрал.Ол адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі,халқымыз кітапты   аса   құрметтейді.Сондықтанда  да  «Кітапсыз  білім  жоқ,  білімсіз  күнің  жоқ»,     «Кітап –білім бұлағы, білім -  өмір шырағы»  дейді.

             Оқулықты мектебің,

             Берер  саған теп-тегін.

             Білмейсің-ау  сен  бірақ

             Қаншама еңбек кеткенін.

             Корініс:  «Кітап  календарь емес».

      Ағасы  үшінші  сыныпта  оқитын  інісінің  ана  тілі  кітабын көріп таңданды.

          -Берік,бері келші

          -Не, аға                                                                                                            -Ана  тілі  кітабыңны  бас  жағындағы  алпыс  бетін  кім жыртып  тастаған       

             -  Мен.

             -  Неге

             -  Керегі     жоқ  қой. Өтіп  кеткен  сабақтар.

              - Е, сонда  оқулық   календарь   болғаныма

              - Иә,-деді Берік.

              - Күнде  өткен  сабақты  күнде  жыртып  тастаймын.

Әйтпесе , кейін  қай тақырыпты  өттік,  қай  тақырыпты өтпедік  білмеймін  шатасып кетемін.

         Ағасы  қабағын түйіп :

-         Бұлай етуге  болмайды,- дейді.

 Ал  Берік нық түрде:

         - Болады, -деді. –Біздің сыныпта балалардың  бәрі сөйтеді.

 Ағасының  көзі  атыздай болып  кетті.

-         Кітапты жыртуға  болмайды.

 Бүл –қылмыс ,- деп айқайлап жіберді.

     Берік  осыдан  кейін   кітаптарын  жыртпайтын  болды.

1-   оқушыа  :  Біз кітапханаға  барып,  кітап алып  оқығанды жақсы көреміз.

       Бізге кітапханашы апай  көп  кітаптар таңдаудаға  көмектеседі, түрлі ертегі   кітаптарды  оқып  береді. Біз  ертегі

оқығанды  жақсы көреміз.             

   Ән. « Біз  балдырған баламыз» .

1.    Кітап адам  өмірінің  таусылмас  қазынасы, дүниенің айнасы, ғылым-білімнің көзі,өнер мен тәрбие құралы ,өмір  күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы екенін түсіну керек .

2.    Кітапты қалай болса  солай  оқымай ,оларды белгілі  бір  мақсатпен жоспар бойынша оқып дағдылан.

3.    Кітапты оқығанда ойға сақтаға, керекті жерлерін жатқа айта білуге, керекті сөздерін жазып алып өмірде    пайдалануға әдеттен.

Енді ұлы адамдардың      пікірлеріне  тоқталайық:

1.Кітап  -ақылды  қуаттандыратын  құрал.

2.Кітап – асып  -таспайтын  адал  досымыз.

3.Кітап дегеніміз –қоғам. Жақсы  кітап ,жақсы қоғам тәрізді.Сезім  мен санаңды  нұрландырады,көркейтеді.

        Енді айтысқа кезек  берейік:

1-   оқушы:      

     Ассалаумағалейкум,   замандасым,

     Айтыстың додасына  қадам 

                                                     Бастым.

     Бүгінгі  бұл  айтыста  мен  жеңбесем,

     Онда  мен  ақын  боп  жаралмаспын.

     2-оқушы:

    Армысың  айналайын  жиналғандар,

     Семинардың  төрінде

                                            Силағандар.

     Барлық  оқырмандар  бас қосыпты,

     Ағайын, айтыңдаршы кімде арман

                                                               Бар

     1-оқушы:

    Айтпақшы  қарсыласым қалың

                                                             Қалай

    Жүрегім  бір  өзіңді сағынғаны –ай,

    Дүниені шарқ ұрып  іздеееесем  де,

    Өзіңнен    басқа    жақсы

                                                табылмады-ай.

   2-оқушы :

   Қалымды сұрадың  ғой аман-есен,

   Әкем  есен және де  анам есен.

   Қалай  -қалай бұл жерде сөз

                                                   сөйлейсің 

   Мен сені  түк білмейтін  бала десем.

1-   оқушы:

Мен  бүгін,  кетілмеймін,

                                              мұқалмаймын,

Қалайша  шабыттанып   құт

                                               Алмаймын.

Осындай  бұл  айтысты   пайд аланып,

 Екеуміз  де  шырқайық  кітап       

                                                       Жайын.

2-оқушы:

Саған бұрып  әр кезде жүреді ішім,

Сен өзі кітап оқып жүремісің

Бір сұрақты  қояйын  онда  саған,

Қсиетті  кітапты  білемісің

1-оқушы:

Мен сыйынып  көрейін  бір  Аллаға,

Әрқашан  жаратқанға  жыр

                                              арнағам,             

 

Қасиетті  кітапты  сұрадыңғой

Өмірде  ол кітабың «Құран» ғана.

2-оқушы:

Құран деп  мына ақын шын

                                                Айтады,

Біліміңді сынайын былай тағы

Кітаптан барлық  оқу табылады

«Оқу – білім бұлағы», -деп кім

                                                    айтадлы

1-оқушы:

Жауап  берсем,  білімнің  теңескені,

Оқу  мен  оқушының  тең  өскені:

«Оқу  -білім  бұлағы» деген кісі-Ыбрай   Алтынсарин  емес  еді.

2-оқушы:

Камила  апай  біздерге  асыл  апай,

Аман  болып жүрсінші  басың апай.

Осында  келген       екен білемісің

Аудандағы әдіскер Эсия  апай

 1-оқушы:

Әсия апай емес қой   сонда  ботен,

Танымаған  адамдар оңбайды  екен.

Кітапханашы  апйлар бәрі кепті,

Кітапханашы  ағайлар болмайды екен.

2-оқушы:

Мен,  міне,  арманыма  жетем бүгін,

Алып жүрген     жоқпын ғой  бекер білім.

Осы жұрт біле ме екен  айтып берші,

Бар байлықтың кітапта екендігін.

 

Айғайлап айтып  жатыр  ақын  әнін

Жырға  қоссақ  білімнің  атырабын.

Бар  адамды шетелдік  кино  емес

Кітаптарды  оқуға  шақырамын.

2-оқушы:

Білейік осы жерден жүреріңді,

Жыр кернеп  бара жатса жүрегіңді

Семинарға  жиналған апайларға,

Енді сен айтып берші тілегіңді.

1-  оқушы:

Әр  акдамға әр кітап тәтті болсын,

Наурызда барлық мал ақты

                                               болсын.

Кітапты дәріптеген оқырманға

Апайлардың жиыны сәтті  болсын.

2-оқушы:

Бізде  де  сіздің тілекке  қосылайық

Алдарыңда айтысты  қос ұланың

Ал енді соза бермей біз тұралық,

Екеумізге ақынжан осы лай

Қортынды  сөз:

Бәрін,бәрін, білесің , оқи  берсең  кітапты, - демекші  құрметті  біздің  бүгінгі  ертеңгілігімізге  қатысушы  қонақтар.

Ертеңгілігімізді  зейін қойып тыңдағандарыңызга  көптен-көп  рахмет.

    Осымек ертеңгілігіміз  аяқталды.        

            

                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz