АУЫЛҒА  ЕҢБЕГІ  СІҢГЕН  АЗАМАТТАР  

 

Жүнісов Көпжасар

(1905 - 1994)

Ол кісі 1905 жылы Қазалы оязына қарасты Қармақшы болысының №5 ауылында туған. 1925-29 жылдары Қармақшы ауданының Қызылтам бекетіндегі «Кендірком»-да ұсақтаушы, 1929-39 жылдары осы ауданның Жосалы бекетінің ОРС автобазасында жүк тиеуші, сылақшы, балғашы, слесарь және машинист көмекшісі болып жұмыс істейді. 1939-43 жылдары осы ауданның «Қазалы» балық аулау мекемесінде балықшы болған. 1943 жылдың аяғында Кинель қаласына «Еңбек майданына» жіберіліп, одан 1946 жылы елге оралады.1949 жылға дейін бұрынғы балықшылығын жалғастырған. Содан соң 5 жылдай «Арал балық комбинатына» қарасты «Игілік» балық колхозында дүкен меңгерушісі болып істейді. 1953 жылы Арал қаласынан «Балық аулау кәсібін жетілдіру» курсын бітірген соң еңбек демалысына шыққанша «Игілік» балық колхозында бригадир болып еңбек етті. К.Жүнісов 1965 жылы зейнетке шыққан соң 1981 жылға дейін «Жалағаш» қой кеңшарының №4 ірі қара фермасында бақташы көмекшісі, 1992 жылға дейін 10жыл бойы кеңшардың саябағында сушы болып істеді.

Көп жылғы сіңірген еңбегі үшін мемлекет тарапынан көптеген медальдер мен түрлі дәрежедегі грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталған.

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz