Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бұйрығымен бекітілді 17 тамыз 2000 ж. №827

 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

білім беру ұйымдары кітапханаларының оқырмандарға

кітапханалық қызмет көрсету есебі туралы

 

 

Негізгі ұғымдар
         Осы әдістемелік құралдың мақсаты үшін мынадай ұғымдар қолданылады.

КІТАПХАНА – баспа туындылары мен басқа да құжаттарды қоғамдық пайдалануды ұйымдастыратын мәдени-ағарту және ақпарат мекемесі.

КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ-баспа туындылары мен басқа да құжаттарды  немесе олардың көшірмелерін насихаттау мен беру, оларды таңдау мен пайдалануға көмек көрсету жөніндегі кітапхана қызметі.

СТАЦИОНАРЛЫҚ КІТАПХАНА-тұрақты тұрғылықты жері бар кітапхана.

КІТАПХАНА ПУНКТІ-кітапхананың аумағы ерекше бөлімшесі, онда кітапхананың штатты қызметкері немесе қоғамдық кітапханашы істейді.

КІТАПХАНА ОҚЫРМАНЫ-белгіленген құжатта ресми жазба негізінде кітапхананы пайдаланатын адам.

КІТАПХАНА АБОНЕНТІ-кітапхана қызметін пайдаланатын оқырман немесе мекеме.

КІТАПХАНАНЫҢ КӨПШІЛІК ЖҰМЫСЫ оқырмандар мен халық арасында баспа туындыларын және басқа да құжаттарды ауызша және көрнекі насихаттаудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы.

КІТАПХАНА ҚОРЛАРЫН ЕРКІН ПАЙДАЛАНУ-кітапхана қорынан баспа туындылары мен басқа да құжаттарды тікелей іздеу мен таңдауға оқырмандарға мүмкіндік беретін қызмет көрсету жүйесі.

ОҚУ ЗАЛЫ-өз шегінде баспа және басқа да құжаттар қызметін көрсетуге арналған арнаулы жарақталған бөлме.

КІТАПХАНА АБОНЕМЕНТІ  - белгілі бір мерзімге кітапханадан тыс пайдалану үшін баспа туындылары мен басқа да құжаттар беруді көздейтін оқырмандарға жеке және ұжымдық қызмет көрсету нысаны.

КІТАПХАНААРАЛЫҚ АБОНЕМЕНТ (ҚАА) – белгіленген қағидалар негізінде ел кітапханалары қорларын өзара пайдалануға негізделген кітапхана абонементі.

 

 
Жалпы ережелер

 

Кітапхана қызметін көрсетуді есепке алу оқырмандар мен абонентердің, келушілердің басылымдар берудің, жарияланбаған құжаттардың және кинофото құжаттардың саны мен құрамы, сондай-ақ кітапхананың, оның құрылымдық бөлімшелері нің,бұқаралық, библиографиялық және мемлекеттік ақпар есебі, кітапхана есептілігі, оның қызметін жоспарлау үшін негіз болып табылады.

         Есеп жүргізуге мынадай талаптар қойылады:

1) есеп құжаттамаларын толтырудың толықтығы, дәлдігі мен жүйелілігі;

2) әрбір оқырманды, келуді, баспа туындылары мен басқа да құжаттарды  міндетті түрде тіркеу;

3) есептің әдістері  мен нысандарының үйлесімділігі, дәстүрлі және автоматтандырылған технологияны қолдану жағдайында олардың сенімділігі;

4) кітапхана қызметін есепке алу көрсеткіштері номенклатураларының мемлекеттік ақпардың сондай көрсеткіштеріне сәйкестігі;

5) кітапхана қызметін көрсетуді есепке алу, оқырман формулярын толтыру, онда берілген кітаптарды тіркеу, қүнделікті ақпар есебі мен кітаптапхана күнделігін тұрақты толтыру жатады;

 6) полиграфиялық тәсілмен әзірленген есеп құжаттарының бланкілері мен компьютердің көмегімен басылған бланкілер тең құқықпен қолданылады.

         Олар стандартты бағдарламалар пакетінің немесе кітапханада оқырмандарға кітапхана қызметін көрсетуді есепке алуды жүргізуге арналып жасалған жеке  бағдарламалар көмегімен ресімделуі мүмкін.

7) оқырмандарға қызмет көрсетуді есепке алу осы  нұсқауда баяндалған біріңғай әдістер бойынша жүзеге асырылады, есептің біріңғай нысандарын жүргізу жолымен қол жеткізіледі.

             

         Кітапхана қызметін көрсетуді есепке алу жүйесі

 

8) Кітапхананың құрылымдық бөлімшелері өз жұмысының бағыттарына қарай Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары кітапханаларының ведомстволық ақпар есептілігі нысандарына сәйкес міндетті есепке алуға жататын жұмыскөрсеткіштерінің тізбесіне сай бастапқы есеп жүргізеді.

7) Оқырмандарға кітапхана қызметін көрсетуді есепке алу жүйесіне:

а) барлық бөлімшелердің кітапхана қызметін көрсетуін кітапхана ішінде есепке алу;

б) оқырмандарға кітапхана қызметін көрсетудің ведомстволық ақпар есебі жатады.

 

Оқырмандар мен абоненттерге қызмет көрсетудің кітапқы кітапханалық есеп құжаттарының құрамы

 мен мақсаты

 

Оқырмандар мен абонеттерге қызмет көрсетудің бастапқы кітапханалық есеп құжаттарының құрамына оқырмандарды тіркеу  карточкасы, кітпханааралық абонемент (КАА) абонентін тіркеу карточкасы, оқырман формуляры, оқырман талабы парағы жұмыс күнделігі жатады.

       Оқырмандарды  тіркеу карточкасы - ол туралы мәліметтерді қамтып, оның кітапхананы  пайдалану кезіндегі есеп құжаты қызметін атқарады.

       Ескерту: Құрылымдық бөлімшелері (абонемент, оқу залы кітап беру бөлімі)жоқ кітапханаларда тіркеу карточкасы жүргізілмейді.

 Абонемент, оқу залы және басқа да бөлімшелері бар кітапханаларда оқырманға оның қанша бөлімшені пайдаланатынына қарамастан тек бір тіркеу карточкасы толтырылады. Тіркеу карточкасы, әдеттегідей абонементте жүргізіледі.

       Оқырман формуляры    оған берілген және қайтарылған баспа  туындылары мен басқа да құжаттар туралы мәліметтер қамтылып,  (жалпы орта білім беру, бастауыш және кәсіптік орта білім беретін ұйымдарда) әдебиет беру мен оқуды талдаудың есеп құжатының қызметін атқарады.

       Оқырман формулярында оқырманның рет номері көрсетіледі, ол оқырман атында жыл соңына дейін сақталады.

      Саралы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында формулярда оқырман тобының шартты таңбалары ( сиглдер, түрлі-түсті белгілер, рейтер және т.т) қойылуы мүмкін.

Оқырман формуляры бес жыл ішінде пайдалануға арналған. Қосымша беттер толтырылуына қарай оқырмандардың бастауыш және кәсіптік орта білім беретін  ұйымдарда бірқатар жылдар бойы оқуын бақылауға мүмкіндік беретін жаңасымен алм астырылады немесе толықтырылады.

      Жыл сайын 1 қыркүйектен бастап оқырмандарды қайта тіркеу басталады. Қайта тіркеу кезінде оқырман туралы анкеталық мәліметтер нақтыланып, өзгерістер енгізіледі. Формуляр мен оқырманды тіркеу карточкасында жаңа нөмір мен қайта тіркеу күні қойылады. Фамилиясы өзгерген жағдайда жаңа формуляр толтырылады.

      Ескерту: Қайта тіркеу сол сәтте оқырман атына жазылған барлық басылымдарда толығымен өткізген кезде жүргізіледі.

      Кітап формуляры   оқырманға берілген және қайтарылған баспа туындысы немесе басқа да құжаттарды есепке алу мен бақылауға және оны пайдалануға арналған.

      Оқырман талабы парағағы  баспа туындылары мен басқа құжаттарды іздеу мен беруге, талаптар мен орындалмаған талаптарды есепке алу мен талдауға арналған.

      Бақылау  парағы оқырманның  кітапхана бөлімшелеріне келуін есепке алуға, берілген және қайтарылған баспа туындыларын бақылауға арналған.

      Кітапхананың жұмыс күнделігі оқырманға қызмет көрсетуді есепке алудың баттапқы  құжатының  нысаны болып табылады. Күнделік  үш  бөлімнен тұрады:

1.   Оқырмандар  құрамы мен келу есебі; 

2.   Басылымдар мен басқа материалдарды беру есебі;

3.   Көпшілік жұмыстар есебі.

 

Кітапхана оқырмандары мен абонентеріне қызмет көрсетудің есеп    бірліктері

 

Оқырмандардың есеп бірлігі – оқырмандарды тіркеу карточкасында, оқырман формулярында немесе автоматтандыру және механикаландыру  құралдарында тіркелген адам-оқырман болып табылады. Оқырмандар есебі оқырмандар саны бойынаша жүргізіледі:

1)     оқырмандардың біріңғай тіркеу картотекасында немесе оқырмандар мен кітапхана пайдаланушыларына қызмет көрсету есебі тіркелген оқырмандар саны бойынша жүргізіледі:

2) кітапханааралық  абонемент (КАА) абоненттерінің есеп бірлігі КАА абонентін тіркеу карточкасында тіркелген кітапхана – абоент немесе  КАА қызметін көрсетуге арналған кәсіпорын, ұйым, мекеме болып табылады. КАА пайдаланушылардың  жалпы  санының есебі КАА абонентін тіркеу карточкасында тіркелген кітапханалар немесе кәсіпорындар,  ұйымдар, мекмелер саны бойынша жүргізіледі.

             

 

Келушілердің  есеп бірлігі

                                                                                           

      Келушілердің есеп бірлігі – бақылау парағында,рұқсат қағазында, оқырман формулярында, кітапхана орындаған анықтамалардың есеп дәптереінде  немесе кітапханада қолданылып жүрген басқа құжатта, сондай-ақ автоматтандыру мен механикаландыру құралдарында тіркелген оқырманның кітапханаға келуі болып табылады.

      Кітапханаға келу деп оқырманның жазылу,қайта тіркелу,басылымдар мен басқа материалдар алу, қайтару немесе оларды пайдалану мерзімін ұзарту, оқу залында оқу, жаңа баслымдар және көрмелермен танысу,анықтама библиография аппаратын (каталогтар мен картотекаларды, анықтама және библио графиялық баслымдарды, анықтамалар мен кеңестер алу) пайдалану, сондай-ақ кітапханада өткізілетін көпшілік шараларға қатысу үшін кез келген құрылымдық бөлімшеге (абонемент, оқу залы, кітапхана пункті) әрбір келуі болып саналады.

     Кітапхана қызметкерлерінің мәслихаттары мен семинарларына, басқа ұйымдар мен мекемелердің кітапханада өткізілетін жиналыстарына, шараларына қатысу, келу санына енгізілмейді.

     Келу мына есеп құжаттарында: оқырман формулярында, бақылау парағында т.б тіркеледі.

     Келудің жалпы санына кітапханаға оның тұрақты емес оқырмандарының бір жолғы келу саны қосылады.

Көпшілік шараларға қатысу кітапхананың жұмыс күнделігінің        3-ші “Көпшілік жұмыстар есебі” бөлімінде немесе кітапханада қолданылып жүрген басқа  құжатта жеке  есептеледі.

      Келушілердің бір күнгі жалпы қорытындысы кітапхананың құрылымдық бөлімшесінің жұмыс күнделігіне түсіріліп, содан кейін ай, тоқсан, жыл ішінде жинақталады.

     Келушілердің жалпы санының есебі кітапхананың әрабір құрылымдық бөлімшесінің есеп құжаттарында кітапхананың жұмыс күнделігінде және кітап берудің және келудің күнделікті ақпар есебінде жүргізіледі.                                         

 

 

Басылымдарды, жарияланбаған материалдар мен олардың көшірмелерін, кинофотофоноқұжаттарды берудің есеп бірлігі

     Құжаттарды беру оқырман формуляры мен күнделікті ақпар есебінің парағында тіркеледі.

 Жарияланған және жарияланбаған құжаттар мен олардың көшірмелерін берудің есеп бірлігі дана болып табылады.

      Құжаттарды берудің есебі оқырман формулярына жазудың және күнделікті  ақпар есебінің негізінде  кітапхананың жұмыс күнделігінің  2-ші бөлімінде жүргізіледі.

      Құжаттарды берудің есебі журналдар, газеттер, ноталар, карталар, изографиялық басылымдар, патенттер, стандарттар т.б) папкілерге, қораптарға, комлектілерге  біріктірілген немесе сақталатын есебі  берілген оқырмандардың  өз талабына сәйкес алған даналар саны бойынша жүргізіледі:

1)     тігіндіге (тоқсандық, жартыжылдық, жылдық) біріктірілген журналдарды  беру оқырманның өз талабына сәйкес алған нөмірлері немесе шығарылым саны бойынша ескеріледі;

2)     тігіндіге (айлық, тоқсандық, жартыжылдық) біріктірілген газеттерді беру тігінділер немесе жеке сұралған дана саны бойынша ескеріледі;

3)     жеке папкіге брошюраланған, жарияланбаған құжаттар үшін-оқырманға берілген папкілер саны.

       Оқырман формулярында оның өтініші бойынша құжатты пайдалану мерзімін ұзартуды тіркеу жаңа кітап беру ретінде есептеледі.

        Қорды еркін пайдалану жағдайындағы оқу залындағы беру есебі пайдаланушының  жұмыс үшін сөреден алып, пайдаланып болған соң кітапханашыға қайтарған құжаттарын санау жолымен жүргізіледі. Басылымдар беру кітап  немесе оқырман формулярында көрсетіледі. Әдебиетті оқырманның өзі сөреге қайта қоймайды.

       Көрмелерден, ашық шолулардан және көпшілік шаралады өткізу кезінде  құжаттар беру есебі, кітап формулярында жасалған немесе басылымға  салынған оларды пайдаланудың есеп парағындағы белгілер бойынша жүргізіліп, бір күн ішіндегі жалпы берілімге қосылады.

Кітап берілімі мен басылым түрлері олардың мазмұнына қарай жүргізіледі.

Кітап берілімінің жалпы санына  оқырмандардың талаптары бойынша әзірленген көшірмелер де енеді.

      Бір күн ішіндегі кітап берілімінің жалпы қорытындысы  жұмыс күнделігіне түсіріледі. Ай, тоқсан, жыл ішіндегі беру туралы деректер жинақталады.

      Кітап берілімінің жалпы есебі кітапхананың әрбір есеп құжаттарында, кітапхананың жұмыс күнделігінде немесе статистикалық есеп журналында ескерілген даналар санын жинақтаумен жүргізіледі.

     Кинофотофоноқұжаттар беру, сақтау мен атаулардың берілген бірлігінің саны бойынша есептеледі:

1) кинофильмдер- берілген бобиналар саны;

2) диафильмдер- берілген орамалар саны;

3) магнитті көздер-берілген катушкалар, кассеталар саны;

4) күйтабақтар- берілген дискілер саны;

6) электронды көздер-магнитті дискілер, СD-ROM дискілер онда жазылған құжаттар даналары, аудио және  бейнекассеталар, дискеттер т.т саны бойынша есептеледі.

 Оқырмандар, келушілер, басылымдар, кітап берілімінің есебі, күн сайын оқырмандарға қызмет көрсету барысында, жұмыс күнінің  соңында оқырман формулярын санау жолымен немесе автоматтандыру мен механикаландыру құралдарымен жүзеге асырылады. Жұмыс қортындыларының сандық көрсеткіштері жұмыс күні біткесін кітапхананың жұмыс күнделігіне түсіріледі.

                                  

Көпшілік жұмыстың есеп бірліктері

 

       Кітапхананың көпшілік жұмысының барлық түрлерінің есеп бірлігі шара-көрме, библиографиялық шолу, ақпарат күні, ауызша журнал, оқырман конференциясы, диспут, әдеби-сазды кеш, викторина, маман күні, кітап көрмесіне шолуы т.т. болып табылады.

       Көпшілік жұмыстың әралуан нысандарын (көрме,шолу) бір мезгілде өткізуін қамтитын кешенді шара (маман күні, ақпарат күні) бір шара ретінде есептеледі.

       Көпшілік шараларды өткізу кезінде көрмеге қойылатын және іс-шарада берілген құжаттардың, сондай-ақ көпшілік  іс-шараға (оның өткізілу орнына қарамастан) қатысушылар санының есебі

жүргізіледі.

       Берілген басылымдар есебі жалпы қағидаларға сәйкес жүргізіледі. Көпшілік шараларда  басылым беру кітапхананың жалпы кітап беріліміне енгізіледі.

      Абонемент, оқу залы бөлімдері бар, кітапханаларда өткізілген көпшілік шаралар есебі ол өткізілісімен  жұмыс күнделігінің           3-ші бөлімінде мәліметтер тіркеледі.

    

   Библиографиялық және ақпарт жұмысының есеп бірліктері

 

        Библигорфиялық және ақпарат жұмысына анықтама-библиографииялық қызмет көрсету  библиографиялық хабарлау, библиографиялық тізімдер әзірлеу, кітапхана-библиография білімін насихаттау енеді.

        Анықтама-библиографиялық қызмет көрсету  оқырмандар мүддесін өз қоры мен анықтама-библиография ақпаратының көмегімен қанағаттандыра отырып пайдаланушыларға қызмет көрсететін барлық кітапханаішілік бөлімшелер жүзеге асырады. Сұраныстар мен анықтамалар есебі жалпы түрдегі «Библиографиялық сұраныстардың есеп кітабына енгізіледі».

       Анықтама-библиографиялық қызмет көрсету бір жолғы сұраныстық  есеп бірлігі оқырманның библиографиялық анықтама алуға деген талабы ауызша немесе жазбаша өтініш болып табылады.

      Сұранысты қабылдау кезінде оның мазмұны, мақсаты, сұраныстың нақтылығы түрлері мен хронологиялық шеңберлері тіркеледі.

      Сұраныс түрлері:

1) тақырыптық сұраныс белгілі бір тақырып немесе мәселе жөніндегі сұраныстар нәтижесі: бір тәртіппен біріктірілген құжаттардың  сипаттамасы берілген әдебиеттер тізібесі. Тақырыптық талап-тілектердің көпшілігі жүйелі  каталогтардың, картотекалардың, библиографиялық көрсеткіштердің, реферативтік журналдардың, салалық мерзімді басылымдардың көмегімен орындалады

2) фактографиялық - сол немесе басқа объектілер, оқиғалар, процестер т.т. туралы нақты мәліметтер алу сондай-ақ оқырманды қызықтыратын мәләметтер алынған кезді көрсетеді; (бұларға қайсыбір оқиғаның датасын хабарлау мысалы, «Адамның космос   кеңістігіне шығуы қай жылы жүзеге асырылды?», заң ережелерін түсіндіру, терминнің мағынасын анықтау, жекелеген адамдардың өмірі мен қызметінің фактілерін анықтау)

3) адрестік-библиографиялық сұраныс, белгілі бір басылымның кітапханада бар екенін және тұрған  жері анықталған сұраныс.

4) нақтылау – сұраныста бұрмаланған библиографиялық сипаттама элементтерін, әдебиет сілтемелерін анықтап  кемшіліктерді нақтылауды қажет ететін сұраныс (оқырман бұрын пайдаланған кітабының авторын, шыққан жылын ұмытып, есінде қалған мақаланы, кітапты тауып беруді өтінеді).

      Тақырыптық немесе фактографиялық сұраныстар жөніндегі күрделі анықтамалар жазбаша орындалуы мүмкін. Ұзақ іздестіруді талап ететін анықтама оқырманның қатысуымен орындалады және  оған ауызша нысанда түсіндіріледі.

      Анықтама-библиографиялық қызмет көрсету дегеніміз – оқырмандарға олардың талап – тілектері бойынша, біржолғы сұраныстардың ауызша немесе дискеттегі деректер базасындағы библиографиялық мәліметтер қамтылған жазба түріндегі мәтінді файл болып табылады.

     Анықтама-библиографиялық қызмет көрсету - ұзақ мерзімді сұраныстарға сәйкес тұрақты библиографиялық қызмет көрсету.             Олар көпшілік, топтық және хабарлауды білдіреді.

     Хабарлаудың көпшілік нысаны жаңа түскен басылымдар мен тақырыптық көрмелерді ашық көрсетілімі т.б.

     Хабарлаудың топтық нысаны библиографиялық шолуларды,     Ақпарат күнін, Мамандар күнін, Кафедралар күнін қамтиды.

     Хабарлаудың жеке нысаны ақпаратты таңдамалы тарату мен басшыларға саралы қызметті қамтиды.

     Библиографиялық хабарламаның жұмыс есебі кітапхананың анықтама аппаратына (бөліміне ) енгізіледі. Оларға кіретіндер:

1) абонент картотекасының негізгі бөлімдері:жеке библиографиялық хабарлама абоненттері – текесімдер алфавитімен; топтық библиографиялық хабарлама абнементтері –факультеттер, кафедралар және т.т. атаулар алфавитімен.

2)  тақырыптар картотекасы  ұжымдық (топтық) және жекеленген хабарламалар-тақырып атаулары алфавитімен.

3) жиынтық картотеканы кітапхана библиографы өзі жүргізеді абоненттер және кітапхананың барлық абоненттеріне библиографиялық хабарлама орталықтан жүргізілетін тұрақты сұраныстар тақырыптары туралы деректер жинақталады. Жиынтық картотекасының болуы қандайда бір тақырып қызықтыратын оқырмандардың санын көбірек анықтауға библиографиялық тізімдердің көмегімен озық тақырыптық хабарламаны жолға қоюға мүмкіндік береді.

       Библиографиялық хабарлама абонентері мен тақырыптарының жиынтық картотекасында мына бөлімдер бөлінеді:

1) абоненттер (бөлім ішінде жеке хабарлама абоненттері,топтық хабарлама абоненттері,ұжымдық хабарлама абоненттері бөлінді).

2) тақырыптар (тақырып атаулары алфавитімен).

        Көпшілік, топтық (ұжымдық), жеке библиографиялық хабарлама нысандарының бәрі есепке алынуға жатады. Шара (ауызша шолу, маман күні және т.т) атауы, оны өткізу күні, көрмеленген және берілген басылымдар, келушілер саны, топтық ұжымдық және хабарлама абоненттері мен тақырптарының саны, сондай–ақ абоненттерге жіберілген хабарлама саны есептеледі.

 

          

Кітапханааралық абонемент бойынша қызмет көрсету.

 

         Кітапханааралық қызмет (КАА) пайдаланушылардың баспа туындыларымен басқа материалдарға деген ғылыми  және өндірістік сұраныстарын қажетті басылымның кітапхана қорында болмаған жағдайда еліміздің басқа кітапханалары қорымен қанағаттандыру үшін пайдаланылады.

        Қазақстан Республикасының білім жүйесіндегі барлық кітапханалары ведомстволық бағыныштылығына қарамастан өзінің қызмет көрсету аймағында  орналасқан кітапханааралық абонемент бойынша әдебиет беруге міндетті.

       КАА бойынша отандық және шетелдік басылымдар (түпнұсқада немесе көшірмеде), оның ішінде қор иесі-кітапханада жалғыз данасы бар басылымдар уақытша пайдалануға беріледі.

      Ескерту: 1. Қор иесі – кітапхана көркем және оқу әдебиетін тек ғылыми және өндірістік қызмет үшін береді.

                     2.Аса сирек кездесетін және құнды басылымдар, сондай–ақ газет мақалалары көшірмелері (фотокөшірме, электрорафиялық көшірме, т.т.) түрінде беріледі.

      КАА бойынша пайдаланушылардың сұраныс картотекасы келесі бөлімдерден тұрады: басқа кітапханаларға жіберілген КАА бойынша сұраныстар; КАА бойынша алынған кітаптар; әдебиеттер; КАА бойынша орындалмаған талаптар.

      КАА бойынша абоненттерге қызмет көрсету келесі  бөлімдерден тұрады: КАА бойынша берілген басылымдар; абоненттердің қайтарған әдебиеттері; КАА орындалмаған талаптар.

КАА абоненттерін тіркеу картотекасы.

      Кітапханалар жоғарыда аталған картотекалар негізінде тоқсан сайын және жылына КАА-ның жұмыс қортындыларын             (КАА бойынша тапсырыс берілген және алынған басылымдар, абоненттерге қызмет көрсету бойынша олардың саны) шығарды.

     КАА абоненттерін тіркеу карточкасы негізінде сол жылы өтініш білдірген абоненттер саны олардан алынған тапсырмалар мен берілген басылымдар сондай-ақ басқа кітапханаларға қайта жіберілген тапсырыстар саны көрсетіледі.

       ҚР-ның білім беру жүйесіндегі білім беру ұйымдарының кітапханалары ведомтсволық ақпар есептілігінде мынадай мәліметтер көрсетіледі: КАА–ны пайдаланатын пайдаланушылар саны; басқа кітапханаларға жіберілген тапсырыстар саны;           КАА бойынша алынған басылымдар саны.

                                                                                                                         

Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министірлігінің білім беру ұйымдары кітапханаларының кітапхана қорын есепке алу туралы

                                         Негізгі ұғымдар

     

       Көру-тыңдау құжаты –техниклық құралдар көмегімен өндірілетін бейнелеу,  дыбыс және мәтінді ақпаратты құжаттар.

      Қордың теңдік (баланс) құны - кітапхана қорының бухгалтерлік есепте көрсетілген құны.

       Қордан шығарып тастау - құжаттарды шығарып тастау, кітапхананың басқа бөлімшесіне беруге байланысты кітапхана қорының қозғалысы.

      Қордың қозғалысы - кітапхананың есеп құжаттарында көрсетілген құжаттардың түсуі мен есептен шығарылу процесі.

      Қордың есеп бірлігі - шамамаларды есептеу мен қор қозғалысының біріңғай бірлігі.

     Қордың сақталу бірлігі - жеке құжат немесе сақтау кезінде қор элементі ретінде есептелінетін құжаттар жиынтығы.

     Құжаттарды қор есебінен шығару - профильді емес, ақаулы , дублетті, ескірген, сондай-ақ қандай да бір себептермен жоғалған құжаттарды кітапхана қорынан, кітапхана есебінен шығару.

     Қайта бағалау коэфиценті- Қазақстан Респуликасының Үкіметі бекіткен кітапхана қорының құнын есептеу кезінде қолданылатын сандық көбейткіш.

    Қорға түскен түсім- міндетті дананы алу, сатып алу, жазылу, сыйлау, айырбастау немесе кез келген бсақа әдістер нәтижесінде кітапхана қорының толықтырылуы.

   Қорды тексеру-құжаттардың бар-жоғын растау, сондай-ақ олардың есеп құжаттарына сәйкестігін белгілеу мақсатында құжаттарды жүйелі қайта есептеу.

   Нарықтық баға-экономиклық жағдайды, сұраным мен ұсыныс үрдісі, бәсеке ескере отырып, тиісті өнім (кітаптар, КТҚ, электронды шығарылым) нарығына қалыптасатын баға.

     Жиынтық есеп - кітапхана қорының шамасы, құрамы және онда болып жатқан өзгерістер (түсімдер орын ауыстыру, есептен шығару) туралы нақты деректер алу мақсатында құжаттардың барлық түрлерін  есеп нысанында тіркеу.

    Кітапхана қорын есепке алу - белгіленген қағидалар бойынша қордың шамасы, құрамы мен қозғалысы туралы мәліметтерді тіркеуді қамтамасыз ететін операциялар кешені.

 

                                          Жалпы ережелер

 

 1. Кітапхана қорын есепке алу қорға түскен құжаттар түсімін, қор есебіне шығаруды, бүкіл кітапхана мен оның бөлімшесі қорының шамасын көрсетіп мемлекетік ақпар есебі, кітапхана есептілігі, оның қызметін жоспарлау, қордың сақталуын қамтамасыз ету, құжаттардың бар-жоғы мен қозғалысын бақылау негізі болып табылады.

Есеп жүргізуге қойылатын талаптар

 

1)     Есеп ақпаратының толықтығы мен  дәлдігі;

2)     Қорға түскен әрбір түсім мен қордан шығаруды құжатты түрде ресімдеу;

3)     Есеп әдістері мен нысандарының үйлесімділігі, әртүрлі және автоматтандырылған технологияны қолдану жағдайында олардың сенімділігі;

Кітапхана қорының есеп көсеткіштері номенклатурасының        

4)     мемлекеттік ақпардың сондай көрсеткіштеріне сәйкестігі.

 

       Кітапхана қорының есебіне: құжаттар қабылдау, оларды штемпельдеу, түсу, орын ауыстыру, есептен шығару кезінде тіркеу, сондай-ақ құжаттың қорда бар-жоғын тексеру жатады.

       Дәстүрлі, сондай-ақ компьютер нысанында ұсынылған есеп ақпаратының заң күші бірдей.

      Полиграфия тәсілімен әзірленген есеп құжаттарының бланкілері мен компьютерде басылған бланкілер тең құқықта пайдаланылады.

Кітапханалардағы есеп түрлері, әдістері мен бірліктерін үйлестіру кітапхана ісі жөніндегі стандарттарды, сондай-ақ осы нұсқау талаптарын сақтау кітапхана ісі жөніндегі басқа да нормативті құжаттар қамтамасыз етеді.

   

               

Кітапхана  қорын есепке алу жүйесі

 

1) Кітапхана қорының барлық бөлімшелерінің кітапхана ішіндегі есебі.

2)  Кітапхана қорының мемлекеттік ақпар есебі.

 

       Кітапхана қорын есепке алу объектісі мен бірліктері

 

      Кітапхана қорын есепке алу объеітісі құжаттың түрі мен оның материалдық негізіне қарамастан кітапханаға түскен және одан шығарылған құжаттар болып табылады.

      Ескерту: Қызмет мақсатындағы материалдар кітапханашылар мен әдіскерлердің жұмыс істеуі үшін қажет, (кітапхана ісі жөніндегі нұсқаулар, ережелер, бағдарламалы өнімдер, кітапхананы безендіру үшін сатып алынған материалдар) есепке алынбайды және кітапхана қорына енгізілмейді.

«СИБИД. Кітапхана қорларын және ғылыми-техникалық ақпарат органдарын есепке алу бірліктері» деген  7.20-80 Мемлекеттік стандартқа сәйкес кітапхана қорындағы түсімдер мен есептеп шығару есебінің негізгі бірліктері:

 1) атау-атымен, шығу деректерімен немесе безендірудің басқа элементтерімен ерекшеленетін әрбір жаңа немесе қайталама басылым,басқа құжат;

2) дана-қорға қосылатын немесе одан шығарылатын құжаттың әрбір жеке бірлігі болып табылады.

Қордың және оның бөлімшелерінің жалпы көлемі даналарда; 7.20-80 Госстандартын енгізгеннен кейін қалыптастырылған қордың жалпы көлемі даналар мен атауларда ескеріледі.

  Қор есебінің қосымша бірлігі:

1)     жылдық комплект – қордың бір есеп бірлігі ретінде қабылданатын бір жыл ішіндегі мерзімді басылымдардың нөмерлерінің (шығарылым) жиынтығы;

2)     метросөре – басылымдар немесе басқа құжаттар алған стеллаж сөресінің метрмен өлшенетін қор шамасы есебінің халықаралық бірлігі;

3)     түптеу бірлігі (тігінді)–басқа тәсілмен бір бүтінге тігілген, түптелген, немесе бекітілген және қордың бір есеп бірлігі ретінде қабылданатын мерзімді басылымдар нөмерлерінің жиынтығы.

 

 

Мерзімді басылымдар

 

     Журналдар қоры көлемінің есебі данамен (том, нөмір, сан) және басылым атауының өзгеруіне қарамастан қорға түскен барлық жылдар ішіндегі жарты жылдық және жылдық комлектімен жүргізіледі.

 Сондай-ақ

1)     Көлемі 100-беттен астам басылым жеке дана болып есептеледі.

2)    Көлемі 30-дан 100 бетке дейінгі басылым жарты жылдық комлектімен есптеледі.

3) 15-тен 30 бетке дейінгі басылым жылдық комлектімен есептеледі.

       Газеттер қоры көлемінің есебі басылым атауының өзгеруіне қарамастан оның қорға түскен барлық жылдар ішіндегі осы қорда тұрақты сақталуға жататын жылдық комлектіде жүргізіледі.

 1) Күнделікті шығатын газеттер –тоқсан сайын есептеледі;

 2) Апталық газеттер – жылдық комлектімен есептеледі.   

                 

Басылымдар мен жарияланбаған құжаттар

 

 1) Қорға түскен басылымдар мен жарияланбаған құжаттардың жаңа түсімдерін

 есепке алудың негңзгі бірліктері дана мен атау болып табылады

2) Журналдың негізгі есеп бірлігі дана (том, нөмір, сан) және журнал атауының өзгеруі мен комлектінің толықтығына қарамастан басылымның қорға түскен барлық жылдар ішіндегі атауы болып табылады.

3)     Газеттердің негізгі есеп бірлігі жылдық комплекті мен газет атауының өзгеруі мен комлектінің толықтығына қарамастан газеттің қорға түскен барлық жылдар ішіндегі атауы болып табылады.

4)     Ноталық басылымдардың есеп бірлігі дана мен атау болып табылады.

     Партитурамен (клавирмен) бір басылымға біріктірілген жеке партиялар(дауыстар), сондай-ақ баспа папкасына (мұқаба) біріктірілген партиялар дана және бір атау ретінде есептеледі.

5)     бөлек басылған жеке партиялар (дауыстар) мен партитура (клавир) дана ретінде есептеледі.

 

Көру-тыңдау құжаттары

 1) Көру –тыңдау құжаттарын есепке алудың негізгі бірлігі дана мен атау болып табылады.Күйтабақтар мен компакт-дисктердің данасы – катушка,кассета, диафильмдер данасы – орама:диапозитивтер дансы- комплекті,кинофльмдер данасы – бобина,бейнефильмдер данасы – кассета болып саналады.

 Көру – тыңдау құжаттары қоры мен түсімінің (есептен шығару) шамасы данамен және атаумен есептеледі.

2) Жеке шығарылған күйтабақ, компакт-диск бір диск және бір атау ретінде есептеледі. Жалпы атаумен біріктірілген күйтабақтар, компакт-дискілер комплект (альбом) дискілер санымен және бір атаумен есептелінеді.

      Жалпы атаумен біріктірілген бірнеше катушкалардағы (кассеталардағы) магниті фонограмма катушкалар (кассеталар) санымен және бір атаумен есептеледі.

 4) Басқа құжат түріне қосымша болып табылатын көру-тыңдау құжаты жеке есепке алынбайды.

     Ескерту: Негізгі ақпарат көзі мен оның қосымшасынын анықтау қиын болған жағдайда есепке алынатын негізгі көз ретінде мәтінді құжат алынады.

 

Шағын нысандар (микроформалар )

 Микроформалар қорының есеп бірлігі:

 Микорфишалар үшін – атау мен фиша, мөлтек фильмдер үшін –орама болп табылады.

Электронды басылымдар

      Электронды басылымдардың есеп бірлігі: дискет пен оптикалық дискі CD-ROM мен мультимедиа), сондай–ақ атау болып табылады. Дискет-қосымша басылымға енгізілмесе жеке дана ретінде есептелмейді.

                           

Кітапхана қорының есебі.

Кітапхана қорының есебін жүргізгенде кітапхана мынаған міндетті:

1) Қорға келіп түскен және одан шығарылатын құжаттардың белгіленген есеп бірлігіндегі жиынтық және жеке есебін  жүргізуге.

2) Белгіленген есеп бірліктердін қолданудың дәйектілігін қамтамасыз етіп, кітапхана қорын есепке алу жөніндегі жаңа нормативті құжат қабылдамай оларды өзгертуге жол бермеуге;

 3) Даналар есеп бірліктерінің газет-журналдарды, парақ басылымдарды алмағандағы олардың сақталуы мен беру бірліктерімен салыстырмалылығын қамтамасыз етуге.

 

Кітапхананың мынаған құқығы бар

                  

1)  Қордың ұйымдастырылуы мен құрылымы ескерілген, қорды есепке алудың сенімді нәтижелерін қамтамасыз ететін есептің өз тәртібін белгілеуге;

2) Жазбаларды мүлік кітаптарына, қордың жиынтық есеп кітаптарына, компьютерде басылған жеке парақтарда, карточка ныснында, сондай–ақ есеп құжаттарын ұзақ мерзімге сақтау мен өндіруді қамтамасыз ететін дисектте, дискіде және басқа да көздерде,сақталатын файлдарға жүргізуге;

3)  міндетті көрсеткіштермен қатар нақты кітапхана өзгешелігін ескере отырып есеп құжаттарына қосымша құжаттар енгізуге;

4) уақытша сақталу қоры құжаттарының мазмұны мен құрамының мерзімдерін белгілеуге;

5) құжаттарды есептен шығарудың сандық және құндық нормативтерін еенгізуге;

6) заңда көзделген жағдайлардан басқа ретте кітапхана қорынан шығарылған  құжаттарды иеленуге; 7) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кітапхана қорын пайдаланушының келтірген залалын өтемақылау тәсілі мен мөлшерін белгілеуге.

8) қор есебін ұйымдастырудың дұрыстығы үшін кітапхана әкімшілігі мен қызмет міндеттеріне сәйкес қызметкерлер жауап береді.

9) кітапхана қорын есепке алу номалары мен талаптарын сақтауды бақылауды жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханасының жинақтау бөлімі немесе бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханасының жинақтау бөлімі немесе  жауапты кітапханашы жүзеге асырады.

10) Кітапхананың әкімшілігі және тиісті қызметі қорды есепке алудың, ұйымдастырулың, сақтаудың және пайдаланудың ережесін орындауға арналған талапты қамтамасыз етеді.

 

Кітапхана қорына келіп түскен құжаттарды есепке алу

 

1)     Қорға түсетін құжаттарды есепке алу оларды тұрақты,ұзақ және уақытша сақтау құжаттары деп бөлу жолымен сараланған түрде жүзеге асырылады.

2)     Мүлікке нөмір бере отырып тұрақты сақтау үшін есепке алуға құжаттың тақырыптық түріне қарамастан,ағымдағы және болжамды оқушы сұранымын қанағаттандыруға арналған құжаттар жатады.

3)     Қысқа мерзімді мәні бар ақпарат мазмұндалған құжаттар және көлемі 48 бетке дейінгі басылымдар уақытша сақтау үшін есепке алынуға (инвен. нөмірінсіз) тиіс.

4)     Кітапхана қорына енгізілген құжаттар тіркеледі. Бұл орайда мөр, кітаптық белгілер, машинада оқылатын штрихтық кодтар пайдалануы мүмкін.

5)     Басылымдарың кітапхана қорына түсуі кезінде жиынтық және жеке есеп жүргізіледі.

6)     Машинамен оқылатын көздердегі КТҚ (көру тыңдау құжаттарының) шағын нысндардың,электорнды басылымдарың ( CD-ROM, мультимедия, дискет ) келіп түсуі «Жиынтық есеп кітабының» бірінші бөлігінде көрініс табады.

     Шығарылу туралы деректер де осы кітаптың екінші бөлігінде осындай жолмен тіркеледі

7) Кітапханаға түсетін және одан шығарылатын құжаттардың барлық түрінің жиынтық есебі бір жөнелту құжаты (шот-фактура,  накладной, акт және т.т) бойынша жүргізіледі. Жөнелту құжаты болмаған жағдайда қабылдау акті әзірленеді.

8) Жиынтық есеп нысаны дәстүрлі немесе машинкада басылған кітап (журнал) болып табылады. Қордың қозғалысы туралы мәләметтер «Кітапхана қорының жиынтық есеп кітабының» үш бөліміне тіркеледі:

       І  бөлім- «Қорға түскен түсім»

      ІІ бөлім – «Қордан шығару»

      ІІІ бөлім – «Қордың қозғалыс қортындылары»

 

 9) Кітапхана қорына түскен құжаттар туралы  мәліметтер «Жиынтық есеп кітабының» бірінші бөлімінің көрсеткіштеріне: жазбаның күні, айы, жылы мен нөмері, түсім көзі, жөнелту құжатының нөмері мен күні, айы, жылы, түскен құжаттардың құны тіркеледі.

10) Кітапханадан шығарылған басылымдар есептен шығарылу есептерін көрсете отырып «Жиынтық есеп кітабының» екінші бөлімінде көрсетіледі.Есептен шығарылған басылымдарды есептеу мен бақылау үшін «Берілді», «Сатылды», «Макулатураға өткізілді» деген көрсеткіштері енгізіледі.

11) Қордың қозғалыс қортындылары міндетті түрде жыл соңында шығарылады.

      Ескерту: Құжаттарды түрлеріне, мазмұны мен тіліне қарай бөлуді көрсететін көрсеткіштер «Жиынтық есеп кітабының» барлық үш бөлімінде бірдей алынады.

12) Құжаттың әрбір данасының жеке есебі басылымның инвентарь нөмірін тағайындау жолымен жүргізіледі,бұл нөмір басылымның  кітапхана қорында сақталған барлық уақытта оның атында болады.

13) Жеке есеп нысандары кітап түрінде (инветарь кітабы), карточка түрінде,парақ түрінде (акт есеп парағы), басылымдардың анықтаулы түрлеріне тіреу карточкасы (соның ішінде электрондық және көру-тыңдау құжаттары) болып табылады. Автоматтандырылған технология кезінде жеке есептің кез келген нысанын түзу үшін қажетті бүкіл ақпарат қамтылған файлдар жасалады.

14) Құжаттардың жеке есебінің нысандарында міндетті түрде мына көрсеткіштер болуы тиіс: «Кітапхана қорының жиынтық есеп кітабындағы» жазбаның күні, айы, жылы, жазба нөмері, инвентарь нөмері, авторы мен аты, басылған жылы, бағасы, тексеру тур алы белгілер, есептен шығару актінің нөмері, ескерту.

15) Басылымдарды, жарияланбаған құжаттарды, шағын нысандарды, КТҚ-ны жеке есепке алу,нысандардың әрбір түрі үшін есепке алу жеке жүзеге асырылады.

 CD-ROM, мульимедияны, дискетті есепке алу жеке есепке алу нысандарының кез келгенімен жүргізіледі.

 

Кітапхана қорынан шығарылатын құжаттарды есепке алу

 

1)     Құжаттарды қордан шығару есептен шығару туралы актімен ресімделеді және «Жиынтық есеп кітабының»   ІІ-бөлігі мен қордың жеке есебі нысандарында көрсетіледі.

2)     Көру-тыңдау құжаттарын,электронды басылымдар мен микроформаларды есептен шығару есебі мен олардың кітапхана қорынан шығару негізі көрсетілген актімен ресімделеді.

3)     Актіге есептен шығарылатын құжаттардың тізімі беріледі. Бухгалтериялық есепте жоқ құжаттарға кітап формуляры тіркелуі мүмкін.

     4) Оқырмандар жоғалтқан кітаптың орнына алынған басылымдар мен материалдар «Жоғалған кітаптың орнына алынған басылымдар мен материалдардың есеп дәптері» деп аталатын тіркеу дәптеріне жазылады.Осы дәптерге жазылған жазбалар негізінде қорға алынған және қордан шығарылған әдебиеттерге акт жасалады да, «Кітапхана қорының жиынтық есеп кітабына» керекті бөлімдеріне тіркеледі. Оқырмандардан жоғалған  басылымдардың орнына алынған ақшаны кіріс ордеріне тіркеп,оқырмандарға квитанция беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

Кітапхана қорын тексеру

 

1)     Қазақстан Респуликасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» Жарлығына сәйкес кітапхана қорын тексеру мына жағдайларда жүргізіледі

 

1)     Қор үшін жауапты қызметкер ауысқанда;

2)     Табиғи апатқа ұшыраған жағдайда,өрт басқа да жағдай болғанда;

3)     Ұрлық фактісі анықталғанда,құжаттар бүлінген жағдайда;

4)     Кітапхана қорын немесе  бір бөлігін жалға берген жағдайда;

5)     Кітапхана қайта құрылған немесе жабылған жағдайда.

     Кітапхана қорын тексеру түрлі тәсілмен (бақылау талондары арқылы, инвентарь кітабы арқылы) келесі мерзімде жүргізіледі:

1)    Сейфте сақталатын өте құнды қорлар – жыл сайын;

2)     Өте сирек кездесетін қорлар –3 жылда бір рет;

3)     Құнды қорлар – 5 жылда бір рет;

4)    Кітапхана қорының есептік бірлігі 100 мыңнан 200 мыңға дейін болса  7 жылда бір рет.

 5)   Кітапхана қорының есептік бірлігі 200 мыңнан 1 млн. дейін болса 10 жылда бір рет.

 6)  Кітапхана қорының есептік бірлігі миллионнан астам болса, тексеру жұмыстары кезекпен таңдаулы бөлмелерде жүргізіліп       15 жылдың ішінде аяқталуы  тиіс.

7)     Кітапхананың немесе оның бөлімдерінің басшысы ауысқанда кітапхана қорына немесе бір бөлігне жүргізілген тексеру кезекті тексерілуге теңеледі.

8)     Тексеру түсіндірме хат жазылған жоқ кітаптардың тізімі көрсетілген акт жасаумен аяқталады.

9)     Актіде көрсетілген тексеру нәтижелері сақтау комиссиясыында немесе қор жөніндегі басқа алқалы  жйында қаралады. Шешім негізінде есептен шығару туралы акт бекітуге беріледі.

             

 

Қорды есепке алуды ұйымдастырудағы іс жүргізу

 

1)         Кітапхана қорын есепке алу жөніндегі құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру іс жүргізу ережесі бойынша жүзеге асырылады (Госстандарт «Ұйымдық өкімдік құжаттамалардың сәйкестендіру жүйесі. Құжатарды  ресімдеуге қойылатын талап).

2)         Есепке алу жүзеге асырылатын негізгі құжаттар қатаң есеп берілетін құжаттар ретінде тұрақты сақталуға тиіс.

3)         Есепке  алынған құжаттардың сақталу мерзімі мемлекеттік мұрағат ісін ұйымдастырудың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Құжаттардың кейбір санаттары үшін сақтаудың мынадай  мерзімдері белгіленеді:

 

Кітапхана қорының кітаптары             

мен есепке алу ведомостары

       Тұрақты , кітапхана

        таратылғанға дейін

Ілеспе құжаттар (тауар құжаты,            

 тізімдеме, есепшоттар)

 

       Қор тексерілгеннен

       кейін 5жыл

Кітапқа,брошюраға акті,                              

 ілеспе құжатсыз алынған

 және басқа материалдар

              5 жыл

 

 Оқырмандардан жоғалғандардың                   

орнына алынған басылымдары                             

есепке алу кітабы

         Кітапхана таратылғанға

         дейін, тұрақты.

Баспасөз өнімдерін немесе                                             

басқа құжаттарды есептен шығаруға                  

арналған акті,кітапхана қорларын                                  

тексеру актілері                          

        Кітапхана таратылғанға

         дейіін    тұрақты                                       

 

4) Сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін есепке алу құжаттары белгіленген тәртіппен жойылуға тиіс.

5) Есепке алынған құжатарда мазмұндалған ақпарат шағын көздерге ауыстырылуы мүмкін.

6) Есепке алынған құжаттарға енгізілген өзгерістер (қате қойылған нөмір, жеке есепке алу нысандары жоғалған жағдайда басылмдарға және басқа құжаттарға қойылған инвентарь нөмерлерді жаңалармен ауыстыру, тіркеу карточкаларын басылымдарың мерзімді және басқа түрлеріне көшіріп жазу кұжатпен ресімделеді.

7). КТҚ-ны кәдеге жарату белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

 

Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министірлігінің білім беру ұйымдары кітапханалары кітап қорының сақталуы туралы

 

                                   1. Жалпы ережелер

 

 1. Мемлекетік бюджет есебіне қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары кітапханаларының қоры мемлекет меншігі болып табылады және Қазақстанның қолданылып жүрген  Конститутциясына сәйкес қорғалады.

2. Мемлекет өзінің билік және басқару орындарының қатысуымен кітапхана қорын сақтау мен пайдалану, сондай-ақ  оны бүліну мен тонаудан қорғау үшін қолайлы жағдай жасайды.

3. Сирек басылымдар, сондай-ақ аса құнды кітап жинақтары ұлттық мұра болып есептеледі.Сирек басылымдарды анықтап есепке алу белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Қордың сақталуына кітапхана басшылары, қорға кіруге рұқсты бар қызметкерлер мен пайдаланушылар жауап береді.Қордың сақталуы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуын бақылайтын жұмыс органы қормен жұмыс ітеу комссиясы болып табылады. Ол кітапханадағы жетекші мамандар, бухгалтерия өкілдері мен жұртшылық қатарынан құрылады. Кітапхана басшылары мен барлық қызметкерлер кітапхана қорының сақталуын қамтамасыз ету басылымдармен мерзімді басылымдар, т.б материалдардың  жойылып, ысырап болмауына, ұрлыққа жол бермеу, ұжым мен оқырмандарды жалпы мемлекеттік меншікке ұқыпты қарау сезімін тәрбиелеу шараларын қолдануға міндетті.

 

                         2. Кітапхана қорының сақталу шарттары

 

5. Кітапхана қорының сақталу шарттары оның физикалық- химиялық биологиялық және механикалық бүлінуден қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.

6. Сирек құнды құжаттар, тұрақты және ұзақ пайдаланылатын басылымдар мен материалдар қолданылып жүрген мемлекеттік стандарттарға сәйкес сақталады.

7. Кітапхана қорының сақталуына арналған үй-жайларға, бөлмелер мен құрал жабдықтарға қойылатын талаптар мен оның сақталуын қамтамасыз ететін басқа да шарттарды СН 548-22 құрылыс нормалары, «Кітапханаларды жобалау жөніндегі нұсқау, «Кітапханалардағы қауіпсіздік техникасының қағидала- ры, сондай-ақ 7.50.90 «Құжаттарды сақтау. Жалпы талаптар» мемлекетарлық мемлекеттік стандарты бекітеді.

8. Қор сөрелерде, арнаулы шкафтарда немесе сейфтерде тігігнен  және көлденеңінен сақталады. Көлемі 35 см-ге дейінгі кітаптар мен журналдар сөрелерде тігінен, ал үлкен көлемді кітаптар мен журналдар көлденеңінен қойылады.

Парақ материалдар қораптара сақталады. Барлық газеттер мен журналдар түптеледі.

9. Кітап қоймасын жарықтандыру табиғи және жасанды болуы мүмкін.Табиғи жарықтандыруда күн сәулелерінің қорға тікелей түсуіне жол берілмейді. Күн сәулелерін шашырату үшін перделердің әртүрлі жүйесі қолданылады. Жасанды жарықтандыруда жарық нормасын арттыруға болмайды. Электрмен жарықтандыруды 40-60 ваттық бір лампа сөреарлық  өтпелердің әрбір 2-метріне 75 ват- тық лампа негізгі өтпенің әрбір 4-5 метріне есептеп қойылған лампалармен қамтамасыз етіледі. Электрлі жарық көздері өрттен қауіпсіз әрі шаң мен ылғал өткізбейтін болуы тиіс.

10. Қорды сақтаудың қолайлы темературасы 17-19 С, ауаның ылғалдылығы 55 С.

11. Қорды сақтаудың қалыпты режимі шартарының бірі – оны шаңнан қорғау және биологиялық зиянкестерден тазарту. Бұл жұмыс тұрмыстық шаңсорғыш -тың және формалиннің                   2-3 ертіндісіне батырылған мақтадан жасалған тампонның көмегімен тұрақты кем дегенде жыл бойы бір-екі рет жүргізілуі тиіс. Шыбын–шіркейлер бүкіл қорға таралып кеткен жағдайда дезинфекциялау жүргізіледі.

                  

 

 

3. Қорды ұйымдастыру барысында оның сақталуын қамтамасыз ету

 

12. Жинақтау мен өңдеу барысында қордың сақталуы,қорды есепке алу жөніндегі нұсқаулармен реттеледі.Есеп құжаттарының жүйесіне жөнелту құжаттары (шот, накладной, чектің көшірмесі, акт, түбіртек және т.с.с.) жиынтық және жеке есеп нысандары (кітапхана қорының есеп кітабы,  инвентарь кітабы, түсімдерді тіркеу журналы, есеп каталогтары мен картотекалары сондай-ақ

 автоматты режимдегі есеп каталогары мен картотекалары) кіреді.

 13. Барлық басылымдар мен басқа да құжат түрлері кітапхана өңдеуіне кейін кітапхана қорына жөнелтіліп, қордың мазмұнына, көлемі мен мақсатына, басылымдар мен материалдар құрамына қарай орналастырылады. Қордың  орналастырылуы сақтауға  ыңғайлы болуға тиіс. Қордың дұрыс орналастырылуы мен физикалық жай-күйі үнемі бақылауда болады.

14. Өрттен қорғану қағидаларын сақтау керек. Кітапхана бөлмелерінде темекі шегуге тыйым салынады. Кітапхана өңдеуінен өтпеген кітаптар оқырмандарға үйге беруге, оқу залынан, оқырман формулярында тірклмеген басылымдарды, сондай-ақ анықтама басылымдарының,сөздіктердің,шежірелердің (энциклопедия)    және т.т. жалғыз данасын беруге тыйым салынады.

15. Әңгімелесу, көрнекі насихаттың әралуан жолымен оқырмандарды кітапқа ұқыппен қарауға тәрбиелеу жұмысын тұрақты жүргізіп отыру керек.

16. Қор иесі бөлімдерге сырт киіммен және сөмкемен кіруге тыйым салынады. Еркін пайдалану қорына оқырмандар тек кітапханашының қатысуымен басылымдар мен материалдар берілген кезде ғана  жіберіледі. Кітапхана басылымдар мен материалдарды сыртқа алып шығуға қатаң бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.

17. Қор сақтау бөлімі мен функционалды бөлімдердің қослқы қорларының бөлмелеріне жиналыстар, мәслихаттар мен басқа да шараларды өкізуге тыйым салынады.

18. Кітапхана оқырмандарды қатыстыра отырып шағын жөндеуді (түскен беттерді желімдеу, мұқабаны желімдеу және т.т ) жүйелі түрде жүргізіп отыруы тиіс.

19. Оқырмандардың сұранымындағы жұмсақ мұқабалы немесе мұқабасы жоқ, сондай-ақ тұрақты немесе ұзақ мерзімге пайдалануға арналған басылымдарды қайта түптеген жөн. Пайдалану мүмкіндігін кеңейту мақсатында аса зор сұраныстағы жекелеген басылымдар  мен олардың бөлімдері әралуан тәсілмен көбейтіліп көшіріледі, күйтабақтар магнит таспасына қайта көшіріледі. Микрофото  көшірмесі негізінде ұзақ әрі тұрақты сақтауға арналған ғылыми, тарихи және көркемдік жағынан аса құнды басылымдардың сақтандыру қоры жасалады. Ол қауіпсіз орында мұқият сақталуы тиіс.

20. Басылымдар мен материалдардың факт жүзінде  бар-жоғын анықтау үшін, кітапханалар мына мерзімде қорды жоспарлы тексеруді жүргізеді:

1)     бастауыш және орта білім беру ұйымдары, кәсіби техникалық білім беру ұйымдары кітапханаларды- 5 жылда бір рет;

2)    жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханалары         7 жылда бір рет.

       Кітап сақтау бөлімінің қоры таңдамалы түрде (аса құнды басылымдар) тексеріледі. Төтенше жағдайлар (стихиялық апаттар, ірі тонаулар, өрт және т.б) болған жағдайда немесе қор үшін жауапты адамның ауысуына байланысты тексеріс жоспарлы ретінде саналады.

        Қордың сақталуы үшін жауапты адам ауысқан кезде өткізу қабылдап-тапсыру актіне сәйкес жүргізіледі. Міндетті жоспарлы тексеріс кітапхана балансында тұрған кітаптардың, кітапшалар мен кинофотоқұжаттардың барлығы жатады. Қорды тексеру    қорытындылары бойынша екі данадан тұратын акт  жасалады.

       Актіге қорда жоқ басылымдар мен басқа материалдардың тізімі тіркеледі. Актіні кітапхана қарамағындағы білім басшысы бекітеді.

21. Қорды тексеру кітаптары «Инвентарь кітабымен» тікелей салыстыру жолымен немесе бақылау талондарының көмегімен жүргізілуі мүмкін.

       Басылымдардың бақылау талондары онда сақталатын инвентарь кітабымен салыстырылады.

22. Кітапханаларда қолданылып жүрген нұсқауларға сәйкес қордан басылымдар мен материалдарды шығаруға рұқсат етіледі. Есептен шығару жолымен мазмұны жағынан ескірген, көнерген, ақаулы, сондай-ақ  оқырмандар жоғалтқан және белгісіз себептермен жоғалған басылымдар алынады. Профильді емес және басы артық дублетті, аз сұраныстағы басылымдар  айырбас қорлары арқылы білім жүйесі кітапханлары арсында бөлінеді.

      Кітапхана қызметкерлері  нотариалдық кеңсенің атқарушы жазбасы, төлқұжат үстелінен, жергілікті әкімшіліктен, оқу немесе жұмыс орнынан берілген анықтама негізінде, оқырманның белгісіз бағытқа кетіп қалуы, сондай–ақ оқырман қаза болған жағдайда басылымдарды есептен шығару құқығы бар.

     

      Ескерту: Білім беру ұйымдары басылымдар мен басқа материалдарды жыл сайын есептен шығарып отыруға міндетті.

23. Идеологиялық немесе саяси есеп бойынша бсаылымдар мен басқа  материалдарды толығымен алып тастауға тыйым салынады.

                     

 

                     4. Қордың қолдану барысында сақталуы

 

24. Кітапхана қорында сақталатын басылымдар мен басқа материалдар оқу залында, абонементте және кітапханааралық абонемент бойынша кітапханаларды пайдалану қағидасына сәйкес оқырмандардың пайдалануына беріледі.

25. Кітапхананың қызмет көрсету аймағында уақытша тұратын, біліктілікті көтеру курстарында сырттай оқып жүрген адамдарға тек оқу залын пайдалануға ғана құқық беріледі. Басылымдар мен материалдар үйге қордың сақталуы үшін жауапты кітапханашының еркінше басылымның кепілді немесе нақты құнымен беріледі.

26. Басылымдардың міндетті және бақылау данасы, сондай-ақ сирек,  құнды материалдар оқырмандарға тек оқу залында пайдалануға беріледі.

27. Кітапхана қызметкерлері қарыз оқырмандармен тікелей тұрақты жұмыс жүргізеді. Кітапхана кітаптары мен мерзімді басылымдар және материалдарын қайтару мерзімін бұзған пайдаланушылардан әрбір кешіктірілген күн үшін мөлшерін кітапхана белгілеген өсім алынады.

28. Кітапхана оқырмандары жұмыстан босатылған кезде кітапхана алдындағы қарызын жойып, ол жөнінде құжатты растама (кету қағазы) алу міндетті.

29. Кепілдеме туралы Заң негізінде және қордың сақталуы мақсатында қызмет көрсетудің кепілді жүйесін егізуге болады. Кепілдіктер мөлшері аса зәру оқулықтар үшін  алынады.

 Оқып–үйрену мерзімі біткен соң басылымдар кітапханаға қайтарылады, кепілді сома толығымен оқырманға қайтарылады. Құжаттарды жоғалтқан жағдайда кепілді сома кітапхана пайдасына көшіріледі.

 

5. Қордың сақталуы үшін жауапкершілік

 

 30. Кітапхана пайдалану қағидасын бұзған немесе оның қорына залал келтірген заңды ұйымдар (кәсіпорындар, ұйымдар, білім беру ұйымдары т.т) мен азаматтар Қазақстан Респуликасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес материалдық, қылмыстық және т.б жауапкершілікке тартылады.

31. Жоғалған, бүлінген басылымдар мен материалдар құны нақты (нарық) бағасы бойынша белгіленеді. Өзара келісім-шарт бойынша пайдаланушы шығынды білім беру ұйымының бухгалтериясы арқылы өтеуі немесе  құны бір басылымдармен алмастыруы мүмкін, басқа жағдайда өтем нотариалдық кеңсенің атқарушы жазбасы (ескілік мерзімі 3 жылдан аспаған жағдайда) негізінде даусыз тәртіппен жүргізіледі. Кәмелетке жетпеген оқырмандар жоғалтқан (бүлдірген) кітаптар мен мерзімді басылымдар  кітапхана құны мен  мазмұны бірдей деп таныған, сондай-ақ баспа туындысымен және материалдармен алмастырылады. Бұл орайда ата –аналар, қамқоршылар жауапкершілікке тартылады.

32. Кітапхана аралық абонемент арқылы алынған басылымдар мен материалдардың сақталуы үшін жауапкершілікті: бланк –тапсырыс, телетайпограмма, фототелеграмма құжаттары негізінде абонент –кітапхана таратады. Кітапхана-аралық абонент арқылы алынған басылымдар мен материалдар бүлінген жағдайда абонент қор иесі кітапханамен келісім бойынша оны дәл сондай данамен (түпнұсқамен немесе көшірмемен) алмастыруға немесе нарық бағасына сәйкес ақшалай өтем енгізуге міндетті.

      Екерту: Қымбат басылымдар бандерольмен жөнелтіледі. Басылымдар құны мұндай жағдайда осы нұсқаудың 31 тармағы негізінде анықталады. Жөнелту кезінде жоғалған басылымдар мен материалдар үшін байланыстың пошта бөлімшелері  жауап береді.

33. Кітапхана қорын пайдалану қағидасын бұзғаны үшін оқырмандар мен абоненттер кітапхана әкімшілігі белгілеген мерзімге кітапхананы  пайдалану құқығынан айырылады. Бұзушылар туралы материалдар халық соттары әкімшілік органдарының қарауына берілуі мүмкін.

34. Кітапхана қызметкерлері белгіленген есеп, сақтау және қорды пайдалану қағидаларын сақтауы тиіс және осы қағидаларды бұзғаны үшін жауап береді.

      Кітапхана қызметкерлерінің материалдық жауапкершілігі келтірілген шығынның мөлшерімен шектеледі, бірақ айлық орташа жалақысының  үштен бірінен аспауы тиіс.

      Ескерту: Кітапхананың қорды сақтау, сондай-ақ еркін пайдалану қоры жоқ  басқа да бөлімшелерінің қызметкерлері өз қорын сақтау үшін ұжымдық жауапкершілк туралы клісім-шарт жасалады.

      Ұжымдық бөлім жиналысының хаттамасында тіркелген есеп, сақтау мен қорды пайдалану қағидасын бұзған ұжымдық келісім-шарт субьектісі-қызметкерлердің бірі қызметінен босаған жағдайда оның айлық орташа жалақысының кем дегенде 30 пайызына дейінгі сома ұсталады.

       Кітапхана қызметкерлері клтірілген шығынын тиісті ақша мөлшерін кітапхана шотына енгізу немесе жоғалған басылыммен тең келетін басылыммен алмастыру жолымен ерікті түрде өтеу құқығы бар.

 35. Кітапхана қызметкерлері жоғалтқан басылымдары мен материалдары үшін мына жағдайда материалдық  жауап бермейді:

 1) егер оны сақтау үшін лайықты жағдай (тиісті бөлме, қызметкерлер штаты, дабылдама т.б) жасалмаса;

 2) кітапханашылар жоғалуға жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қолданған жағдайдағы оқырмандардың қорды еркін пайдалануы.

 Есептен шығару кінәлі адамдардың шынымен болмауын егжей-тегжейлі  тексергеннен кейін, олардың жоғалуына жол бермеудің қажетті шаралары қолданылған жағдайда ғана жүргізілуі мүмкін 36. Қайта есептеу кезіндегі басылымдар мен материалдар білім беру ұйымы басшысының рұқсатымен есептен шығарылады.

37. Кітапхана қызметкерлері:

1) қылмысық жазаланатын іс-әректпен (иелену, ұрлық, басылымдарды заңсыз есептен шығару, қызмет бабын өз мақсатында пайдалану ) залал келтірген жағдайда;

 2) қызметкелер есеппен алған басылымдар мен материалдарды жоғалтқан жағдайда;

3) «Қазақстан Респуликасындағы Еңбек туралы» (1999 ж.10 желтоқсан) заңында көзделген басқа да жағдайларға  толық материалдық жауап береді.

38. Кітапхана басшыларының  материалдық жауапкершілігі қолданылып жүрген заңдармен реттеледі.

30. Сақтау үшін қажетті жағдайдың болмауы осы нұсқауға сәйкес кітапхана басшысының оқырмандардың қорды пайдалануын шектеуге құығы бар.

 

 

Hosted by uCoz