М Е К Т Е П   Т Ү Л Е К Т Е Р І  -  Е Л   М А Қ Т А Н Ы Ш Ы

 

Үргенішбеков Айтмағанбет Тұрсынбайұлы

Ол 1967 жылы 25 мамыр күні Қызылорда облысы, Жалағаш ауданына қарасты Қаракеткен ауылында туған. №114 орта мектептің 1984 жылғы түлегі.

1993 жылы Бөкетов. Е.А атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «физика» мамандығы бойынша бітірген.

1993-2001 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы болып дәріс берген.

2001 жылдан бастап осы университеттің сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау институтының педагогикалық мамандықтар бойынша деканының орынбасары, ал 2004-2006 жылдары осы институттың оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

2006-2007 оқу жылында «Жалпы физика» кафедрасының меңгерушісі, 2007 жылдың мамыр айынан «Оқу процесінің тіркеуші офисінің» бастығы болып қызмет етеді.

2004 жылдың 18 мамырында Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетінің диссертациялық кеңесінде «Изотропты пластиналардың температураға байланысты тербелістері» деген тақырыпта  кандидаттық диссертациясын қорғап, техника ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болды. Ол осы жылдар аралығында 5 халықаралық ғылыми конференциялар жұмысына қатысып, оларда баяндамалар жасады. Оның негізгі ғылыми еңбектері еліміздің және Мәскеу қаласындағы жоғары оқу орындарының ғылыми басылымдарында жарияланған. «Жалпы физика курсы»(2009) мен осы аттас электрондық  оқулықтардың(2009), «Электр және магнетизм бөлімдері. Физикалық практикум» электрондық оқулығының(2004) және бірнеше оқу-әдістемелік жинақтардың авторы.

                            Материалды жинақтап, дайындаған                                   М.Бексарыұлы

 

 

 

 

 

 

 



Hosted by uCoz