АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ

ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ

 

I.Бастауыш әскери дайындық пәнін оқытудағы міндеттер.

 

Бұл пәнді оқу процесінде оқушылар ҚР-н қорғау жөніндегі құқықтарын игеруі, ҚР Қарулы Күштері түрлерінің қызметін, әскери қызмет пен азаматтық қорғаныс негіздерін дұрыс түсініп, келешек жас жауынгерге қажет болатын білім мен практикалық дағдыларды және психологиялық бейімдеушілікті меңгеру тиіс.

            Олар осы пәнді игерген біліктері мен икем-дағдыларын пайдалануы арқасында тез арада жауынгершілік міндеттерін орындауға төсіліп, өзіне сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техникаларды меңгеріп кетуге дайын болу қажет.

            Пәнді оқып-үйрену мен әскери-патриоттық тәрбиелік шаралардың жүргізудегі басты міндет – жас ұланды еліміздің тұтастығы мен беріктігін, оның тәуелсіздігін нығайту, оны қорғауға қандай жағдайда да әзір тұру, әскери антқа сәйкес әрбір жас азамат өзінің Отан алдындағы әскери борышын адал орындау қажеттігін терең түсінуіне сол үшінде алғашқы әскери дайындық негіздерін толық игеруіне жету болып табылады.

            Оқушылар БӘД пәнінде әскери істің және азаматтық қорғаныстың негіздерімен, әскери жарғылардың негізгі талаптарымен танысады, ату құралдарының құрлысын біліп, олардан ата білу дағдыларын игере бастайды. Олар жергілікті жерде бағдарлау  тәсілдерімен танысып болып, азимут бойынша қозғалудан түсінік алады.

Азаматтық қорғаныс таруында олар қысқаша жаппай қырып жою құралдары және олардың зақымдау факторлары, одан қорғанудың жолдары, жеке және ұжымдық қорғану құралдары мен олардың қабілеттері және т.басқалар оқып-үйреніп, солар бойынша тиісті нормативтерді орындай алуы тиіс.

            Бұл таруда оқушылар төтенше жағдайлардың сипаттарын, олардан қорғану тәсілдерімен, медициналық- санитарлық білім негіздерімен танысады және олар бойынша негізгі нормативтерді орындауы керек.

            Биылғы жылы республикамыздың ҚК-ң 15 жылдығына және  ҚР Президенті, ҚК-ң Бас Қолбасшысы Н.Назарбаевтың елдің қорғаныс қабілетін күшейтуге байланысты Қарулы Күштерді нығайту жөніндегі талаптарына сай осы пән бойынша мектеп бітірушілер тексеру сынағын толық тапсырып, тиісті нормативтерді орындағанда ғана басты назарда ұстайтыны міндет.

 

Жұмыстың тақырыбы

Уақыты

Жауапты

II.БӘД пәнінің жүргізілуіне басшылық жасау.

1

Пән оқытушысымен әдістемелік жұмыс жүргізу

Жыл бойы

Мектеп директоры

2

Пән оқытушысының аудандық әдістемелік мәжілістерге жүйелі қатысуына мүмкіндік туғызу

Сәрсенбі

Мектеп дирек-торының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

3

Бағдарламаларды, апталық жоспарлрды, сабақ жоспарларды бекітіп,бағдарлау.

Жыл бойы

Мектеп директоры

4

Аудандық әскери комиссариат жанындағы әдістемелік күн шараларына қатысу

Сәрсенбі

Әскери жетекші

5

Пән бойынша оқу-материалдық базаның жағдайын біліп отыру

үнемі

Мектеп директоры

III.Пән бойынша әдістемелік жұмыстарға бақылау және көмек ұйымдастыру

6

Пән бойынша сабаққа ену: тараулар бойынша

- әскери қызмет негіздері

- азаматтық қорғаныс

- тактикалық даиындық

- ату дайындығы

 

Қазан

Желтоқсан

Қаңтар

наурыз

Мектеп директоры

7

Дене шынықтыру пәнінің берілуін бақылау

Жыл бойы

БӘД оқытушысы

8

Пән бойынша әдістемелік дидактикалық материалдар әзірлеу

Жыл бойы

 

IV. әскери –патриоттық тәрбие беру

9

Жылдық жоспарда белгіленген шараларды өткізу

кезінде

Әскери жетекші

10

Мынадай атаулы күндер мен шараларды ұйымдастыру және оларға қатысу:

1.09

 

Әскери жетекші

-білім күні, бейбітшілік сабағы, Конституция туралы және т.б шаралар

24.10

 

Әскери жетекші

- «Республика Қарулы Күштері- тәуелсіздік тірегі» / жауынгерлермен кездесу/

 

10-15.12

Әскери жетекші

- Қарулы Күштерінің 15 жылдығына арналған «Отан қорғау әр азаматтың парызы» бағдарламасы бойынша рефарат /сынып бойынша/

ІІІ оқу тоқсаны

 

 

Әскери жетекші

- Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған шараларды ұйымдастыру /арн.жоспар бойынша /

5-9.05

Әскери жетекші

11

«Әскери – патриоттық тәрбие залын» жабдықтауды жалғастыру

Жыл бойы

Әскери жетекші

12

«Сарбаз» газетін шығару

Айына 2 рет

Әскери жетекші

13

Оқушылардың өздігінше даярлану сабақтарын жүргізу

Үнемі

Әскери жетекші

14

Оқушыларға Ұлы Отан Соғысы жайлы кинофильмдер, диафильмдер көрсетіп, оны талқылау

Жоспарға сай

Әскери жетекші

V.Оқу-материалдық базаны жетілдіру

15

Аудандық білім бөлімі мен аудандық әскери комиссариатқа жетіспейтін оқу-құралдары- мен жабдықтар жайлы ұсыныс беру

10.09-на дейін

Мектеп директоры

Әскери жетекші

16

Пәнді оқытуға қажетті оқу-материалдық обьектілерін толықтыру жұмыстарын жалғастыру

Жыл бойы

Директор

БӘД оқыт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Hosted by uCoz