Д е р е к т е р  

Қ а з а қ   ғ а л ы м д а р ы

 

     Кәдіржанов  Қай­рат Камал­ұлы

АТОМ АДАМҒА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ                                                                                                            Егемен Қазақстан 2009-12-09

 

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Елбасымыз үздік ғалым­дары­мыз­­дың бір тобына ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Рес­пуб­­­ликасының 2009 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жар­­лық­қа қол қойғаны белгілі. Осындай мәртебелі сыйлықты Қа­зақ­­стан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының бас дирек­­торы, фи­зика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қай­рат Камал­ұлы Кәдіржанов бастаған сегіз ғалым иеленген болатын.

Соған орай Курчатов қаласына арнайы барып, орталық басшы­сымен тілдескен едік. Биылғы жылдың мемлекеттік сыйлығын иелен­ген бұл ұжымдық еңбектің маңыздылығы неде деген біздің алғашқы сұра­ғы­мызға білгір ғалым, білікті басшы байыппен жауап берген-ді.

– Біз мұндай жоғары сый­лықты орталығымызға қарасты Ядролық физика институтының же­тіл­дірілген эксперименттік ядро­лық-физикалық қондырғылары базасында іргелі зерт­теулер және олар­дың негізінде ядролық және радиациялық техно­логиялар құруд­ағы жұмыстар циклі үшін иелендік, – деп бастады өз сөзін Қайрат Камалұлы. – Осы ара­да үзеңгілес әріп­тестерімнің аты-жөн­дерін тағы бір атай кеткенім жөн болар. Олар – Ядролық фи­зи­ка институтының директоры Ә.Тө­леуішев, осы инс­­ти­­туттың зертхана меңгерушілері, профес­сор­лар Ғ.Ба­тыр­беков, Ә.Дүй­­себаев, О.Мак­сим­кин, сон­дағы үдету кешені бөлімінің бас инженері С.Лысухин, өзімнің орын­басарым А.Борисенко, орта­лық­­тың бас ғылыми қызмет­кері, профессор Ж.Жотабаев.

Ал енді ұжымдық еңбегіміздің маңыздылығына келсем, біздің ең­бегіміздің нәтижесінде ірі ядролық-физикалық қондырғы негізінде қуатты эксперменттік база құрыл­ды. Оның құрамына енетін атом реак­торы мен түрлі жеделдеткіш комп­лекстері туралы әңгіме өз ал­дына. Соның бәрінің ел эконо­ми­ка­­сын арттыруға септігін тигізетіні сөз­сіз. Айталық, радиоизотоп және радио­фармацевтикалық өнімдері өндірісін дамыту еліміздің меди­ци­на саласы­мен қатар, басқа салалар­да да кеңі­нен қолданылатын болады.

Екіншіден, біздің экспери­мент­тік базаны қолдана отырып, ядро­лық және радиациялық физика сала­ларында жаңа нәтижелерге қол жет­кізілді. Мақтанды демеңіз, оған әлем­дік ғылыми қауымдастық қы­зы­ғушылық танытуда. Соған орай, АҚШ-тың, Германияның ұлттық ла­бо­раторияларымен бірлесіп жұ­мыс істеу туралы келісімге қол қойыл­ды. Бір сөзбен айтқанда, біз­дегі түрлі жобалардың сапалы атқа­ры­луы әлем­дік деңгейде жұмыс істеуімізге жол ашуда.

Біздің ұжымдық жұмысымызға “Курчатов институты” Ресей ұлт­тық орталығының президенті Е.Ве­лихов, Украина ғылым академия­сы­ның президенті Б.Патон, амери­ка­лық профессор Фрэнк Гарнер және т.б әлемнің айтулы ғалым­дары оң пікір білдірді. Соның бірі академик Ве­лихов біздің елімізде ғылыми мектеп қалыптаса баста­ға­нын, соның бәрі Қазақстан Респуб­ликасының Прези­ден­ті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі атомдық ғы­лым мен техни­каны дамытуды сөз жүзінде ғана емес, сонымен бірге нақты іс жүзінде қолдап отырған­дығын атап көрсетті.

– Енді кешегі атом поли­го­нының ор­­та­лығы Курчатов қаласы­ның, он­да­ғы өзіңіз басқарып отырған Ұлт­тық ядролық орта­лық­тың бүгіні мен ер­теңі туралы таратыңқырап айта кетсеңіз...

