Жалағаш  ауданы  жайлы

 

 

АУДАННЫҢ  ҚЫСҚАША  Т А Р И Х Ы

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

Оргкомитета Президиума Верховного Совета Каз. ССР

по Кызылординской области

гор. Кзыл-Орда №56 от 23/Х 1939 г.

Об образовании Джалагашского района Кзыл-Ординской области.

В соответствии с Указом Президиума Верховного Совета Каз. ССР от 17 октября 1939г.

Оргкомитет    ПОСТАНОВЛЯЕТ:

1. Образовать Джалагашский район в составе Каракеткенского, Ельтайского, им. К.Маркса и Аксуйского аулсоветов Кармакчинского района и Енбекского, Маданиятского, Калининского и 1-го Майского и Амангельдинского аулсоветов Терень-Узякского района с центром в пос. Джалагаш.

2. Назначить следующий состав Оргкомитета по Джалагашскому району:

тов.Тулепбергенов-Председатель

тов. Кистанов

тов.Булекеев

тов.Мурзалиев

тов.Саяхов

Председатель оргкомитета Президиума

Верховного Совета Каз.ССР

по Кзыл-Ординской области (Галиев)

И.О.Секретаря (Садыков)

 

Ауданның қазіргі картасы

 

http://www.zhalagash.gov.kz/admin/upload/images/89.JPG

 

Жалағаш ауданы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен 1939 жылы 17 қазан күні құрылды. Ауданның жер көлемі 27 мың 156 шаршы километр. Ауданда 17 елді мекен бар.

Аудан орталығы – Жалағаш кенті, облыс орталығы Қызылорда қаласынан 75 километрдей қашықтықта орналасқан. Аудан батысында Қармақшы, шығысында Сырдария аудандарымен, теріскейінде Қарағанды облысы, түстігінде Өзбекстан республикасымен шектеседі. Аудан үстімен батыстан шығысқа, шығыстан батысқа қарай халықаралық теміржол магистралы, автотрасса жосылып жатыр, олармен жарыса «Сырдария» өзені ағуда.

Ауданның алғашқы басшысы Кистанов Сергей Иванович 1897 жылы Орынбор облысының Бузулук ауданында туған. 1939 жылдың қазанынан 1944 жылға дейін Жалағаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған.

Аудан экономикасының негізгі саласы егін шаруашылығы. Ауданда 21 мектеп 17 кітапхана, екі музей, 7 мәдениет үйлері, 8 ауыл клубтары бар. Аудан көлемі шөл және шөлейт аймаққа жатады. Қарақұм мен Қызылқұм жүздеген жылдар бойы мал жайылымы болып келеді. Ауданда 31 мың гектардан астам инженерлік жүйеге келтірілген егістік жер бар. Аудан бойынша 58 тарихи – сәулет ескерткіштері тізімге алынған. Олар археологиялық, архитектуралық, монументтік ескерткіштер болып бөлінген.

Аудан басшылары

1939 -1944 ж.ж. Кистанов Сергей Иванович, ауданның алғашқы басшысы,

1944 -1947 ж.ж. Ардабаев Әлімбет Әбженұлы,

1947-1949 ж.ж. Жанасов Қаппар,

1949-1953 ж.ж. Бейсембин Махмут,

1953 ж. Тайымов Аманжол,

1953-1954 ж.ж. Әзқожаев Омар,

1954-1961 ж.ж. Соппеков Байбол,

1961-1963 ж.ж. Тасыбаев Болтай Жұманұлы,

1965-1972 ж.ж. Әбдікәрімов Исатай,

1972-1975 ж.ж. Аманов Сұлтан Шаханұлы,

1975-1985 ж.ж. Қазантаев Қонысбек Төрешұлы,

1985-1987 ж.ж. Сәпиев Оңалбек,

1987-1992 ж.ж. Қайыпов Биғали Әбдікерұлы,

1992-1997 ж.ж. Далдабаев Сәмит,

1997-1999 ж.ж. Баймаханов Қожахмет Мәдібайұлы,

1999-2003 ж.ж. Жолдасбаев Нұрлыбек Қалжатайұлы,

2003-2004 ж.ж. Ибраев Жұпарбай Өткелбайұлы,

2004-2005 ж.ж. Талқанбаев Нұрман Бақбергенұлы,

2005-2006 ж.ж. Есенов Марат Сағынтайұлы,

2007-2010 ж.ж. Шаменов Өмірбек Мөрәліұлы,

2010 ж. ақпан айынан Бекенов Қайрат Әскербекұлы аудан әкімі.

 

ҚАЗАҚ ССР ЖОҒАРҒЫ КЕҢЕСІНІҢ

ДЕПУТАТТАРЫ

Изтелеуова Айымкүл-1-ші сайлау депутаты;

Қалыбаев Сақыбай-Қаракеткен МТС-і тракторшылар бригадасының бригадирі, 2,3- ші сайлау депутаты;

Тәжібаев Әбілда-6-шы сайлау депутаты;

Балқыбаева Сәрсен- “Еңбек” колхозының звено жетекшісі, 7-ші сайлау депутаты;

Әпрезов Несіпбай- “Еңбек” совхозының звено жетекшісі, 8-ші сайлау депутаты;

Төлегенова Үлмекен- “Мәдениет” совхозының звено жетекшісі, 9-шы сайлау депутаты

Еспанов Ұзақ- Қазақстанның Ленин Комсомол атындағы совхоз директоры, 10-шы сайлау депутаты;

Баймаханов Қожахмет-Бұқарбай батыр атындағы совхоз директоры, 12-ші сайлау депутаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz