Д е р е к т е р   қ о р ы

Ресми ақпарат

 

Облыс әкімі Б.Қуандықовтың 2010 жылы атқарған жұмысының есебі

2010 жыл қорытындысымен облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жоғарылап, орташа республикалық көрсеткіштерден артты.

Макроэкономикалық көрсеткіштер

Өнеркәсіп саласында 774,9 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Өңдеу өнеркәсібінің дамуында өсу қарқыны байқалып, 2009 жылмен салыстырғанда 48,6 пайызға артып отыр.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 44,2 млрд.теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға артты. Нәтижесінде ет өндіру 0,8 пайызға, сүт 1,1 пайызға өсті. Барлық мал басы санының өсімі байқалды: мүйізді ірі қара – 1 пайызға, жылқы – 1,7 пайызға, түйе – 2,5 пайызға, шошқа – 1,8 пайызға.

Шағын кәсіпкерлік саласында өндірілген өнім көлемінің индексі 100,9 пайызды құрады. Шағын бизнес саласындағы белсенді субъектілерінің саны 12,3 пайызға артып, кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандар саны көбейді.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 251,3 млрд.теңгені құрады немесе 2009 жылмен салыстырғанда 40,6 пайызға артып отыр.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 0,3 пайызға артып отыр. 251,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Есепті кезеңде 15839 жаңа жұмыс орындары құрылды. Нәтижесінде жалпы  жұмыссыздық деңгейі алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,6 пайызға төмендеп, 5,7 пайызды құрады.

2010 жылы инфляция деңгейі республиканың орташа көрсеткішімен бірдей болып, 7,8 пайызды құрады.

Халықтың орташа айлық жалақысы 15,1 пайызға өсіп, 68555 теңгені құрады. 

Күнкөріс деңгейінің ең төменгі көлемінің өсу қарқыны республикадағы ең жақсы көрсеткіш болып табылады – облыста 10,6 пайыз, республикада – 14,6 пайыз.

Облыс бюджеті түсімдер бойынша (трансферттерді қоса есептегенде) 101,3 пайызға орындалды.

Бюджетке түсетін жалпы салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 39,6 млрд. теңгені құрап, болжам 112,8 пайызға орындалды. Оның ішінде, республикалық бюджетке 18,4 млрд. теңге  түсіп, болжам 120,6 пайызға, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 21,2 млрд. теңгені құрап, болжам 106,8 пайызға орындалды.

         2010 жылы облыстың сыртқы сауда айналымы 1 миллиард 279 миллион 802 мың АҚШ долларын құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 52 пайызға өсіп отыр.

Индустриялық-инновациялық даму

Қазақстанның индустрияландыру Картасына облыстан құны 45 млрд.теңгеден асатын 13 инвестициялық жоба енгізілді, атап айтқанда республикалық картаға – 27,6 млрд.теңгенің 3 жобасы, аймақтық картаға – 18,2 млрд.теңгенің 10 жобасы.

Олардың ішінен 2010 жылға жоспарланған жалпы құны 26 млрд. теңгеден асатын 11 жоба іске асырылды. Осының арқасында 400-ден астам жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылды.  

Индустрияландыру картасының жүзеге асырылуы өңдеу және тау-кен саласы өндірістерін дамытуға қуатты қарқын берді. Іске қосылған жол-құрылыс жобалары, оның ішінде үш қиыршықтас шығаратын, жол битумын өндіретін және асфальт зауыттары «Батыс  Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автожол дәлізін  табысты іске асыруға елеулі үлесін қосып отыр. 

Оған қоса, энергетика және мұнай-газ саласында 4 өндіріс жобасы жүзеге асырылды:

- мұнай компанияларының («Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» және «Торғай Петролеум» АҚ) өз қаражаты есебінен салынған «Құмкөл» кен орнында 2 қосымша газотурбиналық қондырғысы. Жоба сағатына 50 МВт электр қуатын өндіруге, бұл өз кезегінде компанияның қажеттілігін қанағаттандырумен қатар артық қалған электр қуатын облыстың қажеттілігіне бағыттауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жобаның іске асырылуы өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға септігін тигізеді;

- «Кеңлік» жаңа кен орнында ілеспе мұнай газын пайдалануды ұйымдастыру» жобасы («Саутс Ойл» ЖШС). Жоба бойынша жылына 8 мың тонна газ бензині және 40 мың тоннадан астам сұйытылған газ өндіріледі. Оның бір бөлігін кәсіпорын өз мұқтажына жұмсаса, қалған бөлігі – облыс тұрғындарына әлеуметтік бағамен жеткізіледі;

- «Ақшабұлақ» кен орнындағы қуаттылығы 300 млн. текше метр газды тиімді пайдалану кешені». Жобаны іске асыру тұрғындардың жылуға кететін шығындарын азайтуға мүмкіндік береді;

- «Мұнай қалдықтарын және көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу қондырғысы» («БИС» ЖШС). Жоба жылына 2500 тонна бензин, 900 тонна дизельді отын, 13500 тонна мазут өндіруге мүмкіндік береді.

Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 2 жоба бағытталған:

- «РЗА» ЖШС-нің қуаты жылына 10,8 мың тонна сүт өнімдерін шығаратын 660 ірі қараға арналған сүт-тауарлы фермасы. Жоба бір сиырдан сауылатын сүт көлемін жылына 4,5 мың литрден 11 мың литрге немесе 2,5 есеге арттыруға және алғашқы жылы облыс бойынша сүт өндіру көлемін 8 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік береді;

- «Шапағат сүт» серіктестігінің нан зауыты. Зауыт аусымына 30 тонна нан өнімдерін өндіретін болады.

Аталған жобалардың жүзеге асырылуы шикізаттық тәуелділіктен арылып, шикізаттық емес секторды дамытуға үлкен септігін тигізеді.

Индустрияландыру бағдарламасы аясында жобалардың жүзеге асырылуы, шикізаттық және жұмыс күші ресурстарымен қамтамасыз етілу, жүзеге асырылып жатқан «Батыс Европа – Батыс Қытай» жобасын табысты іске асыруға мүмкіндік туғызуда.

2010 жылы «Батыс Европа – Батыс Қытай» жобасы аясында 211 шақырым жол асфальттанып, 16 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Оның 11 мың адамы жол құрылысын салуға жәрдемдесетін салаларда.

Жоба білікті жол құрылысы мамандарын даярлауға да септігін тигізуде. Өткен жылы 265 жол құрылысы мамандары дайындалды.

Сонымен қатар, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған жобалар, «Батыс Европа – Батыс Қытай» халықаралық жол құрылысының жүзеге асырылуы құрылыс материалдарына қажеттілікті туғызып, өңірде кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасауда. Осы бағытта Индустрияландыру картасынан тыс, жалпы сомасы 6,6 млрд.теңгені құрайтын тағы 16 жоба жүзеге асырылып, жұмыс жасауда. Жаңадан 529 жұмыс орны ашылды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында бәсекеге  қабілетті, шикізаттық емес экспортқа  бағытталған  шағын және орта  кәсіпкерлікті  қолдау  мақсатында, облыстағы екінші деңгейлі банк филиалдары, «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау Қоры» АҚ және басқа да қаржы қорлары басшыларымен кездесулер өткізіліп, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру бағыттары талқыланып, басым бағыттары белгіленді.

Нәтижесінде 2 жоба мақұлданып, екінші деңгейлі банк филиалдары несие пайызын субсидиялау бағыты бойынша қаржыландырылды. Онан бөлек 2 жоба мақұлданып, осы жылға қаржыландыруға ұсынылды.

Он-лайн арқылы кеңестер беру, интернет–конференциялар ұйымдастыру қызметін қамтитын Интернет–портал жасақталды. Бұл Интернет–портал арқылы облыс кәсіпкерлері бизнесті жүргізу бойынша қажетті ақпаратты кез келген уақытта ала алатын болады.

Облыстың және басқа аймақтардың тауар өндірушілерінің қатысуымен «Жібек Жолы» бизнес-форумы және «Күріш жәрмеңкесі»,  Қызылорда облысы  кәсіпорындарының экспорттық қабілеттігін арттыру және инвестициялық тартымдылығын көрсету мақсатында Байқоңыр қаласында Қызылорда облысы, Ресей Федерациясы және Байқоңыр қаласының  кәсіпорындарының қатысуымен «Қызылорда облысының инвестициялық тартымдылығы» тұсаукесері өткізілді. Нәтижесінде Ресей Федерациясы, Азербайжан, Түрікменстан мемлекеттері кәсіпорындарымен өзара ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылып, келісімдер жасалды. 

Сонымен қатар, өткен жылы «БердянСельмаш» АҚ және «Харвест» ЖШС арасында жасалған екіжақты келісім шеңберінде жылына 50 бірлік жатка шығаратын «Азов Аралмаш» БК» ЖШС құрылды.

2010 жылдың 1 шілдесінен бастап, үш ел арасында Кеден одағы  құрылып, артық құжаттарды рәсімдеуден, кедендік алымдарды төлеуден босатылу сияқты жеңілдіктер арқасында кәсіпкерлердің тауарлары, өнімдері, заттары емін-еркін жылжып, сауда айналымының өсуіне оң ықпалын тигізуде. Осылайша, облыста Бірыңғай Кеден Одағының негізгі бағыттарын іске асыруға ықпал жасау жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

 Энергетикалық кешен

Облыста жүзеге асырылып жатқан «Қызылорда қаласының жылуэнергия көздерін және тұрғын үй секторын ілеспе газға көшіру» жобасының екінші кезеңі жүргізілуде. Осы мақсатқа 2010 жылға 1,4 млрд. теңге бөлініп, оған 210 шақырым төменгі қысымды газ құбырларының жұмыстары және 8 газ реттегіш пункттердің құрылыстары аяқталды. Қазіргі таңда облыс орталығының 442 көпқабатты тұрғын үйі (20850 пәтер), 11094 жеке сектордағы тұрғын үй және 345 шаруашылық нысандары ілеспе газға қосылды.

Сонымен қатар, облыс орталығының қарқынды дамуын ескере отырып, облыстық бюджет қаржысы есебінен «Қызылорда қаласының өндіріс аймақтарын және жаңа тұрғын үй мөлтек аудандарын газдандыру» жобасының  жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

2009 жылы Қызылорда қаласының жеке тұрғын үй  секторын газдандыруға қосу құны 250 мың теңгеден 99500 теңгеге төмендетілді, ал, 2010 жылдан бастап аталған қызметтердің құнын айыппұл төлемінсіз 1 жылға бөліп төлеу тәжірибесі қолданылуда. Нәтижесінде, 2008 жылмен салыстырғанда жеке тұрғын үй секторын газдандыру деңгейі 80 есеге, яғни, 2008 жылдың басында 136 болса, 2011 жылдың 1 қаңтарына 11000-ға өсті.

Электр қуаты тапшылығын жою мақсатында Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалармен қатар, облыс елді мекендерін толығымен электр қуатымен қамту мақсатында жергілікті бюджет есебінен электр қуатының балама көзі - жел-күн жабдықтарын сатып алу жүргізілуде.

Электрленбеген Қазалы ауданындағы Ажар елді мекенін электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында  желді  электр  стансасының құрылысы  жүргізілуде.

Сексеуіл, Жақсықылыш елді мекендерінің 10/0,4 кВ электр желілерін қайта жаңғыртуға жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті.

Бизнесті дамыту үшін және облыс тұрғындарын  сапалы  электр  қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында «Жол картасы» аясында бюджеттен 728,9 млн. теңгеге 6 жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды («Западная», «Южная», «АТД», ЦРП-1, 3, 11).

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша «Жылу электр орталығы жанындағы» бос алаңды пайдаланып, инвестициялық жобаларды орналастыру үшін өнеркәсіп алаңдарын ашып, оған инфрақұрылым жүйелерін жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда қаласының жылу жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту мақсатында «Жол картасы» аясында жылумен жабдықтау саласы бойынша республикалық бюджет есебінен 12 жоба жүзеге асырылып, 15,3 шақырым жылу желілері жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Ауыз сумен қамтамасыз ету

2010 жылы облыс тұрғындарын сапалы ауыз  сумен қамтамасыз етуді  жақсарту мақсатында 5 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл қаражат есебінен Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының
 5-кезеңінің құрылысы, Қызылорда қаласының ауыз су және кәріз жүйелерінің қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

Бұдан басқа облыстық бюджет есебінен Арал-Сарыбұлақ және Жиделі топтық су құбырларына қосылған 20 елді мекендердің ішкі тарату ауыз су желілерін қайта жаңғыртудың жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 144,6 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі таңда құны 3,6 млрд.теңге құрайтын 11 жоба әзірленіп, ҚР АШМ Су ресурстары комитетіне жолданды.

Облыс бойынша 17 сумен пайдалану мекемелерінің 7-уі субсидияландырылып, 2010 жылы оның көлемі 180,7 млн.теңгені құрады.

Соңғы 3 жылда ауыз сумен қамтамасыз етуге 19,8 млрд.теңге бөлініп, 1000 шақырымнан астам ауыз су желілері жөнделді. Нәтижесінде 218 мың тұрғындары бар 70 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

«Жол картасын» іске асыру нәтижесінде облыстың 8112 тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізді.

Бүгінгі таңда облыстың 70 пайыздай елді мекендері орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды.

Біраз жылдар бойы қордаланып келе жатқан ауыз сумен қамтамасыз ететін кәсіпорындардағы қызметкерлерінің жалақыға қарыздары мәселесі шешімін тауып, толығымен жойылды.

Қазіргі таңда ауыз су бойынша құрылысын салуды, күрделі жөндеуді және қайта жаңартуды қажет ететін объектілер тізімін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасы қабылданды.

Коммуналдық шаруашылық

Саланы дамыту мақсатында 2010 жылға ауылдық округтерді абаттандыруға, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына 133 елді мекенге 1,0 млн. теңгеден қаржы бөлініп, оған 65 елді мекеннің көшелерін жарықтандыру, 20 елді мекеннің мәдени-демалыс орындарын жөндеу, 3 елді мекеннің су желісін жөндеу, 5 елді мекеннің төлқұжаттарын жасау, 40 елді мекеннің көшелерін жөндеу жұмыстары атқарылды.

«Жол картасы» бағдарламасы аясында 14 жоба іске асырылып (224,9 млн. теңге), 60,2 мың шаршы метр көшеге ағымдағы жөндеу жүргізілді, 7,8 шақырым көше жарықтандырылып, 277 шам-шырақтар орнатылды.

Қызылорда қаласы бойынша «Тағзым» кешеніне ағымдағы жөндеу, «Жібек жолы» каналын, теміржол вокзалы аумағын абаттандыру, мөлтек аудандарындағы автокөлік тұрақтары мен кіріс жолдарын жөндеу – жаяу жүргінші жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, өткен жылы көптен бері шешімін таппай келе жатқан «Қызылорда қаласы Белкөл ауылындағы сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін қайта жаңғырту» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, осы жылы республикалық бюджеттен қаржыландыратын болды.

Елді мекендерді аяқсумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылы ұзындығы 134,7 шақырымды құрайтын 20 канал және 9 гидроқұрылыс жөндеуден өткізілді.

Сонымен қатар, өздігінен су бармайтын Қазалы ауданындағы «Құмжиек», Қармақшы ауданындағы  «Көмекбаев»  елді мекендерін аяқсумен қамтамасыз ету үшін 2 насос қондырғылары сатып алынды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде көлемі 1950 гектарды құрайтын 12650 отбасының үй іргелік жерлеріне аяқ су жеткізіліп, 20238 гектар шабындықтар мен жайылымдықтар суландырылды, су айдыны 3810 гектарды құрайтын көлдерге су құйылды.

Облыстың аудандары және Қызылорда қаласы бойынша суармалы жерлерге және суландырылған жайылымдықтар мен суландыру қондырғыларына түгендеу жұмыстары жүргізілді. Түгендеу барысында облыста суландырылған жайылымдардың жалпы саны, олардың нақты орналасуы мен сапалық жағдайлары, ондағы су көздері қондырғыларының саны мен техникалық жағдайлары туралы толық мәлімет жинақталып, электронды база жасақталды. Осыған орай, суландыру қондырғаларын «Арал» құрылыс кәсіпорыны біріккен дирекциясы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын немесе «Қызылорда гидрогеолого-мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының теңгеріміне беру және осы мекемелердің базасында эксплуатациялық қызмет көрсететін орын құру және қаржыландыру жөнінде ҚР Үкіметіне ұсыныс жасалды.

Ауыл шаруашылығы

Соңғы 3 жылда агроөнеркәсіп саласын қолдауға 5,3 млрд.теңге қаржы бөлінді. 2010 жылы ауыл шаруашылығына бөлінген қаржы көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 17,8 пайызға артып, 2,3 млрд.теңге құрады.

Нәтижесінде өткен жылы:

-    109,2 тонна суперэлита, 943,8 тонна элита, 27,6 тонна бірігей, 3847 тонна 1 репродукциялы тұқым бағасы арзандатылды;

-    91,3 мың га егісі үшін 436 шаруашылыққа көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтар субсидияланды;

-    169 шаруашылыққа 46,9 мың тонна тыңайтқыш бағасы арзандатылды;

-    ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға жұмсалған 2400 мың текше метр аяқ суды жеткізу құны арзандатылды;

-    18 шаруашылыққа 48,5 га жеміс және 3,5 га жүзім дақылдарын өсіруге кеткен шығындары субсидияланды.

            Сондай-ақ, 13 шаруашылыққа сатып алған 3428 бас асыл тұқымды қой, 80 бас жылқы, 25 бас түйе бағасы арзандатылып, 35 шаруашылыққа асыл тұқымды мал басын толықтыратын төл өсіруге жұмсалған шығындары ішінара өтелді.

2010 жылы шаруашылықтардың барлық нысандары бойынша егіс көлемі 160,9 мың гектар жерге орналастырылып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,8 мың гектарға артық егілді. Негізгі дақыл - күріш 77 мың гектарға егілді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын күтіп-баптау жұмыстары агротехникалық талапқа сәйкес жүргізіліп, егін уақтылы шашпай-төкпей жинап алынды. Нәтижесінде, күріш дақылынан 1985 жылдан бергі ең жоғарғы өнімділікке қол жеткізіліп, күріш егісінің әр гектарынан 48,6 центнерден (2009 жылмен салыстырғанда 5,7 центнерге артық) өнім алынды. 376,2 мың тонна күріш салысы жиналды. Бұл 1990 жылдан кейінгі алынған мол өнім және 2009 жылмен салыстырғанда 72,5 мың тоннаға артық.  

Күріштің өнімділігін әлі де арттыру мақсатында өткен жылы егілген күріш тұқымы толық себу кондициясына жеткізілді. Ал, тұқымның репродукциялық құрамынан жоғарғы репродукциялы тұқымның үлесі 2009 жылмен салыстырғанда 17,3 пайызға артып, жалпы егіс көлемінде 64,8 пайызға дейін жоғарылады.

2010 жылы бірінші рет облыстық бюджеттен 25,0 млн. теңге қаржы бөлініп, облыста жергілікті сорттармен бірге Ресейлік Янтарь, Лидер, Новатор сорттарының бірігей, суперэлита тұқымын жеделдетіп көбейту қолға алынды. Нәтижесінде, аталған сорттар бойынша 9 тн бірігей тұқым өндірілді.

Өндірілген өнімнің сақтау мерзімін ұлғайту мақсатында ақталған күрішті вакуумді қалталап шығару технологиясын қолдану арқылы өнімдер шығарылуда.

Сонымен қатар, 2009 жылмен салыстырғанда майлы дақылдардың егіс көлемі - 40 пайызға ұлғайса, күріш - 8,2 пайызға, көкөніс - 4,9 пайызға, картоп -2,6 пайызға ұлғайған.

Облыста озық технологияларды, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарын тамшылатып суару әдісін қолдану көлемі артып келеді. 2009 жылы 200 гектар көкөніс өсіріліп, орташа өнімділік гектарына 59 тоннаны құраса, 2010 жылы 200 гектар көкөніс, 14 гектар картоп және 20 гектар бақша дақылдары осы әдіспен өсірілді.

Қызылорда облысы бойынша «Оңтүстік» ӘКК арқылы құрамына 98 ауыл шаруашылық құрылымдары біріктірілген және жер көлемі 60,4 мың га, балық ауланатын су көлемі 23,4 мың гектарды құрайтын 8 сервистік-дайындау орталықтары құрылып, 561,7 млн. теңгеге 128 ауыл шаруашылығы техникалары мен өңдеу жабдықтары алынды.

Сервистік-дайындау орталықтары арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 57,6 млн. теңгенің агротехникалық қызметтері көрсетілді. Оның ішінде күріш жинау науқанын уақтылы атқару бағытында құрамына 11 комбайн енгізілген 3 механикаландырылған бөлімшелер арқылы 670 гектар күріш орылып, 2,5 мың гектардан астам күріш бастырылды.

Облыста ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің машина паркін жаңалау  мақсатында соңғы 3 жылда шаруашылық құрылымдары барлығы 638 техника сатып алды. Өткен жылдың өзінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы 202 ауыл шаруашылығы техникасы алынды.

Өткен жылы ауылшаруашылық техникаларын құрастыру зауытын құру жобасын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігі мен белгілі астық комбайндарын шығаратын «Сампо Розенлев Лтд» Финляндия компаниясы арасында ынтымақтастық және Қызылорда облысында астық комбайнын құрастыру өндірісін ұйымдастыру туралы меморандумға қол қойылды.

Есепті кезеңде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері барлығы 1907,3 млн. теңге несие қаражаттарын алды. Оның ішінде, бірінші рет астық қолхаты арқылы несиелендіру механизмі енгізіліп, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамы  арқылы 396 млн.теңге несие қаражаты игерілді. Облыстың ауылшаруашылық тауарөндірушілерін қолдау мақсатында «ДамуАгроҚызылорда» корпоративтік қоры арқылы егін шаруашылығын дамытуға 55,5 млн. теңге пайызсыз қайтарымдық негізде қаржылай қолдау көрсетілді.

Аймақта мал тұқымын асылдандыру, басын көбейту арқылы мал өнімдерінің сапасын арттыруға басым бағыт беріліп отыр. Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 12,3 пайызға артты. Нәтижесінде жыл санап төрт түлік мал басының өсу қарқыны қалыптасып келеді. Қазіргі таңда облыстағы мал басының саны 1990 жылдардың үлесінде болған ең жоғарғы деңгейге жақындады. Сол жылдармен салыстырғанда мүйізді ірі қара – 12,3 пайызға, түйе – 13,3 пайызға өскен.

Асыл тұқымды мал басын көбейту мақсатында соңғы жылдары облыстық бюджеттен жыл сайын қаржы бөлініп, Республиканың өзге өңірлерінен асыл тұқымды 1000 бас мүйізді ірі қара, 5185 бас қой, 500 бас жылқы, 79 бас түйе әкелініп, шаруашылықтарға лизингіге беріліп, 29 орта тауарлы шаруашылықтар ұйымдастырылды.

Өткен жылы мал өнімдерін өндіретін орта және ірі шаруашылықтарды ұйымдастыру мақсатында «Қызылордаагросервис» МКК-ның айналымдағы қорынан 65,8 млн. теңге қаржы бөлініп, осы қаржыға 32 бас түйе, 200 бас жылқы және 800 бас ет бағытындағы асыл тұқымды қой малдары сатып алынып, облыстың шаруашылықтарына лизингілік негізде берілді.

Бүгінгі күні облыс бойынша 23 асыл тұқымды шаруашылық және бір дистрибъютерлік орталық мал тұқымын асылдандырумен  айналысады.

Өткен жылы ірі көлемде селекция бағдарламасына сәйкес  «Мал шаруашылығы және ветеринариялық қауіпсіздік Ғылыми- инновациялық орталығымен  облыс бойынша 8 шаруашылық келісім шарт жасап, ғылыми негізде селекциялық жұмыстар жүргізе бастады. Сонымен қатар, ірі қара малының зоотехникалық асыл тұқымдық есептілігін аналитикалық ақпарат жүйеге енгізу жұмыстары жүргізілді.

Өткен жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаржылар есебінен жылына 511 тонна сиыр еті, 180 тонна қой еті және 304 тонна жылқы етін өндіретін мал бордақылау кешені ұйымдастырылды. Кешен мал сою пунктімен, ет сақтайтын мұздатқыш камералармен жабдықталған. Жоба жүзеге асырылғаннан бергі 4 ай ішінде 80 бас сиыр, 80 бас жылқы және 400 бас қой бордақыланып, кешен құрамындағы мал сою пунктіне сою арқылы өткізілді.

Сондай-ақ, есепті кезеңде Қызылорда қаласына қарасты Қараөзек ауылында тәулігіне 2 тонна ет өнімдерін өңдеу цехы қайта іске қосылды. Қазіргі таңда кәсіпорында 25 адам жұмыс атқарады және цехта ысталған ет, шұжық өнімдерінің 20 түрі шығарылып, қала тұрғындарына арнайы орнатылған орындарда сатылуда. Ет өңдеу цехы мал сою пунктімен жабдықталған.

Облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен өткен жылы жалпы алаңы 6,0 мың шаршы метр құрайтын 12 жылыжай құрылысы салынса, жеке кәсіпкер есебінен жалпы алаңы 1 гектар құрайтын 20 жылыжай құрылысы салынуда.

Сонымен бірге Қызылорда қаласында жылына 500 тонна өсімдік майын шығаратын цех салу, ауысымына өнімділігі 80 тонна құрама жем шығару зауытын ұйымдастыру жобалары жүзеге асырылуда.

Осындай атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы - негізгі азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және оның негізсіз көтерілуін болдырмау мақсатындағы іс-шара болып табылады.

            Облыс көлемінде 4 коммуналдық базарлар мен 32 сауда аландары жұмыс жасауда. Бекітілген кестеге сәйкес облыс орталығында және аудандарда ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері өткізілді.

            Қазіргі таңда облыс барлық дерлік негізгі азық-түлік тауарлар қажеттілігін ішкі өндірісі есебінен қамтамасыз етіп отыр.

            Арал өңірінің экологиялық ахуалын жақсартуға байланысты «Сырдария өзені арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының І-ші кезеңі аяқталуда. Осы жобаның екінші кезеңіне қатысты, ҚР Үкіметі Сарышығанақ бұғазында құрылыстар кешенін салу компонентінің орнына Көкарал плотинасының алдына жиналатын су деңгейін көтеру жұмыстарын жүргізу жөніндегі ұсыныстарды қарастыруда.

Өңірде балық шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында 2010 жылы Қызылорда облысының балық шаруашылығын дамытудың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

Тұрғын үй құрылысы

Тұрғын үй құрылысын дамытудың аймақтық бағдарламасы шеңберінде 2010 жылы Қызылорда қаласының Титов ауданында 40 пәтерлік екі үй, 60 пәтерлік 1 үй, Жібек жолы көшесі бойында 30 пәтерлік бір үй және облыс аудандарында 15 жалға берілетін тұрғын үйлер салынып, пайдалануға берілді.

Ал, ипотекалық тұрғын үйлер бойынша 2010 жылы облыста жалпы алаңы 14,15 мың шаршы метр болатын 11 ипотекалық тұрғын үйдің, атап айтқанда, Қызылорда қаласының Сырдария мөлтек ауданында 50 пәтерлік, «Шұғыла» мөлтек ауданында 50 және 60 пәтерлік, Жібек жолы көшесі бойындағы 50 пәтерлік, сонымен қатар, Шиелі ауданында 7 тұрғын үйдің  құрылыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Шет аймақтардағы тұрғын үйлерді электр жарығымен, жылумен, сумен, газбен қамтамасыз ету, кәріз жүйелерін, кіре беріс жолдарын жөндеу және аудандарды электр қуатымен қамтамасыз ету  мақсатында республикалық бюджет есебінен әр ауданға 50,0 млн. теңге,  Қызылорда  қаласына  765  млн. теңге  қаржы  бөлінді. Оның ішінде Қызылорда қаласының «Титов», «Шұғыла», «Жібек жолы» мөлтек аудандарында салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерін жүргізу және қаланың шет аймақтарындағы жеке тұрғын үйлер аудандарының («Саяхат», «Сәулет», «Жаңа ауыл», «Әл-Фараби») инженерлік инфрақұрылымын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласының бас жоспарына сәйкес, жалпы аумағы 500 гектар «Астана» ауданының жобасын әзірлеуге бюджеттен қаржы бөлініп, жобалау жұмыстары жүргізіліп, желтоқсан айында облыс әкімінің жанындағы сәулет-қала құрылысы Кеңесінде мақұлданып, бекітілді. 

           Облыс бойынша құрылысын салуға жататын білім, денсаулық, мәдениет, спорт нысандарының кезектілік Тізбесі бекітілді (205 білім, 105 денсулық сақтау, 39 мәдениет, 76 спорт нысандарының құрылысы, барлығы 425 нысан).

Көлік инфрақұрылымы

2010 жылы облыстағы жөндеуді қажет ететін жолдардың жөндеу жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджеттерден 3,7 млрд. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

Соңғы үш жылда Қызылорда қаласында барлық көшелердің 41 пайызын құрайтын 157 көше, жергілікті маңызы бар жол ұзындығының 18 пайызын құрайтын 400 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өтті. Шиелі ауданындағы қалқымалы көпірді орташа жөндеуге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. Бұдан бөлек, облыстық маңызы бар «Шиелі-Қарғалы-Байкенже-Жаңақорған» автомобиль жолындағы Сырдария өзені арқылы өтетін қалқымалы көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, өткен жылы жергілікті бюджеттен қала тұрғындары үшін соңғы 30 жылдан бері қиындық тудырып келген, Қызылорда қаласындағы темір жол арқылы өтетін көпір құрылысын салу қолға алынды.

Темір жол көлігі бойынша 2010 жылғы 13 желтоқсанда облыстың коммуналдық меншігіндегі 8 темір жол вокзалын республикалық меншікке қайтару жөнінде облыс әкімдігінің қаулысы қабылданды. Осыған сәйкес, қазіргі таңда осы облыстың коммуналдық меншігіндегі 8 темір жол вокзалын республикалық меншікке, яғни «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның теңгеріміне беру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

«Қорқыт Ата» әуежайының транзиттік мүмкіндіктерін арттыру және халықаралық талаптарға сәйкестендіру мақсатында «Қорқыт Ата» әуежайының ұшып-қону алаңын қайта құру және әуежайлық, сервистік арнайы техникамен қайта жабдықтау» инвестициялық жобасы бойынша 2008-2010 жылдары жоспарланған қаржы толығымен игеріліп, ұшу-қону алаңын, перронды қайта құру және оның құрылысы жүргізілді. Қауіпсіздік аймағы, 20 қызметтік автокөлікке арналған гараж салынды, әуе кемелері үшін жерасты электрмен жабдықтау көздерінің желілері тартылды, жарық-белгі және ауа райын зерттеу құралдары орналастырылды. 2010 жылғы қараша айында қайта құру жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде сыйымдылығы 126 адамдық Аэрбас-319 ұшағы рейс жасауда. 

Жалпы, облыс орталығын республикамыздың Астана, Алматы және басқа да облыс орталықтарымен байланыстыру үшін «Эйр Астана» және «Скат» әуе компанияларымен аптасына 24 рейс орындалып отыр.

Өткен жылы облыс тұрғындарының телекоммуникация қызметтеріне сұраныстарын қамтамасыз ету, көрсетілген қызметтердің сапасын жоғарылату бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Оның ішінде, ID-Phone телефония және ID TV телевизиялық көрсету қызметтері енгізілді.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою

Облыстағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға облыстық бюджеттен 592,0 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа 2009-2010 жылдардың қысқы-көктемгі мезгілдерінде Сырдария өзенімен қабылданған су көлемінің ұлғаюына байланысты Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің ұзындығы 3,8 шақырымды құрайтын істен шыққан қорғаныс бөгеттері күшейтіліп, қалпына келтірілді. Сонымен қатар, Жалағаш-Жосалы  автомобиль жолының ұзындығы 1 шақырымды құрайтын бұзылған учаскелері мен көпір, 2 су өткізу қондырғыларына 3,6 мың текше метр құм, 6,6 мың шаршы метр құм аралас тас және 269,3 текше метр бетон жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 2010-2011 жылдардың қысқы-көктемгі мезгілінде облыс көлеміндегі су тасқынын алдын алу мақсатында Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық қондырғылардың жағдайына тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексерудің қорытындысымен жалпы ұзындығы 147,4 шақырымды құрайтын 60 аса қауіпті учаскені тез арада жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

Осыған орай, Сырдария өзеніндегі су тасқынын алдын алу мақсатында жағалауды күшейту, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 613,8 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге Жалағаш ауданынан басқа облыс көлеміндегі қалған аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша Сырдария өзені бойындағы ұзындығы 63,5 шақырымды құрайтын қауіпті учаскелерде 928,0 мың текше метр жер жұмыстары және 37,967 мың текше метр таспен бекіту жұмыстары жүргізілді.

Білім беру

Білім саласына облыстық бюджеттен 40 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп, 2009 жылмен салыстырғанда 7 пайызға артты. 

Балабақшалар саны 36-ға немесе 24 пайызға артып, оның ішінде 12 балабақша бюджет есебінен салынып, пайдалануға берілсе, 24 жеке балабақша мемлекеттік тапсырысты орналастыру жолымен ашылды. Нәтижесінде, соңғы үш жылда жеке балабақшалар саны 8 есе артты -  яғни, бүгінгі күнге жұмыс жасап тұрған 48 жеке балабақшаның 42-сі соңғы үш жылда ашылды.

Бұдан бөлек, облыста мектептер жанынан 89 шағын орталық ашылып, 2009 жылмен салыстырғанда олардың саны 3,6 есеге артты.

Есепті жылы облыста алғаш «Саукел» атты отбасылық балабақша ашылды.

«Умай» балалар емдеу-тәрбие қайырымдылық үйінде аз қамтылған отбасының 40 баласына әлеуметтік тапсырыс орналастырылды.

Осылайша, облыс бойынша  мектепке дейінгі ұйымдар саны 2009 жылмен салыстырғанда 110-ға артып, 293-ті (170 - балабақша, 123 - шағын орталық) құрап отыр.

 Нәтижесінде 18607 бала немесе барлық балабақша жасындағы балалардың 43,0 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, 2009 жылмен салыстырғанда 5,2 пайызға артты.

Мектепке дейінгі  балаларды оқумен  және  тәрбиемен  қамтамасыз ету мақсатында әзірленген «Балапан» бағдарламасына сәйкес 2020 жылға дейін барлық аймақтарда балабақша тапшылығы толықтай  шешілетін болады деп күтілуде. Осы мақсатта арнайы іс-шаралар жоспары әзірленді.

Осы жерде елімізде жүргізіліп жатқан саясаттың және аймақ тұрғындарының әл-ауқатының жақсаруы салдарынан туу көрсеткішінің өсімін атап өту қажет. Соңғы үш жылдың өзінде облыста 50000-ға жуық бала дүниеге келген. Жыл сайын жаңа туылған балалар саны орта есеппен 5-6 пайызға өсіп отыр. Нәтижесінде, бүгінгі күнге балабақшаға 12 мыңға жуық бала кезекте тұр (2009 жылы кезекте 8 мың бала болды).

Мектепке дейінгі арнайы коррекциялық білім беру мекемелерінің желісін кеңейту мақсатында «КазАтомПром» ҰАК» АҚ-ның демеушілігімен  Шиелі кентінде тірек-қимыл аппараты бұзылған мектеп жасына дейінгі балалар үшін 50 орындық оңалту орталығы салынып, өз жұмысын бастады. 

Үйден оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы «Ерекше баланы тәрбиелеу» бағдарламасы бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтан оқыту технологияларын пайдалануға мүмкіндік жасалуда. Қоғам ТВ, облыстық телеарна арқылы үйден оқытылатын балаларға арнайы бағдарламалар таратылды. 

Орта білімді дамыту аясында республикалық және жергілікті бюджеттерден барлығы 28 мектептің құрылысы жүргізіліп, оның 23-і апатты мектептердің орнына салынды. Жыл қорытындысы бойынша 14 мектептің құрылысы аяқталып, іске қосылды. Оның ішінде облыстық бюджет есебінен Қызылорда қаласындағы 240 орындық интернаты бар дарынды балаларға арналған 300 орындық мектеп пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, пен Жаңақорған ауданының Талап ауылындағы 300 орындық жазғы демалыс лагері халықтың игілігіне берілді.

26 білім объектілері «Жол картасы» аясында күрделі жөндеуден өткізілді.

Есепті жылы облыстық бюджет есебінен 500 орындық жатақханасы бар қазақ-түрік лицейінің әлемдік стандарттарға сай жаңа үлгідегі кешенінің құрылысы басталды.

Ыстық тамақпен қамту көрсеткіші 2007-2008 оқу жылы 35 пайызды құраса, 2009-2010 оқу жылы 83,5 пайызды құрады.

 Білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында  жалпы білім беретін мектептерге әдеби, электронды оқулықтар сатып алу, қашықтан оқытуды енгізу, пәндік және мультимедиялық кабинеттерді жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша облыстың орташа балы 88,7 пайызды құрап, республикада 3-ші орынға шықты (2009  жылы 12 орын). 

ҰБТ қорытындысымен облыс бойынша «Алтын белгі» белгісін оқушылары көп дәлелдеген 6 мектеп директорлары облыс әкімінің қолдауымен Түркия мемлекетінің Бодрум қаласында демалып қайтты.

 Алғаш рет Қызылорда қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада өткізілді. Олимпиадаға Қазақстанның барлық облыстарынан жүзден жүйріктер таңдалып, 638 оқушы қатысты. Қызылорда облысынан қатысқан 33 оқушының 12-сі жүлделі орындарды иемденді. Сонымен қатар, оқушылардың ғылыми жоба жарыстары өткізіліп, онда облысымыздың 87 оқушысы жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар, дарынды оқушыларды қолдауға облыстық бюджеттен 7 млн.теңге бөлініп, жалпы білім беретін пәндер бойынша шет елдерде өткен олимпиадаларда 12 оқушымыз жүлделі орындарды иеленді  (2010 жылы  облыс бойынша Чехия республикасында өткен Еуропадағы ІІ халықаралық ғылыми жоба олимпиадасында - 2 оқушы және Кипрде өткен Халықаралық ғылыми жоба жарысында - 1 оқушы «Алтын медаль», Американың Хьюстон қаласында өткен халықаралық ғылыми жоба жарыстарында - 2 оқушы «Қола медаль», Анкарада өткен халықаралық ғылыми жоба жарыстарында - 3 оқушы медальмен марапатталса, Грекия  мемлекетінде «Экология» секциясы бойынша - 2 оқушы, Түркия мемлекетінде «Биология» секциясы бойынша - 2 оқушы ғылыми жұмыстарын қорғап, жүлделі орын иеленді).

12 жылдық білім беру эксперименті бойынша сынақ жұмыстары облыстың 6 білім ордасында жүргізілуде (Қызылорда қаласындағы № 6, №144, №198, Сырдария ауданындағы №35, № 42 және Шиелі ауданындағы №46 орта  мектептерінде). Эксперимент 2010-2011 оқу жылында 5-8 сыныптарда өтіп, барлығы 406 білім алушы қатысуда.

Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. 179 мектептегі күндізгі лагерьге 16887 бала, 118 мектеп жанындағы күндізгі орталықтарға 13906 бала тартылды. 

Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы, толық емес отбасының 435 баласы жазғы тынығу лагерлерінде демалып, 150 балаға Астана қаласына саяхат ұйымдастырылды.  Сонымен қатар, аудандық білім бөлімдері арқылы жалпы міндетті оқу қоры мен демеушілік есебінен 235 бала Астана қаласына саяхатқа барды. 90 бала Тараз қаласындағы «Тау самалы» демалыс лагерінде демалды. 

Патронаттық тәрбиені жетілдіру мақсатында «Мейірім» телебағдарламасы және бейнероликтер жобасы жасалды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде, облыс бойынша 2009 жылы 318 бала патронаттық тәрбиеде болса, 2010 жылы 395-ке жетті. 2010 жылы ата-ана қамқорлығынсыз және жетім балалар саны 1035 құрады.

Патронаттық тәрбиедегі студент жастарға арналған «Облыстық білім ұйымдарының ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі жасаған «Болашаққа үмітпен» атты жобасы бойынша ақылы бөлімдерде оқитын патронаттық тәрбиедегі студенттерге шәкіртақы тағайындалып,               33 студентке оқу ақысы төленуде.

Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар даярлауды жетілдіру мақсатында кәсіптік лицей оқушыларының өндірістік кәсіпорындардың базасында келісім-шарт арқылы іс-тәжірибеден өтуі үшін оларға қосымша еңбек ақы төлеу мүмкіндіктері қарастырылды. Мысалы, №6 кәсіптік лицейдің әлеуметтік серіктестері - «Альянс» АҚ, «Асар Холдинг» АҚ, №1 кәсіптік лицейде - «Техоснастка», «Дәнекер» ЖШС, №5 Қазалы кәсіптік лицей серіктестері - №23 Қазалы айналым депосы мен теміржол станциялары.

Өткен жылы кәсіптік лицейлерде өз асханаларын бақша дақылдарымен қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынды. Соның нәтижесінде 11 кәсіптік лицей ұжымдары 31 га жерге көкөніс-бақша дақылдарын егіп, егін жинау науқанын табысты аяқтады. 

2010 жылғы жаңа оқу жылынан бастап 11-ші сыныптан кейін колледжге қабылданушыларға мемлекеттік тапсырыс беру мөлшерін ұлғайту, оның ішінде техникалық базасы жақсы, сұранысқа ие жекеменшік колледждерге мемлекеттік тапсырыс беру шаралары қабылданып, кәсіптік лицейлерге мемлекеттік тапсырыс есебінен  2080, (оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 1730, «Жол картасы» бойынша – 300, және ақылы топтарға 50) оқушы қабылданды.                                             

Қазіргі таңда кәсіптік лицейлерде 115 жалпы білім пәндерінің, 118 арнаулы пәндердің  кабинеттері, 57 - зертхана, 52 - шеберхана, 12 - оқу полигоны, 7 - автотрактродромдар оқушыларға білім беру мақсатында қызмет жасауда.                                                                                         

 «ТехМаман» оқу орталығы жол құрылысы мамандарын даярлау және қайта даярлауды жүзеге асыруда. Бұл оқу орталығы «Жол картасы» аясында 2009 жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомобиль дәлізіне қажетті 98 адамды қайта даярлықтан өткізсе, 2010 жылы 265 адамды қайта даярлықтан өткізді. 

 2010-2011 жаңа оқу жылында облыстағы қылмыстық атқару жүйесінің (ҚАЖТ) ЗК-169/5 мемлекеттік мекемесінде № 9 Қызылорда кәсіптік лицейінің филиалы ашылып, жазасын өтеп жатқан 53 адамды құрылыс мамандықтарына оқытуды бастады. Бұл жұмыстарды ұйымдастыруға облыстық бюджеттен 1,2 млн. теңге қаржы бөлінді.

Денсаулық сақтау

Жергілікті бюджет есебінен 8 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.  Атап айтқанда,  Байқоңыр қаласындағы 80 төсектік перзентхана мен облыстың елді мекендердегі 7 медициналық пункттердің  (Арал ауданының Ерімбетжаға, Қазалы ауданының Бірлік және Аранды, Қармақшы ауданының Қызылтам, Жалағаш ауданының Далдабай және Шиелі ауданының Жансейіт ауылдары мен 21 разъезі) игілігін тұрғындар пайдалануда.

Қызылорда қаласындағы №5 емхананы кеңейту бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды.

Республикалық бюджет қаржысы есебінен Қызылорда қаласындағы 200 төсектік перинаталдық орталық және 500 келушіге арналған емхананың құрылысы жүргізіліп, биылғы жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Жол картасы» бойынша 13 объектіні күрделі жөндеуге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар толығымен жүргізілді.

Сондай-ақ, жергілікті бюджет қаражаты есебінен №6 қалалық емхана ғимараты толығымен күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

Саланың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттерден 40 бірлік медициналық құрал-жабдықтар алынды және алдын-алу ұйымдарына 19 санитарлық автокөлік және санитарлық авиацияға құны 25 млн. теңгені құрайтын 1 дана реанимобиль сатып алынды.

Өңір халқы көптен күткен құны 845 млн теңгені құрайтын магнитті-резонансты томограф пен компьютерлі томограф алынып, оларды орналастыру үшін облыстық медициналық орталығының негізгі ғимаратына қосымша құрылыс жүргізілді. Қазіргі таңда томографтар іске қосылып, халыққа қызмет етуде. Бұл жабдықтар аурушаңдықты ерте анықтауға және емдеуге мүмкіндік береді.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Қармақшы ауданы Ақжар елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияға жаңа ғимарат сатып алынды.

Облыста кардиохирургиялық орталығының ашылуына байланысты кардиохирургиялық көмектің қолжетімділігі мен көлемі ұлғаюда. Қан-тамырлар аурулармен ауыратын науқастарды ерте анықтау, емдеу және оңалту жұмыстарында қазіргі заманға сай әдістер кеңінен енгізілуде.

Медицина саласында шет елдердің білікті мамандарын шақырып, мастер кластар өткізуге қол жетті. Осы кардиоорталыққа Литваның ғалым дәрігерлерін шақырып, 26 жерлесімізге жүрекке ашық ота жасалды.

Жалпы, кардиоорталық ашылғаннан бері 470 коронарографиялық тексеру жүргізілді, 91 науқасқа қан тамырларына стент енгізілді және 62 әр түрлі жоғары күрделі операциялар жасалынды.

Нәтижесінде, қан-тамырлар аурулардан өлім көрсеткіштері 2008 жылмен салыстырғанда 13 пайызға төмендеді (100 мың халыққа шаққанда 2008 жылы 345,4 болса, 2010 жылы 300,3 болды).

Облыс тұрғындары амбулаториялық деңгейде тегін және жеңілдетілген дәрілік заттармен қамтамасыз етілуде. Есепті кезеңде амбулаториялық деңгейде 1-5 жас аралығында 33254 балалар, диспансерлік есепте тұрған 27916 бала мен жасөспірімдер, 15928 екіқабат әйелдер темір және йоды бар препараттармен, 22763 азаматтардың жекелеген санаттары жеңілдікті жағдайларда, тиісті тегін және жеңілдетілген дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді.

Облыстық медицина орталығының санавиация бөлімшесінде ана мен нәрестелерге шұғыл көмек көрсету мақсатында кеңес беру және тасымалдау бригадасы ұйымдастырылды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ана өлімі, сәбилердің шетінеу көрсеткіштері төмендеді. 2010 жылы ана өлімі көрсеткіші алдыңғы жылмен салыстырғанда 17,8 пайызға төмендесе  (көрсеткіш 2010ж 100 мың тірі туған балаға шаққанда 35,1, 2009ж - 42,7), сәбилер өлімі көрсеткіші 4,2 пайызға төмендеп отыр (2010ж. 1000 тірі туған нәрестеге шаққанда 20,7, ал 2009ж.-21,6). 

2010 жылы әйелдердің денсаулық индексі 2006 жылмен салыстырғанда 16 пайызға дейін көтерілді.

Өткен жылы облыстық туберкулезге қарсы диспансердің зертханасы жаңа ғимаратқа көшіріліп, жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Бактек» заманауи қондырғысы іске қосылды. Бұл дәрігерлерге ауруды тез арада анықтауға және аурудың алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, диспансердің балалар бөлімі мен реанимация бөліміне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 2008 жылмен салыстырғанда (диагнозы алғашқы рет қойылған жағдайлар) 31,4 пайызға төмендеді (100 мың тұрғынға шаққанда 155,5-тен 106,7-ге төмендеді).

Сонымен қатар, 2010 жылы жұқпалы аурулардың аурушаңдық көрсеткіші 2009 жылмен салыстырғанда 23,3 пайызға төмендеді (2009 жылы 100 мың халыққа шаққанда 6179,8, 2010 жылы 4734,8).

2010 жылы жаңа туылған балалар саны 19961 құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,1 пайызға артып отыр, яғни, облыс бойынша демографиялық жағдай жақсарып, туу көрсеткіші бойынша өсу, халықтың өлім-жітім көрсеткіші бойынша төмендеу тенденциясы байқалуда.

Ауылдарға мамандарды тарту бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілді. 2010 жылы ауылдық елді мекендерге әлеуметтік салаға жұмыс істеуге барған 705 маманға бір жолғы жәрдемақыға 69,8 млн.теңге төленді. Сондай-ақ, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға барған 330 маманға ынталандыру мақсатында тұрғын үй сатып алу үшін 291,6 млн. теңге несие берілді.         

Спорт және туризм

2010 жылы облыс бойынша барлығы 19 шағын спорт алаңдары салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді (оның 9-ы бюджет есебінен, 10-ы бюджеттен тыс көздер есебінен).

Өткен жылы республикалық бюджет есебінен салынған Арал қаласындағы спорттық-сауықтыру кешені іске қосылды. Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадион мен «Мелиоратор» спорт кешені күрделі жөндеуден өткізілді, облыс орталығындағы «Локомотив» стадионы мен Жалағаш кентіндегі орталық стадионға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда қаласында Теннис орталығының құрылысы жүргізілуде және ол жақын арада пайдалануға беріледі.

Спорт нысандарын қайта жөндеуден өткізу, жабдықтау, спорт алаңдарын салу, саланы дамыту бағытындағы жұмыстардың  арқасында өңір халқының да спортқа деген қызығушылығы күн санап артып келеді. Мысалы, 2010 жылы облыста өткізілген 1394 спорттық жарыстарға  410528 адам қатысты немесе 2009 жылмен салыстырғанда 80 пайызға артты.

Өңірімізде бұқаралық спортты дамытуға әлеуметтік тапсырыс арқылы  қоғамдық ұйымдардың спорт нұсқаушылары кеңінен тартылуда.

Қазақ күресінен өткен «Алтын белбеу» жарысына 27 мыңға жуық адам қатысты.

2010 жылы 19-25 желтоқсан аралығында Алматы қаласында өткен Азия чемпионатында ұлттық құрама сапында «Сейхун КАМ» гандбол командасының ойыншылары өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.

«Қайсар» футбол командасы Қазақстан Респбуликасы чемпионатының Бірінші лигасында 2-ші орынды иеленіп, Премьер-лига ойындарына қатысуға жолдама  алды.

2010 жылы 12-27 қараша аралығында Қытай  мемлекетінің Гуанчжоу қаласында өткен 16-шы Жазғы Азия Ойындарында Қазақстан ұлттық құрама командасының құрамында 18 қызылордалық спортшымыз да ел намысын қорғады.

Ел спортшылары осы бәсекеде барлығы 79 жүлде иемденсе, оның ішінде 3 жерлесіміз 1 алтын, 2 қола жүлдені иеленді. Сонымен қатар, 12-19 желтоқсан аралығында Қытай мемлекетінің Гуанчжоу қаласында өткен Паралимпиадалық Азия ойындарында жерлестеріміз екі қола медальға қол жеткізді.

Сондай-ақ, 14-26 тамыз аралығында Сингапур мемлекетінде өткізілген Жасөспірімдер арасындағы I жазғы Олимпиада Ойындарында ауыр атлетші - Рүстем Сыбай қола жүлдегер атанса, 18-31 қазан аралығында Грекия мемлекетінде шахматтан жасөспірімдер арасында өткізілген Әлем чемпионатында 8 жасар Серікбай Әсел қола жүлдегер атанды.

Жыл қорытындысымен атқарылған жұмыстардың арқасында бұқаралық спортпен шұғылданушылар саны 18,8 пайызға жеткізіліп, 2009 жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға артты.

Туризмді дамыту мақсатында Арал ауданындағы «Қамыстыбас» көлінде туристік кешен жоспарын жасауға қаржы бөлініп, бас жоспарын әзірлеу аяқталды. Сонымен қатар, сыртқы инженерлік жүйелерді жеткізу жобасы әзірленіп, көл жағасындағы демалыс аймағына дейін баратын тас жол салынды.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізі бойында Қызылорда облысы аумағы бойынша «А», «В», «С» категориялы 25 нысанның туризм инфрақұрылымына зерттеу жұмыстары жүргізіліп, облыс картасына енгізілді. 

Мәдениет

Арал қаласында 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде.

«Мәдени мұра» өңірлік бағдарламасы аясында тарихи және мәдениет ескерткіштерін қайта жаңғырту мақсатында Бәсібек кесенесіне, Ноғай мешіті мен Құттыбай кесенесіне, Иманқұл мешітіне жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

2010 жылы мемлекет қарауындағы 70 тарихи және мәдениет ескерткіштерінің құжаттарын жасау, 35 ескерткішке мемлекеттік стандартқа сәйкес қорғау тақталарын орнату жұмыстары жүргізілді.

 Даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрге ескерткіш орнату жұмыстарына қаржы бөлініп, қыркүйек айында ескерткіш салтанатты түрде ашылды.

Бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен Франция мемлекетінде М.Шоқайға ескерткіш ашылды.

Облыстағы мәдениет және өнер мекемелерінің  материалдық–техникалық базасын нығайтуға қаржы қаралып, қажетті кітаптар мен жаңа технологиялық жабдықтар, облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханаға жаңа ғимарат сатып алынды.

Облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығының жанынан «Балалар дыбыс жазу студиясы» ашылып, аппаратура алынды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында  облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тәуелсіз Қазақстан» залын қайта жаңарту мақсатында реэкспозиция жұмыстары жүргізілді.

 «Жол картасы» бағдарламасы аясында облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығы ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2010 жылдың қыркүйек айында «Арал күндері» мерекесі облыстық деңгейде салтанатты жағдайда аталып өтті. Мереке аясында «Батыс Европа – Батыс Қытай» автожол дәлізі аумағында ашылатын алғашқы демалыс орнының ескерткіш белгісі қойылды, «Игілік» қоры есебінен балаларға арналған алаңдар ашылып, тарихи-өлкетану мұражайы мен аудандық мәдениет үйінің іргетасы қаланды.

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

Әлеуметтік қорғау саласында Қызылорда қаласының Александровск қыстағындағы 300 орындық жүйке аурулар интернат үйінің, 200 орындық ақыл - есі кем балаларға арналған интернат үйінің және 150 орындық мүгедектерге арналған оңалту орталығының құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілуде.

Облыс бойынша 2010 жылы 117212 аз қамтамасыз етілген азаматтар 1718,5 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы алды.

Жұмыссыздықты азайтудың белсенді түрлерін қолдану және жұмыссыздықты төмендету есебінен атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 3682 адамға немесе 18,7 пайызға азайды.

19606 отбасына 518,9 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі төленді.

81612 балаға 1023,3 млн. теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Жергілікті бюджеттің есебінен жекелеген санаттағы әлеуметтік  қолдауды қажет ететін  9631 адамға 255,8 млн.теңгеге  әлеуметтік көмектер төленді.

2011 жылдың 1 қаңтарына 22 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды немесе жылдық жоспар көрсеткіші (17960 адам) 25 пайызға артығымен орындалды.

            Облыс бойынша 91 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкелері өткізіліп,  1069 жұмысберушілер қатысып 5402 бос жұмыс орындарын ұсынып, нәтижесінде 2981 адам жұмысқа орналастырылды, 567 адам кәсіптік оқу және қайта даярлау курстарына жолданды, 382 адам әлеуметтік жұмыс орындарына және 1131 адам жастар практикасы бағдарламасымен жұмысқа орналасты.

2010 жылы 7366 адам қоғамдық жұмыстармен қамтылды. Осы  жұмыстарға қатысушыларға жергілікті бюджеттен 295,9 млн. теңге төленді. 

Өткен жылы жұмыспен қамту органдарына 21 оралман хабарласып, соның ішінде 16-і жұмысқа орналасты, 1-қоғамдық жұмыстарға, 1- кәсіптік оқу және қайта даярлау курстарына жолданды.

            Кәсіптік оқу және қайта даярлау курстарына 1970 адам жолданып, жергілікті бюджеттерден есепті кезеңге 11,2 млн. теңге төленді.

Әлеуметтік тұрмысы төмен азаматтарға көмек көрсету мақсатында 2010 жылы әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардан шыққан, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын 3822 студенттер мен оқушыларға қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру үшін қаржы қаралды.

Өткен жылы  Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңістің 65  жылдығы өз  деңгейінде  аталып  өтті. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген жеке санаттағы 7373 адамға 98,3 млн.теңгеге республикалық бюджеттен бір жолғы материалдық көмек, 29 адамға Қазақстан Республикасы аумағында және ТМД елдері бойынша темір жол бойымен тегін жүрумен қамтамасыз етуге 2,1 млн. теңге төленді.

Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен 657 қатысушыларды сауықтыруға бір жолғы материалдық көмекке 24,4 млн. теңге, 329 адамға мерекелік киімге, азық-түлік алуға барлығы 9,8 млн.теңге, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, ҰОС жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, концлагерлердің бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына, ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медалдарымен марапатталған тұлғаларға, ҰОС жылдарында 6 айдан кем емес жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне коммуналдық қызметтер шығынын өтеуге 7067 адамға 184,4 млн. теңге, 328 адамға тұрғын үйлерін жөндеуге 16,4 млн теңге төленді. Облыс бойынша 47 соғыс ардагеріне тұрғын үй берілді, 203 соғыс ардагерлердің бекітілген мекемелер және ұйымдар арқылы тұрып жатқан үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қалада Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға 2010 жылдың сәуір айынан бастап 644 адамға 13,9 млн. теңгеге автокөлікте жүру үшін (таксиді қосқанда) материалдық көмек төленді.

Жыл сайын мұқтаж азаматтарды қолдау шаралары жалғасын табуда. Өткен жылы 208 мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының үйлері газдандырылды. 

   Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру, оларды әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында облыстық бюджет есебінен  мүгедектерді кресло-арбалармен, таяқтар мен балдақтармен, тифло және сурдоқұралдармен, протезді-ортопедияық көмек түрлерімен және санаторлы-курорттық  емделумен қамтамасыз ету мақсатында 111,3 млн. теңге бөлінді немесе қаржыландыру көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 26,8 млн. теңгеге көбейді.

2010 жылы 6439 жеке оңалту бағдарламасы орындалды, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 830 жеке оңалту бағдарламасына  көбейген.

«2010 жылға арналаған Қызылорда облысындағы барлығы үшін тең мүмкіндіктер»  іс-шаралар жоспары аясында жеке оңалту бағдарламасы негізінде мүгедектерді сауықтыру үшін 840 жолдама сатып алуға 36,2 млн. теңге бөлініп, «Жаңақорған» санаториясына 739 және «Спутник» емделу орнына 101 мүгедекке жолдамалар берілді. 2009 жылмен салыстырғанда бөлінген қаржы 16,9 млн. теңгеге, жолдамалар саны 356 данаға өскен. 

Сонымен қатар, 2010 жылдың желтоқсан айында «Сыр мейірімі» қайырымдылық акциясы өтті. Облыс бойынша акция аясында тұрмысы төмен азаматтарға 25,4 млн.теңге материалдық (ақшалай, азық-түліктей, киім-кешектей, т.б. заттай) көмек көрсетілді.

Облыстың барлық Қызылорда қаласы мен  аудандарда әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бағытында жұмыстар жүргізілуде.

 Ұжымдық шарт жасасу мониторингісі бойынша 2011 жылдың                                1 қаңтарына жасалынған ұжымдық келісім шарттардың саны 4392-ге жетіп, ол облыстағы жұмыс істеп тұрған мекеме санына шаққанда 91,0%  құрады.

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына қатысу үшін 19 кәсіпорын және мекемелер құжаттарын Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне  жолдады.

Нәтижесінде «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша «Қазгермұнай» БК» АҚ–ы 3-ші жүлделі орынды жеңіп алды. Қалған мекемелер мақтау грамоталарымен марапатталды.

Облыс бойынша шетел жұмыс күшін тартатын 24 кәсіпорын жұмыс атқарады. Аталған мекемелерде жұмыс атқарып жүрген қазақстандық азаматтардың саны 6275 адамды құрайды. Қазіргі таңда рұқсатпен 339 шетел азаматтары жұмыс атқарып келеді. Тартылған шетел мамандарының басым көпшілігі мұнай-газ саласында жұмыс атқарады.

            2011 жылдың 1 қаңтарына 4256 қазақстандық азаматтар даярлау қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтті, өткен жылмен салыстырғанда  718 адамға немесе 20,3 пайызға артты. Қазақстандық азаматтар үшін қосымша 1869 жұмыс орындары құрылды, өткен жылмен салыстырғанда 1330 орынға артты, 29 шетелдік мамандар қазақстандық кадрлармен алмастырылды, 209 шетел азаматтарына рұқсат беруден бас тартылды.

«Жол картасы» бағдарламасының аясында әлеуметтік мәселелер шешімін тауып, халықтың әл-ауқаты артуда.

2010 жылға арналған облыстың «Жол картасы» бойынша республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыруға барлығы 6,0 млрд. теңге қарастырылып, оның 4,9 млрд.теңгесіне 137 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Инвестициялық бағыт бойынша 5291 адамды жұмыспен қамту жоспарланған болса, нақты 5339 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Әлеуметтік  жұмыс орындарын ұйымдастыру және жастар тәжірибесін кеңейтуде 1500 әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және 2500 адамды жастар тәжірибесіне жіберу қаралған болса, жыл қорытындысымен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша 281 мекеме және кәсіпорындармен келісім-шарт жасалып, 2 мыңға жуық адам, жастар тәжірибесін кеңейту бойынша 869 мекемемен келісім-шарт жасалып, 3 мыңнан астам адам жіберілді.

 Мамандарды даярлау және қайта даярлауға 5290 адамды оқыту  жоспарланып, 5247 адам оқу курстарына  жіберілді. Соның ішінде 2000 адам оқу курстарын аяқтап, 1138-і жұмысқа орналасты.

Жалпы, «Жол картасы» аясында 11,5 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты.

Азаматтық қоғамды дамыту және қоғамдық-саяси ахуал

Үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік маңызы бар жобаларды әлеуметтік тапсырыс арқылы қаржыландыру бағытында жұмыстар жүргізілді.

Жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес сектордың және бизнес құрылымдарының арасында тұрақты да ұзақ мерзімді түсіністік пен бірлескен іс-қимыл жүйесін қалыптастыру мақсатында әлеуметтік әріптестік жайлы Меморандум қабылданды. Есепті кезеңде 95 Меморандумға қол қойылды. Ұжымдық келісімшарттардың саны 4392-ге жетті.

Өткен жылы Алматы облысы Ақсу ауданында орын алған табиғи апаттан зардап шеккен отбасыларына қаржылай көмек көрсетуге Қызылорда облысының әкімдігі және бірқатар мемлекеттік мекемелер, бизнес құрылымдары және жекелеген тұрғындар 1 күндік жалақыларын аударды. Облыс бойынша барлығы 68,2 млн. теңге аударылды, оның ішінде облыстық  бюджеттен 50 млн. теңге бөлінді.

Онан бөлек, су тасқынынан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарына 64 тонна күріш жеткізіліп, гуманитарлық көмек көрсетілді. Шығысқазақстандықтарға жәрдем жасауға жергілікті ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері - «РЗА» АҚ, «Қызылорда агросервис», «Сыр маржаны», «Алуан ас» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «ДамуАгроҚызылорда» корпоративтік қоры бастамашы болды.

Халықаралық қарттар күніне орай қарттар мен мүгедектері бар 289 отбасына 6,2 млн.теңгеге азық-түлік жиынтығы, емдеу-сауықтыру мекемелеріне 62 жолдама берілді. Облыс бойынша қарттар мен мүгедектерге 11,1 млн. теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.

Облыс орталығындағы зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау мақсатында ашылған аймақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жаңа ғимаратқа орналасты.

    «Алтын дән-2010» азық-түлік өндірушілер жәрмеңкесінде «Мейірімділік керуені» қайырымдылық акциясы аясында Қызылорда қаласының 87 аз қамтылған отбасыларына азық-түлік түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Азаматтық қоғам институттарының қатысуымен этносаралық және конфессияаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған шаралар ұйымдастыру жалғасуда. Өткен жылы маусым-қазан айлары аралығында Қазақстанның ел бірлігі доктринасын насихаттауға бағытталған 28 шара ұйымдастырылып, аталған шараларға 40000-ға жуық тұрғынның қатысуы қамтамасыз етілді.

Ондаған ұлттың тағдыры тоғыс­қан Сыр елінде Ассамблея жұмысы жақсы жолға қойылған. Жыл бойына этно-мәдени бірлестіктердің ұйым­дастыруымен түрлі шаралар өткізілуде. Өткізілген шаралардың барлығының идеологиялық негізі елдегі этносаралық және конфессияаралық келісім мен төзімділік, қоғамдағы ішкі-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталды.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бөлінген қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Облыстық бюджеттен 2009 жылы 13,5 млн. теңге бөлінген болса, 2010 жылы 14,6 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға жастар үшін 9 әлеуметтік қызмет ұйымдастырылып, 5 ірі көлемдегі шаралар өткізілді. 2009 жылы шараларға қамтылған жастардың үлесі 49 пайыз болса, 2010 жылы қамтылған жастардың үлес салмағы 52 пайызға жетті. 

2010 жылы жастар қоғамдық бірлестіктері саны 54 құрады.

Жастар саясатының жүзеге асырылуы нәтижесінде
2010 жылы «Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына арналған ақпараттық-идеологиялық шаралар ұйымдастыру», «Жастар үшін ғылыми орталық қызметін ұйымдастыру» және «Жастар арасында дебат орталығы қызметін ұйымдастыру» атты 3 жаңа жоба енгізілді. Бұл жобалар жастар арасында оң резонанс тудырып, қоғамдық ортаға жаңашылдығымен өз септігін тигізуде.

Сонымен бірге, талантты жастарды қолдау, олардың шығармашылық өсуіне жағдай жасау мақсатында бюджеттен тыс көздерден «Дарын» жастар продюсерлік орталығы қызметі ұйымдастырылды. Продюсерлік орталық соңғы үлгідегі техникалық құралдармен жабдықталып, арнайы ғимаратпен қамтамасыз етілді.

2010 жылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 2 облыстық газеттен және облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан өзге 12 республикалық, 17 тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары тартылып, оларға мемлекеттік тапсырыс орналастырылуда.

            Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы барлық аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері және облыстық басқарма басшылары атқарған жұмыстары туралы есеп беру тәжірибесі енгізіліп, әр тоқсан сайын жарияланып отыр.

Сонымен қатар, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында аймақтағы басқармалардың жасап жатқан жұмыстарын ақпараттандыру мақсатында «Өңірлік өркендеудің жаңа белесі» атты арнайы бағдарлама ашылып, аталмыш бағдарлама арқылы барлық басқармалардың жұмысы көрсетілді.

Аймақтық ақпарат саласын уақыт талабына сай дамыту мақсатында   шаруашылық жүргізу құқығындағы «Сыр-медиа» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылды. Бұл арқылы ақпараттандыру жұмыстарын жетілдіруге, жергілікті басылымдар сапасын жақсарту бағытында  жұмыстар жасалды.

Есепті кезеңде аймақта жұмыс жасайтын электронды бұқаралық ақпарат құралдары бағдарламаларының 50 пайыздан астамы мемлекеттік тілде шығарылды. Атап айтқанда, тәулігіне облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының 55,1 пайызы, тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарнасының 71,8 пайызы, «Сета» радиосының 58 пайызы мемлекеттік тілде хабар таратады.

 «Электронды әкімдік» бағдарламасы аясында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың бизнес процесін автоматтандыру үшін ақпараттық жүйе жасақталып өндірістік эксплуатацияға берілді, ақпараттық және интерактивті қызметтерді қамтыған облыс әкімдігінің ресми веб-порталының жаңа нұсқасы іске қосылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсететін 13 жергілікті атқарушы органда «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» тәжірибелік эксплуатацияға берілді.

Бюджет қаражатының жұмсалуына қосымша бақылау жасайтын геоақпараттық порталы жұмыс жасауда. Бұл геопортал арқылы -  облыста атқарылып жатқан жұмыстарды көруге болады. Осы бағытта әлде де жұмыстар жалғасып, әр саланы қамтитын мониторинг жүргізіліп, электронды түрде жарияланатын болады. 

2010 жылы республикада тұңғыш рет облыстық мұрағаттар арасында мұрағат құжаттарын электрондық сандық жүйеге енгізу мақсатында 35,2 млн.теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарының негізгі ережелері мен Мемлекет Басшысының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын тұрғындар арасында кеңінен насихаттап-түсіндіру мақсатында 8 облыстық ақпараттық-насихаттық топтар құрылды. Топтардың құрамына мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшылары, ғалымдар, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, облыстық мәслихат депуттары енгізілді.

Сондай-ақ, тұрғындар арасында Елбасы Жолдауын насихаттауға бағытталған жұмыстар жүргізу мақсатында 272 адамнан жасақталған 54 аудандық және 875 адамнан жасақталған 190 ауылдық ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, облыс, аудан орталықтарында ғана емес түрлі деңгейдегі ақпараттық-насихаттық топтардың қатысуымен облыстың шалғай орналасқан елді мекендерінде де жұмыс жүргізді.

Есепті мерзімде Елбасы Жолдауының басым бағыттарын насихаттау бойынша 800-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, 300-ден астам көрнекі үгіт құралдары орнатылды.

Бүгінде облыста қоғамдық саяси ахуал тұрақты.

2010 жылы облыс көлемінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәртіптік құқық бұзушылықтар 3 пайызға азайған. Оның ішінде, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларымен жасалған құқық бұзушылықтар 24,4 пайызға төмендеді.

 Сонымен бірге, 2010 жылы облыс, қала, аудан әкімдіктері және басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, қылмыстың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған бiрқатар кешендi iс-шаралар жүзеге асырылды.

Құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Есепті кезеңде дабыл-жаңғырық құрылғылары бар 13 бірлік автокөлік, Арал аудандық ішкі істер бөліміне 1 жылжымалы полиция пункті сатып алынды.

Сонымен бірге, өткен жылы Ішкі істер органдарының  ғимараттарын күрделі жөндеу жүргізуге және жаңа ғимарат салуға 286 млн.теңгеден астам қаржы қарастырылды.

Нәтижесінде, 2010 жылы облыс бойынша (Байқоңыр қаласын есептемегенде) барлық салалар бойынша тіркелген қылмыстар саны                   1 пайызға азайды, оның ішінде ауыр қылмыстар - 8,7%-ға, кісі өлтіру - 28%-ға, бөтен біреудің мүлкін ұрлау -1,7%-ға, тонау - 2,8%-ға, бұзақылық - 8,9%-ға, бопсалаушылық -15,4%-ға, бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар -1,7%-ға, жасөспірімдермен жасалған қылмыстар - 16,3%-ға, топтасып жасалған қылмыстар - 10,4%-ға, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар - 3,5%-ға төмендеді. Облысымыз республика көлемінде қылмыстарды ашу бағытында алдыңғы қатарда.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласына ҚР ІІМ-нің Ішкі әскері орналасуына байланысты облыс орталығындағы полицияның кешенді күштерін орналастыру жоспары қайта қаралып, патрульді полиция қызметі нарядтарының тығыздылығы арттырылды.

Байқоңыр қаласы мен Байқоңыр ғарыш айлағы

2010 жылы Байқоңыр қаласында 1200 орындық «мектеп-балабақша» және 80 орындық перзентхана құрылыстары аяқталды.

Төретам кентінде 9,7 млн. теңгеге спорт алаңы, 2,8 млн.теңгеге балалардың ойын алаңы салынып, Байқоңыр қаласының шегіндегі мешіт құрылысына 10,0 млн. теңге бөлінді.

Өткен жылдың қазан айында Байқоңыр қаласының 14 мектебіне Қазақстан Республикасы тарапынан 14 интерактивті тақта пайдалануға берілді.

Байқоңыр қаласында әлеуметтік такси қызмет көрсетуде. Бұл қызмет те тұрғындардың азаматтығына қарамастан бірдей тегін көрсетілуде. Сонымен қатар, Байқоңыр қаласы басшылығының шешімімен Ақай ауылы арқылы «Крайний» аэропортына баратын және №3 КПП-мен Төретам кентін жалғастыратын асфальт жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Жалпы, Байқоңыр қаласы, Қармақшы ауданының Төретам және Ақай елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шеше мақсатында «2007 жылдың 6 тамызындағы Қызылорда облысының әкімдігі мен Байқоңыр қаласының әкімшілігі арасындағы экономика, ғылым, мәдениет және әлеуметтік салалар бойынша өзара қарым-қатынас туралы келісімді іске асыру, сондай-ақ Қармақшы ауданының Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу бойынша міндеттер туралы 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді және «Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы, Қармақшы ауданының Төретам кенті және Ақай ауылдық округінің әлеуметтiк-экономикалық даму проблемаларын шешу жөнiндегi 2012-2014 жылдарға арналған Кешендi жоспарының» жобасы әзірленді.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы

2011 жылы еліміздің ең ұлық мерекесі - Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы аталып өтеді.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына дайындық және мерекелеу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылып, ережесі бекітілді. Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасарларының басшылығымен өздері жетекшілік жасайтын салалар бойынша жұмыстарды үйлестіріп отыратын 5 жұмысшы тобы құрылды.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеу жөніндегі Тұжырымдаманың жобасы әзірленді. Аталған Тұжырымдама мереке алды, мерекелік және мерекеден кейінгі кезеңдегі істерді бейнелейді.

Мемлекеттік – жеке әріптестік

2010 жылы Қызылорда облысы әкімдігі мен ірі мұнай компаниялары арасында Қызылорда облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың өзара ынтымақтастығы туралы 9 Меморандумға қол қойылды, сондай-ақ, әлеуметтік және инфрақұрылымдық 200-ге жуық жоба іске асырылды. Облыс әкімдігі, «Игілік» корпоративтік қоры, «Азаматтық альянс» үкіметтік емес ұйымы арасында жасалған үш жақты Меморандум шеңберінде аталған ұйым үйлестіріп отыратын үкіметтік емес ұйымдармен жүргізілетін жұмысқа да айрықша мән берілуде.

Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен аз қамтамасыз етілген және тұрғылықты жері жоқ азаматтар үшін 150 орындық 3 қайырымдылық тамақтандыру бекеттерінен құратын «Сыр мейірімі» жобасы іске асырылды. Жүре алмайтын 90 адамның үйіне түскі ас апару жүргізілді.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай соғыс және еңбек ардагерлерінің Астана қаласына саяхаты ұйымдастырылды.

Аз қамтамасыз етілген отбасылардан 434 балалар сауықтыру лагерлеріне барып қайтты, мүгедек балаларға арналған «Шексіз әлем» акциясы және т.б. шаралар ұйымдастырылды.

Ынтымақтастық меморандумы аясында бөлінген қаражат көлемі шеңберінде көп қабатты тұрғын үйлердің фасадын декоративтік әрлеу жұмыстары жалғастырылды. 2010 жылы қаланың орталық көшелерінде орналасқан 8 көп қабатты тұрғын үйлердің қас беттері жаңартылды.

Облыстық медицина орталығында магнитті-резонансты және кмпьютерлі томографтар үшін қосымша құрылыс жүргізілді.

Өңір үшін әлеуметтік маңызы бар бірқатар жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелері мен жоба-сметалық құжаттамалары әзірленді. Атап айтқанда Қызылорда қаласында Ипподром, спорт кешені құрылысы, Сырдария ауданында «Самара-Шымкент-Тереңөзек» трассасы бойында Сырдария өзенінде көпір құрылысы, Қызылорда қаласында 280 орындық балабақша құрылысы құжаттамалары.

Онан бөлек, бизнес құрылымдарымен 10 әмбебап спорт алаңдары салынды.

Жыл сайын «Сейхун КАМ» спорт командасына, балалар үйлеріне, мектептерге, ардагерлер кеңесіне демеушілік көмек көрсетілуде.

Сонымен қатар, 2010 жылы мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберінде облыс орталығындағы теннис кортының құрылысы басталды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Hosted by uCoz