Апталықтар

 

17-22.09.2009 ж аралығында «Туған тілім-тұғырым» тақырыбында тіл апталығы өткізілді.

Пән мұғалім Ізбасханова Марина «Білімді мыңды жығады» /5-6 сынып/ пәндік шарасы «өте жақсыға» бағаланды. Оқушылар қазақ тілі бойынша грамматикалық материалдарды жақсы меңгергендігін байқатты.

             «Әдеби сырды аша біл» тақырыбында өткізілген Досмаханова Гүлбанудың 7а,б сыныптар арасындағы сайысы «жақсыға» бағаланды. Ана тіліндегі жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер бойынша оқушылар сайысқа түсті.

            Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері «Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі» тақырыбында дебат өткізді. . Дебатта: оқушылар  қазақ тілінің бүгінгі жай-күйі жайлы өз пікірлерін ортаға салып, қызу тартысты өтті.

19-24.09.2009 ж аралығында «Изучить второй язык- прожить другой жизнь» тақырыбында орыс тілі және ағылшын тілі апталығы өткізілді.

            Пән мұғалімі  Тілеуова Гүлжаннің   орыс тілінен «Великий , могучий» тақырыбында өткізілген сабағында,  оқушылар граматикалық материалдар бойынша

сайысқа түсті.

  Тілеулиева Гүлназдың   «My first step» тақырыбындағы сабағында ағылшын тілінде өлеңдер мен ойын түрлері көрсетілді.

 Бекқожаева Дәмелінің ағылшын тілінен «The animals»  тақырыбы  бойынша пәндік шарасы жан-жақты ізденіспен өткізілді. Сабағы «Жан-жануарлар» тақырыбы бойынша ертеңгілігі сөздік қорды меңгеруге бағытталған.

 

Мектепте Тіл мерекесіне байланысты өткен «Тілім менің ғасырлардан аманат» атты апталық   іс -  шара   жоспары  жасалып  бекітілді. Жасалған  жоспарға  сәйкес  төмендегі  шаралар  ұйымдастырылып  өткізілді.

1 – 11  сынып  оқушылары арасында  мектептегі «Жас ұрпақ » ұйымының ұйымдастыруымен « Тілім менің - ғасырлардан аманат » тақырыбында салтанатты жиынның ашылуы өтті. Шараға  аудандық Жалағаш жаршысы газетінің бас редакторы Қ. Тәшенова қатысты. Жақсы қатысқан оқушыларға марапаттаулар тапсырылды.

5 – 11 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Досмаханова мен Р. Омарованың ұйымдастыруымен  «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»  мерекелік шара өтілді

1 – 4 сыныптарда бастауыш пән бірлестігінің ұйымдасыруымен «Ана тілі – ардағым » тақырыбында  сыныпаралық  жарыс өтті.Бірінші орынды 4б  сынып оқушылары иемденді.

5– 8  сыныптарда   орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А. Құлмаханова мен Г. Тілеуованың ұйымдастыруымен « Язык мой – друг мой » тақырыбында  танымдық ойындар және мерекелік концерттік бағдарламасы өтті.

Мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдарі Д. Бекқожаева мен Д. Әбдіхайырова « Fairy tales » тақырыбында іс – шарасын ұйымдастырды. Оқушылар белсенді қатысып мектептегі ағылшын тілінің мәртебесін көтерді.

Апталықтың соңғы күні гуманитарлық пән бірлестігінің ұйымдастыруымен мерекелік қорытынды жиын болып өтті. Жиынды мектеп директоры ашты.Апталықта жақсы білімімен, онерімен, алғырлылығымен көзген түскен оқушыларға  мектепішілік марапаттаулар табысталды

 

 

 

Hosted by uCoz