ОҚЫРМАНДАРМЕН ӨТКІЗІЛЕТІН ШАРАЛАР |
||||||||||||||||||||||||||||
Апталықтар |
||||||||||||||||||||||||||||
Бекітемін: Тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары:
Ұ.Әбенова №114 орта мектептің
мектепшілік 17-22.01.2011 оқу
жылы аралығында « Кітапхана – рухани жан азығы» атты
апталықтың іс-шарасы.
Мектеп кітапханашысы: Ә.Төремұратова Бауыржан Момышұлының туғанына 100
жыл. Аңыз адам Мақсаты:
қазақ
халқының
қаһарман ұлы,
жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толуына
байланысты
оқушыларға
Бауыржан атамыздың өмір жолынан мағлұмат беру, ерліктерін,
артында қалдырған өсиет сөздерін үлгі ету;
оқушылардың
шығармалыққа,
ізденпаздыққа
баулу. Әдіс -тәсілдер: топпен жұмыс, баяндау,
әңгімелеу,іздендіру. Көрнекілігі: интерактивті тақтада слайдтар, Б.Момышұлы арналған «Аңызға
айналған ғұмыр» кітап
көрмесі, буклеттер.
Барысы. (Оқушылар 4
топқа
бөлінеді.Әр топтың
өз аты, мақсаттары, тапсырмалары бар.Топ жетекшілері сабақ барысында
өз топ оқушыларына басшылық жасап ұйымдастырып отырады .) 1-топ.«Ұшқан ұя».Б. Момышұлының өмірі, білім алған
ордасы , еңбек жолы жинаған мәліметтерін ортаға салды. 2-топ .«Отан үшін от». Соғыстағы ерліктері, қаруластары туралы
баяндайды. 3-топ.«Ұрпаққа өсиет».Б.
Момышұлының артында қалдырған өнеге-өсиет
сөздеріне, жазған
шығармалары мен өлеңдеріне тоқталды. 4-топ. «Өмір дастан». Б.
Момышұлы туралы жазылған шығармалар, өлеңдер. Кіріспе
сөз Кітапханашы : Екінші
дүниежүзілік соғыс
туралы айтсақ, алдымен елін
жерін қасықтай қаны қалғанша
қрған 1 жарым миллионнан
астам отандастарымыз еске түседі. Соғыстың оты әрбір отбасын шарпып өтті. Ана баласынан , сүйген жар сыңарынан айырлды. Елін, жерін
қорғауда өшпестей ерлік көрсеткен, ерлігі
бүгінде аңызға айналған батырларымыздың есімі тарихта мәңгілік
қалды. Бүгінгі сынып сағатымыз аты
аты аңызға
айналған
қазақ халқының қаһарман ұлы,
ержүрек қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлына арналады .
Бауыржан атамыздың 100 жылдық мерейтойы жер жерде аталып
өтіліп жатыр. Өзі ерлікпен қорғаған
Мәскеу қаласында бір мектепке
Б.Момышүлының есімі берілді. Топ төртке бөлініп Бауыржан
атамыздың өмірін,
шығармашылығын зерттеп, сіздерге таныстырады. Сөз «Ұшқан ұя »
тобына беріледі. 1-оқушы : Б. Момышұлы
1910 жылы 24-желтоқсанда Жамбыл
облысы Жуалы ауданы Көлбастау ауылында дүниеге
келген. Шымкент қаласындағы орта мектепті 1928 жылы бітіріп,
еңбек жолын бастауыш мектепте мұғалім болып бастады.
1932 жылы Қызыл армия қатарына алынды. 2-оқушы: Әрі қарай
еңбек жолын Шымкент, Алматы қалаларында банк салаларында
жалғастырады.1936 жылы
Ленинград қаласыцнда
финанс акедемиясы жанындағы курсты
бітіріп, қайтадан Қызыл армия қатарына лынады.
Взвод, рота командирі, полк штабы
бастығының көмкешісі, ал 1941 жылы Қазақ әскери
комиссариатының нұсқаушысы жұмыстарын атқарады. 3-оқушы : Соғыс басталысымен
316-атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып,
сол дивизия құрамында майданға аттанады .Мәскеу
түбіндегі ұрыстарға қатысты.Панфилов атындағы
28-гвардиалық дивизианың батальон, полк командирі болды, соғыстың
соңғы жылдары осы дивизианы басқарды. 4-оқушы: Соғыс кезінде
ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен,
тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен
ерекше көзге түсті, батырлық атақдаңқы
аңызға айналды.1952 жылы Кеңес Армиясы Бас
Штабының жанындағы
Жоғары әскери акдемияны
бітірді. 1950-1956 жылдары әскери акедемияда сабақ береді және тұрақты әскери
қызмет атқарады. 5-оқушы: Бауыржан атамыз
соғыстағы ерен ерлігі
мен жастарға патриоотық тәрбие берудеге
еңбегі үшін «Қызыл Ту» , «Еңбек Қызыл
Ту» , «Халықтықтар
Достығы»,«1-дәрежелі
Отан соғысы», 2рет «Қызыл
Жұлдыз»,«Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталды. «Ұрпаққа өсиет» тобы. 6- оқушы : Бауыржан Момышұлы батыр,
ержүрек қолбасшысы ғана
емес, бойында жазушылық,
ақындық қасиет те
болған.Баукеңнің
қаламынан
шыққан
шығармалары «Ұшқан ұя», «Офицер күндерігі», «Бір түннің тарихы».ССРО –Германия соғысының үлкен
шежіресі іспетті күрделі шығармалары –«Москва үшін
шайқас» (1959 жыл). Мұнымен қатар
«Жауынгер тұлғасы»,
«Майдандағы кездесулер», «Толеген
Тоқтаров»т.б шығармалары
бірнеше шетел тілдеріне аударылды.
7-оқушы : Бауыржан
атамыздың шығарған
«Ескертпе » өлеңін
сіздердің назарларыңызға ұсынамын. Ескертпе Найзадан
қол босаса, қалам алдым, Толғанып
оқиғаны көп ойладым. Тырысып
әл келгенше көргенімді, Жалтақтамай,
именбей ашық жаздым. Отырсам көп ойланып, күнім
жақын, әр адам
біле бермейд сөздің парқын. Ұрпаққа
арнап істеген адал еңбек, Ақ
ниетпен ұсындым саған халқым. Жазушы
болмағн соң менің затым, Көркемді
жұмыр емес жазған хатым. Салмақтайтын саналы ер табылса, Атаусыз неге
қалсын менің атым 8-оқушы: мен Бауыржан атамыздың артында
қалдырған, қазір ел арасында мақалға айналп
кеткен өнеге-қасиет сөздерін сіздердің
назарларыңызға ұсынамын. 1) Тізе
бүгіп тірі жүргеннен, Тіке
тұрып өлген артық. 2) Жерге тер
төгіп қызмет ет, Халыққа
қан төгіп қызмет ет. 3)Қайатыңа
әдісінді жолдас ет. 4) Тексізден
тезек артық, Арсыздан айуан
артық. 5) Отан
үшін отқа түсіп күймейсің. 6) Сен жаудан
қашсаң, өмір сенен қашады. 7) Ердің
туы-намыс. 9-оқушы : Мен
Бауыржан атамыздан қалған
өсиет сөздері мен
баталарын жинақтап сіздерге бірнешеуін
ұсынайын.
Өсиет Ақыл
айтар мезгілде Мың
жасаған шалдай бол. Қатал
болар мезгілде Шатырлаған
жайдай бол . Мейірім
түсер мезгілде Ағарып
атқан таңдай бол. Жауды бөгер кезеңде Көлденең
жатқан ордай бол.
Бата Иә, құдайым! Тілегімді қабыл ет! Дозақтың
отынан сақта, Қаңғыған
оқтан сақта, Парақор
соттан сақта. Халықты
жеген бастықтан сақта, Ынмақсыз
туыстан сақта, Адамды
қадірлемес есерден сеқта, Нанды
басқан кесерден сақта. Мезгілсіз келген келген сақта, Ұятсыз
қызыңнан сақта, Қайырмсыз
жекжаттан сақта. Түнере
атқан таңнан сақта, Жаңбырсыз
шаңнан сақта. Еңбегіміз өнімді блсын, Қамбамыз
астыққа толсын, Маңыраған
мал өріске толсын. Ағаш
берсең, жемісті ғып бер. Жомат
болсаң, осы
айтқандарымның Бәрін
үйіп-төгіп бір-ақ бер! 10-оқушы:
Бауыржан Момышұлы ана тіліне араша бола бәлген. Ол сонау 1944 жылы 25- ақпанда
қазақ тілінің
жай-күйін мәсәлә етіп көтере білген. Ол
Орталық
Комитеттің хатшысы
М.Әбдіхалықовтың
атына «Қазақ
тілі туралы пікір» атты арнайы хат жазды. 11-
оқушы: Ол хатында «Тілсізді-айуан
деген. Тілі кедей елді
мәдениетсіз, анайы, надан халық» дей келіп сол кездері
қазақ тілінің тілдік
сапасының жоғалып
бара жатқанын тілге тиек етіп, мүшкіл халіне күйінеді
және үкімет тарапынан қолға алынбаса
қазақ тілі құмға сіңген судай
жоғалып кетерінің өзі ғажап емес екендігін
айтқан. «Отан үшін от кешкен» тобы. 11- оқушы
:Бауыржан Момышұлына
жауынгерлік мінездеме : 1910 жылы
туған, 1942 жылдан БКП
мүшесі, ұлттық
қазақ, әлеуметтік
тегі –қызметші,жалпы білімі –орта ,әскери білімі –бір
жылдық.1932 жылдан 1934 жылға дейін Қызыл Армия қатарында.1941 жылдың
қыркүйегінен
майдандағы армияда. 12- оқушы
: Б.Момышұлы жолдастың тактикалық даярлығы
жақсы, өзінің әскери білімін неміс –фашист оккупантарына қарсы
кескілескен шайқастарда ,іс жүзіндегі командирлік жұмыста арттырған
және ол білімін ұрыста шебер қолданды. 1941
жылғы шілде –қыркүйек айларындағы
кезеңде атқыштар батальонының командирі болған каитан Б.Момышұлы жауынгерлер мен
командирлерді өз Отанына шексіз берілгендік рухында тәрбиелеп, өз
батальонының жауынгерлік
құрамының сапалы әскери даярлығына қол жеткізді. 13-
оқушы: 1941 жылы қазан айында Мәскеу үшін болған ұрыстарда
Бауыржан Момышұлы жолдас басқарған батальон жауға
қарсы ерлікпен шайқасып, оған елеулі берді. 1941
жылы қараша айынан Бауыржан Момышұлы жолдас
-1073-полктің командирі,
ол басқаратын полктің жауынгерлік
құрамы Батыс майданда
жауға батыл тойтарыс беріп, оның бірқатар
әскери құрамалары
мен көптеген техникасын жойды. Дивизияның басқа
бөлімдерімен бірге
Б.Момышұлының полкі неміс оккупанттарын Мәскеу түбінде талқандауға жол ашты. Дивизияның бүкіл
еліміз алдында белгілі
жалпыға мәлім еңбектері оның
гвардиалық және Ление орденімен награтталуы майор Б.Момышұлы басқаратын 1073 –атқыштар полкінің жауынгерлік
табыстарымен байланысты. Бауыржан Момышұлының
тұлғасын қай
жағынан алып қарасақ та үлгі- өнеге болып
қала беретіні
ақиқат. «Өмір –дастан тобы». 14-оқушы: Бауыржан атамыздың өмірі,
ерлігі –бізге үлгі.Ол кісі туралы жазылған шығармаларды
оқи отырып, өмірде ештеңеден қаймықпаған,
әділ, бірбеткей, туған
халқын шексіз сүйген адам деп
танимыз. Сіздердің
назарларыңызға
атамызға арналған «Аңызға айналған
ғұмыр» а тты кітап
көрмесін ұсынамыз. Бауыржан атамыздың өзімен бетпе –бет
жүздесіп,
сұхбат түрінде жазылған шығарма -халық жазушысы
Ә.Нұршайықовтың
«Ақиқат пен аңыз»
туындысы. Аты айтып тұрғандай ел
арасында Бауыржан атамыздың ерлігі туралы аңыз
әңгімелер оте
көп. Осы шығарманы оқи отырып
атамыз туралы ақиқат пен аңызға көз
жеткізуге болады. 15- оқушы: Атамыздың келіні, этнограф жазушысы Зейнеп Ахметованың жазған шығармасы -«Шуақты күндер». Бұл
шығармадан ата мен келін
арасындағы сыпайылық, тәлім-тәрбие,
салт-дәстүр сияқты көптеген
құндылықтарды білесің. 16-оқушы: Ж.Егембердиеваның «Омірінің өзі- дастан» шығармасы.
Бауыржан атамыздың өмірінің соңғы кездерінде
бірге болған жары Жәмиля атамыздың естелік шығармасы.Бұл шығарманы
оқи отырып атамыздың
мейірімді, балаша адал мінезқұлқын біліп
таңқалдым.Көбіне ол кісіні қатал, тік мінезді дейді
ғой. Ауруханада жатып откізген
уақыттарын, өмірінің соңғы минуттарын көзіңе жас алмай оқи алмайсың. 17-оқушы: Бауыржан атамыз туралы жазылған бұдан басқа да мынадай шығармалар
бар : А.Бек «Волоколамовское шоссе», «Арпалыс» сонымен қатар «Қазақ
фильм» түсірген көркем фильм-«Ел басына күн
туса» (1967 жыл). Қ о р ы т ы н д ы. Кітапханашы: Міне, оқушылар,
бүгінгі сынып сағатынан
Бауыржан атамыздың туралы көптеген мәліметтер білдіңіздер. Әр қырынан танып, жан-жақты таныстыңдар. Ол
кісінің омірі сендерге
үлгі, өсиет сөздері
таза бұлақтай жаныңды тазалайды. Әр топ Оқушылары
өздеріне берілген тапсырманы орындап, сабақ мақсатына жетті деп
ойлаймын. Тау алыстаған
сайын биіктей түседі. Қанша уақыт өтседе
Бауыржан Момышұлының есімі әр ұрпақтың
санасында мәңгі қалады, бірге жасайды. Бауржан тамыз бір олеңінде былай деп жазды: «Қадірін білмеппіз ғой
тірі кезде», Деп жылар қайран қазақ
мен өлгенде. Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді, Тарихтың түкпірінен сөз
келгенде. Қандай көрген ада,керемет
сөз! «Желтоқсанның
мұзда жанған алауы» 1-жүргізуші: «Өлді деуге бола ма,ойлаңдаршы
өлмейтұғын артына із қалдырған » деп ұлы
Абай атамыз айтқандай Ләззат,Ербол,Сәбира,Қайрат
есемдері әрбір қазақтың жүрегінде
мәңгі сақталды. 2-жүргізуші: Қаймана қазақ қамы
үшін Қарусыз шықтық
алаңға Алыстан әскер алдырып Қырып салды-ау табанда Сөйлегем даусым жетпейтін Кез болдық мынау заманға 1-жүргізуші: Тәуелсіздік! Оңынан туды міне бүгін күнім, Қайтадан оралғандарды тілім,дінім. Өріліп ойда сезім өрнегімен, Жаяды ақ қағазға сырын
жырым. Ойлаған орындалды басты арманым, Жалтақтап енді ешкімнен жасқанбадым Береке мен бірліктің куәсіндей, Жайылған мереке дастарханым Бұл күнім-қайғы
бұлты арылған күн, Қарыны ақ түйенің
жарылған күн Ғарышқа Тоқтар ағам
самғағанда, Бақыттың шамшырағы
жазылған күн. Оңынан қайта туды күн мен
айым, Осыны аңсаған хан Абылайым. Оралған Түркістанның
тайқазаны, Толтырып қуанышпен ағылайын. Тәуелсіздігіміздің
тұғыры биік,халқымыздың енсесі
жоғары,егемендігіміз баянды болсын деп тілейік. 1-жүргізуші: Мен қазақпын мың
өліп,мың тірілген Құшақ жая,таныстым мың
тіліммен. Жаман үйді қанағы билейді деп Қала жаздап айырылып өз тіліммен Өзге тілге еліктеп ел болайық Қазағымның артық
жоқ өз тілінен 2-жүргізуші: 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ
жастары тоталитарлық режимге ашық қарсылық
көрсеткен күні бәрімізге белгілі.Міне осындай
ұмытылмас оқиғадан бері 18 жыл өтті.Өмір
өзен толқындары бізді әйгілі 16 желтоқсан оқиғасынан
уақыт өткен сайын алыстатып әкетіп бара жатса да жүректер
де мәңгілік ұмытылмайтын бір нәрсе бар.Ол
дүниені дүр сілкіндірген сол үиі күн ішінде
қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына,ерлігіне деген
мықтығымыз құрмет етемі 1-жүргізуші: Әңұраным-жан ұраным Айтар әнім сөйлер сөзім Туған жерім-сағынарым Мәңгі бақи –шырқалады (ән
ұран ойналады) 2-жүргізуші: 1986 жылы
желтоқсан оқиғасы Республиканы толық
қамтыған саяси әлеуметтік көтеріліс.Желтоқсан
жаңғырығы Астана,Өскемен,Маңғыстау,Мәскеу
қалаларында жалғасып жатты.Желтоқсан оқиғасы
өзінің қаһарман қайсарлығымен алға
қойған мақсат мұраты мен тіпті жіберген келешегіміз
әрбір саналы ұрпақтың басында сағаттай
сартылдап соғып тұр.Бүгінгі 16-желтоқсан күні
жазықсыз кеткен жастарымызды бір сәт үнсіздікпен еске
алайық. 1-минут еске алу сәті. 1-жүргізуші: Жарқ етіп сөнген жасындай,аз
ғана ғұмыр кешше де,өмірдің бар
қызығын тәрк етіп,бүкіл күш қуатын
жастық жігерін,махаббатын туған халқына арнаған
жұлдыздар.Ежелден-ақ,батыры мен биі,ақыны мен
серігі,ақылманы,данышпаны көп халық
едік.Шоқпығы биік Шоқаннан бастап,поэзия көгінде
алаулаған Сұлтан –Махмұт батыр ұлдары Төлеген
мен Талғат,Шығыстың қос Шынары Мәншүк пен
Әлия,тағы басқа есімдері аталмаған талай
ұл-қызымыздың ізін басқан бүгінгі
ұрпақ өкілі Қайрат
Рысқұлбеков,Ләззат Асанова,Ербол Сыпатаев,Сәбира
Мұхамеджановалар тұрса,олар жайлы әлі талай жыр туар,талай
дастан жазылуы тиіс. 2-жүргізуші: Елтаңбасы
елімнің Неткен көркем әдемі Тұнығындай
көңілдің Ортада аспан әлемі Жарасқан байрақтың мәні
бар Көк аспан күн қыран сәні
бар Көк байрақ ашық күн кеңесім Алтын күн белгісі-жеңісім Ән: 1-жүргізуші: Кешікпей
Алматы қаласындағы желтоқсан оқиғасының
жаңғырығы алыстағы Алтайға да жетеді.Студент
жастар қала орталығындағы «Уманов » алаңына шеру
тартады.Олардың арасында әділет жолын іздеген,алыстағы Алматы
жастарының бейбіт шеруін жұдырықтай жүрегімен
қолдаған Сәбира Мұхаметжанқызы көк-жасыл
орман көмкерген Алтай тауының адырлы етегінен орын тепкен
әсем қала Өскеменде «Бастауыш сынып»
мұғалімдерін дайындайтын оқу орнының студенті еді. Ән: 2-жүргізуші: Қалса да қайда
жерің,қайда көлің, Қасқайып қақ жолынан
таймап едің Айырылып күндіз күлкі түнде
ұйқыдан Күткенің осы еді ғой
қайран елім Қанатыңнан қайырылып Қыр арқаннан майырылып Қонақ-Тәуелсіздіктен Қала көрме айырылып 1-жүргізуші: Желтоқсанда жанын шүберекке
түйген Сәбирадан батыр қыздің ақтық
сөзі бүкіл елге аңыз болып тарап кетті.Ақиқаттың
айызын қандырып,ақ алмастай тіліп айтқан
ол,құрыш қалғандай өзі қорғап
қалған студент құрбыларының қасына,бала
күнінде бірге жауқазынын терген ауылдас достарының арасына
қайтып олармады.Сәбираның басқан мысымен бір ауыз
айтқан сөзімен.Ол оқыған оқу орнынан бірде-бір
қазақ қызы жазықсыз жауапқа тартылмады,жаламен
қамауға алынбады.Даланың қызы Сәбираға
бұл күнде сол уақыттағы құрбы-құрдастары
ғана емес,күллі қазақ елі тағзым етеді. Ән: 2-жүргізуші: Тарих деген ұлы жерден басталған Оған дәлел тастан өрнек
дастандар Тарих деген еш нәрсеге көндікпес Алтын асу,адам өткен асқарлар Желтоқсан айы естесің Дауыл боп бұрқап ескенсің Азаттық күні қашаннан Көкейін елдің тескенсің Бұрқ етті қазақ баласы Кеудеде өршіп жаласы Алаңға қарай ағылды Таусылып барлық шарасы 1-жүргізуші: 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні (өлең) 2-жүргізуші: Он екі де бір гүлі ашылмай қыршын
кеткен Асанқызы Ләззаттың, Сыпайыұлы Ерболдың
М.Сәбираның Ноғайбайұлы Қайраттың
аңсаған армандары мен үміт тілектері,бұл күнде
толық жүзеге асты.Қазақ елі Өзінің Тәуелсіздігін
алды. 1-жүргізуші: Президенттің жарлығымен
1996жылы 9 желтоқсанда
Қайрат Ноғайбайұлы Рұсқұлбековке
«Халық қаһарманы» атағы беріліп айрықша
ерекшелік белгісі-Алтын жұлдыз тапсырылды. 2-жүргізуші: Сәбира,Ләззат,Ерболдарға
«Ақтау жөніндегі анықтама» қағаздары
берілді.Желтоқсан оқиғасына түбегейлі баға беру
туралы коммисияның 20 томдық
материялдары әзірленді. 1-жүргізуші: Жарық дүние жақсы
адамдарсыз болмайды
демекші,халқымыздың егеменді жолында құрбан
болғандары дәлелдеп оларды
ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз. Ән: 1986жылы 17-18 желтоқсанда
қазақстанның астанасы Алматы қаласында
қазақ жастарының екі күнге созылған
демонстрациясы болды. 2-жүргізуші: Демонстрациясы ұйымдастырған
студенттерге «ұлтшыл», «бұзақылар», «нашақор»,
«ішкіштер» деген жала табылды. 1-жүргізуші: Демонстрацияға шыққан жастар
«қазақстан қазақтардікі» дербестік талап етеміз деген
ұрандар алып жүрді. 2-жүргізуші: Демонстрацияны басу үшін 70 мың
солдат апарылды.Олар қазақ жастарын
ұрып-соғып,қорлап,аю аңның жолымен азаптады
бірнеше адамға ату жазасын кесіп,қаншамасын темір торға
тықты. 1-жүргізуші: Бірақ біздің
жастарымыздың ой-арманы
орындалып,Кеңес империясының темір құрсауын
тас-талқан етіп,қазақ ұлтының ғана
емес,бұрынғы кеңес халқының азаматтық
егемендік тәуелсіздік жолындағы күресіне жарқын жол
ашқан коммунисттік жүйенің ыдырып бұрынғы
соцалистік елдердің азаматтық алуына қозғау
салған желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдағы
ұлт-азаттық қозғалыстың ұлы белесі
ретінде тарихтың төрінен орын алады. 2-жүргізуші: Желтоқсан
оқиғасының құрбандары Елтаңбам,өз
байрағым,әнұраным, Қанатын кеңге жайды
шаңырағым Қамытын бодандықтың
бұзып тастап, Әлемге қазақ болып таныламын. 1-жүргізуші: Төрткүл дүниені дүр
сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман-тілегі
орындалып,елімізде тәуелсіздік таңы атқалы 13 жыл
болыпты.Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет
тәуелсіздігі туралы жарлығы жариялансын-ақ дүние
жүзінің құлағы елең етіп,егемендігін
алған ерікті Қазақстанды мойындай бастады. 2-жүргізуші: Алғашқылардың бірі
болып,тәуелсіздігімізді таныған Түркия мемлекеті.Содан
бері,әлемнің жүзден астам елімен Қазақстан емін
–еркін достық байланыс жасап үлгерді.Бұл күнде
Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымына мүше. 1-жүргізуші: Бірақ біздің
жастарымыздың ой-арманы
орындалып,Кеңес империясының темір құрсауын
тас-талқан етіп,қазақ ұлтының ғана
емес,бұрынғы кеңес халқының азаматтық
егемендік тәуелсіздік жолындағы күресіне жарқын жол
ашқан коммунисттік жүйенің ыдырып бұрынғы
соцалистік елдердің азаматтық алуына қозғау
салған желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдағы ұлт-азаттық
қозғалыстың ұлы белесі ретінде тарихтың
төрінен орын алады. 2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасының
құрбандары Ләззат Асанова,Сәбира
Мұхамеджанова,Ербол Сыпатаевтардың қатарында жас
өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұлы
Қайрат Рысқұлбеков халқымыздың ұлттық
батыры ретінде өз есімін ел жадына мәңгілік жазып
кетті.Орталықтың озбылығы қанды
қырғынмен басып-жаншып1986жылғы
желтоқсан оқиғасының бас қаһарманы
–Қайрат Рұсқұлбеков небәрі жиырма екі –ақ
ғұмыр кешті.Есіл ел зұлым күштің
құрбаны болды.Бірақ,өзі кеткенмен, артында
мәңгі өлмес ерлік ісі, азаматтың асқақ
даңқы қалды.Қайрат Батыр ғана емес,ақын
да еді.Оның шындық деп шырылдаған даусы
абақтының тас қабырғасын
қақыратып,құлағымызға жыр болып жетті.
|