Е Л   А Ғ А Л А Р Ы

 

Жылқыбаев Рысбай

(1929-2006)

                                                                

1929 жылы Қаракеткен станциясында кедей-шаруаның отбасында туған. 1938 жылы Жалағаш поселкесіндегі «Сталин» мектебіне оқуға барады, 1943-46 жылдары Қаракеткендегі Ж.Жабаев атындағы жетіжылдық мектепте оқып, оны бітіреді.

1946-48 жылдары «Игілік» балық колхозында жұмысшы, балықшы болып жұмыс істейді.

1948-52 жылдары Қызылорда педучилищесінде оқып, оны аяқтаған соң бір жылдай ауылындағы мектепте мұғалімдік жасайды.

1953-54 жылдары Владивосток қаласындағы жаяу әскерлер училищесін бітіріп, одан лейтенант әскери атағын алып елге оралады да,  екі жылдай «Жалағаш» совхозы орталығындағы 114-орта мектепте әскери жетекші болып қызмет істейді.

1957 жылдан бастап 30 жыл бойы Қаракеткен ауылдық кеңесінің, кейін әкімшілігінің хатшылық қызметін атқарды. 1987 жылдан 1991 жылға дейін «Жалағаш» совхозында «Азаматтық қорғаныс» штабының бастығы болады.Осы қызмет істеген жылдары ішінде бір рет аудандық, 16 рет ауылдық кеңестің депутаты болып сайланады.

1997 жылға дейін ауылдық ардагерлер кеңесіне төрағалық жасады. Жұбайы Перзакүлмен екеуі екі інісін, өзінің 3 ұлы мен 4 қызын мәпелеп өсірген, олардан 21 немере көрген сыйлы ата.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz