М Е К Т Е П   Т Ү Л Е К Т Е Р І  -  Е Л   М А Қ Т А Н Ы Ш Ы

 

Шөкенов Камал (25.1.1935 ж.т, Қаракеткен станциясы) – қаржыгер, «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген экономисі»(1981), тыл және еңбек ардагері, профессор(2000). Алматы қаржы-несие техникумын(1952), Ташкент қаржы-экономикалық институтын(1957) бітірген. Техникумды бітіргеннен кейін бір жыл Мемлекеттік банктің Жалағаш аудандық бөлімшесінде несие жөніндегі аға инспектор, 1957-58 ж. Қызылорда қалалық қаржы бөлімінде халық шаруашылығын қаржыландыру бөлімінің аға экономисі, бюджет жөніндегі аға инспекторы, 1959 ж. облыстық қаржы бөлімінде халық шаруашылығын қаржыландыру бөлімінің аға экономисі, 1960 жылдан сол бөлімнің бастығы, 1963 жылдан бюджет бөлімінің бастығы-облыстық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1970-88 ж. облыстық қаржы бөлімінің меңгерушісі, 1988-97 ж. облыстық қаржы басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 1998 жылдың басынан Алматыдағы Қазақстан экономика және құқық институтының Қызылорда оқу-кеңес бөлімшесінің директоры, кейін институт Каспий қоғамдық университетіне өзгеруіне байланысты өкілдік директоры, 2005 жылдан облыстық экономика және бюджетті жоспарлау директорының кеңесшісі. Шөкенов Камал «Құрмет белгісі» орденімен, көптеген медальдармен Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. «Ғибратты ғұмыр» атты ғұмырнамалық естелік кітабы жарық көрді(2005).

                             «Сыр елі» энциклопедиясы 527 – бет

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz