М    Е    К    Т    Е    П       Ж   Е   Т   І   С   Т   І   К   Т   Е   Р  І

 

1980 – 1979-80 оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп әскери-патриоттық және дене тәрбиесіне ерекше назар аударып, оның оқу-материалдық базасын нығайтқандығы үшін Бүкіолодақтық байқаудың жеңімпазы деп танылып, КСРО халық ағарту министрлігінің «Құрмет Грамотасы» мен 1600 сом ақшалай сыйлығына ие болды.

1984 – биология кабинеті базасында(меңг. Рыспанов Ермекбай) аудандық әдістемелік семинар өтті.

1985 – осы оқу жылының қорытындысымен мектеп аудандық оқу кабинеттері байқауының жеңімпазы болып, Дипломмен марапатталды.

- НВП кабинеті арнайы тексеру нәтижесінде Республикалық дәрежедегі оқу кабинеті деп танылып, аудандық әдістемелік кабинет осы кабинет меңгерушісі Бексариев Мұратбектің озат тәжірибесі негізінде «Руководитель-воспитатель» деген плакат шығарып, таратты.

1986 – мектептегі ағылшын тілінен лингофон кабинетінің (меңг.Байниязов Есенгелді) жабдықталуы мен ондағы озық оқыту тәсілдерін насихаттау мақсатында аудан мұғалімдерінің семинары өткізілді.

- математика пәні мұғалімдерінің шығармашылық тобының (топ жет.Бексариев.М, мүшелері: Шөкеева Камаш, Үргенішбаева Ажар) жұмысы аудандық және облыстық білім жетілдіру кабинеті тарапынан жоғары бағаланды.

1989 – жаңа мектептегі ату тиріндегі оқушылармен жүргізілген практикалық жұмыс «Жалағашқа-50 жыл» фильміне түсірілді.

1990 – оқу жылының қорытындысы бойынша 6 жасарларды оқытудағы Байжанова Алтынсарының іс-тәжірибесі аудан мектептеріне таратылды.

- ату тирі базасында облыстық семинар өтті.

1991 – 93 жылдары мектептің «Информатика және есептеуіш техника негіздері» оқу кабинеті/меңг. Бексариев.М/ аудандық әдістемелік тірек мектебі болып жұмыс атқарды.

1995 – мектеп ұжымы Ұлы отан соғысындағы жеңістің 50 жылдығына арналған аудандық өнер байқауының лауреаты.

1997 – аудандық Р.Төреева атындағы атаулы мектептің мүшесі, мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жаңабергенова Жадыраның іс-тәжірибесі насихатталды.

2001 – «Алғашқы әскери дайындық» пәні кабинеті (меңг. Бексарыұлы Мұратбек) мен әскери-патриоттық тәрбиенің жүргізілуіндегі жақсы жұмыстарды насихаттау бағытында аудандық семинар өткізілді.

2004 – мектеп «АӘД пәнін оқытуды одан әрі жақсарту» деген тақырыппен өткен облыстық семинар жұмысына қатысып, онда пән мұғалімі М.Бексарыұлы «АӘД пәнін оқытуда жаңа технологиялық  әдістерді пайдалану» тақырыбымен панорамалық сабақ өткізді. Семинарға қатысушылар осы пән бойынша дайындалған «электрондық» бағдарламаның жұмысымен және дидактикалық материалдар жинағымен танысып, оны таратуға ұсыныс жасады.

 

 

 

 



Hosted by uCoz