– Бір кездері Курчатов қала­сында 50 мыңға жуық халық тұрған екен. Содан еліміздің тұңғыш Пре­зидентінің алғашқы жарлық­тары­ның бірімен атом аждаһа­сы­ның аузына құм құйылғанда мұн­дағы әскерилер ауа көшіп, қала хал­қының саны 8 мыңға дейін түсіп кеткен болатын. Бір абзалы сол, Семей атом полиго­ны жабы­лы­сымен арада жыл өтпей жатып, мұнда Елбасы Жарлығымен Ұлттық ядролық орталығы құрылған бола­тын. Бұл енді елімізде атом энер­ге­ти­касын дамыту мақсатымен ғылы­ми-техникалық, техноло­­гия­лық және кадрлар базасын жасау, бұ­рын­ғы Семей сынақ полигоны әс­кери-өнеркәсіп кешенін бұғау­лап, оның ғылыми-техникалық кү­шін егемен елдің мүддесіне пайда­ла­ну, әлемде әлі де жұмыс істеп тұрған полигон­дар­дардағы ядролық сынақ­тар­ды бақы­лап, қадағалау мақсаты­мен Елбасы тарапынан қабылданған тың шешім еді. Содан кейінгі жерде Елбасы тап­сырмасы­на орай рес­пуб­лика Үкі­меті жаңа орталықты дамы­тып, өр­кен­дету мақсатымен бірқатар қаулы-қарар қабылдады. Солайша, құрамы ядро­лық физика, атом энер­гети­ка­сы, геофизикалық зерттеулер, радиа­циялық қауіпсіздік пен эколо­гия инс­­ти­туттарымен толықтырыл­ған орта­лық үлкен күшке, яғни мүм­кіндігі мол іргелі ғылым орда­сы­на ай­нал­са, 1998 жылы респуб­лика Үкі­меті Кур­чатовта реактор-токамак құры­лысын салу жөнінде қаулы қабыл­дады. Бұл халық­ара­лық термо­ядро­лық реактор құру жоба­сынан біздің еліміздің де сырт қалмау мақ­сатынан туындаған игі шешім еді. Мұның өзі елімізде қа­зір­­гі ғылым, техника және техно­ло­­гия бағыттарын дамытуға қызмет етуде. Мұның сыртында Елбасы­ның қазақстандық­тар­ға арнал­ған жыл сайынғы жолдаулары­ның бі­рін­де айтылғандай, Курчатовта яд­ро­лық технопарк ашу жөніндегі идея­сы біртіндеп іс жүзіне асып келеді.

– Қайрат Камалұлы, Курчатов­та атом стансасы салынады деген әңгіме жиі естіліп қалып жүр. Мұ­ның негізі бар әңгіме ме? Жалпы, атом саласының болашағы туралы не айтар едіңіз?

– Қазіргі заманда атом станса­сының қажеттілігін басқасы басқа, ядролық сынақтарға қарсы “Нева­да-Семей” халықаралық қозғалы­сы­ның нағыз белсенділері де түсі­ніп қалған секілді. “Қасқырдан қорыққан орманға бармайды” де­ген сөз бар. Солай екен деп орман­ның да, атом стансасының да адам­зат баласына қажеттілігін жоққа шығаруға болмас.

Қазірде еліміздегі атом саласын дамытудың мемлекеттік бағдарлама жобасы Үкімет қарауына ұсыны­лып отыр. Онда елімізде атом стан­сасын салу мәселесі де кеңінен қам­тылған десем, біз жапондық­тар­дың бұл мә­се­ледегі мол тәжірибесін басшы­лық­­қа алып отырмыз. Бүгінгі таңда жа­пон елінде 57 атом блогы жұмыс істеп тұр. 2015 жылға дейін мұнда тағы 17 станса іске қосыл­мақ. Ал жапон мамандары 2020 жылға дейін бізде қуаты 800 мега­ватт атом стан­са­сы­ның блогын іске қосатын бола­ды. Бұл еліміз үшін үлкен жетістік деп білемін.

Қазақстанда атом электр стан­са­ларын салу қажеттілігін жиі ай­тып жүргендердің бірі менмін. Өйткені, оған бізде дайындық жет­кі­лікті. Айтты айтпады, бізде ядро­лық физика ерекше дамып отыр. Еліміз­де уран баршылық. Оның сыртында изотоп өндірумен айна­лы­са­тын үш атом реакторы және бар. Кадр жағынан да тапшы емеспіз. Біз автомобиль жасап шы­ғару, болмаса электроника сала­сын­да әлі де үлкен жетістікті иеле­не қойғанымыз жоқ. Бірақ атом саласының жетіс­тік­терінен сырт қалуға хақымыз жоқ. Иә, бұл сала­ны жетік меңгер­сек, металлургия, өңдеу өнеркәсібі, химия, биология­лық зерттеулер саласында жаңа асулардан асуға жол ашылатын­ды­ғы сөзсіз. Сол мақсат­пен Жапония­ның, АҚШ-тың ғылы­ми-зерттеу және энергетика­лық компания­лары­­мен, ұлттық лабора­тория­­лары­мен бірлесе жұмыс істеу­деміз. Соны­­мен бірге МАГАТЭ мен МНТЦ-тің, НАТО-ның халық­ара­лық бағдарламалары мен жоба­лары­нан да тыс қалып отырған жоқпыз.

– Қаланың болашағы туралы не айтасыз?

– Өз басым Курчатовтың бола­ша­ғы өте зор деп білемін. Қазірде қала халқының саны арта түсіп келеді. Мұнда ғылыммен бірге, ша­ғын және орта кәсіпкерлікті дамы­туға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Кейінгі жылдары әлеуметтік мәселелер де өзінің оңды шешімін табуда. Айта­лық, мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілді. Қазақ мектебі, мешіт ашыл­ды. Енді сырттан кел­ген қан­дастары­мызды қарсы алу үшін бұрынғы иесіз қалған үйлер қайтадан жөн­деліп жатыр. Қандас бауырлары­мызды жұмыспен қамтамасыз етуге біз де қол ұшын беруге тиіспіз. Осының бәрі кешегі кеңес кезінде түске де кірмейтін шаруа еді ғой.

Сонсоң ерке Ертіс жағасындағы бұл өңірдің табиғаты да ерекше. Соның бәрі қосыла келгенде бола­шақта Курчатовтың шағын бол­ғанымен, Дубна, Обнинск, Окс­форд секілді әлемдік ғылым орта­лы­ғына айналатындығына қалтқы­сыз сендіреді.

– Сіздің қазақтан шыққан тұңғыш инженер- металлург, рес­публика халық комиссары болған Камал Кәдіржановтың ұлы, кешегі ел ардақтысы Дінмұхамед Қонаев­тың туған жиені екендігіңізді естіп қалып жатамыз. Ендеше, әулет жөнінде, өзіңіздің өмір жолыңыз туралы айта кетсеңіз...

– 1906 жылы Аягөз өңірінде өмірге келген әкем 1932 жылы Мәс­кеудегі М.И.Калинин атын­дағы бағалы металдар мен алтын инсти­тутын бітірген екен. Ол төр­тін­ші курста оқып жүргенде бола­шақ наға­шы ағамыз аталған жоғары оқу орны­на келіп түседі. Содан екеуі ең алды­мен дос-жолдас болып табыса­ды. Әкем институтты бітір­ген соң Ле­нинградқа барып, Бал­қаш­тағы бола­шақ кен-металлургия комбина­ты­ның жобасын жасауға қатысады да, келер жылы сол Балқашқа атта­нып кете барады. Бұл енді ашаршы­лық жыл­дары ғой. Сонда әкем Қара­ғандыдан Балқаш­қа дейін жаяулап, жал­пылап жиыр­ма күн жүріп барыпты.

Арада төрт жылдан соң, нақты­лап айтсақ 1937 жылы Димаш аға мен ол кісінің апайы Маймуна да Балқашқа келеді. Шешеміз сол жылы Мәскеу­дегі Н.К.Крупская атындағы меди­цина техникумын бітіріп келген екен. Сөйтіп, әке-шешеміз Балқашта бас қосып, жеке шаңырақ көтереді. Бұл енді ел басына нәубат пен зұлмат қатар келген қиын кезең еді ғой. Сондай шақта Димаш екеуміз алыс­тан бір-бірімізге “бармысың” деген­дей, қол көтеріп, өте шығатынбыз деп отыратын әкем жарықтық.

Ал шешемнің әкем мен бауы­рына деген құрмет-мейірімі ерекше болатын. Бізге сендер Димаштың атына сөз келтірмеңдер деп Мәс­кеу­де оқығанымызды дұрыс көрді. Солайша мен 1970 жылы Мәскеу­дің инженерлік-физика инс­ти­тутын бітірдім. Одан кейінгі жерде ядро­лық физика инсти­тутында қатар­дағы қыз­меткерден оның дирек­торы­на дейінгі қызмет саты­лары­нан өттім. Міне, енді Ұлттық ядро­лық орталық­тың тіз­гі­нін ұстағаны­ма төрт жылдай болып қалды. Биыл­ғы жыл мен үшін ерек­­ше жыл болғанын несіне жасы­­райын. Өйт­кені, әрі респуб­лика Мем­лекеттік сыйлығының лауреаты атандым, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Ұлттық академиясының Құрметті академигі болып сайлан­дым. Мәс­кеудің тех­но­логия инсти­тутын бітір­ген жол­дасым Рымжан Дәрібекқызы ұзақ жыл республика Ғылым ака­де­мия­сын­да жемісті еңбек етті. Іңкәр, Дана атты екі қызы­мыз, Әмина, Әмір атты екі немереміз бар. Сон­дық­­­тан Алла­ның осы бергеніне шүкір­­шілік дей­міз. Сөз соңында, бүгінгі мүм­кін­шілікті пайдалана оты­рып, қалың жұртшылықты Тәуел­­сіздік мере­ке­сімен, ал егемен­қазақ­стандықтарды алда келе жат­қан 90 жылдық тор­қалы тойлары­мен шын жүректен қызу құттық­тай­мын!

– Әңгімеңізге рахмет.



Авторы: Әңгімелескен Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz