М Е К Т Е П   Т Ү Л Е К Т Е Р І  -  Е Л   М А Қ Т А Н Ы Ш Ы

 

Ысқақов Маханбетжан (1936 ж.т, Қаракеткен станциясы – 21.12.2005, Қызылорда қаласы) – еңбек ардагері. Облысқа еңбегі сіңген зейнеткер. Қызылорда педагогикалық институтын (1957), Қызылорда совхоз-техникумын(1983) бітірген. 1957-59ж. «Жамбыл» жетіжылдық мектебінде мұғалім, 1959-62ж. аудандық комсомол комитетінде нұсқаушы, 1962-64ж. «Игілік» балық ұжымшары басқарма төрағасының орынбасары, 1964-67ж. басқарма төрағасы, 1967-85ж. «Жалағаш» кеңшары партия комитетінің хатшысы, 1986-94ж. техника қауіпсіздігі инженері, ферма меңгерушісі, 1994-99ж. «Қаракеткен» кеңшары директорының орынбасары болып қызметтер атқарған.Бірнеше мәрте аудандық, ауылдық кеңес депутаты, 21 жыл аудандық партия комитетінің мүшесі болған. «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіндегі еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, Облыстық кеңес атқару комитетінің Грамотасымен марапатталған.

                          

 Материалды жинақтап, дайындаған                                   М.Бексарыұлы

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz