Алғашқы әскери дайындық    Тестік тапсырмалар

Т – 1.1       ҚР  ҚАРУЛЫ  КҮШТЕРІ  ЖАЙЛЫ  ҚҰЖАТТАР           1-нұсқа

 

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Алғашқы әскери дайындық туралы»  № 1340 қаулысы қашан қабылданды?

      А) 24.01.1996;           Б) 27.11.1998;             В) 01.11.1996.

  1. Қазақстан Республикасы әскери қауіпсіздігінің негізгі  стратегиялық бағдарын белгілеп, бекітетін қандай құжат?

      А) Қазақстан Республикасының әскери доктринасы;

      Б) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерін құру туралы» жарлығы;

      В) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» заңы.

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру» туралы жарлығы бойынша ҚР Қарулы күштері қашан және қалай өзгерді?

      А) 7.05.1992, Жалпы мақсаттағы күштер, Әуе Қорғанысы күштері, Шекара қызметі әскерлері ;

      Б) 7.05.2003, Құрлық әскерлері, Әуе Қорғанысы күштері, Әскери-Теңіз  күштері;

      В) 27.11.1998, Жалпы мақсаттағы күштер, Әуе Қорғанысы күштері, Мобильдік күштер.

  1. Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік  және әскери қызмет туралы» Заңы қашан қабылданған?

      А) 20.01.1993;             Б) 19.01.1993;                В) 10.03.1993.

  1. Әскери ант және оны қабылдау тәртібі кімнің жарлығымен , қашан қабылданған?

      А) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, 25.08.1992;

      Б) Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысымен , 25.08.1992;

      В) Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің шешімімен, 25.08.1992.

  1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғыларын кім, қашан бекіткен?

      А) Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы, 01.11.1996;

      Б) Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің бұйрығы, 24.11.1996;

      В) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы, 27.11.1998.

  1. Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы қашан күшіне енді?

      А) 7.05.1997;                Б) 5.07.1996;                 В) 7.05.1992.

  1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары ҚР Президентінің қашанғы жарлығымен бекітілген?

      А) 24.01.1996;              Б) 18.07.1996;               В) 27.11.1998.

  1. Қазақстан Республикасының  соңғы Әскери доктринасы қашан қабылданды?

      А) 10.02.1993;              Б) 05.03.2003;               В) 10.02.2000.

  1. Қазақстан Республикасының «Келісім – шарт бойынша әскери қызмет туралы» Заңы қашаннан бастап күшіне енді?

      А) 07.05.1992;              Б) 20.03.2001;               В) 07.05.2003.

                            

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz