Е Л   А Ғ А Л А Р Ы

 

Өмірзақов Ыдырыс

1904 жылы Қаракеткен ауылдық кеңесінде туған. 1929-41 жылдары Жалағаш теміржолында жұмыс істеген. 1941 жылы теміржолдан босап, базарком, ал 1941 жылдың жазынан Қарақұмда мастер болған. 1942-45 жылдары неміс фашистерімен болған Отан соғысына қатысты. Соғыстан оралған соң Қаракеткен МТС-де 1947 жылға дейін шаруашылық меңгерушісі болып істеді.. 1947-53 жылдары «Игілік» балық колхозының төрағасы, одан 1957 жылға шейін төрағаның орынбасары болып жұмыс істеді. 1957-63 жылдары ол Қаракеткен ауылдық кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарады..

Бұл кісі ел үшін қиын шақтарда халық қамы үшін қызмет етті, ауыл өміріне көптеген жаңалықтар енгізді, жетіжылдық мектеп пен пошта үйлерін асарлатып салуға ел халқын жұмылдыра білді. Ауыл адамдарының шын қамқоршысы болды.

2010 жылдың 1-қарашасындағы ауыл әкімінің шешімімен Қаракеткен ауылының «70-лет СССР» көшесінің аты өзгертіліп, осы кісінің есімімен аталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz