Алғашқы әскери дайындық    Тестік тапсырмалар

 

Т – 7.3 УЛАҒЫШ  ЗАТТАРДЫҢ АДАМ  АҒЗАСЫНА  ӘСЕРІ  БОЙЫНША  ТОПТАСТЫРЫЛУЫ       1-нұсқа

Улағыш заттарды  зақымдану белгілері бойынша нөмірлерін сәйкестеңіз:

Улағыш заттың

аты

Қандай УЗ жатады?

Зақымдану белгілері

Немен анықталады ?

Қорғаныш құралдары

1

Жүйке жансыздандыр-атын әрекетті Улағыш заттар

1

Синиль қышқылы, хлорциан

Ауыз темір татып, ашиды, тілдің ұшы ұйыйды, көздің тұсы шаншиды, тамақты қырнайды, әл құрып, бас айналады. Одан әрі қорқыныш сезімі пайда болады, қарашық үлкейеді, тыныс алу біркелкі болмайды. Зақымданушы есінен танып, сіңірлері тартылып, паралич басталады. Дем  алуы  тоқтап адам өлуі мүмкін.

ХБӘА аспабының үш жасыл шеңбері бар индикаторлық түтікшесі арқылы

Противогаз және пана

 

2

Тері – іріңдік әрекетті Улағыш заттар

2

Фосген, дифосген

Көздің кілегей қабығы тітіркенеді, жас ағады, ауыз жылымшы татиды, аздап бас айналады, әл құриды, жөтеледі, кеуде қысылады, жүрек айниды /құстырады/. Зақымданушы зақымдану ошағынан шыққан соң 4-6 сағат бойы бұл белгілер жоғалады. Содан соң тыныс тарылып, қызу көтеріледі, су ағып жөтелтеді, бас ауырады, ентікпе байқалып, жүрек соғуы жиілейді.

ХБӘА аспабының үш жасыл шеңбері бар индикаторлық түтікшесі арқылы

Противогаз және пана

 

3

Тұншықтырғыш әрекетті  Улағыш заттар

3

VX

/ви-икс/, зарин, заман

Түкірік тоқтамайды, қарашық таралады /миоз/, тыныс қиындайды, жүрек айниды, құсады, іш өтеді, паралич болады, қорқыныш және естен тану сезімі пайда болады, бірнеше сағатқа сіңірлері тартылады.

ХБӘА –ның қызыл шеңбері мен нүктесі бар түтікшесімен және газ сигналдағышы арқылы

Противогаз,  қорғаныш киім, пана.

 

4

Жалпы улы әрекетті Улағыш заттар

4

CS

(си-эс),

  CR(си-ар)

Көз, кеуде қатты ашып ауырады, жас парлайды, көз жұмыла береді, түшкіртеді, мұрын бітеді (кейде қанайды), ауыз, мұрын жолы, жоғарғы тыныс жолдары ашиды, жөтелтеді.

 

Противогаз және пана

 

5

Тітіркендіргіш әрекетті Улағыш заттар

5

Иприт, люизит

Тыныс жолы құрғақсып ашиды, одан әрі кілегей қабық қатты ісіп іріңдейді. Қатты уланғанда өкпе қабынып, 3-4 күннен соң тұншығып өледі. Оның буы көзге зиянды.  Көзге бірдеңе түскендей бо-лып жасаурайды, жарыққа қаратпайды, одан әрі көз бен қабақ ісініп қатты былшықтанады. Ол асқазан-ішекке түссе, 30-60 мин. соң асқазан қатты ауырады, түкірік көбейіп, жүрек айниды, құстырады, одан әрі іш өтеді.

ХБӘА аспабының бір сары шеңбері бар түтікшесі арқылы

Противогаз, қорғаныш киім және пана

 

6

Психохимиялық әрекетті Улағыш заттар

6

BZ

(би-зет)

Оның әсері 0,5-3 сағат кейін білінеді. Аз концентрацияда ұйқы басады, өмірілік қарекет бәсеңсиді, ал көп концентрацияларда – бірнеше сағат ішінде жүрек соғуы жиілейді, тері, ауыз құрғақсиды, қарашық үлкейіп, өмірлік қарекет бәсеңсиді. Келесі 8 сағат ішінде мелшиіп, тіл күрмелу басталады, одан әрі өрекпіп, ол 4 тәулікке дейін созылады.

ХБӘА аспабының бір сары шеңбері бар түтікшесі арқылы

Противогаз, ФВУ-мен жарақтанған пана

 

 

                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz