Алғашқы әскери дайындық    Тестік тапсырмалар

 

 Т – 4.1                    Ә С К Е Р И  Т О П О Г Р А Ф И Я                 1-нұсқа

     Тақырыбы:   Жергілікті жерде картасыз бағдарлану және азимуттар бойынша жүру

 

1.      Жергілікті жерді зерттеу әдістерін, онда бағдарлану мен әскердің ұрыс қимылдары-ның мүддесіне сай жергілікті жерді  бағалаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастыратын ғылым?

     А) Картография;

     Б) География;

     В) Әскери топография.

2.      Көкжиек тұстарына және бағдарларға қатысты өз тұрған орныңда анықтау, көр-сетілген бағытты бұлжытпай ұстану дегеніміз не?

А) Әскери топография;

Б) Жергілікті жерде бағдарлану;

В) Магниттік азимут.

3.      Күнге қарап бағдарлағанда жазда көкжиек тұстарына қай уақыт сәйкес келеді?

А) сағ 8.00-шығыс, сағ 14-оңтүстік, сағ 20-батыс;

Б) сағ 8 –оңтүстік , сағ 14 –батыс, сағ 20 –оңтүстік;

В) сағ 7-шығыс, сағ 13-оңтүстік , сағ 19 –батыс.

4.      Көкжиек тұстарын аспан денелеріне қарап анықтау тәсілдерін атаңыз?

А) Күн бойынша, ай бойынша, күн мен сағ бойынша ;

Б) Күн бойынша,күн мен сағ бойынша.Ай бойынша,темірқазық жұлдызы бойынша;

В) Күн бойынша,Ай бойынша,темір қазық және Шолпан жұлдыздары бойынша.

5.      Мешіттің күмбезіндегі жарты ай белгісі көкжиектің қай тұстарын көрсетеді?

А) Биіктеу ұшы- батыс, төменгі ұшы-шығыс;

Б) Биіктеу ұшы- солтүстік , төменгі ұшы – оңтүстік;

В) Төменгі ұшы- шығыс , биік ұшы – оңтүстік.

6.      Компасты ойлап тапқан өнертапқыш кім?

А) Блез Паскаль;       Б) В.Гильберт;      В) Флавио Джойя.

7.      Магниттік меридианнан солтүстік бағыттан затқа қарайғы бағытқа дейінгі  сағат тілінің жүрісі бойынша өлшенетін бұрыш қалай аталады ?

А) Кері азимут;         Б) Магниттік азимут;        В) Тура азимут.

8.      Толған ай кезінде уақыттың қай кезі қандай көкжиек тұсын көрсетеді?

А)сағ 19 –шығыс, сағ 24- оңтүстік,сағ 7-батыс;

Б) сағ 19-солтүстік, сағ 24-батыс, 7- шығыс;

В) сағ 19- батыс, сағ 24- шығыс , 7-оңтүстік.

9.      Компастың магниттік меңзерінің солтүстік – оңтүстік бағытта тоқтайтын жұмбақ сырын тұңғыш ғылыми түрде негіздеген ғалым кім?

А)Флавио Джойя , итальяндық;    

Б) Блез Паскаль , француз;

В) В.Гильберт, ағылшын.

10.  Азимут бойынша жүрудің мәні неде?

А) Компас арқылы белгіленген бағыт бойынша жүру;

Б) Компас арқылы көрсетілген бағытты тауып,ұстана білу және белгіленген пунктке дәл    шығу;

       В) Компасты көрсетілген не белгіленген бағытқа бағдарлай алу.

 

                          

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz