Д е р е к т е р  

Әдебиет майталмандары

 

Тоныкөк     Қазақтың ақиық ақыны - Мұқтар Шақанов. width=

І.
Қартаю ылғи ортаю емес, ортайған жанның – соры көп,
Қартайған сайын қанатын қомдап, мазмұндана түсті Тоныкөк.
Қанша рет жаудан мекенін қорғай, өліммен келген бетпе-бет,
Мазмұнды шақта тәуелді болмай қалуға қанша от керек?

Осындай қарттық салтанат құрғай, бұл неткен өрлік, жаным-ау,
Әділдік үшін қағанның өзін қаған екен деп танымау.
Қаптаған жауын ақылмен емес, қара күшімен жасқаған,
Қапаған көсем – азулы түрік тайпаларындағы бас қаған

Жеңіспен сырттан оралған кезде шоқтанып дара кескіні,
«Тоныкөк баба шақырып жатыр» деген бір хабар естіді.
Көңілге секем алғаныменен, бармауға жоқ-ты амалы,
Бұл қайсар қарттың әр сөзі елде алтыннан да артық бағалы...

Қағанның берген сәлемін алмай бастады сөзін Тоныкөк:
– Абыройсыз басшы атану оңай әрі оның мұңлы жолы көп...
Ежелден бізге жау елдің үшке жаңадан толған гүл құрақ
Сәбиін түйе табаныңменен таптапсың, езіп, мыжғылап.
Және сол тайпа көсемінің сен толғатып жатқан келінін
Қылышпен жарып, баласын турап, қорлапсың гүлзар өмірін.
Рас па бұл сөз? – деп түнерді ол.

- Иә, рас, - деді Қапаған, -
Мақалды қалай мойындамаймыз, жол тартқан сансыз атадан?:
«Жауын аяған жаралы болмақ». 
Даналық сөз бұл, арысым,
Көршілес елдер біздерді әркез қатал күшімізден танысын!
Осынау Қапан атағымменен әскерді өзім басқардым,
Найзамен, қанмен қасқита жаздым әр жолын ерлік дастанның.

Сізден мен мақтау дәметіп едім, алдымнан шықты налаңыз...
Ел қарты ерді бағаламаса, шындықты қайдан табамыз?
– Шайқассаң дағы қанқұйлы жаумен, адам екеніңді ұмытпа,
Ізгілік сезім қай жағдайда да тұрмауы тиіс құлыпта! –
деді қарт дана, - Батырлық деген тасырлық емес білгенге,
Тасына берме, әскерің бүгін соңыңнан жөңкіп жүргенге.
Үлгі еттің нені көсемі нәрсіз жеңілген жаудың халқына,
Зұлымдығыңмен кір жақтың лезде еліңнің бедел-парқына.

Жүз жерден, мейлі, мадақталса да, ерлік те, тіпті білім де,
Рухқа тамыр жібере алмаса, тудырар қауіп түбінде...
– Қытайдың әйел патшасының ұлы қызыма сырттай көз салып,
Кейіннен тіпті қонаққа келіп, емінген кезде сөз салып,
Күлтегін, Білгемен бірлесе жүріп, жолыма қақпан құрдыңыз, –
деп Қапаған ашуға басты – бағымды кейін бұрдыңыз.

Бағынбай ғұмыр кеше алмаймыз ғой...
Еліміз біздің, расында,
Мысыққа ұқсас жолбарыс-Қытай мемлекетінің қасында...
– Белгілі бәрі, – деді қарт дана, – бодандыққа бастап еліңді,
Ой шырмар жойқын сатқындық іске буып ең сонда беліңді.

Қарсы топ құрдық, мәжбүрледік те, бағытыңнан кері қайтуға,
Ол үшін тіпті тиісті едің сен біздерге алғыс айтуға!
– Жоқ, айта алман! – деді Қапаған, - сенімім, санам өзімде,
Қытайсыз жеке күн кеше алмаймыз... зор сақтық жатыр сөзімде.

Күшті елдің егер тілін меңгерсек, бұрылар бізге көңілі,
Көңілін бұрсақ түрік тайпаларының қауіпсіздене түсер өмірі.
Ол елге бодан болу да бақыт... көрерсіз оны кезінде...
Бүркіттің күші тырнағында болса, ал менің күшім – төзімде!..

– Түсіндім, - деді Тоныкөк қария, – ет кессе де енді етіңнен,
Мәңгүрттенуге жол алыпсың-ау, қайтпассың бағыт-бетіңнен.
Ұл-қызың қытай тілінде сайрап,
Ойыңды әркез қытай боп байлап,
Жағындың сарай маңындағыларға бірнеше дүркін сый беріп,
Жақында қытай ақсүйегінің қызына да алдың үйленіп.
Ұғынбадың-ау, тәуелсіз тіл мен тәуелсіз рух бағасын,
Сірә, сен қытай сарайындағы күлкілі зат боп қаласың...
ІІ.
Сеңдей жылжып... сол жеті жүз он алтыншы жыл келді,
Күзгі ызғырық бір-ақ түнде жайпап өтті гүлдерді.
Бодандыққа мойынсынбау болып басты айқасы,
Зорлық пен рух тірескен соң...
Кескілескен күрестен соң
Қапағанға тізе бүкті өр байырқы тайпасы.

Тек төрт адам аман шығып, паналады орманға.
...
Толы өзені жағасында, қол артқандай арманға,
Көңлі тасып, серуенде қаған жалғыз қалғанда,
Мұңын қосқан іріктеліп,
Әлгі төртеу бұғып келіп,
Қасиетсіз қанішердің басын алды сол маңда...

Басты апарып олар қытай елшісіне ұсынды,
Елші бірден мұнда не сыр жатқандығын түсінді.
Сосын, басты жібекке орап әміршіге жеткізді,
Ал әмірші қаған ісін ой-електен өткізді:

-
Бұл бейшара жанын салған бізге бодан болуға,
Сондықтан да тиіс сарай қызметінде қалуға.
Ой, әттең-ай, адам еді ыңғайлы әрі тиімді,
Қытай десе ықыласы елден-ерек тасыған.

Амал қанша, енді менің көрсін соңғы сыйымды!..
Ол шеберін шақыртты да: «Қапағанның басынан
Той-жиында шарап ішер ыдыс соқ!» - деп бұйырды.
Сөйтіп дана Тоныкөктің дөп келді бар айтқаны,
Сорлы қаған мекеніне мәңгілікке қайтпады.

Талай билік ауысқанмен, қалған емес іссіз бұл.
Естелік боп мұң мен мазақ өтінде,
Шарап ішер әсем ыдыс ретінде
Император сарайында қызмет етті үш жүз жыл...

Бірде елі тап болғанда азапты, ауыр заманға,
Ұлы Түрік қағанаты жаншылғанда табанға,
Император мақтанышпен сөз сөйледі толғанып,
Шарап құйған мұның басын сәл жирене қолға алып...

ІІІ.
Қай кезде де талғамыңа байланысты кеңісің,
Шындық... әлде сатқындықпен ұлғайды ма өрісің?
Қатал уақыт қатал сұрақ әзірледі сен үшін:
«
ЕРТЕҢ ЖЕҢІС САНАЛА МА БҮГІНГІ ҮЛКЕН ЖЕҢІСІҢ?
ҚЫЗМЕТ ЕТТІҢ ҚАЛАЙ, ҚАЙТІП, КІМГЕ ЖӘНЕ НЕ ҮШІН

XIV ғасыр тудырған ғаламаттардың бірі - Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи ескерткіші.

Бірақ өкшінішке қарай, осы алып ғимараттың оң қанатын сәулеттендіру жұмысы аяқталмай қалған.
(Газет мақаласынан үзінді.)
Талай-талай білімпаз асылдарды
Теңескенде келтірмей иығынан,
Ескерткіш тұр
Қаншама ғасырларды
Ұзатып сап, күлімдеп миығынан.

Жалқау, қиқар түйедей тартыншақтап, 
Жылжыды еміп сүтінен кемел жердің. 
Ескерткіш түр ұлыл
ық қалпын сақтап, 
Даңқын сақтап данышпан шеберлердің.

Мизам түсіп, күз қызығы қалган кезде азайып, 
Түркістанда бір ескерткпп бой көтерді ғажайып.

Күннен-күнге келбеттеніп, күннен-күнге сән құрып
,
Нән ескерткіш бой көтерді жұртты өзінше таң қылып.

Сан мыңдаған құл-құтандар ертелі-кеш тынбастан, 
Сар даланың кеудесіне жазып жатты бір дастан.

Мерейі асқақ, зарлы дастан секілді еді ол дегенмен, 
Иран, үнді елдерінен жеткізілді шеберлер.

Жалынынан темір балқып, илеуіне тас көнер,
Хас шеберлер арасында болатын бір жас шебер.

Ол туралы жұрт айтатын: «өнерінің өрті бар»,
Тәңір қалай жарылқайын десе, әрине, еркі бар.
Саусағының салымы бар, сосын, әттең, бөркі бар...
Ал әйтпесе, қызда сирек кездесетін көркі бар».

Қайран шебер калбаң қағып, еркін алып тынысын, 
Басқарып жүр ескерткіштің ою-өрнек жұмысын.

Қор бейнеттен жұрт кешкісін дем алғанда болдырып,
Түркістанды түрлендіріп ән бастайтын сол жігіт.

Ол ән салса, қапас, тұйық кеудесінде жел тұрып, 
Бірде жарын, бірде анасын к
өз алдына келтіріп,
Басыбайлы батпан мұңы сәл де болса кертіліп, 
Құл-құтандар жадырасып, қалатын бір серпіліп.

Ол ән салса, ұзақ түнді кірпік ілмей атырған, 
Сәукелелі қыз шығатын шеттегі алтын шатырдан.
Тілек сайын тізгіндескен неткен іңкәр өмір бұл?
Сол бойжеткен балдызы еді, қаһарлы Ақсақ Темірдің.

Міндет ауыр. Хан бұйрығы мәмілеге қарай ма? 
Ғимаратты енді аз күнде бітірген жөн қалай да.
Шеберлерді ықыластап, ынталамақ ниетпен, 
Хан оларға балдызының қызметін сый еткен.

Хан балдызы – Мәрзия ару ішке бүгіп мұратын, 
Күнде түсте шеберлерге сусын әкеп тұратын.

Сырт көздерді қалдырмайын дейді ме өрттің өтіне, 
Паң бойжеткен жұқа ғана перде ұстайтын бетіне.

Гужбан тағдыр иығына нені артса да көнердей 
Шебер жіпт Мәрзияға ғашык, еді өлердей.

Ғашығының айдай жүзін бір көруге тамсанды,
Бірде сусын әкелгенде пердесіне қол салды.

Қыз қымсынып тұрып қалды, тұрып қалды күлімдеп, 
Алма беті гүл-гүл толқып, оймақ ерні дірілдеп.

Сосын, ләм деп тіл қатпастан, еркін басып шеткері, 
Өзіне арнап орнатылған ақ шатырға беттеді.

Мосқал шебер күйіп-пісті: «Қарағым-ау, мұның не? 
Көпсінгенің осы нұрсыз шабаталы күнің бе?

Сезіміңнің төзім жібін албырттығың қиды ма?
Енді қайттің? Әлде басың өкпелі ме иығыңа?

Пітінелі болмак, енді саған мына атар таң, 
Ертең ерте Ақсақ Темір оралады сапардан.

Болған жайды балдызы оған айтпай, сірә, түрмайды 
Айтты, бітті. Жаның онда жаһаннамға зырлайды.

Солай, ұлым. Әміршіден енді рақым іздеме,

Бірақ, сенің кесепатың соқпай кетпес бізге де».
Жігіт боп-боз. Қаны қашып, сөзін зорға бастады, 
(Бедерсізін бұрын қалай сезбей келген достары).

- Туысқандар, 
Қамданайық, амал-айла жасайық, 
Біреу айтты:
- Бүгін түнде ұйымдасып қашайық.
Келісілді. Бірақ, бірақ,... жөн болды ма қашқаны?
Хан әскері қуып, ұстап, зынданға әкеп тастады.

Енді ненің мәні қалды. (Мұңдан, мейлі мұңданба? 
Ертеңгілік Мәрзиядан хат кеп түсті зынданға.

Жігіт жылдам оқып шы
қты дір-дір етіп қолдары,
Кыздың хаты мынау еді сондағы:

«Бір күнде ашып мінезіңнің бар қырын,
Тез сөндірдің жігерің
нің жарқылын. 
Ұнап еді батылдығың алғашқы,
Тырағайлап қашқаның не, жарқыным?

Жарылардай сондай құштар сезімнен,
Өзімді-өзім тұсаулаушы ем төзіммен. 
Өлімнен де қаймықпаған тілекті, 
Қалай оқи алмағансың көзімнен?
Өнерің бар қара
ған жұрт қанбаған,
Ән
ің анау аспанымда самғаған.
Құдай саған бәрін беріп, 
Тек қана
Ерлік бермей қойғанына таң калам
Енді бәрі өшті, бәрі сөнді.
Далбаса.
Амал қанша өз сенімің алдаса?
Сен өлді деп өкінбеймін.
Әттең-ай,
Бітпей қалған мына ескерткіш болмаса...

Бұлақ өмір сүргенімен, құрақсыз 
Сезім өмір сүре ала ма мұратсыз? 
Жүрегінде ерлігі жоқ адамның, 
Барлығы да махаббатқа тұрақсыз.

***

Шомбал жігіт кіріп келді ентелеп
Кірген бойда, Әке деп
Әке деді еркелеп
Жүруші едің
Маған ылғи өкпелі
Кеюші едің
Мал болмайсың деп мені
Сол сөзіңді сірә қайтып аласың-ау шамасы
Атышулы Баймағамбет сұлтанның
Маған берген сыйлығына қарашы
Төрде отырған әкесінің алдына
Маң-маң басып барды да
Алтын жіппен әдіптелген жағасы
Сұр ішікті тастай салды баласы
Иә, сөйле деді әкесі
Қандай ерлік көрсеттің
Екі ай бойы
Қане қайда жол шектің
Баласы айтты:
Топ бастадық төрт адам
Махамбеттің жақыны
Ықыласты үгіттеп
Мақтап қағып арқаға
Қосып алдық ортаға
Бұл түгелдей
Мына ұлыңның ақылы
Еркін жетер әңгіме ол бір таңға
Қапысызда қармақ салып
Махамбетті алдап соғып
Басын кесіп сыйға тарттық сұлтанға
"Ой залым-ай, жүзіқара залым-ай"
Мұнша залым екеніңді қалай келгем танымай
Бұдан өткен зор қасірет болар ма,
Бұдан өткен зор қасірет болар ма,
деп әкесі жас үйірді жанарға
Қабағыңды жаба қалды неге мұң
Әке сенің қай сөзіңе сенемін
Есіңде ме менің бала күнімде
Махамбетті жек көремін дегенің
Рас, ұлым айтылған сөз оқпен тең
Бір кезде мен Махамбетті жек көргем
Әлде кемшін шағым ба еді ол ақылға
Пенделік қой алған мені тақымға
Оған себеп сенің анаң жасынан
Ғашық болған сол Махамбет ақынға
Азаппенен атса да асау таңдарым
Қайрағам жоқ қызғаныштың қанжарын
Іштен тынып жүре бердім төзген боп
Бірақ өзін құлай сүйген жан барын
Қайран ақын сезген жоқ
Анаң марқұм ол дегенде от жалындап көзінен
Тамсанушы ед
нақ бір бақыт табардай әр сөзінен
Ұлы ақынға деген іңкәр сезімін
Көрге бірге ала кетті ол өзімен


Ақын деген киелі аққу самғаған
Ал, ендеше аққуды атқан пендені
Қай атаңнан көріп едің, оңбаған
Бұ салада сен бірінші адамсың
Адам емес ең бірінші надансың
Ертең сені қойып желдің өтіне
Ызалы ұрпақ түкіреді бетіңе
Және бұл зар оңайлықпен тиылмас
Қанымыз бір жолымыз да шиырлас
Енді сенің кесіріңнен маған да
Туған жердің топырағы бұйырмас
Жә, не қайыр налы мейлі, налыма
Кеттік қәне
Ішігіңді ал қолыңа!


Ұясына күн тұр еді батқалы
Түксиеді меңіреу құм шатқалы
Олар үлкен қара жолға түсіп ап,
Бір төбенің басына кеп тоқтады.
"Мына төбе саған соңғы шығар шың
Болатынын ұғарсың
Сен, әрине, құралайды көзге атқан
Атқан оғын маздатқан
Менің мерген екенімді ұмытпаған шығарсың,-
Деді әкесі құлазып нар көңілі
Дір-дір етіп"Ұмытқам жоқ" деді ұлы!
" Балам үміт өмірімнің өлшемі
Өзің едің, қайғым болдың еңселі
Осы жолмен өткен жұрттың аузынан
Махамбеттің жырын тыңдап жат енді


Дала заңы - Баба заңы, қарағым,-
Деп әкесі қолына алды садағын!


***

Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп санаған жігітке

Сен жыладың жігітім
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.
Сен жыладың...
Бір қатты соққы алдым деп
Бақытсыз болып қалдым деп.
Жә-жә жарар,
Өткен күн оралар ма,
Қарау керек бауырым саған алға
Басыңдағы бөрік пе орамал ма?!
Көтер қане басыңды!
Қалай бұның
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?!
Көтер қане басыңды!
Күніңді босқа өткізіп пе едің
Тағдырың неге сыр айтты сараң
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық деп кім айтты саған?
Кім айтты саған
Тұлпарды сүрінбейді деп
Асауды мінілмейді деп
Ақ көйлек кірлемейді деп
Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп
Кім айтты саған?!
Жұрттың бәрі мейірбан арайлы деп
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп
Биікті ардақтайды деп
Асылды қорлатпайды деп?!
Жабығып бекер алаңдадың-ау
Ойыңды шығар өріске
Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау
Жеңудің бәрі жеңіс пе
Жігітке арман жеткізіп пе еді
Өз сорын өзі жеңбесе
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес ендеше...

Авторы: Мұхтар ШАХАНОВ

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz