Алғашқы әскери дайындық    Тестік тапсырмалар

 

 Т- 6                           САПТЫҚ  ДАЙЫНДЫҚ                                 1-нұсқа

 

1. Сап деп нені айтады?

А) Әскери қызметшілердің бір сызық бойында бірінің қасында бірі орналасқан сап;

Б) Саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы;

В) Әскери қызметшілердің, бөлімшелер мен бөлімдердің олардың өзара іс-қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі және машинадағы жарғымен белгіленген орналасуы.

2. Қатар дегеніміз не?

А) Маңдайшепке қарама-қарсы жақ;

Б) Әскери қызметшілердің бір сызық бойында біреуі екіншісінің қасында орналасқан сап;

В) Қапталдар арасындағы қашықтық.

3. Қаптал деген не?

А) Саптың оң (сол) жақ шеті;

Б) Әскери қызметшілердің (машиналардың) бөлімшелер мен бөлімдердің маңдайшеп бойынша аралығы;

В) Әскери қызметшілердің (машиналардың) бөлімшелердің және бөлімдердің арасындағы түкпір жаққа қарай аралығы.

4. Маңдайшеп деп нені айтады?

А) Саптың бірінші қатарынан соңғы қатарына дейінгі аралық;

Б) Әскери қызметшілер бір-бірінің ту сыртында орналасқан сап;

В) Саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы.

5. Саптың тыл жағы дегеніміз не?

А) Екі қатарлы сапта біреуі екіншісінің ту сыртында тұрған екі әскери қызметші;

Б) Маңдайшеп жағына қарама-қарсы жақ;

В) Саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы.

6. Аралық деп нені айтады?

А) Әскери қызметшілердің түкпір жаққа қарай аралығы;

Б) Қапталдар арасындағы қашықтық;

В) Әскери қызметшілердің (машиналардың), бөлімшелер мен бөлімдердің арасындағы маңдайшеп бойынша аралық.

7. Арақашықтық деген не?

А) Әскери қызметшілердің (машиналардың), бөлімшелердің және бөлімдердің  арасындағы түкпір жаққа қарай аралық;

Б) Бір қатарлы немесе  екі қатарлы сапта бір сызық бойында тұрған бөлімше;

В) Екі қатарлы сапта біреуі екіншісінің ту сыртында тұрған екі әскери қызметші.

8. Саптың ені деп нені түсінесің?

А) Саптың  әскери қызметшілері тіке қарап тұрған жағы;

Б) Қапталдар арасындағы қашықтық;

В) Бірінші қатардан соңғы қатарға дейінгі қашықтық.

9. Саптың тереңдігі деп нені айтады?

А) Әскери қызметшілердің (машиналардың) бөлімшелер мен бөлімдердің маңдайшеп бойынша аралық;

Б) Бірінші қатардан соңғы қатарға дейінгі қашықтық;

В) Бір қатарда бірінің қасында бірі орналасқан әскери қызметшілер.

10. Лек деген не?

А) Әскери қызметшілер бір-бірінің ту сыртында орналасқан сап;

Б) Екі қатарлы сапта біреуі екіншісінің ту сыртында тұрған  әскери қызметшілер;

      В) Әскери қызметшілердің, бөлімшілердің және бөлімдердің олардың өзара іс-қимыл жасаулары үшін жаяу тәріптегі және 

      машинадағы жарғымен белгіленген орналасуы.

11. Қатар деп нені айтады?

     А) Әскери қызметшілердің (машиналардың), бөлімшелер мен бөлімдердің маңдайшеп бойынша аралығы;

     Б) Әскери қызметшілердің бір сызық бойында біреуі екіншісінің қасында орналасқан сап;

     В) Екі қатарлы сапта біреуі екіншісінің ту сыртында тұрған екі әскери қызметші.

12.Екі қатарлы сап дегеніміз...

А) Бір қатардағы әскери қызметшілер басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай бір қадам арақашықтықта орналасқан сап;

Б) Әскери қызметшілер бір-бірінің ту сыртында орналасқан сап;

Б) Әскери қызметшілердің, бөлімшелердің және бөлімдердің өзара іс-қимыл жасаулары  үшін  жаяу тәртіптегі және машинадағы орналасуы.

13. Жиналма сап деп ...

А) Бөлімшелер бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта маңдайшеп бойынша бір түзу бойында орналасқан сап;

Б) Әскери қызметшілер қатарда маңдайшеп бойынша бір-бірінен шынтақтарының арасында алақанның еніне тең аралықта орналасқан сап;

В) Бірінші қатардан соңғы қатарға дейінгі қашықтық.

14.Жайылма сап дегеніміз...

А) Әскери қызметшілердің бір сызық бойында біреуі екіншісінің қасында орналасқан  сап;

Б) Белгілі аралықтағы лектер шебі;

В) Әскери қызметшілер қатарда маңдайшеп бойынша бір-бірінен бір қадамда немесе командир белгілеген аралықта орналасқан сап.

15. Жорық сабы деп нені айтады?

А) Әскери қызметшілер қатарда маңдайшеп бойынша бір-бірінен шынтақтарының арасында алақанның еніне тең аралықта орналасқан сап;

Б) Бөлімшелердің лекке немесе лектерге бірінен кейін бірі белгілі аралықта   орналасуы;

В) Әскери қызметшілер қатарда маңдайшеп бойынша бір-бірінен бір қадамда немесе командир белгілеген аралықта орналасқан сап.

16.Бағыттаушы деген кім?

А) Екінші қатардың сол жақ шеті;

Б) Лектегі соңғы келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина);

В) Көрсетілген бағыттағы бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші.

17. Тұйықтаушы деп кімді айтады?

А) Лектегі соңғы келе жатқан әскери қызметші;

Б) Бірінші қатардың сол жақ шеті;

В) Бірінші қатардағы әскери қызметшінің ту сыртында тұрған екінші қатардың әскери қызметшісі.

18. Саптық тұрыс қандай пәрмен бойынша қабылданады?

А) "Саптан" немесе "тіктел";

Б) "Жинақтал";

В) "Түзулен".

19. Қозғалыс адымының қалыпты жылдамдығы:

А) Минутына 90-100 адым;

Б) Минутына 110-120 адым;

В) Минутына 130-140 адым.

20. Саптық адыммен қозғалғанда аяқты жерден қандай биіктікке көтеру керек?

А) 15-20 см;

Б) 25-30 см;

      В) 10-15 см.

                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz