Е Л   А Ғ А Л А Р Ы

 

Бисенбаев Әбен

(1904-1971)

Ол кісі 1904 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының К.Маркс колхозында дүниеге келген. 1929-35 жылдары К.Маркс колхозында, 1936-40 жылдары «Елтай» колхозының басқарма төрағасы қызметтерін атқарады.

1941 жылы шілдеде Кеңес армиясы қатарына шақырылып, Ұлы отан соғысына далалық 2 және 3-Украйна майдандары сапында ұрысқа қатысады. Ол Днепр, Днестр өзендерінен өтіп, неміс фашистерінен Кривой Рогты және Николаев қалаларын жаудан азат етеді. Соғыстан 1945 жылы маусым айында елге оралады.

1946-50 жылдар аралығында Әбекең «Еңбек» колхозын басқарды. 1951-57 жылдары «Игілік» балық колхозында бригадир болып істеп, балық аулаудан жақсы көрсеткіштерге жеткені үшін Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне қатысады, оның күміс медаліне ие болады.

1957 жылдан 1963 жылға дейін «Жалағаш» қаракөл қой совхозының қой фермасына меңгеруші болады. Мұнда да ол басқарған ферма шопандары 100 аналықтан 120 қозы алып, сол жетістігі үшін ол аудандық мақтау грамотасымен марапатталады. Осы шаруашылықтан 1964 жылы еңбек демалысына шығады. Одан кейін де облыс орталығын-дағы жаңадан ашылған целлюлоза-картон комбинатының қамыс дайындау бригадирі болып істеп, жаңа комбинаттың жұмысына өз үлесін қосады. Әбен ақсақал лайықты ұл-қыздар тәрбиелеген, елдің қиын кезеңінде ауыл шаруашылығын қалпына келтіріп, оны дамытуға аянбай үлес қосқан, ел-жұртына қайырымды басшы бола білген азамат.

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz