Алғашқы әскери дайындық    Тестік тапсырмалар

 

Т- 3                                   АТЫС ДАЙЫНДЫҒЫ                                1-нұсқа

 

1.   7.62 мм Калашников автоматының кейбір ұрыстық қасиеттерін атаңыз:

А) Нақты атыс қашықтығы /м/  -  500,  Атыс қарқыны/ату/мин/ - 600, Автомат массасы/кг/ - 3,2; Оқтың бастапқы жылдамдығы/м/с/ - 900;

Б) Нақты атыс қашықтығы /м/  -  400,  Атыс қарқыны/ату/мин/ - 600, Автомат  массасы/кг/  - 3,6,  Оқтың бастапқы жылдамдығы/м/с/ - 715;

В) Нақты атыс қашықтығы /м/  -  400;  Атыс қарқыны/ату/мин/ - 550; Автомат  массасы/кг/  - 3,5, Оқтың бастапқы жылдамдығы/м/с/ - 725.

2.Автоматтың ұңғысымен бірге орналасқан бөліктерін атаңыз.

А) ұңғы қорабы,көздеу құрылғысы,дүмбі,тапаншалық тұтқа;

Б) ұңғы қорабы,дүмбі,шетмойын,магазин,тапаншалық тұтқа;

В) ұңғы қорабы,көздеу құрылғысы,шетмойын.

3.  РГД-5 жарықшақты қол гранатының ұрыстық қасиеттерін атаңыз.

А) граната массасы /г/ - 420; орташа лақтыру қашықтығы/м/ - 30-40; жарықшақтың  зақымдау радиусы/м/ - 25; тұтандырғыштың жану уақыты/с/ - 3,2-4,2;

Б) граната массасы /г/ - 600; орташа лақтыру қашықтығы/м/ - 35-40; жарықшақтың  зақымдау радиусы/м/ - 200; тұтандырғыштың жану уақыты/с/ - 3,2-4,2;

В) граната массасы /г/ - 310; орташа лақтыру қашықтығы/м/ - 40-50; жарықшақтың  зақымдау радиусы/м/ - 25; тұтандырғыштың жану уақыты/с/ - 3,2-4,2.

4.  Жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты гранаттар қалай бөлінеді?

А) РГД-5 - шабуылдық, Ф-1- қорғаныстық    , РГ-42 - қорғаныстық;

Б) РГД-5 - шабуылдық, Ф-1- қорғаныстық     , РГ-42 - шабуылдық;

В) РГД-5 - қорғаныстық, Ф-1- шабуылдық     , РГ-42 - шабуылдық.

5.  Қол жарықшақ гранаталары мына бөліктерден тұрады:

А) корпус,тұтандырғыш,жарылғыш заряд;

Б) корпус,тұтандырғыш,колпак;

В) корпус,жарылғыш заряд,көмкерме.

6.      Оқтың салмақ орталығының ұшу кезінде сызатын  қисық сызығы ...  деп аталады.

А) ату құбылысы;          Б) траектория;           В) көздеу сызығы.

7. Қарауыл қалай болып бөлінеді?

А) ұсақ, үлкен, тұтас.      Б) майда,жатық,ірі;          В) ұсақ,тегіс,ірі.

8.      Қарудың әр түрлі оқтары үшін ең алыс қашықтыққа ұшу бұрышы шамамен неше  градусқа тең?

А) 35 градус;        Б) 38 градус;         В) 45 градус.

9.      Нысанаға дейінгі қашықтықты анықтаудың мыңдық формуласындағы белгілеулер  нені көрсетеді?  Қ=(Б*1000)/Ш

А) Қ - нысанаға дейінгі қашықтық /м/, Б - нысананың бұрыштық шамасы; Ш - нысана  биіктігі/м/;

Б) Қ - нысанаға дейінгі қашықтық /м/, Б - нысана биіктігі /м/; Ш - нысананың  бұрыштық шамасы;

В) Қ - нысананың мыңдық формуласы, Б - нысана бұрышы; Ш - нысана шамасы.

10.  Жарықшақты Ф-1 гранатасын алысқа лақтырудың бағалау нормативі  қандай?

А) 25 метр-"3", 30 метр-"4", 35 метр-"5";

Б) 35 метр-"3", 40 метр-"4", 45 метр-"5".

В) 30 метр-"3", 35 метр-"4", 40 метр-"5";

 11.  Оқтың ұшу траекториясы қай күштерге тәуелді болады?

А) Оқтың салмақ күші мен ауаның кедергі күшіне;

Б) оқтың салмаққ күші мен ауаның кедергі күші және дәрілік зарядтың массасына;

      В) оқтың салмақ күші мен ұңғыдағы қысымның итеру күшіне.

  12. Траекторияның нысана/жер,кедергі/ бетімен қиылысу нүктесі қалай  деп  аталады?

       А) көздеу нүктесі;        Б) құлау нүктесі;             В) кездесу нүктесі.

13.Атқыштық көзінен көздеуіш ашасының ортасы мен қарауыл төбесі арқылы өтетін  сызық не?

А) көтерілу сызығы;

Б) кездесу нүктесі.

В) көздеу сызығы;

14. ... автоматтың бөліктері мен механизмдерін қосу үшін, ұңғы каналын бекітпемен жабуды және бекітпенің бекітуін қамтамасыз ету үшін қызмет етеді.

А) ұңғы;

Б) Газ поршенімен  бекітпе жақтауы;

В) ұңғы қорабы.

15.  ... бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алдыңғы жағдайға қайтаруға арналған.

А) Газ поршенімен  қоса бекітпе жақтауы;

Б) Қайтарма механизм;

В) Бекітпе.

16.   ... газ поршенінің қозғалысын бағыттау үшін және атыс кезінде қолды күюден сақтау үшін қызмет етеді?

А) Ұңғы батырмасымен бірге газ түтігі;

Б) Шетмойын;

В) Газ поршенімен қоса.

17.  Оқ-дәрі заряды жанған кезде пайда болатын газдардың энергиясымен оқтың /гранаттың/ қару ұңғысының каналынан лақтырылуы ... деп аталады.

А) траектория;          Б) ату;          В) лақтыру.

18.  Автомат мынадай негізгі бөліктер мен механизмдерден тұрады:

А) Ұңғы, ұңғы қорабының қақпағы, газ поршенімен бекітпе жақтауы, бекітпе, қайтарма механизм, соққыш-ағытқыш механизм, шетмойын, магазин, сүңгі пышақ;

Б) Ұңғы, газ поршенімен бекітпе жақтауы, бекітпе, қайтарма механизм, ұңғы жапсырмасымен газ түтігі,соққыш-ағытқыш механизм,шетмойын,магазин,сүңгі-пышақ;

В) Ұңғы, ұңғы қорабының қақпағы, газ поршенімен бекітпе жақтауы, бекітпе, қайтарма механизм, ұңғы жапсырмасымен газ түтігі, соққыш-ағытқыш механизм,  шетмойын,магазин, сүңгі-пышақ.

19.  АК-74 автоматында магазиннің сыйымдылығы қанша?

А) 30 оқ;              Б) 35 оқ;           В) 40 оқ.

20.  АК - 74 автоматында оқтың бастапқы жылдамдығы неге тең?

      А) 725 м/с;            Б) 715 м/с;           В) 900 м/с.

                           

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz