Е Л   А Ғ А Л А Р Ы

 

Жолдыбаев Жаңаберген Баймағамбетұлы

(1902-1942)

Ол 1902 жылы Ұлытау ауданына қарасты Терісаққан ауылындағы Талап колхозында туып өскен. 1918-24 жылдары Ақмола губерниясы, Атбасар уезі, Қарақұйын болысына қарасты 4 - ауылдағы жеке шаруашылығында малшылық жасаған. 1924-27 жылдары аралығында Атбасардағы балалар коммунасында тәрбиеленіп, оқыған.

Сол жылы Петропавл қаласындағы бухгалтерлік курсты бітіреді, сосын 1927-28 жылдары өз болысының 3 – ауылында ауылдық совет секретары болып жұмыс істейді.1928-30 жылдары Қазақстан астанасы – Қызылорда қаласында аймақтық «совпартшколада» оқиды. Оны бітірген соң Аламесек аудандық халық ағарту бөлімінің инспекторы, 1931-32 жылдары Қармақшы ауданының  17 – ауылындағы «Таң» колхозының председателі, осы ауданның 1, 2, 3 – ауылдары қарайтын «Сталин» колхозында партячейкасының секретары қызметтерін атқарады.

1932-34 жылдары Қаракеткен МТС – нің директорының орынбасары болып жоғарылайды.

1935-42 жылдары аралығында 19 – ауылдағы «Мирзоян, кейін К.Маркс» атындағы кіші серіктестіктің төрағасы, аудандық дайындау комитетінің өкілетті өкілінің көмекшісі, кейін агенті болып жұмыс істеген.

1942 жылдың 15 – қазанында Ұлы Отан соғысына алынып, соғыста сержант – бөлімше командирі ретінде ұрысқа қатысып, содан хабарсыз кетеді. Бұл кісі совет үкіметінің орнығуына оның алғашқы күнінен белсене араласқан, оның аяғынан тұрып, өркендеуіне ерекше атсалысқан нағыз коммунист азамат.

Сол үшін де ол 1935 жылы Қазақстан Орталық Атқару комитетінің «Қазақстанға – 15 жыл» белгісімен наградталады.

Ол кісінің қазіргі артында қалған Қайнаш, Райхан, Марат атты балаларынан немере-шөберелер өсіп-өніп, айтулы атасының ісін жалғастыруда.

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz