Алғашқы әскери дайындық    Тестік тапсырмалар

Т- 1      ҚР  ҚАРУЛЫ  КҮШТЕРІ  ОТАН  КҮЗЕТІНДЕ          1-нұсқа

 

1.  Жалпыға бірдей әскери міндеттілікке нелер қамтылады?

А)   - азаматтарды әскери қызметке дайындау; - әскери қызметке шақырылу; - әскери қызмет өткеру; -  запастағы қызмет;

 - азаматтардың соғыс уақытында жалпыға бірдей міндетті оқуы.

Б)  - азаматтарды әскери қызметке дайындау; - шақыру учаскелеріне тіркелу;  - әскери қызметке шақырылу; - әскери қызмет өткеру; - запастағы қызмет;  - запаста оқу жиындарын өткеру; - азаматтардың соғыс уақытында жалпыға бірдей міндетті оқуы.

В)  - азаматтарды әскери қызметке дайындау; - шақыру учаскелеріне тіркелу; - әскери қызметке шақырылу; - әскери қызмет өткеру; - азаматтардың соғыс уақытында жалпыға бірдей  міндетті оқуы.

2.      Жалпыға бірдей әскери міндеттілікке қатысы жөнінен ҚР азаматы қандай санаттарға бөлінеді?

   А) Шақыруға дейінгілер - 15 жастан бастап жастар;

   Шақырылушылар - шақыру учаскелеріне тіркелген адамдар;

   Әскери міндеттілер - әскери есепке қабылданбаған не одан шығарылған адамдар;

   Әскери міндетті еместер - запаста тұрған адамдар;

   Б)  Шақыруға дейінгілер - 15 жастан бастап жастар;

   Шақырылушылар - запаста тұрған адамдар ;

   Әскери міндеттілер - шақыру  учаскелеріне тіркелген адамдар;

   Әскери міндетті еместер - әскери есепке қабылданбаған не одан шығарылған адамдар;

   В)  Шақыруға дейінгілер - 15 жастан бастап жастар;

   Шақырылушылар - шақыру учаскелеріне тіркелген адамдар;

   Әскери міндеттілер - запаста тұрған адамдар.

   Әскери міндетті еместер - әскери есепке қабылданбаған не одан шығарылған адамдар;

3.  Мерзімді әскери қызметке шақыруға қай жастағы азаматтар жатады?

А) 17-ден 25 жасқа дейінгі ;    Б)  18-ден 27 жасқа дейінгі;   В)18-ден 29 жасқа дейінгі.

4.      Мерзімді әскери қызметшілер үшін әскери қызмет мерзімдері қалай белгіленген?

А) жоғары білімі барларға - 1 жыл; жоғары білімі жоқтарға - 2 жыл; ӘТФ матростары  мен старшиналары үшін - 2 жыл 6 ай;

Б) жоғары білімі барларға - 1 жыл; жоғары білімі жоқтарға - 2 жыл 6 ай; ӘТФ матростары мен старшиналары үшін - 2 жыл;

В) жоғары білімі барларға - 1 жыл 6 ай; жоғары білімі жоқтарға -- 2 жыл; ӘТФ  матростары мен старшиналары үшін - 2 жыл 6 ай.

5.  Әскери қызметте болудың шекті жасы қанша?

А) 27 жас;             Б)  28 жас;             В) 29 жас.

6.      Мемлекеттік рәміздер - Елтаңбаның, Жалаудың, Әнұранның сипаттамалары мен ресми пайдаланудың рет-жөні ҚР Президентінің Жарлығымен қашан бекітілді?

А) 11.12.1992        Б) 24.01.1996        В)  18.07.1996

7.  Әскери ант ҚР Президентінің қай кездегі Жарлығымен бекітілген?

А) 25.08.1992        Б)   24.01.1996        В)  27.11.1998  

8.  ҚР Қарулы Күштерінің ұйымын құрайтындар:

А) Қорғаныс Министрі,Қорғаныс Министрлігі,Бас Штаб,Әскербөлімдері,бөлімшелері,  Әскери мекемелер;

Б) Жоғарғы Бас Қолбасшы, Қорғаныс Министрі,Қорғаныс Министрлігі,Бас Штаб,  Әскери  мекемелер;

В) Жоғарғы Бас Қолбасшы, Қорғаныс Министрі,Қорғаныс Министрлігі,Бас Штаб, Әскер  бөлімдері,бөлімшелері, Әскери мекемелер.

9.  ҚР Қарулы Күштерінің түрлерін атаңыз:

А) Құрлықтағы әскерлер, Әуе Қорғанысы Күштері, Әскери-Теңіз Күштері;

Б) Жалпы мақсаттағы Күштер, Әуе Қорғанысы Күштері, Мобильдік Күштер;

В) Құрлықтағы әскерлер, Әуе Қорғанысы Күштері, Мобильдік Күштер.

10.  Арнайы әскерлерге мыналар жатады:

А)Инженерлік,байланыс,химиялық,радиотехникалық,автомобиль,теміржол,радиоэлектрондық күрес, топогеодезиялық, трубақұбыр бөлімдері және т.б;

Б) Инженерлік, радиотехникалық,автомобиль,теміржол,радиоэлектрондық күрес, топогеодезиялық, трубақұбыр бөлімдері және т.б;

В) Инженерлік,байланыс,химиялық, автомобиль,теміржол,радиоэлектрондық күрес, трубақұбыр бөлімдері және т.б.

11.Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атанған  

      қазақстандық ұшқыштар?

А) Т.Бигельдинов, Н.Әбдіров, Б.Момышұлы, И.Павлов ;

Б) Т.Бигельдинов, Л. Беда, С.Луганский, И.Павлов ;

В) Т.Бигельдинов, Л. Беда, Н.Әбдіров, И.Павлов.

12.  "Халық қаһарманы" атанған майдангерлерді атаңыз:

А) Қ.Қайсенов, А.Кулаков, Н.Тайпов, Р.Қошқарбаев;

Б) А.Кулаков, Н.Тайпов, Р.Қошқарбаев, Б.Момышұлы;

В) Қ.Қайсенов, А.Кулаков, Р.Қошқарбаев, Б.Момышұлы.

13.  Облысымызда қанша Кеңес Одағының Батырлары бар?

А) 21;           Б) 20;             В)  19.

14."Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті борышы

        және парызы" деп қандай құжатта жазылған?

А) ҚР Конституциясының 36.2-бабында;   Б) ҚР Конституциясының 36.1-бабында;

В) ҚР Конституциясының 36-бабында.

15.  ҚР Қорғаныс Министрлігінің Әскери оқу орындары жүйесіне мыналар жатады:

А) ҚР ҚК Ұлттық Академиясы,Ішкі Істер Министрлігінің Академиясы,Азаматтық Авиация  Академиясы;

Б) ҚР ҚК Әскери Академиясының , Ақтөбе жоғары әскери-авиация училищесі ,ҰҚК- нің  әскери институты.

В) ҚР ҚК Ұлттық академиясы,Құрлық әскерлерінің әскери институты,Әуе Қорғанысы  Күштерінің әскери институты,Әскери-Теңіз Күштерінің әскери институты,әскери  училищелер мен мектептер;

16. ҚР Қарулы Күштерінің құрылған уақыты:

А) 7.05.1992           Б) 8.05.1992            В)  25.10.1991.

 17.Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс Министрі кім?

А) Ә.Қасымов         Б) М.Алтынбаев       В)  С.Нұрмағанбетов

18.  ҚР Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы кім?

А) М.Алтынбаев       Б) Н.Назарбаев         В)  С.Нұрмағанбетов

19.Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін қанша қазақстандық (қазақ) Кеңес

     Одағының Батыры атанды?

А) 397(96)            Б) 497(97)         В) 501(96)

20.  Біздің мемлекетіміз 7-мамырды қандай күн ретінде атап өтеді?

А) Отан қорғаушылар күні;           Б) Радио күні;

В) Баспасөз күні.

                           

 

 

 

 



Hosted by uCoz