Алғашқы әскери дайындық    Тестік тапсырмалар

 

Т- 7                          АЗАМАТТЫҚ  ҚОРҒАНЫС                             1-нұсқа

 

1. Мектептегі азаматтық қорғаныс жасақтарын атаңыз.

  А)  Радиациялық- химиялық барлау постысы,өрт сөндіргіштер тобы,санитарлық пост,құтқару тобы;

  Б)  өрт сөндіргіштер тобы, санитарлық пост , құтқару тобы;

  В)  Радиациялық - химиялық барлау постысы, өрт сөндіргіштер тобы, санитарлық пост.

2. Қазіргі заманғы жою құралдарына нелер жатады?

  А) Ядролық қару, химиялық қару, әдеттегі зақымдау құралдары;

  Б) Ядролық қару, химиялық қару, бактериологиялық қару;

  В) Ядролық қару, химиялық қару, бактериологиялық қару, әдеттегі зақымдау құралдары.

3. Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларын атаңыз.

  А) Екпінді толқын,  өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану,  электромагниттік импульс;

  Б) Екпінді толқын, сәуле шалу, радиоактивті зақымдану, радиациялық толқын;

  В) Соққы толқын, жарық сәулелену, өткір радиация, радиоактивті зақымдау, электромагниттік импульс.

4. Улағыш заттар қалай топтастырылады?

  А) Жүйкені жансыздандыратын әрекетті УЗ, тері іріңдік әрекетті УЗ, тұншықтырғыш әрекетті  УЗ, жалпы улы әрекетті УЗ, тітіркендіргіш әрекетті УЗ, психохимиялық әрекетті УЗ;

  Б) Жүйкені жансыздандыратын әрекетті УЗ, тері іріңдік әрекетті УЗ, тұншықтырғыш әрекетті УЗ, жалпы улы әрекетті УЗ, тітіркендіргіш әрекетті УЗ;

  В) Тері іріңдік әрекетті УЗ, тұншықтырғыш әрекетті УЗ, жалпы улы әрекетті УЗ,тітіркендіргіш әрекетті УЗ, психохимиялық  әрекетті УЗ;

5. Адамдарды зақымдау үшін қандай ауру қоздырғыштар қолданылады?

  А) вирустар, риккетстер, бопалар,микробтар;

  Б) бактериялар, бопалар, вирустар, микроорганизмдер;

  В) бактериялар, вирустар, риккетстер, бопалар.

6. Жеке қорғау құралдарына не жатады?

  А) Противогаздар, респираторлар, шаң   ұстағыш мата маска, дәке байлағыштар, теріні қорғау құралдары, АИ-2, ИПП-8, қолдан дайындаған теріні қорғау құралдары;

  Б) Противогаздар, респираторлар, шаң   ұстағыш мата маска;

  В) Шаң   ұстағыш мата маска, респираторлар, дәке байлағыштар, теріні  қорғау құралдары.

7. ГП-5 противогазы қандай негізгі бөліктерден тұрады?

  А) шлем - маска, жалғау түтігі, сүзгі қорап;             Б) шлем - маска, сүзгі қорап;  

  В) шлем - маска, клапан қорабы, сүзгі қорап.

8. Теріні қорғау құралдарына нелер жатады?

  А) Жеңіл қорғаныш костюмі (Л-1), сүзгілік қорғаныш киімдер комплектісі (ЗФО), қолдан жасалатын тері қорғаныш құралдары;

  Б) Жалпы әскери қорғаныш комплектісі (ОЗК), жеңіл қорғаныш костюмі (Л-1), қолдан жасалатын тері қорғаныш құралдары;

  В) Жалпы әскери қорғаныш комплектісі (ОЗК), жеңіл қорғаныш костюмі (Л-1), сүзгілік  қорғаныш киімдер комплектісі (ЗФО);

9. Ұжымдық қорғаныш құралдарын атаңыз.

  А) Типтік паналар, радиацияға қарсы тасалар, қарапайым тасалар;

  Б) Типтік паналар, биологиялық тасалар, қарапайым тасалар;

  В) Паналар, соққыға қарсы паналар, радиацияға қарсы паналар.

10. ДП-5В рентгенометрі неге арналған?

  А) Адамдардағы, техникадағы радиоактивті заттармен зақымдау дәрежесі мен радиация деңгейін өлшейді;

  Б) адамдардағы, техникадағы, судағы, азық-түліктегі, жергілікті жердегі  радиоактивті заттармен зақымдалу дәрежесі мен радиация деңгейін өлшейді;

  В) адамдардағы, техникадағы, судағы, азық-түліктегі, жергілікті жердегі улы  заттармен улану деңгейін анықтайды.

11.  Химиялық барлаудың әскери аспабының индикаторлық түтікшелерімен қандай  УЗ анықталады?

  А) қызыл шеңбері мен нүктесі бар түтікшемен - фосген, синиль қышқылы; 3 жасыл шеңбері бар түтікпен - зарин, VХ; сары шеңберлі түтікпен - иприт;

  Б) қызыл шеңбері мен нүктесі бар түтікшемен - зарин, VХ; 3 жасыл шеңберлі  түтікшемен - фосген, синиль қышқылы, хлорциан;  сары шеңбері бар түтікшемен-  иприт;

  В) қызыл шеңбер мен нүктесі бар түтікпен – иприт; 3 жасыл шеңберлі түтікпен –  дифосген, синиль қышқылы, хлорциан; сары шеңберлі түтікпен - зарин, VХ.

12.  Жұртшылық "Барлығыңыздың назарларыңызға" (Внимание, всем!) дабылы бойынша не істеу қажет?

  А) Жұртшылық Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына жасырынады;

  Б) Жеке қорғау құралдарын алады;

  В) Жұртшылық осы дабылды естісімен радио, онда айтылған хабарларды мұқият тыңдап,  барлық әрекеттерді қойылған талаптарға сәйкес орындауы қажет.

13. Өртегіш қару қалай жіктеледі?

  А) мұнай өнімдері негізіндегі өртегіш қоспалар (напальмдар), металдандырылған  өртегіш қоспалар (пирогель), термит және термитті құралдар, әдеттегі(ақ) және сілтілі металдар,сондай-ақ алюминий триэтилені негізіндегі ауада өздігінен тұтанатын  өртегіш қоспалар;

  Б) мұнай өнімдері негізіндегі өртегіш қоспалар (напальмдар), металдандырылған өртегіш қоспалар (пирогель), термит және термитті құралдар, әдеттегі(ақ) және сілтілі металдар;

  В) металдандырылған өртегіш қоспалар (пирогель), термит және термитті құралдар, әдеттегі(ақ) және сілтілі металдар, сондай-ақ алюминий триэтилені негізіндегі  ауада өздігінен  тұтанатын қоспалар.

14.Механикалық  күштің сыртқы әсерінен тіндердің тұтастығының бұзылуы не деп  аталады?   

 А) қан кету;                  Б) жара;                В) зақым.  

9.      Ғимараттар қираған жағдайда зардапқа ұшырағандарды іздеудің әдістерін  атаңыз:

  А) құтқару жұмыстарының учаскесін көзбен тұтас тексеру; қызметтік иттерді  пайдаланып/ іздеу,  /кинологиялық/; арнаулы аспаптарды пайдаланып іздеу; көзімен  көргендердің  айғақтары бойынша іздеу;

  Б) құтқару жұмыстарының учаскесін көзбен тұтас тексеру;зардапқа ұшырағандармен байланыс орнату;

  В) қызметтік иттерді пайдаланып іздеу / кинологиялық/; арнаулы аспаптарды пайдаланып іздеу; көзімен көргендердің айғақтары бойынша іздеу.

16.   Ғимараттар қираған жағдайда зардап шекккендерді шығарып алудың қандай әдістері  бар?

  А) құтқару жұмыстарының учаскесін көзбен тұтас тексеру; қызметтік иттерді  пайдаланып / іздеу / кинологиялық/; арнаулы аспаптарды пайдаланып іздеу;көзімен көргендердің  айғақтары бойынша іздеу:

  Б) үйіндіде өтпе жасау; үйіндіде галарея жасау; үйінді астындағы  топырақтан галарея жасау; ғимараттың үстінгі қабаттарында қалған зардап шегушілерге жетуді қамтамасыз  ету;

  В) үйіндіде өтпе жасау; үйіндіде галарея жасау; Учаскені көзбен тұтас тексеру;  арнайы аспаптарды қолдану; көзімен көргендердің айғақтары бойынша іздеу.

17.  Зардап шегушіні эвакуациялау  әдісі қандай жағдайларға байланысты таңдалады?

  А) Зардап шегуші мен құтқарушы үшін сыртқы қатердің дәрежесіне , қолда бар тасымалдау  құралдарына, жолдың ұзақтығына,зардап шегушіге жетудің әдісіне;

  Б) Зардап шегушінің жаралануының түрі мен көлеміне, оның жағдайына, зардап шегуші мен құтқарушы үшін сыртқы қатердің дәрежесіне;

  В) Зардап шегушінің жаралануының түрі мен көлеміне, оның жағдайына, зардап  шегуші мен құтқарушы үшін сыртқы қатердің дәрежесіне , қолда бар тасымалдау құралдарына, жолдың ұзақтығына, зардап шегушіге жетуді қамтамасыз ету әдісіне.

18. Жараларды іріңдеуден не қорғайды?

  А) Иодтың 5% спирттік ертіндісі,  бриллиант жасылдың 1% спирттік ертіндісі, марганец қышқыл калийдің судағы ертіндісі, сутек қостотығы;

  Б) Бриллиант жасылдың 1% спирттік ертіндісі, марганец қышқыл судағы ертіндісі;

  В) марганец қышқыл калийдің  судағы ертіндісі, сутек қостотығы.

19. Шоктар қалай сараланады?

  А) Жарақаттық, геморрагиялық, эректильдік, торпидтік;

  Б) Жарақаттық , геморрагиялық, күйіктік, кардиогендік. 

  В) Күйіктік , кардиогендік, эректильдік , торпидтік.

20. Противогаз маскасының өлшемі қалай таңдалады?

  А) 63 см дейін - 1;   63,5 - 65,5 см -2;    63,5 - 65,5 см -3;  68,5-70,5 см-4;  71-ден жоғары-5;

  Б) 63 см дейін - 2;    63,5 - 65,5 см -3;   63,5 - 65,5 см -4;   68,5-70,5 см-5;  71-ден жоғары-6;

  В) 63 см дейін - 0;    63,5 - 65,5 см -1;    63,5 - 65,5 см -2;  68,5-70,5 см-3;  71-ден жоғары-4.

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz