Е Л   А Ғ А Л А Р Ы

 

Кәрібаев Қалмахан

(1896 – 1957)

1896 жылы қазіргі Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр атындағы ауылында туған. Ол 1910-12 жылдары Орынбор қаласындағы медреседе оқып, сауатын ашады. 1916-18 жылдары аралығында теміржол жұмысында істейді.

1918 жылы большевиктер партиясына кандидат, ал 1920 жылдан осы партияның мүшелігіне қабылданады.

1927 жылға дейін түрлі шаруашылық  және Тереңөзек аудандық советі атқару комитеті председателінің орынбасары қызметтерін атқарады. 1928 жылдан Жалағаш ауданының Жамбыл, Иіркөл, Карл Маркс ауылдық кеңестерінің төрағасы болып қызмет істейді. 1940-46 жылдары Ақсу қыстағы кеңесінің төрағасы және жинақ кассасының бастығы болып жұмыс жасаған. 1947 жылдан бастап Қаракеткен ауылдық кеңесі атқару комитетінің және «Игілік» балық колхозының төрағасы болып қызмет жасады. 1954 жылдан ақырғы демі біткенше(1957) осы ауылдық кеңесті басқарды. Қалмахан ақсақал көп жыл бойы Жалағаш аудандық комитетінің мүшесі болып сайланады және қоғамдық негізде бастауыш партия ұйымына жетекшілік жасайды.

Кәрібаев Қалмахан еліміздің өміріндегі қиын кезеңдерде оның қалыптасуына, шаруашылықты аяғынан тұрғызуға, оны ұйымдастырып, басқаруға өз үлесін қосқан нағыз шаруашылық және кеңестік басшылардың бірі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz