М Е К Т Е П   Т Ү Л Е К Т Е Р І  -  Е Л   М А Қ Т А Н Ы Ш Ы

 

Пірназаров Ақпантай

Ол 1936 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен станциясында дүниеге келген. 1953 жылы Қаракеткендегі «Ж.Жабаев» атындағы жетіжылдық мектепті аяқтап, 1950 жылы аудан орталығы Жалағаштағы «Сталин» орта мектебін бітіреді. Сол жылы Ташкент қаласындағы политехникалық институтқа түседі де, оны 1958 жылы бітірісімен Қызылорда қаласындағы арақ зауытына бірден бас инженер болып орналасып, онда 1962 жылға дейін істейді.

1962-64 жылдары облыстық комсомол комитетінің өндіріс және көлік бөлімінде нұсқаушы, 1964-68 жылдары облыстық кәсіподақтары комитетінің бөлім меңгерушісі, 1968 жылдан 1975 жылға дейін қалалық коммунальдық шаруашылығының бастығы, 1975-80 жылдары Қызылорда сыра зауытының директоры, одан 1985 жылға дейін арақ зауытының директоры қызметтерін атқарды. 1985-95 жылдары жеке кәсіппен айналысқан. 1995-2006 жылдары аралығында облыстық наркология орталығында әкімшіліктің шаруашылық жөніндегі орынбасары болып қызмет істейді. 2007 жылдан бері қалалық әкімшілікте кеңесші қызмет атқарады.

Ол 1980-85 жылдар аралығында қалалық кеңеске екі дүркін депутат болып сайланған және осы жылдары қалалық  партия комитетінің пленум мүшесі болған

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz