Д е р е к т е р   қ о р ы

Ресми ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы

 

http://www.egemen.kz/img/260211-2.jpg

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары

26 Ақпан 2011

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы хабарлайды

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары

5 ақпаннан бергі кезеңде барлығы 22 кандидат ұсынылды.

1. Өтен Сәлім Сағындықұлы (өзін-өзі ұсынған)

2. Қайсаров Уәлихан Әбішұлы (өзін-өзі ұсынған)

3. Дуамбеков Мұсағали Сәрсенбайұлы (өзін-өзі ұсынған)

4. Асылбек Амантай Хантемірұлы (өзін-өзі ұсынған)

5. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы («Нұр Отан» халықтық-демократиялық партия­сы» қоғамдық бірлестігі ұсынған)

6. Есжанов Қанат Сабырұлы (өзін-өзі ұсынған)

7. Турагелдиев Қанат Сбашұлы (өзін-өзі ұсынған )

8. Масина Зәуре Жұмағұлқызы (өзін-өзі ұсынған )

9. Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы («Қа­зақстанның Коммунистік Халықтық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған)

10. Нұрсила Советқазы Күсетайұлы (өзін-өзі ұсынған)

11. Баймурзин Толыбай Нұрділдәұлы (өзін-өзі ұсынған)

12. Тоқбаева Гүлдана Шәмиқызы (өзін-өзі ұсынған)

13. Қарамаева Майя Төлегенқызы (өзін-өзі ұсынған)

14. Кұнанбаев Адалбек Оқанұлы (өзін-өзі ұсынған)

15. Елеусізов Мэлс Хамзаұлы (өзін-өзі ұсынған)

16. Қожағұлова Мейрамкүл Нұржан­қызы (өзін-өзі ұсынған)

17. Бәзілбаев Жақсыбай Әбішұлы (өзін-өзі ұсынған)

18. Телібеков Мұрат Айтжанұлы (өзін-өзі ұсынған )

19. Ділмағамбет Біржан Жетіруұлы (өзін-өзі ұсынған)

20. Қасымов Ғани Есенкелдіұлы («Қа­зақ­станның патриоттар партиясы» қоғам­дық бірлестігі ұсынған)

21. Рахметов Кұрманғазы Әбденұлы («Желтоқсан» халықтық-патриоттық қоз­ға­лы­сы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған)

22. Сапарғали Серік Садықұлы (өзін-өзі ұсынған)

Саяси партиялар ұсынған кандидаттар – 3, қоғамдық бірлестіктер ұсынғандар – 1, өзін-өзі ұсынғандар – 18.

Ұсынылған кандидаттардың 18-і – ерлер, 4-і – әйелдер.

21 кандидаттың жоғары білімі, ал біреуінің арнайы орта білімі бар.

Қызметі бойынша: Қазақстан Респуб­ли­касының қазіргі Президенті, Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Сенатының де­путаты – 1, мемлекеттік мекеме қызмет­кері – 1, коммерциялық құрылым қыз­мет­керлері – 5, саяси партия қызметкері – 1, қоғамдық бірлестіктер қызметкерлері – 5, зейнеткерлер – 2, уақытша жұмыс істемейтіндер – 4, басқалар – 2.

7 үміткер: У.Ә.Қайсаров, С.С.Өтен, А.Х.Асылбек, М.Н.Қожағұлова, М.­Т.Қа­ра­маева, Ж.А.Бәзілбаев, М.Х.Елеусізов өз кандидатураларын 2005 жылғы президенттік сайлауда да ұсынған болатын.

Соның ішінде Жақсыбай Әбішұлы Бәзіл­баев пен Амантай Хантемірұлы Асылбек пре­зиденттік сайлауда өз кандидатураларын осымен үшінші рет ұсынып отыр: 1999, 2005 және 2011 жылдары.

Өткізілген тексерістердің нәтижелері бойынша, 22 үміткердің 12-нің Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкес екендігі анықталды.

5 кандидатқа қатысты лингвистикалық комиссия мемлекеттік тілді еркін мең­гермеген деген тұжырым жасады. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы оларды Қазақ­стан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдады.

Үш кандидат белгіленген уақытта лин­гвис­­тикалық комиссияның отырысына келмеді.

Бір кандидат мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі рәсімді өтуден бас тартты.

Екі үміткер, соның ішінде біреуі – Ортсайлауком оның Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін белгілеген соң, өз канди­датураларын алып тастады.

Конституция мен сайлау туралы Конс­титуциялық заң қоятын талаптарға сәй­кес­тігі анықталған кандидаттардың барлығына өздерін қолдайтын азаматтардың қолын жинау үшін қол қою парақтары берілді.

ҚОЛ ҚОЮ ПАРАҚТАРЫ

Сайлау заңнамасына сәйкес сайлау­шы­лар­дың Президенттікке кандидатты қолдауы олардың қолдарын жинау арқылы расталады.

Президенттiкке кандидатты облыстар­дың кем дегенде үштен екiсiнің, Алматы және Астана қалаларының атынан теңдей өкiл­дiк ететiн сайлаушылардың жалпы саны­ның кем дегенде бiр пайызы қолдауы тиiс.

Кандидатты қолдап қол жинауды оның сенім білдірілген адамдары ұйымдастырады.

Әрбір қол қою парағының рет нөмірі болуға тиіс және оған кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты мен оның сенім білдірген адамының жеке қолы, қол жинаушының тегі, аты, әкесінің аты, қол жинау жүргізілген елді мекеннің атауы, сондай-ақ қол қоятын адамдар туралы мынадай мәліметтер бар бағаналар енгізілуі тиіс:

1) тегі, аты, әкесінің аты;

2) жеке басын куәландыратын құжат­тың нөмірі мен сериясы;

3) туған күні, айы мен жылы;

4) тұрғылықты немесе уақытша тұратын жерінің мекен-жайы:

5) жеке қолы.

Қол жинаушы адам қол жинаған кезде тиісті қол қоятын парақта жеке қолы қойылған кандидаттың сенім білдірілген адамының тіркелгені туралы куәліктің көшірмесін көрсетуге тиіс.

Кандидатты қолдап қол қойылған па­рақ­тар аумақтық сайлау комиссияларына тап­сырылады. Комиссиялар қойылған қол­дардың растығын паспорт қызметі өкіл­дерін қатыстыра отырып, бес күн ішін­де тексереді, тиісті хаттама жасайды және оны Орталық сайлау комиссиясына жібереді.

Қолдардың растығын тексеру Президенттікке кандидатқа қажет 91 мың 10 қол расталғанға дейін жүргізіледі. Яғни, азамат­тардың 91 010 қолы расталғаннан кейін, қалған қолдардың растығы тексерілмейді.

Өңірлерден келіп түскен мәліметтерге қарағанда, 23 ақпандағы жағдай бойынша, 13 өңірде М.С. Дуамбековтің сенім білдірілген адамдары тіркелген.

С.С.Өтеннің сенім білдірілген адам­дары 5 өңірде тіркелген.

Ж.А.Ахметбековтің сенім білдірілген адамдары қолдап қол жинауды еліміздің барлық 16 өңірінде жүргізуде.

Сондай-ақ, кандидаттар Ғ.Е.Қасымов пен М.Х.Елеусізовті қолдап қол жинау да белсенді жүргізілуде. Олардың сенім білдірілген адамдары 15 өңірде тіркелген.

Сайлау заңнамасына сәйкес, кандидат­тың Конституция мен сайлау туралы Конс­титуциялық заң қоятын талаптарға сәй­кестігі анықталған соң, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссиялары кандидаттарды қолдап жиналған азаматтардың қолдарының расты­ғын тексергеннен кейін үміткер Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын – 799 950 теңге аударуы тиіс.

Егер кандидат Президент болып сай­ланған немесе дауыс беруге қатысқан сай­лаушылардың кем дегенде бес пайызы­ның дауысын алған немесе кандидат қай­тыс болған жағдайда жарна қайтарылады, ал қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және рес­пуб­ликалық бюджет пайдасына алынады.

Оның сыртында, кандидат пен оның жұ­байының (зайыбының) 2011 жылғы 1 ақпан­дағы жағдай бойынша табысы және мүлкі туралы тұрғылықты жері бойынша салық органына декларация тапсыруға міндетті.

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын салық комитеті органдары кандидат тіркелгеннен кейін он бес күн ішінде тексереді.

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс еместігінің анық­та­луы кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға негіз бола алды.

Кандидаттарды тіркеу 2011 жылғы 2 наурызда аяқталады.

Қазіргі кезде Орталық сайлау комис­сия­сы бір кандидатты тіркеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Hosted by uCoz