АУЫЛҒА  ЕҢБЕГІ  СІҢГЕН  АЗАМАТТАР  

         

Сыздықов Әлі

(1915 - 08.011988)

  Ол 1915 жылы Сырдария уезіне қарасты Қармақшы болысының «Белсенді» (қазіргі «Шаменов» ауылында туған. Жастайынан еңбекке араласқан. Еңбек жолын Өзбекстан елінде бастаған, 1937 жылы елге оралып Жалағаш ауданының «Жаңаталап»(қазіргі «Ақсу») колхозында жұмыс істеді. 1942 жылы осы жерден Отан қорғауға алынып, 1945 жылдың 9 мамырына дейін №152 мм дербес танкіге қарсы 198 дивизион құрамасында зеңбірекші болып ұрыстарға қатысты. Жауынгер Сыздықов Әлі неміс басқыншылары жауыздықпен басып алған көптеген елді-мекендерді босатуға қатысқан. Ұрысты Прага қаласын жаудан тазартып аяқтады. Соғыстан 1945 жылдың аяғында ауылына оралып, ауылдың ауыр еңбегіне бел шешіп кірісті. 1947 жылы Қаракеткенге келіп, 1967 жылға дейін «Игілік» балық колхозында балықшы, колхоз тараған соң «Жалағаш» қой кеңшарында жұмысшы, құрылысшы болып абыройлы еңбек етті.

Ол кісі соғыс кезіндегі ерен істері үшін Бас қолбасшы И.В.Сталиннің 15 мәрте алғысына, ие болып, 2-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, 2 рет «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Праганы босатқаны үшін» және Жеңістің мерекелік медалдарымен, оған қоса еңбектегі жетістіктері үшін Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің медалдарымен марапатталды және нағыз «Еңбек ардагері» болып зейнетке шықты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz