Е Л   А Ғ А Л А Р Ы

 

Есіркепов Жайық

 

1922 жылы Қаракеткен ауылдық кеңесіне қарасты ауылда дүниеге келген. 1941-43 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, ауыр жараланып елге оралған. Келген бойда осы ауылдық кеңестің хатшысы болған. 1945-46 жж. «Еңбек» ауылдық кеңесінің төрағасы, 1947-51 жж. Молотов колхозының бас есепшісі, 1951-54 жж. аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, ал 1954-61 жж. «Игілік» балық колхозының төрағасы, 1961-64 жж. Қазалы ауданына қарасты Микоян балық колхозының төрағасы, ал 1964 жылдан зейнетке шыққанша Қармақшы, Жалағаш аудандары бойынша балық инспекциясының бас инспекторы қызметтерін атқарған. Бірнеше жауынгерлік орден-медальдармен және ҚазССР Жоғарғы кеңесі мен Қазақстан кәсіподақтары кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Бірнеше мәрте жергілікті кеңеске депутат, аудандық партия комитетінің мүшелігіне сайланған. Өлке тарихы туралы – «Өмір өткелдері», Сәрке батыр, Марал ишан, Жәрімбет, Түмен, Мәмбет әулиелер, Қалжан ахун, Муса бақсы сынды бабалар жайлы кітаптар жазып ұрпаққа баға жетпес мұра қалдырды.

2010 жылдың 1-қарашасынан бастап ауылдың бір көшесіне осы кісінің есімі берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz