Алғашқы әскери дайындық    Тестік тапсырмалар

 

Т – 3.9                          А Т Ы С   Д А Й Ы Н Д Ы ҒЫ                 1-нұсқа

                          Тақырыбы:                Атыс негіздері мен ережелері

 

1. Ату дегеніміз не?

  А/ Жоғары температуралы газы бар дәрі зарядының автомат ұңғысынан оқты лақтыруы;.

  Б/  Оқты /снарядты, гранатаны/ қарудың ұңғы каналынан дәрілік зарядтың жануынан пайда болған газдың энергиясымен лақтырып тастауы.;

   В/ Ату деп оқтың қару ұңғысының каналынан лақтырылуы мен оның ауада ұшуын айтады.

2. Траектория деп нені атайды?

   А/ Ұңғыдан ұшып шыққаннан кейінгі оқтың ұшу сызығы;

   Б/ Оқ ұшып өтетін ойдағы қисық сызық траектория деп аталады;

   В/ Ауада ұшу кезінде оқтың салмақ орталығы сызатын қисық сызық.

 3. Көздеу сызығына анықтама беріңіз?

   А/ Оқтың ұшып шығу моментіндегі ұңғы каналы өсінің жалғасы болып табылатын түзу;

   Б/ Көздеуіш қамытшасындағы ашаның ортасын қарауылдың төбесімен қосатын түзу сызық;

   В/ Атқыштың көзімен көздеуіш ашасының ортасын қарауылдың төбесімен  қосатын түзу  сызық.

4. Бастапқы жылдамдықтың анықтамасы?

   А/ Оқтың ұңғы каналын тастап шығу кезіндегі жылдамдығы;

   Б/ Оқтың дәрілік газдардың ең үлкен қысымы кезіндегі жылдамдығы;

   В/ Оқтың дәрілік газдардың әсер ету периодынан кейін алған жылдамдығы.

5. Қандай траектория жатаған деп аталады?

   А/ Ең алыс қашықтық бұрышынан көтерілуі кем болатын бұрыш кезіндегі траектория.

   Б/ Ең алыс қашықтық бұрышынан көтерілуі артық болатын бұрыш кезіндегі траектория.

   В/ Оқтың ұшуының толық көлбеу қашықтығы ең көп шамада болатын көтерілу бұрышы.

6.      Оқтың ұшу траекториясы көздеу сызығынан өзінің бүкіл ұшуы бойында нысанадан  жоғары көтерілмейтін ату қалай аталады?

   А/ Көздеп ату;          Б/ Тура ату;          В/ Автоматты ату.

7. Бойтаса кеңістіктің нысана жойылмайтын бөлігін не деп атайды?

   А/ Зақымдалатын кеңістік; Б/ Бойтаса кеңістік;   В/ Өлі /зақымдалмайтын/ кеңістік.

8.Оқ-дәрі заряды жанған кезде бөлінетін энергияның қанша пайызы оққа үдемелі қозғалыс беруге жұмсалады?

   А/ 15 – 25 %;          Б/ 25 – 30 %;          В/ 40 %.

9. Көздеу деп нені айтады?

   А/ Тегіс қарауылды алып, оны  көздеу нүктесімен түйістіру;

   Б/ Қарауылды көздеу тақтасының ойығымен дұрыс үйлестіру;

   В/ Көздеуіш тақтаның ойығының ортасы оның шеткі қырларымен бір деңгейге келтіру.

10. 400 м-ге дейінгі қашықтықтағы нысананы автоматтан ату қандай көздеуішпен  жүргізіледі? /қате жауабын көрсетіңіз/

   А/ 4 немесе «П»көздеуішімен;

   Б/ «П»көздеуішімен;

   В/ 3 көздеуішімен.

 

                            

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz