Алғашқы әскери дайындық    Тестік тапсырмалар

 

Т- 5.1               ҚР  ҚАРУЛЫ  КҮШТЕРІНІҢ  ЖАРҒЫЛАРЫ         1-нұсқа

Тақырыбы:   Ротаның тәуліктік  нарядының тағайындалуы,

құрамы мен қару – жарағы

 

1. Ротаның тәуліктік  нарядына кімдер тағайындалады?

   А) Рота бойынша кезекші, рота бойынша тәуліктік кезекші;

   Б) Бөлім бойынша кезекші, бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі, рота бойынша кезекші;

   В) Рота бойынша кезекші, рота бойынша тәулікті кезекші, взвод бойынша  кезекші.

2. Ротадағы тәуліктік кезекшілердің ауысым санын кім  белгілейді?

   А) Рота командирі;

   Б) Батальон командирі;

   В) Бөлім командирі.

3. Рота бойынша тәуліктік кезекші немен қаруланады?

   А) Екі магазині бар автоматпен;

   Б) Қынаптағы сүңгі пышақпен;

   В) Сүңгі-пышақ жалғанған винтовкамен.

4. Қажет болған жағдайда Қорғаныс Министрлігінің бұйрығымен кейбір  әскери бөлімдерде тәуліктік кезекші немен қарулануы мүмкін?

   А) Екі магазині бар автоматпен;

   Б) Қынаптағы сүңгі – пышақпен;

   В) Сүңгі-пышақ жалғанған винтовкамен.

5. Ротада взводтар арасындағы нарядтардың кезекшілігін кім белгілейді?

   А) Рота командирінің орынбасары;

   Б) Рота старшинасы;

   В) Взвод командирінің орынбасары.

6. Тәуліктік наряд жұмысқа таратуға шығуға қанша уақыт қалғанда дайын болуы керек?

   А) 30 минут;

   Б) 20 минут;

   В) 15 минут.

7. Тәуліктік наряд адамдарының кімнің рұқсатынсыз өз міндеттерін атқаруды тоқтатуға немесе басқа біреуге беруге құқығы жоқ?

   А) бөлім бойынша кезекшінің;

   Б) Рота бойынша кезекшінің;

   В) Рота командирінің.

8. Рота бойынша тәуіліктік кезекші кімге бағынады?

   А) Рота командиріне;

   Б) Рота старшинасына;

   В) Рота бойынша кезекшіге.

9. Рота бойынша тәуліктік кезекші кімдерден тағайындалады?

   А) Сарбаздардан;

   Б) Сержанттардан;

   В) Старшиналардан.

10. Рота бойынша тәуліктік кезекші ротадағы барлық оқиғалар туралы дереу кімге баяндауы тиіс?

  А) Рота командиріне;

   Б) Рота бойынша кезекшіге;

   В) Бөлім бойынша кезекшіге.

 

 

 

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz