Алғашқы әскери дайындық    Тестік тапсырмалар

 

Т – 7.2               А З А М А Т Т Ы Қ  Қ О Р Ғ А Н Ы С                     1-нұсқа

Тақырыбы –   Ядролық қару және оның жою факторлары

 

1.Ядролық қару деп нені атайды?

А/ Жарылыс сипатындағы ішкі ядролық энергияны жинақтауға негізделген қырып – жою құралы;

Б/ Талқандаушы күші ядролық жарылыс кезінде босанған энергияны пайдалануға негізделген  қару;

В/ Талқандаушы күші ядролық жарылыс кезінде босанған энергияны сіңіруге негізделген қару.

2.Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларын атаңыз?

А/ Соққы толқын, жарық сәулелену, өткір радиация, радиоактивтік зақымдау, электромагниттік импульс;

Б/ Соққы толқын, сәуле шалу, өткінші радиация, радиациялы улану;

В/ Соққы толқын, өткір радиация, электромагниттік импульс.

3.Адамдар үшін қауіптілік дәрежесі бойынша радиоактивтік із қандай аймақтарға бөлінеді?

А/ А – Біршама зақымданған аймақ                      Б/ А – Бәсең зақымданған аймақ

    Б – Күшті зақымданған аймақ                                Б – Күшті зақымданған аймақ

    В – Өте қауіпті зақымданған аймақ                       В – қауіпті зақымданған аймақ

    Г – Қауіпті зақымданған аймақ                              Г – Төтенше қауіпті зақымданған аймақ   

В/ А – Біршама зақымданбаған аймақ

    Б – Күшті зақымданған аймақ

    В – қатты зақымданған аймақ

    Г – Барынша қатты зақымданған аймақ.

4.Ядролық зақымдану ошағы дегеніміз не?

А/ УЗ әсерінің шекарасы ішінде адамдар мен ауылшаруашылық жануарларының жаппай шығыны болған аумақ;

Б/ Ядролық жарылыстың жою факторларының тікелей әрекетіне ұшыраған аумақ;

В/ Ядролық жарылыс кезінде оның радиоактивтік бұлты таралған аумақ.

5.Ядролық зақымдану ошағы қирау сипаты жағынан қандай аумақ тарға бөлінеді?

А/ Түгел қираған аумақ, өте қатты қираған аумақ, қатты қираған, аз қираған аумақ;

Б/ Толық қираған аумақ, күшті қираған аумақ, орташа қираған аумақ, қирауы аз аумақ;

В/ Толық қираған аумақ, қатты қираған аумақ, орташа қираған аумақ, қирауы аз аумақ.

6.Ядролық жарылыстар қалай жіктеледі?

А/ Биіктегі ядролық жарылыс, әуедегі ядролық жарылыс, жер /су/ бетіндегі ядролық жарылыс, жер /су/ астындағы ядролық жарылыс;

Б/ Биіктегі жарылыс жер /су/ бетіндегі ядролық жарылыс, жер /су/ астындағы ядролық жарылыс;

В/ Әуедегі ядролық жарылыс, жер /су/ бетіндегі ядролық жарылыс, жер /су/ астындағы ядролық  жарылыс.

7.Жарық сәулелену деп нені айтады?

А/ Ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулесі мен нейтрондардың ағыны;

Б/ Ядролық жарылыс кезінде радиоактивті бұлттан, радиоактивті бұлттан, радиоактивті  заттардың түсуі;

В/ Ядролық жарылыс кезінде бірнеше секунд бойынша әрекет ететін көрінетін ультракүлгін және инфрақызыл сәулелену.

8.Өткір радиация дегеніміз не?

А/ ядролық жарылыс кезінде бірнеше секунд бойына әрекет ететін көрінетін ультракүлгін және инфрақызыл сәулелену.

Б/ Ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулелері мен нейтрондардың ағыны;

В/ Ядролық жарылыс кезінде радиоактивті бұлттан радиоактивті заттардың түсуі.

9.Атмосфераның, ауа кеңістігінің радиоактивтік зақымдануы деген не?

А/ Ядролық жарылыс кезінде радиоактивті бұлттан радиоактивті заттардың түсуі;

Б/ Ядролық жарылыс кезінде бірнеше секунд бойына әрекет ететін көрінетін ультракүлгін және инфрақызыл сәулелену;

В/ Ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулелері мен нейтрондардың ағыны.

10.Ядролық қарудың негізгі ретінде қандай радиоактивті элементтердің изотоптары пайдаланылады?

А/ Уран және радий;       Б/ плутоний мен радий;         В/ Уран мен плутоний.

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz