АУЫЛҒА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР

 

Есмағанбетов Әуез

1907 жылы туған. Еңбек жолы 1932- жылдан басталады. Сол жылы ол Қаракеткен МТС-де бір жылдық курсты бітіреді де, осы МТС-те тракторшы болып жұмыс істейді. 1934 жылы Манкенттегі трактор бригадирлерін дайындайтын курста оқып, 1943 жылға дейін Қаракеткен МТС-нің қарамағындағы «Жігер» колхозында трактор бригадирі болып істейді.

1943-45 жылдары осы колхоздың төрағасы болып қызмет атқарады.  1946-56 жылдары МТС-та тракторшылар бригадасының бригадирі, 1956 жылдан 1967 жылға дейін «Жалағаш» совхозында егіс бригадирі болып, сол кездегі тұралап қалған колхоз шаруашылығын техникамен қамтамасыз етіп, бейнеті көп дихан қауымға көмек көрсетеді. Ол кісі зейнетке(1967)  шықса да, 1975 жылға дейін осы совхозда шопан, бақташы болып еңбек етеді. Сондай еңбеккештігі және тиянақты жұмысы үшін Әуез ақсақал 1948 жылы арнайы Дипломмен, 3 мәрте «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, басқа да бірнеше Мақтау қағаздарымен марапатталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz