Алғашқы әскери дайындық    Тестік тапсырмалар

 

Т- 5                   ҚР  ҚАРУЛЫ  КҮШТЕРІНІҢ  ЖАРҒЫЛАРЫ                 1-нұсқа

 

1.  ҚР Қарулы Күштерінің Жарғыларын атаңыз.

А) Ішкі қызмет жарғысы,Тәртіптік жарғы,Гарнизондық қызмет жарғысы,Саптық жарғы;

Б) Ішкі қызмет жарғысы,Тәртіптік жарғы,Гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғысы,Саптық жарғы;

В) Ішкі қызмет жарғысы,Тәртіптік жарғы,Қарауылдық қызмет жарғысы,Саптық жарғы.

2.  ҚР Қарулы Күштерінің жарғылары қашан қабылданды?

А) 10.10.1993;            Б) 27.11.1998;             В) 30.08.1995.

3.  Ротадағы тәуліктік кезекшінің ауысым санын кім анықтайды?

А) Рота командирі;           Б) Бөлім командирі;       В) Дивизия командирі.

4.  Қарауыл саны неге байланысты болады ?

А) пост санына;        Б) ауысымға;          В) постылар мен ауысым санына.

5.Рота бойынша тәуліктік кезекшінің өз міндеттерін атқаруға арналған орны қалай жабдықталады?

А) Құжаттама, тумбочка,телефон,ҚР ҚК Жарғысы,хабарландыру құралдары,өрт сөндіру құралдары,кезекшілікті қабылдау және өткізу кітабы,ауруларды және сейілдемеге шыққандарды тіркеу кітаптары,кілемше;

Б) Құжаттама, тумбочка,телефон,ҚР ҚК Жарғысы,хабарландыру құралдары,өрт сөндіру құралдары,рота кезекшісінің белгісі,сигнализация;

В) Құжаттама, тумбочка,телефон,ҚР ҚК Жарғысы,телефон,кілемше.

6.  Пост деп нені айтады?

А) Қарауылға күзету үшін тапсырылған обьектілер мен учаскелер;

Б) сақшыға күзету мен қорғау үшін тапсырылған барлық обьектілер,сондай-ақ ол өз міндеттерін орындап жүрген орын немесе жергілікті жердің бір учаскесі;

В) Сақшыға күзету мен қорғау үшін міндеттелген негізгі обьектілер жиынтығы.

7.  Әскери қызметшілер құрамы әскери атағына қарай қалай бөлінеді?

А) Сарбаздар мен матростар, старшиналар,прапорщиктер мен мичмандар, офицерлер;

Б) Қатардағы жауынгерлер мен матростар,сержанттар,прапорщиктер мен мичмандар, офицерлер;

В) Сарбаздар мен матростар, сержанттар мен старшиналар, прапорщиктер мен мичмандар, офицерлер.

8.  Кемелік әскери қызметтегі аға офицерлер құрамын атаңыз?

А) 3-ші дәрежедегі капитан,2-ші дәрежедегі капитан,1-ші дәрежедегі капитан;

Б) Майор,подполковник,полковник;

В) 1-ші дәрежедегі капитан,2-ші дәрежедегі капитан,3-ші дәрежедегі капитан.

9.  Сержанттар мен старшиналар құрамына кімдер кіреді?

А)  кіші сержант,сержант,кіші старшина,бас старшина.

Б) 2-ші дәрежелі старшина,1-ші дәрежелі старшина,аға старшина,бас старшина;

В) кіші сержант,сержант,аға сержант,старшина.

10.  Жоғары офицерлер құрамын атаңыз.

А) генерал-лейтенант,генерал-майор,генерал-полковник,армия генералы,ҚР  Маршалы;

Б) генерал-майор,генерал-лейтенант,генерал-полковник,армия генералы,ҚР Маршалы;

В) контр-адмирал,вице-адмирал,адмирал,армия генералы,ҚР Маршалы.

11.  Сарбаз үшін тікелей бастық кім?

А) рота командирі;        Б) взвод командирі;             В) бөлімше командирі.

12.   Мерзімді әскери қызметтің сарбаздарына мынадай көтермелеулер қолданылады:

А) бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алып тастау,алғыс жариялау,2 тәулікке сейілдемеге рұхсат беру,отбасына, бұрынғы жұмыс орнына көтермелеу жайлы хабарлау,грамотамен,бағалы сыйлықтармен не ақшалай марапаттау, Жауынгерлік Ту жанында суретке түсу,  ефрейтор (аға матрос) атағын беру, ҚР ҚК-нің үздігі  белгісімен марапаттау,әскери  бөлімнің (корабльдің) Құрмет кітабына енгізу, жолын  есептемей 10 тәулікке дейін қысқа мерзімді демалыс беру;

Б) алғыс жариялау,2 тәулікке сейілдемеге рұхсат беру, отбасына бұрынғы жұмыс  орнына  көтермелеу жайлы хабарлау, грамотамен, бағалы сыйлықтармен марапаттау,әскери бөлімнің (корабльдің) Құрмет кітабына енгізу,жолын есептемей 10тәулікке дейін  қысқа мерзімді  демалыс беру;

В) бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алып тастау, алғыс жариялау, 2тәулікке сейілдемеге рұхсат беру,отбасына бұрынғы жұмыс орнына көтермелеу жайлы хабарлау, грамотамен,бағалы сыйлықтармен не ақшалай марапаттау, жауынгерлік Ту жанында суретке түсу,ефрейтор (аға матрос) атағын беру.

13.   Мерзімді  әскери  қызметтің  сарбаздарына қандай тәртіптік жазалар қолданылады?

А) сөгіс,қатаң сөгіс,5 нарядқа дейін тағайындау,ҚР ҚК Үздігі белгісінен   айыру, ефрейтор (аға матрос) атағынан айыру,гауптвахтада 10 тәулікке дейін қамау;

Б) сөгіс,қатаң сөгіс,кезекті сейілдемеден айыру,5 нарядқа дейін тағайындау,ҚР ҚК Үздігі белгісінен айыру,ефрейтор (аға матрос) атағынан айыру,гауптвахтада 10 тәулікке дейін қамау;

В) сөгіс,қатаң сөгіс,кезекті сейілдемеден айыру,5 нарядқа дейін тағайындау,ҚР ҚК Үздігі белгісінен айыру,ефрейтор (аға матрос) атағынан айыру,гауптвахтада 10 тәулікке дейін қамау,ақшалай қаражатты 1 айға 10 пайызға дейін қысқарту.

14.  Өзіне тапсырылған постыны күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді  орындаушы қарулы қарауыл ... деп аталады.

      А) Тәуліктік кезекші           Б) Қарауыл;             В) Сақшы.

  15. Тікелей бастық деп кімді айтады?

А) Бағыныстыға ең жақын төте бастық;

Б) Қызметі жөнінен әскери қызметші уақытша болса да бағынатын бастық;

В) Қызмет жөніне байланыссыз әскери атағы жоғары барлық бастық.

  16. Посттағы сақшының сүңгі-пышағы бар қаруы қандай қалыпта болуы керек?

А) Түнгі уақытта - "белдікке" жағдайда, күндіз - қаруды "арқаға" жағдайында;

Б) Түнгі уақытта - тұрған бойы атуға оңтайлы жағдайда, күндізгі уақытта - "белдікке" не тұрған бойы атуға оңтайлы жағдайда;

В) Түнгі уақытта - "арқаға" жағдайында, күндізгі уақытта - "белдікке" не тұрған бойы атуға оңтайлы жағдайда.

  17. Қарауыл қызметі не үшін тағайындалады?

А) Әскери және мемлекеттік объектілерді сенімді күзету мен қорғау үшін;

Б) Өте маңызды мемлекеттік объектілерді сенімді күзету мен қорғау үшін;

В) Мемлекеттік маңызы бар объектілер мен ғимараттарды күзетіп, қорғау үшін.

  18. Қарауылдар қалай бөлінеді?

А) Гарнизондық және ішкі (корабльдік) қарауыл;

Б) Тұрақты және уақытша қарауыл;

В) Гарнизондық және сыртқы (объектілік) қарауыл.

  19. Гарнизондық қарауылдар кімдерге бағынады?

А) Олар гарнизон бастығына, қарауылдар бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне, гарнизондық гауптвахта жанындағы қарауыл оған қоса гауптвахта бастығына;

Б) Олар әскери бөлім командиріне, әскери бөлім бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне;

В) Гарнизонда орналасқан баталъон командиріне және әскери атағы қарауыл бастығымен тең баталъон кезекшісіне.

  20. Әскери анттың мәтіні қай Жарғыда жазылған?

А) ҚР Қарулы Күштерінің тәртіптік Жарғысында;

Б) ҚР Қарулы Күштерінің ішкі қызмет Жарғысында;

   В) ҚР Қарулы Күштерінің саптық Жарғысында.

 

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz