АУЫЛҒА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР
|
Алдоңғаров
Кірқабақ (1912-1982)
Сонан 1946 жылы
елге аман-есен оралып, «Игілік» балық колхозында бригадир, звено
жетекшісі болып 1966 жылға дейін жұмыс істейді. 1966-68 жылдары
«Жалағаш» совхозында қойшы, ал 1969 жылдан ғұмырының
соңына, яғни 1982 жылға дейін жылқышы болған. Ол кісі ұрыстарға
қатысып, жеңіске қосқан үлесі үшін «1941-45 жж.Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін»,
«Жапонияны жеңгені үшін» және «ҰОС – ғы Жеңіске
20,30 жыл», «ССРО қарулы күштеріне 60 жыл» медальдерімен
наградталған. Бейбіт кезеңде
еңбектегі жетістіктері үшін 1956 және 1957 жылдары Бүкілодақтық
ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысып, көрме
медальдерімен наградталған. 1957 жылы ауыл шаруашылығында
социалистік жарыстағы табысы үшін ол кісіге кіші күміс медаль тапсырылған. Ол «В.И.
Лениннің туғанына 100 жылдығы қарсаңындағы
ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдерімен
марапатталған. Алдоңғаров
Кірқабақ 1976, 1977 жылдардың «социалистік жарыс жеңімпазы»
атанған. |