Алғашқы әскери дайындық    Тестік тапсырмалар

 

Т- 2                   ТАКТИКАЛЫҚ  ДАЙЫНДЫҚ                       1-нұсқа

 

  1.  Тактика дегеніміз не?

А) Ол әскери бөлімдер мен құрамалардың алдына қойылған міндеттерді орындауға  әзірлігі;

Б) Ол әскери бөлімшелер мен бөлімдердің ұрысты дайындауы мен жүргізуінің теориясы мен  тактикасы;

В) Ол әскери бөлімдер мен бөлімшілердің оперативтік жаттығуларының жиынтығы.

2.  Тактикалық дайындық дегеніміз____

А) Ол әскери бөлімдер мен құрамалардың алдына қойылған міндеттерді орындауға әзірлігі;

Б) Әскери құрамалардың төтенше жағдайда әрекет жасауға дайындығы;

В) Әскери бөлімшелер мен бөлімдердің жеке құрамын ұрысты дайындау мен жүргізуге үйрету.

3.  ЖҰМ-дағы мотоатқыш бөлімшесінің құрамын атаңыз:

А) К, КО, МЖ, П, ГА, ГК, АА, А;

Б) К, П, ГА, ГК, МН, АА, А, А, Ж;

В) К, КО, МН, П, ПК, АА, А, А.

4.  ЖҰМ-дағы мотоатқыш бөлімшесі қорғаныста қанша шепті қорғайды?

А) 50 метр;           Б) 100 метр;            В)150 метр.

5.  Шабуыл кезінде тізбектегі сарбаздардың арасындағы аралық неге тең?

А) 6-8 метр /10-12 адым/;       Б) 8-10 метр /12-14 адым/;

В)10-12 метр /14-16 адым/.

6.  Ұрыс түрлерін атаңыз:

А) Шабуыл, Қорғаныс, Маневр;      Б) Соққы, Атыс, Маневр;

В) Шабуыл, Қорғаныс.

7.  Ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету қалай сараланады?

А) Ұрыстық, тылдық, техникалық қамтамасыз ету;

Б) Ұрыстық, маневрлік, техникалық қамтамасыз ету;

В) Тылдық, маневрлік, шептік қамтамасыз ету.

8.  Ұрыстық қамтамасыз ету нелерді қамтиды?

А) Барлау, торуыл, күзету, бүркемелеу, инженерлік және техникалық қамтамасыз  ету;

Б) Барлау, жаппай қыру құралынан қорғану, күзету,бүркемелеу, инженерлік және техникалық қамтамасыз ету;

В) Шолу, барлау, күзету, жаппай қыру құралынан қорғану, бүркемелеу.

9.  Мына миналар нелерге қарсы қолданылады?

     А) Танкіге қарсы-ТМ-62, ТМ-62М, ТМ-57;   Жаяу әскерге қарсы-ПМД-6М, ПМН, ПОМЗ-2М;

     Б) Танкіге қарсы-ТМ-62, ПМН, ТМ-57;   Жаяу әскерге қарсы-ТМ-62М, ПМД-6М, ПОМЗ;

     В) Танкіге қарсы-ПМД6М, ПМН, ПОМЗ-2М;   Жаяу әскерге қарсы-ТМ-62, ТМ-62М,  ТМ-57.

10.  Сарбаздардың ұрыс кезіндегі қозғалыс тәсілдерін атаңыз.

А) Еңбектеп жылжу, төрттағандап жылжу, қырынан жер бауырлап жылжу;

Б) Жедел жүгіру, бауырлай жылжу, еңбектеп жылжу;

В) Жедел адымдау не жүгіріп өту, тоқтап жүгіру, жер бауырлай жылжу.

11.  Шабуыл барысында қарсыласты жою тәсілдерін атаңыз.

А) Жүріп келе жатып тіке ату, қол гранатын лақтыру, сүңгімен шаншу, дүмбімен соғу;

   Б) Жүріп келе жатып  ату,  сүңгімен шаншу, тоқтап ату;

      В) Сүңгімен шаншу, тікелей ату, тоқтап ату,  қол гранатын лақтыру.

12.   Жатып атуға арналған окоптың өлшемі қандай?

А) ұзындығы-160 см, ені-60 см, тереңдігі-30 см;

Б) ұзындығы-170 см, ені-50 см, тереңдігі-30 см;

      В) ұзындығы-170 см, ені-60 см, тереңдігі-30 см;

13.Инженерлік бөгеттер қалай болып сараланады?

А) Жарылмайтын, жарылатын, аралас бөгеттер;

Б) Минажарылғыш, жарылмайтын, аралас бөгеттер;

     В) Минажарылғыш, танкіге қарсы, жаяу әскерге қарсы бөгеттер.

 14.  АҚШ армиясының мотожаяу әскер бөлімшесінің құрамын атаңыз.

А) Бөлімше командирі, екі пулемет тобы, жүргізуші, барлығы 10 адам;

Б) Екі топ командирі, екі граната атқыш, жүргізуші, барлығы 10 адам.

В) Бөлімше командирі, екі атыс тобы, бронетранспортер жүргізушісі, барлығы 11 адам;

15  БТР-дегі мотоатқыш бөлімшесінің құрамында кімдер бар?

      А) К, П, ГА, ГК, МН, АА, А, А, Ж;       Б) К, П, ПК, ГА, ГК, АА, А, А, Ж;

В) К, П, ГА, ГК, МЖ,АА, А, А, Ж.

16.  ГФР армиясының мотожаяу әскер бөлімшесі кімдерден тұрады?

А) Бөлімше командирі,екі пулеметші, механик-жүргізуші және 8 атқыш;

Б) Бөлімше командирі, қару көздеуші, жүргізуші, механик-жүргізуші, пулеметші,4 атқыш.

В) Бөлімше командирі, қару көздеуші, жүргізуші, 2 пулеметші, 3 атқыш.

17.  Мына атыс қарулары қай елдің армиясыныкі?

А) 5,56 мм автомат-винтовка, 12,7 мм ірі калибрлі пулемет М-85, 11,43 мм "КОЛЬТ"  М1911А1  тапаншасы -АҚШ; 7,62 мм G-3 автоматты винтовка, MG-1 пулеметі, 9 мм  Р1 тапаншасы - ГФР.

Б) 7,62 мм G-3 автоматты винтовка, MG-1 пулеметі, 9 мм Р1 тапаншасы – АҚШ;  5,56мм автомат-винтовка, 12,7 мм ірі калибрлі пулемет М-85, 11,43 мм "КОЛЬТ"  М1911А1 тапаншасы -ГФР.

В) 5,56 мм автомат-винтовка, 12,7 мм ірі калибрлі пулемет М-85, 9 мм Р1  тапаншасы - АҚШ;   "КОЛЬТ" М1911А1 тапаншасы,12,7 мм ірі калибрлі пулемет  М-85 - ГФР.

18.  Ұрыс дегеніміз не? /қате жауабын көрсетіңіз/

А) Ол соғысушы тараптардың шектеулі ауданда қысқа мерзім ішінде қарсыласты жою және басқа да міндеттерді орындау мақсатында жүргізген соққылары мен  маневрлері;

Б) Ол соғысушы тараптардың, құрамалар мен бөлімдердің қарсыласқа соққы беру  мақсатында ойластырған тактикалық әзірлігі:

В) Ол соғысушы тараптардың құрамаларының, бөлімдері мен бөлімшелерінің ұйымдасқан қарулы қақтығыстары.

19.  Танктің неғұрлым осал тұстарын атаңыз:

А) Жүріс бөлігі (шынжыр табаны мен бағыттаушы доңғалақтары), корпусы, мұнарасы, бақылау   аспаптары, ату құралдары;

Б) танк  алдындағы өлі кеңістіктің болуы, бақылаудың кедергілер мен бөгеттерден өтудің шектеулілігі.

В) Жүріс бөлігі (шынжыр табаны мен бағыттаушы доңғалақтары), корпус кемері мен  артқы бөлігі, мұнарасы, ату және бақылау аспаптары, зеңбірегі мен пулемет  ұңғысы;

  20.  Қазақстанның әскери ғылымының негізін қалаушы кім?

А) М. Әуезов

      Б) Б. Момышұлы

В) Ә. Нұршайықов

                           

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz