Алғашқы әскери дайындық    Тестік тапсырмалар

 

Т-2.3                Т А К Т И К А Л Ы Қ   Д А Й Ы Н Д Ы Қ                1-нұсқа

Тақырыбы:        Ұрыс қимылдарын   ұйымдастыру  негіздері.

 

1.  Әскердің , авиация мен флоттың тактикалық қимылдарының негізгі  нысаны, соғысушы тараптардың,құрамаларының,бөлімдері мен бөлімшелерінің ұйымдасқан қарулы соқтығысулары қалай деп аталады?

    А)  Соққы;         Б)  Маневр;          В)   Ұрыс.

1.      Қарсыластың әскер топтары мен объектілеріне ядролық, әдеттегі қарумен не әскерлермен жойқын соқтығу арқылы оларды бір мезгілде  ойсыратуды не дейді?

  А)  Ұрыс;           Б)  Соққы;         В)  Маневр.

3.Әскерлердің ұрыс барысында жаңа бағытқа (шепке, бастапқы шепке) ұйымдасқан түрде қозғалып жетуі қалай аталады?

    А)  Маневр;       Б)  Ұрыс;         В)  Соққы.

4. Ұрыс қандай түрлі болуы мүмкін?

    А) Әскери ұрыс; әуе ұрысы; теңіздегі ұрыс:

    Б) жалпы әскерлік; әуе ұрысы, әуе шабуылына қарсы және теңіздегі ұрыс.

    В) жалпы әскерлік, әуе шабуылына қарсы ұрыс,теңіз бетіндегі ұрыс.

5. Соққы қолданылатын құралдарына қарай қалай бөлінеді?

    А) Жаппай соққы,шоғырланған соққы,топтық соққы және жеке соққы.

    Б) Ядролық, химиялық,биологиялық,әдеттегі қарумен соққылар және әскермен  соққы;

    В) Ядролық,атыс,ракеталық,ракеталық-артиллериялық,авиациялық соққылар және әскермен соққы;

6. Жалпыәскерлік ұрыстың негізгі түрлерін атаңыз?

    А) Қорғаныс пен шабуыл;

    Б) Шабуыл,маневр,қорғаныс;

    В) Шабуыл,соққы,маневр.

1.      Қарсыласты құрлықта,теңізде және әуеде құртудың негізгі амалдарының  бірі не?

    А) Соққы;        Б)  Ұрыс;           В)  Атыс.

2.      Ұрыс кезінде мәжбүрліктен  немесе шабуылдау мүмкін емес не дұрыс болмайтын кезде әдейі жүзеге асырылатын ұрыс түрі?

    А)  Маневр;        Б)  Қорғаныс;          В)  Шегіну

9. Артиллериялық, зениттік, авиациялық, атыстық және инженерлік оқ дәрілерді  қолданатын барлық атыс және соққы беру құралдары,әдепкі  зарядты  ракеталар, өртегіш оқ-дәрілер мен қоспалар қандай қару түріне  жатады?

    А) Әдеттегі қару;

    Б)  Авиациялық қару;

    В)  Негізгі қару

10. Шабуыл жағдайға және қойылған міндеттерге байланысты қандай қарсыласқа  қарсы жүргізілуі мүмкін?

    А)  Қорғанушы,шегінуші қарсыласқа қарсы;

    Б)  Қорғанушы,шабуылдаушы және шегінуші қарсыласқа қарсы;

    В)  Шабуылдаушы не қорғанушы қарсыласқа қарсы.

                           

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz